География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Жерді кадастрлық бағалаужәне аймақтау пәні
Курстық жұмыс Тақырыбы: «Әртүрлі санаттағы жерлерді аймақтау және бағалау»
Тексерген: аға оқытушы Бектурганова А.Е.
Орындаған: Кадастр 3 курс Жарылқасын Б.Б.
Алматы 2022 жыл
Мазмұны
Кіріспе Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%- ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2-ін теңізбен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтанда ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
Ұлттық экономиканың ең ірі саласы болып табылатынг Қазақстанның ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық саласында маңызды орын алады. Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2 іргелі мемлекеттік бағдарламаны: 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік Агро азық-түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін мемлекеттік ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіткенмен айтсақта жеткілікті.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222,3 млн. га жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, куроттар, қорықтар, тарихи және мәдениет болып бөлінеді.
Осы «Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы нұсқама» (әрі қарай Нұсқама) Қазақстан Республикасы аумағында жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және оның нәтижелерін салыстыру бойынша бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында жасалған.
Нұсқама Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-11 ҚРЗ Жер кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі №890 «Жер учаскелерін жеке меншікке беруде, мемлекеттің немесе мемлекеттік жер иеленушілер жалға беруде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын, сондай-ақ жер учаскелерін сату құқығы жалға бергені үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына сәйкес жер учаскелерінің кадастрлық құнын айқындау жөніндегі тәртібін белгілейді.
Нақты жер учаскесінің кадастрлық құны жер реусурстарын басқарудың аумақтық органдары мемлекеттің жеке меншікке жер учаскелерін ақылы беру төлемақысының базалық ставкаларына сәйкес, оған түзету коэффициенттерін (арттыратын не кемітетін) қолдана отырып, айқындайды және жер ресурстарын басқарудың аумақтық органдары арқылы жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтайтын актімен рәсімделеді.