«Жерді түгендеу және жақсарту» пәнінен практикалық жұмыс орындауға арналған Әдістемелік нұсқау



бет26/28
Дата08.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#48506
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Практикалық сабақ №29.
Агрокосмостық зерттеулерді пайдалана отырып топырақ жағдайын жақсарту.

Сабақтың мақсаты:Агрокосмостық зерттеулерді пайдалана отырып топырақ жағдайын жақсарту шараларын анықтау.
Адамдар өмірінде жер ерекше орын алады. Ол біріншіден, адамдарды асыраушы жер-ана; екіншіден, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы, үшіншіден, жер халық байлығы. Бүгінгі нарық заманында, жер жекеменшікке берілгенде оны көздің қарашығындай сақтау әрбір адамның, әр маманның алдында тұрған басты міндет.
Қазақстан Республикасы жер қорын басқару агенттігінің республиканың жері ұлан байтақ, дәлірек айтқанда онң көлемі 272,5 млн.гектар, сондықтан жер жүзінде 9-шы орында тұр. Ауыл шаруашылғында пайдаланатын жердің көлемі 222,5 млн гектар, соның ішінде егістік жер 21,4 млн. гектар, яғни республика бойынша әр адамға 1,4 гектар егістік жер келеді екен. Бұдан,жердің көптігінен, оған немқұрайлы қарау керек деген ұғым тумай, керісіншежерді келер ұрпаққа сақтау керек. Табиғатта топыраққа кері әсер көрсететінфакторлар көп. Солардың бірі- топырақ эрозиясы. Жер өңдеу кезінде топыраққа ықпал жасау оның құрылымы мен құрылысының бұзылуына және табиғи топырақ құрылу процесі бағытының өзгеруіне, ең соңында эрозия құбылысының пайда болуына әкеліп соқтырады. Эрозияның қатерлі, тіпті апатты зардабын сезіну үшін оның мәнісін терең түсіне білу керек. Сонымен топырақ эрозиясы дегеніміз оның желдің немсе судың (жаңбыр мен қар сулары, қолдан берілетін сулар) күшімен бұзылып, басқа бір алыс не жақын жерге барып шөгуі.
Топырақ эрозиясы ауылшаруашылық өндірісіне орасан зиян келтіреді. Біріншіден, эрозияның әсерінен топырақтың беткі қабаты желмен ұшып немесе сумен шайылып кетеді, сондықтан шаруашылықар жердің құнарлы қабатынан, өсімдіктер коректік заттардан айырылады. Мысалы, Якубовтың деректері бойынша жердің 50 см қабаты желмен ұшып кетсе, қарашірігі аз құмдақ топырақтың әр гектарынан 11-16 тонна гумус, 150-300 кг азот, 120 кг фосфор жоғалатын көрінеді. Францтың мәліметтеріне қарасақ, жел мен су жылда Еуропадан 840 млн тонна, Афркадан 21 млрд. тонна топрырақты мұқиттар мен теңіздерге алып кетеді екен. Бүкіл материк жыл сайын эрозияның кесірінен жердің беткі 2 см қабатынан айырылады. Сондықтан, топырақтың қарашірігі кемиді. Мысалы, А.А.Зайцевваның зерттеулері бойынша Павлодар облысында топырақ эрозияға ұшырамағанша оның қарашірік мөлшері 2-3 пайыз болса, ал эрозиядан кейін 0,8- 1,5 пайыз қалған. Табиғатта 2,5 см жердің беткі гумустық қабаты түзілу үшін 300 ден 1000 жылға дейін уақыт керек.Екіншіден, эрозияның салдарынан дәнді дақылдардың жас өскіндерін топырақ түйіршіктері қырқып жібереді, яғни егістік жойылады. Атап айтқанда, тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы жылдарында Қазақстанда эрозияның кесірінен 2,9 млн гектар дәнді дақылдардың егісі жойылып кетті.
Осы жылары республиканың астықты өңірлерінде жел эрозиясының кесірінен 12,8 млн гектар егістің өнімі төмендеп, одан 170 млн пұт асытық кем жиналды. Үшіншіден, эрозия құнарлы егістік жерлерді жарамсыз қылып, оларды не айналымнан шығарып тастауға мәжүр етеді, немесе басқа түрге көшіруге тура келеді. Мысалы, 1962-1964 жылдары Павлодар облысының шаруашылықтары эрозияға ұшыраған 850 мың гектар егістікті шабындыққа, жайылымдыққа және басқа түрлерге айналдыруға мәжбүр болды. Эрозияға ұшыраған жерлерге себілген ауылшаруашылық дақылдарының өнімі күрт төмендейді. Оның себеі эрозияның әсерінен топырақтағы қарашірік мөлшері азаяды, соның салдарынан ондағы коректік заттардың тапшылығынан өсімдік зардап шегеді. Су эрозиясымен күресуде шаруашылыққа тиісті жерді дұрыс пайдалана білудің маңызы зор. Бұл әсіресе бедері күрделі болып келетін таулы жерлерде және тау бөктерінде орналасқан шаруашылықтар үшін өте қажет. Су эрозиясына дөңес жерде орналасқан танапар өте бейім болады. Сондықтан, мұндай топырақты жиі қопсыта беруді қажет етпейтін дақылдар егу керек. Дөңес жерлердің топырағын су эрозиясынан қорғау шараларының ішінде дақылдарды еңіске көлденең, контур бойынша егу керек.
Эрозия кезінде қатты соққан жел жердің үстіңгі қабатындағы топырақты ұшырып, дақылдардың тамыры ашылып қалады. Ұшырылған топырақ түйіршіктері дақылдардың
жапырағын зақымдайды. Ықтау жердегі өсімдіктердің көміліп қалуына әкеліп соғады, ал кей жағдайда егістікті көшкін топырақ басып қалады да егіннен ешқандай өнім алынбайды. Эрозия зардабынан өнім кемуінің мөлшеріне байланысты дақылдар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа мақта,күнбағыс, картоп, темекі, сәбіз, тары, күздік, жаздық бидайлар, жүгері, көкөніс дақылдары жатады. Бұл дақылдар өнімін қатты төмендетеді. Мысалы, топырағы эрозияға аздап ұшыраған жерлерде аталған дақылдардың өнімі 10-30% кемиді, орташа бүлінген жерлерде –30-70, ал қатты бүлінген жерлерде-65-90 пайыз кемиді.
Екінші топқа топырақ эрозиясына орташа ұшырайтын арпа, қарақұмық бұршақ тұқымдас біржылдық шөптер сияқты дақылдар жатады. Бұл дақылдардың өнімі эрозиядан аздап бүлінген танаптарда 5-15 пайызға, орташа бүлінген жерлерде - 30-35, қатты бүлінген танаптарда 40-70 пайыз кемиді. Сұлы, қара бидай, көпжылдық шөптер басқа дақылдарға қарағанда эрозияға төзімді келеді. Бұл дақылдардың өнімі шамалы бүлінген жерлерде 5-10 пайыз, орташа бүлінген жерлерде 15-40 пайыз, қатты бүлінген жерлерде 25- 55 пайыз кемиді.
Эрозияның пайда болу факторлары. Топырақ эрозиясы негізінен екі фактордың әсерінен пайда болады. Олар: табиғи және адамдардың шаруашылық іс әрекеті (антропогендік факторлар).
Табиғи факторларға климат, жер бедері, топырақ және өсімдіктер жамылғысы жатады. Климаттың ішінде топырақ эрозиясын тудыратын ең басты фактор – жел. Оның әсерінен негізінен жел эрозиясы пайда болады. Ол әсіресе қуаңшыл және өсімдік жамылғысы нашар, топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл аймақтарда күшті әсер етеді. Жел эрозиясының пайда болуы, желдің жылдамдығына байланысты. П.С.Захаровтың деректері бойынша жердің беткі қабатынан 10 см биіктіктегі желдің жылдамдығы секундына 8-12 м болғанда эрозия пайда бола бастайды, ал ол жылдамдық 12-15 м/сек жеткенде эрозия процесі күшейіп, желдің жылдамдығы 16-25 м/сек жеткенде күшті эрозияға әкеліп соқтырады.
Келесі эрозия тудыратын фактор – топырақ түйіршіктерінің мөлшері. Егер топырақ түйіршіктерінің мөлшері 0,05-0,15 мм аралығында болса, эрозия жер бетінен 15 см биіктікте желдің жылдамдығы 3,5-4 м/сек болғанда пайда бола бастайды, топырақ түйіршігінің мөлшері 1мм болса, онда эрозия тудыру үшін желдің әлгі биіктегі шапшаңдығы 9,6 м/сек , ал 1,5 мм болғанда-11,1 м/сек болуы керек. Эрозияның пайда болуы тек ғана топырақ түйіршіктерінің мөлшерімен шектелмейді, ол топырақтың гранулометриялық құрамына тікелей байланысты.
Мысалы, құмдақ топырақтарда жел эрозиясы пайда болу үшін жер бетінен 15 см биіктегі желдің күші қарақоңыр топырақтарда 3-4 м/сек, ал жеңіл саздақ топырақтарда - 5,0 м/сек болуы керек.
Аққан сумен топырақ жамылғысының механикалық бүлінуін топырақ эрозиясы (су эрозиясы) немесе желмен бұзылғанда (жел эрозиясы) деп атайды. Су эрозиясы өзінше жазықтық эрозия — топырақтың жоғарғы (жырту) қабатының бөлшектерінің кішірек алаңдарда шайылуы және сызықтық өлшемдегі топырақты су едәуір тереңдікке жуып кетуінің салдарынан әр түрлі шұқырлармен өте терен және ұзып сайлар пайда болады.
Топырақтың жазықтық эрозиясы.Топырақ бетімен ағатын су өзімен бірге оның бөлшектерінің бірсыпырасын ертіп әкетеді және оларды бұлақтарға, өзендерге, ал олар арқылы көлдерге және теңіздерге көшіреді. Тіпті ағатын судың қабаты өте аз және олардың ағу жылдамдығы шамалы болғанның өзінде де ол өзімен бірге топырақтың ең кішкентай коллоидтік бөлшектерін ертіп әкетеді. Ағатын судың мөлшері және оның жылдамдығы көбейген сайын топырақтың үлкенірек тозаңды бөлшектері, содан кейін кішкене құмды, ал агатын су мардымды болғанда ірі құмды фракцияларын ертіп әкетеді. Осының салдарынан топырақтың жоғарғы құнарлы қабаты мүлдем шайылып, немесе ең бағалы кішкентай бөлшектерінен айырылып қалатындығынан оның физикалық қасиеттері
нашарлайды: су сыйымдылығы кемиді, топырақ өзінің байланыстылығын жоғалтады және тозаңға айналады.
Сонымен бірге оның ете керекті коллоидттік фракциясының шайылуының салдарыиан химиялық қасиеттері де нашарлайды. Мысалы, карбонатты сары топырақты жерлер жетілген қара топырақ эрозияның салдарынан гумустың біраз мөлшерінеи айырылады және карбонаттармен байытылады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың жазықтық эрозиясы

  2. Эрозияның пайда болу факторлары

  3. Топырақты жақсарту барысындағы агрокосмостық зерттеулерды анықтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет