Практикалық сабақ №16.
Елді-мекеннің жерлерін тиімді жағдайларға пайдалану
Сабақтың мақсаты:Гранулометриялық құрамы ауыр топырақтар және арамшөптер басым жерлерді
Ауылшаруашылық дақылдарының жақсы өсіп-дамуына топырақты негізгі өңдеу жеткіліксіз. Себебі, күзде топырақты негізгі өңдегеннен келер дақылды сепкенге дейін қардың, ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының, тракторлардың салмағынан топырақ тығыздалады, сондықтан оны егін себер алдында өңдеп, қопысыту қажет.
Егін себер алдында топырақ өңдеудің алдына мынандай талаптар қойылады:
- танапты өсімдік қалдықтарынан, арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен
ауру қоздырғыштардан тазарту;
- себілген тұқымдардың жылдам және біркелкі көктеп шығуы үшін қолайлы жағдай жасау.
Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі көптеген жағдайларға, оның ішінде топырақтың гранулометриялық құрамына, құрылымына, құрылысына, негізгі өңдеу тәсіліне, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Осылардың ішінен көбіне-көп топырақты негізгі өңдеу тәсілі мен себілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктері маңызды орын алады.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында жерді соқамен жыртқандықтан ерте көктемде жер өңдеу топырақты тырмалаудан басталады. Ол топырақ физикалық «пісіп-жетілген» кезде тісті тырмалар арқылы жүгезе асырылады. Тырмалаудан кейінгі егін себер алдағы топырақ өңдеу жүйесі келер дақылдардың себілу мерзіміне байланысты. Ерте себілетін дақылдарға ылғал жапқаннан кейін топырақты тұқым сіңіру тереңдігіне культивациялайды. Оның негізгі мақсаты – қыстап және көктемде өсіп шыққан арамшөптерді жою, топырақтың беткі тұқым сіңірілетін қабатын қопсыту.
Культивациямен бір мезгілде танап тырмаланады. Гранулометриялық құрамы ауыртопырақтарда және арамшөптер басым жерлерде культивациялау тереңірекжүргізіледі. Ал жылусүйгіш (жүгері, қант, қызылшасы, мақта, көкөністер) кешсебілетін дақылдар үшін ылғал жабылғаннан және арамшөптер көктеп шыққаннансоң танап 8-10 см тереңдікке екінші рет культивацияланады. Топырақтың бетітегіс болмаса, оны катокпен нығыздайды. Егер көктем кеш шығып және салқынболғанда дақылдардың себу мерзімі кешігеді, сондықтан арамшөптер қайтаөседі, осы жағдайда топырақты дәл егін себер алдында үшінші реткультивациялау керек.
Қазақстанның далалық ашық солтүстік аймақтарында топырақты негізгі өңдеу жазықтабан сыдыратілгіш култиваторлармен жүргізілгендіктен танап бетінде аңыз бен өсімдік қалдықтары сақталады да мұндай жерде ылғал жабуға тісті тырма жарамайды. Сондықтан, танапта ылғал жабу үшін инелі БИГ-3А, БМШ-15 немесе жазық дискілі сыдыражыртқыштар қолданылады. Аталған өңірде тұқым СЗС-2,1 А дәнсепкішімен себіледі. Ол бір жүріп өткенде 4 операция жасайды, яғни арамшөптерді қырқады, тұқым себеді, топыраққа түйіршікті тыңайтқыштарды шашады және топырақты жеңіл нығыздайды. Сондықтан, тырмалаудан кейін топыраққа жеке культивациялау жүргізбейді. Дегенмен, тұқым кәдімгі дискілі дәнсепкіштермен (СЗП-24) себілсе, онда әрине дәл егін себер алдында топырақты КПШ-9,КПШ-11 және басқа құралдармен тұқым сіңіру тереңдігіне культивациялау керек.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы эрозия болу қаупі бар тәлімі егіншіліктегі егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі дәл осындай. Дәндері өте майда дақылдар себілетін танапты егін себер алдында катоктармен нығыздайды, себебі ол аталған дақылдардың тұқымын біркелкі тереңдікке сіңіруге, сөйтіп егіннің толық және тез көктеп шығуына мүмкіндік туғызады.
Белгілі бір уақыт ауылшауашылық дақылдарынан бос болатын және арамшөптерден таза күйінде ұсталатын танаптар пар деп аталады. Ол күздік және жаздық дәнді масақты дақылдар үшін өте жақсы алғы егіс. Пардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- танапта ылғал қорын жинау, сақтау және оны үнемді пайдалану;
- топырақ қабатындағы микроорганизмдердің белсенділігін арттыру;
- топырақтағы коректік заттар қорын молайту;
- танапты арамшөптерден, өсімдік зиянкестері мен ауру қоздырғыштардан
Пар таза (қара пар, ерте таза пар), ықтырмалы, екпелі (жаппай, отамалы) болып бөлінеді.
Таз пар деп ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіруден бос және вегетация
бойына өңделетін танапты айтады. Таза пар Қазақстанның құрғақшыл суарылмайтын аймақтарында маңызды рөл атқарады. Мұнда пардың және оның келесі жылғы әсерінен әр гектардан 3-4 ц қосымша өнім алуға болатыны анықталып отыр.
Қара пар таза пардың бір түріне жатады. Оны өңдеу жаздың екіншіжартысынан басталып күздің аяғына дейін және келер жылғы дақылдардысепкенге дейін жүргізіледі. Алғы дақылды жинап алғаннан кейін танап 22-25см тереңдікке соқамен жыртылады. Содан кейін күзде, көктемде және келер жазбойы әр түрлі тереңдікке өңделеді. Қара таза парда жиналатын пайдалы ылғал қоры туралы көп жылғы зерттеу жұмысы мынаны көрсетті. Кейбір жылдары күздік бидай себу мезгіліне қарай танаптағы ылғал көктемгі мөлшерімен салыстырғанда азаяды. Әйтседе парға жиналған көктемгі ылғалдың қорының күздік бидай сепкенге дейін 50-60 пайызы
сақталады. Сондықтан, ылғалы мүлде жеткіліксіз және онымен жартылай ғана қамтамасыз етілетін аймақтардағы тәлімі егіс жағдайында ең жоғарғы да тұрақты өнім сапалы дайындалған таза қара пардан ғана алынады.
Тамырсабақты жатаған бидайық, жауқияқ өскен пар танабын аталған арамшөптердің тамыр жүйесінен 1-2 см тереңдеу өңдеу жақсы нәтиже береді.
Жатаған бидайық пар танабында ойдым-ойдым кездесетін болса, онда топырақты 14-16 см тереңдікке культивациялайды. Азжылдық және атпатамырлы арамшөптер өскен пар танабын өңдеу алғы егісті жинап алғаннан кейін 10-14 см тереңдікке КПШ-9 жазықтабан сыдыратілгіштерімен өңдеу аталған арамшөпердің тұқымдарын топыраққа сіңіреді, ал өсіп тұрған арамшөперді қырқады, көктемгі қар суының топыраққа жақсы сіңуін қамтамасыз етеді. Ал қарасұлы көп өскен танаптарда оны қосымша БИГ-3А тырмасымен 4-6 см тереңдікке аңызға кесе-көлденең бағытта тырмалайды. Ықтырмалы парды бірінші культивациялау КПШ-9 культиваторларымен 8-10см тереңдікке арамшөптер көктеп шыққанда жүргізеді, ал қарасұлы басым танаптарды өңдеу мамырдың бірінші жартысында басталады. Парды келесі культивациялау атпатамырлары арамшөптер сабақтағаннан бастап, жаз бойы 3-4 рет 10-12 см тереңдікке өңдейді.
Екпелі пар дегеніміз вегеациялық кезеңнің біршама уақытында, яғни жаздың бірінші жартысында, мәдени өсімдіктер өсірілген, ал қалған уақытта (жаздың екіншісі жартысы-күз айлары) өңделетін танап. Онда вегетациялық кезеңі қысқа, яғни ерте пісіп, танапты ерте босататын ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі. Ондай дақылдар ерте жиналып алынады да, топырақ, қара таза пар тәрізді өңделеді. Ол танапқа осы жылы күздік бидай немесе келер жылғы көктемде басқа дәнді дақылдар себіледі.
Ылғалы жеткілікті тәлімі аймақта және суармалы егістікке таза пардың тиімділігі шамалы болады. Сондықтан, ондай жерлерде таза парды екпелі пармен алмастырады. Екпелі пардың оған себілген дақыл түсіміне бірінші және одан кейінгі жылдардағы әсері таза пармен салыстырғанда біршама төмен болады. Қара таза пармен салыстырғанда, екпелі пардың артықшылығымен қатар кемістігі де байқалады. Егіншілік мәдениелігі жоғары шаруашылықтарда екпелі пар тиімді, ал егіншілік мәдениелігі төмен шаруашылықтарда таза қара пар тиімді.
Бақылау сұрақтары:
Егін себер алдында топырақ өңдеудің алдына қойылатын талаптар
Культивация дегеніміз не?
Ылғалы жеткілікті тәлімі аймақта және суармалы егістікке таза пардың тиімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |