Жерді кадастрлық бағалаужәне аймақтау пәні Курстық жұмыс Тақырыбы


Елді мекендердегі(қалалардағы) жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын есептеу



бет2/28
Дата19.04.2023
өлшемі371,11 Kb.
#84580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
1.Елді мекендердегі(қалалардағы) жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын есептеу


Жұмыстың мақсаты: Студенттерге елді мекендердегі(қалалардағы)жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасын есептеуді үйрету.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Базалық ставкалар-Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы №890 Қаулысын негізге ала отырып есептелінеді.Жер учаскелері төлемақының базалық ставкасы-(бұдан әрі ЖУБТС)мемлекет арқылы жер учаскесіне жеке меншік құқығы берілген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын ұстау кезінде жер учаскесінің кадастрлык құнын анықтау үшін оның нормативтік бағасы болып табылады.Осы жұмыстарды жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырмасымен жер қатынастарын басқару мекемелері мен жер кадастрын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекемелер бірге атқарады.


Дайындық жұмыстары:
1.Қажетті материалдарды жинау,жүйелеу және сараптау(1,2 кесте)


Кесте 1.Ақпараттарды жинау



Ақпарат түрлері

Ақпарат көздері

1

Қаланы дамыту бас жоспары мен қажетті қалалық кадастр материалдары

Сәулет департаменті

2

Жылжымайтын мүлік құны(бір қабатты,көп қабатты тұрғын үй құрылыстары)

Азаматтарға арналған үкімет

3

Тұрғын үй құрылысының нарықтық құны

Бұқаралық ақпарат құралдары

4

Акциондар мен жалға беру нәтижелері

Жер қатынастар бөлімшелері

5

Жер пайдалану түрлері бойынша пайдалану жөніндегі жер балансы туралы мәліметтер

Жер қатынастар бөлімшелері

6

Есептік кадастрлық кварталдар туралы мәліметтер(құрылыстар мен жер учаскелерінің көлемі)жоспарлы картографиялық материалдар

Азаматтарға арналған үкімет

7

Жер үшін төлемдердің бюджетке түсуі

Салық комитеті

8

Қала жерлерінің экологиялық-геологиялық жағдайы

Қоршаған ортаны қорғау басұармасы

9

Басқа ақпарат қажет болған жағдайда

Сәйкес келетін ақпарат көздері

2. Жылжымайтын мүлік объектілерін зерттеу мен түзету,есептік кварталдарындағы қалалық жерлерді пайдалану.
3.Дайындық жұмыстарының нәтижелері бойынша есептік кадастрлық кварталдары көрсетілген қалалық жер учаскелерін пайдаланудың қазіргі кездегі жағдайы,жер экспликациясы және басқа да қажетті ақпараттар жоспарын құрастыру кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет