Байланысты: «Жерді түгендеу және жақсарту» практика новый
Практикалық сабақ №15. Жер иелену және жер пайдалану жерлерін инвентаризациялау.
Кешенді инвентаризациялау жұмыстары мынадай мақсаттарда жасалады:
1. Жер қорының барлық санаттарында және ашық алқаптарда жерлерінде сандық есепке алу және сапалық жағдайын бағалау;
2. Елді мекен пункті жерлерінің ауданын анықтау;
3. Орман, су қоры жерлерінің және босалқы жер қорының ауданын анықтау;
4. Басқа да жер пайдаланушылардың жерлерінің ауданын анықтау
5. Әртүрлі кері әсерлердің нәтижесімен бұзылған жерлердің санын, сипатын анықтау.
Жерлерді инвентаризациялаудың төмендегідей жұмыстары жүргізіледі:
- жер иелену және жер пайдалану жерлерін инвентаризациялау;
- бұзылған жерлерді инвентаризациялау;
- су көздерінің қазіргі жағдайымен пайдалануын инвентаризациялау;
- елді мекен жерлерін инвентаризациялау және корректировкалау.
Инвентаризациялау жұмыстары жерлерді мемлекеттік есепке алу мәліметтері және жерлердің сипаты мен сапасы жайында деректерді негізге ала отырып жүргізеді.
Инвентаризациялау жұмысы үшін негізгі болып пландық картограмманың материалдар, соңғы түсіру және дешифрлеу нәтижелері саналады және олар мынадай масштабтарды болады:
1. далалық және құрғақ далалық зоналар үшін және таулы аймақтар үшін 1:10000-1:25000;
2. шөлді және шөлді далалық аймақ үшін 1:25000-1:50000;
3. жерлердің техногенді бұзылуы ірі масштабтағы картографиялық негіз бойынша жасалады.
Жер пайдаланушылардың жерлерін инвентаризациялауға барлық жерлер жатады.Соның ішінде:заңды актпен бекітіп жер пайдалануға құқық беретін жерлер, ұзақ және қысқа мерзімді пайдаланудағы жерлер,өндірістік мұнай өндіруші кәсіпорындардың пайдаланымындағы жерлер және іс жүзіндегі пайдаланымдағы жерлер жатады.Жер пайдаланушылардың жерлерін сандық және сапалық есепке алу үшін дайындық кезеңде мына материалдар мен құжаттар жиналады:
-жер пайдалануға құқық беретін мемлекеттік актілер және жер бөліп берудің басқа да құжаттары;
-жер бетіндегі және аэрофототүсіріс пландары;
-топырақтың, мелиоративтік, геоботаникалық және басқа да үлестіру материалдары;
-ІШЖО және ШАЖО материалдары;
-мемлекеттік және қоғамдық қажеттілігіндегі жерлердің пландары.
Мемлекеттік орман қоры жерлерін есепке алу орман үлестіру материалдары пайдаланылады,ал елді мекен пункттерінің жерлерін есепке алуда жер шаруашылық үлестіру материалдарды қолданылады.Мемлекеттік есеспке алу материалдарынан барлық санаттағы жерлердің аудандары жазылып алынады.Жер кешенді инвентаризациялаудыі әрбір бөліміне қысқаша түсініктеме беріледі.
Далалық зерттеу кезінде топырақтық, геоботаникалық зерттеулердің материалдарын есепке ала отырып, табиғи мал азықтық алқаптардың іс жүзіндегі пайдалану ережесі анықталады.Мүмкіндігі бойынша өзгерістерді тауып, шөптің құрамы, өнімділігі, мәдени-технологиялық жағдайын зерттейді.
Инвентаризациялау нәтижелері мен есепке алу мәліметтері бойынша жерлерді мемлекеттік есепке алу №22 формадағы ведомостте көрсетіледі.
Графикалық материалдар және сол аймақтың қазіргі жағдайы туралы, пайдалануы туралы қысқаша анықтама беріледі.