«Жерді түгендеу және жақсарту» пәнінен практикалық жұмыс орындауға арналған Әдістемелік нұсқау



бет10/28
Дата08.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#48506
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Топырақ тығыздығы деп табиғи жағдайдағы 1 см³ құрғақ топырақтың грамм есебімен алынған массасын айтады. Су және ауа режимдері топырақ тығыздығына байланысты.
Топырақтың жыртылған қабатының тығыздығы 0,б – ден 1,5 г/см³ аралығында өзгереді, оған себеп болатын топырақтың қасиеті мен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы. Құмдақ топырақтың бұл көрсеткіші 1,82 г/см³ болса, нығыз қара топырықты жердің көрсеткіші -1 г/см³. Топырақты өндеген кезде оған органиқалық тыңайтқыштар енгізілсе, оның тығыздығы кемиді. Топырақ қасиетеріне, өсімдіктің өсіп жетілуіне тығыздық жан- жақты әсер етеді. Су тәртібіне, ауа айналымына және биологиялық белсенділігіне топырақтың аса тығыз болуы тым қолайсыз. Өйткені, топырақ неғұрлым құрғақ болса, соғұрлым өсімдіктерге жайсыз тиеді. Топырақ тығыздығы 0,1 г/см³ артса, өсімдік пайдаланбайтын ылғал мөлшері 10 процент кобейеді. Егер топырақ тығыздығы 1,45 г/см³ асатын болса, онда қолайла газ алмасу жағдайы бұзылады. Топырақ тығыздығы шамадан тыс болса, себілген тұқымының далалық шығымы төмендейді, өсімдік тамырларының топырақ қабатында терең бойлауы мен оның жан-жақа жайылу көлемі кемиді. Тығыздық 1,4 - 1,55 г/см³ шамасына жеткен кезде –ақ тамыр жиелерінің өсуі тежеле бастайды, ал 1,6 г/см³ асатын болса, онда мүлдем өспейді. Осының бәрі дақылдардын биологиалық өнімділігін және өнімін төмендетеді.
Шамадан тыс қопсытылған топырақ құрылысы да өсімдікке қолайсыз келеді. Топырақ қабатыныың ең қолайлы тығыздығы – белгілі бір өсімдіктерге есептегенде 1 – 1,3 г/см³ болып саналады.
Қолайлы тығыздық топырақтың әр қабаты үшін бірдей болмайды. Топырақтың үстіңгі қабатындағы ылғалдың буға айналып кетпеуі үшін оның 4 -5 см дейінгі қыртысының тығыздығы мейліншекем болғаны орынды.
Отамалы дақылдар (картоп, жүгері, т. б.) үшін топырақтың орташа тығыздығы , дәнді дақылдарға қараганда әдетте 0,1 – 0,2 г/см³ төмен болады. Көпжылдық шөптер, тары, зығыр дақылдары тығыздығы жоғары топырақты қажет етеді.
Топырақтың көлемдік массасы бір мағыналы көрсеткіш емес, ол тек топырақтың орналасуымен (түйірлердің өз ара орналасуы), сол сияқты оның қатты бөлігіне де байланысты.
Көлемдік масса топырақ кеуетігінің жалпы кеуек көлемі мен оның жіктелуінің сандық және сапалық жағын көрсетеді.
Алайда өсімдіктің өнімділігі үшін олардың шешуші маңызы бар.
Топырақ негізі үш фазадан ( бөлетен) тұрады: топырақтын қатты бөлегі топырақ ауасы және оның ылғалы. Топырақтың қатты фазасындағы бөлшектердің аралығындағы кеуектік көлемінің жиынтығын топырақтың жалпы көлеміне ( барлық үш фазасына) шыққандағы проценті жалпы кеуектік ( ұсақ кеуектік) немесе кеуектік деп аталады.
Топырақ қыбатындағы жұмыста кеуектердің мәні ерекше зор. Топырақ түйіршіктері аралығындағы кеуек куыстарға су мен ауа орналасып, олар әрі алмасып отырады. Топырақтың қатты фазасының жоғарғы қабатындағы кеуек куыстарда қоректік заттарды сіңімді түрде айналдыру процесі жүргізіледі.
Топырақ түйіршіктері аралығындағы кеуек куыстарда өсімдік тамырлары, микроорганизмдер және басқа да тірі жәндіктер орналасады. Сондықтан бұлардың саны мен сапасына топырақ құнарылылығы да тығыз байланысты деуге болады.
Әр түрлі топырақтар мен дақылдар үшін кеуектердің ең қолайлы мөлшері -48 – 65 процент аралығында болады. Бұл, әрине, механикалық құрамы женіл, қарашірігі тапшы, құрылымы төмен, ылғалы шамалы топырақтар үшін жеткіліксіз. Топырағының жалпы кеуек қуыстылығы 50 – 60 процентке дейін болатын егіс танаптары жиі кездеседі, ал зерттеу натижелеріне қарағанда ең қолайлысы оның 53 – 58 проценттей деңгейде болғаны жөн.Топырақтың жыртылған қабатының құрылымы. Топырақтың жыртылатын қабатының құрылымы ең маңызды бөлігі екені белгілі. Ал оның негізгі көрсеткіші капиллярлы және капиллярсыз топырақтағы кеуек қуыстылықтардың арақтынасы болып табылады. Топырақтың жыртылған қабатының құрымы - өңделетін жердің негізгі сапалық қасиетінің өлшемі. Топырақтағы ылғал мен ауа рехимінің қолайлы болуы үшін топырақтың кеуекті қуысты топтарының өзара қатынасы болуы шарт: топырақтағы капиллярлы кеуек қуыстарда ылғалды минискілі күші арқылы ұстайтын болса, ал капиллярсыз кеуекті қуытықта ылғалды гравитациялақ күштынң әсерімен төмен қарай жылжытады.
Капиллярлық қуыстар топырақ түйіршіктердің (агрегатының) ішінде капиллярсыз қуыстықтар топырақ түйіршіктерінің аралықтарында орналасқан. Топырақтары кеуек қуыстардың жалпы саны мен капиллярлы және кипиллярсыз кеуектілінің арақатасы өңделген топырақ құрылымының көрсеткіші болып саналады.
Капиллярсыз топырақ кеуектілігінің саны топырақтың ылғал өткізгіштігін, газ алмасуын (аэрациясын) және диффузиялы конвенция арқылы ылғалдың жойылуын анықтаса, капиллярлы топырақ кеуектілігің саны оның ылғал сыйымдылығым көрсетеді. Жерді өңдеудегі басты мақсаттың бірі – топырақтың жыртылатың қабатының құрылымын реттеп жөнге келтіру. Ылғалы жеткілікті, мол және артық аймақтарда, топырақты аэрациямен қамтамасыз ету оның су мен ауа режиміне ең қолайлы жағдай туғызады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтар мен дақылдар үшін ең қолайлы мөлшері

  2. Топырақ фазасы

  3. Қолайлы тығыздық топырақтар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет