"Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарды ұйымдастыру" зертханасы, «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының база практикасы



Дата10.09.2022
өлшемі0,75 Mb.
#38801
Байланысты:
Мухтар Аяулым «Жер кадастрының пайда болуы мен дамуы»

Мазмұны







Кіріспе........................................................................................................

4




Негізгі бөлім..............................................................................................

5

1.1

"Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарды ұйымдастыру" зертханасы, «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының база практикасы..............................................................

5

1.2

«Оңтүстік жер» ЖШС туралы мәлімет..................................................

6

1.3

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының материалды-техникалық атқаратын қызметі.......................................................................................................

7


2

ЖЕКЕ ТАПСЫРМА: «Жер кадастрының пайда болуы мен дамуы».......................................................................................................

9


2.1

Жер кадастрының даму аспектілері........................................................

9

2.2

Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы...............................................................................

16





Қорытынды................................................................................................

17




Пайдаланылған әдебиттер.......................................................................

18

Кіріспе

Мен АП-21-6к4 топ студенті Мухтар Аяулым 06.06.2022-10.06.2022 жж. аралығында оқу практикасынан өттім.
Оқу практика жұмыстары оффлайн форматында өтті. Оқу практикасы бойынша атқарылатын жұмыстар реті түсіндіріліді, берілген тақырыптар бойынша материалдар жинадым. Орталық жетекшіден негізгі бағыт-бағдар алдым.
Оқу практикасының мақсаты – болашақ мамандығыңның қырлары мен сырларын көріп, түсіну Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында Кадастрды жүргiзу бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелерi туралы мәлiметтердi жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргiзу және сақтау жөнiндегi дәйектi iс-қимыл болып табылады.
Оқу практика барысында бағдарламаға сәйкес «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы ның «Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарды ұйымдастыру» зертханасы, «Оңтүстік жер» ЖШС, «Азаматтарға аранлаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Шымкент қаласы бойынша филиалы» атты мекемелерінде болдым.
Сонымен қатар, жеке тапсырма алдым. Жеке тапсырма тақырыбы: «Жер кадастрының пайда болуы мен дамуы».
Қазіргі кезде ауыл шаруашылық өндірісін дамытуда еліміздің жер
ресурстарын ұтымды және интенсивті пайдалану ең негізгі мәселе болып
саналады. Осыған орай жер ресурстарын пайдалануды жақсарту қоғамдық
өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған жалпы шаралар жүйесінде ең
алдыңғы жоспар ретінде ұсынылады.
Еліміздегі экономикалық түрлену және нарықтық экономикаға беталу жер қатынастарына әсер етпеуі мүмкін емес екені күмәнсіз және оларды
реформалау жер реформасын жүргізу арқылы жүзеге асырылды.
Қазақстанда жер реформасы 1991 жылдың маусым айындағы «Жер
реформасы туралы» Заң қабылданған соң жүзеге асырыла бастады. Бұл Заң
бойынша, жер реформасы республика экономикасының нарықтық қатынастарға
ену кезеңінде жер иеленудің сапалық жаңа құрылымы мен жерді пайдаланудың
құқықтық және ұйымдық-технологиялық шаралары ретінде айқындалды.
Еліміздің жер қорын басқару, оны қорғау, тиімді пайдалануын
ұйымдастыру оларды жер кадастры жүйесінде жан-жақты зерттеуін талап етеді.
Сондықтан жер кадастрының халық шаруашылығында рөлі өте жоғары және
мемлекеттік шара болып саналады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы
пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

1 Негізгі бөлім


1.1 "Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарды ұйымдастыру" зертханасы, «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының база практикасы


«Су ресурстары, жерді пайдалау және агротехника» кафедрасында 4 лабораториялық базасы бар. Алғашқы күні кафедраның "Гидротехникалық құрылымдар және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету" зертханасы, "Агротехникалық машиналар" зертханасы, «судың сапасын жақсарту» зертханасы, "Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарды ұйымдастыру" зертханаларымен таныстық.


Оқу практика кезінде «Кадастр» және «Жерге орналаситыру» БББ білім алушыларына арналған "Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарды ұйымдастыру" зертханасында оқу практикасын өттім.
Бұл зертханалаық кабинетте «Кадастр», «Жерге орналастыру» білім бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Зертхана атап айтатын болсақ мына құрал-жабдықтар қамтамасыз етілген: теодолит, нивелер,рейка, рулетка, тахеометр, соңғы үлгідегі электронды теодолит және карталармен, стендттермен қамтылған.
Жетекшіміз зертханадағы барлық аталған құрал-жабдықтарға жеке тоқталып, оның мақсаты мен міндетні, және жұмыс жасау принциптерін, құрылысын түсіндірді. Осы аталған құрал-жабдықтарды «Кадастр» және «Жерге орналастыру» оқытылатын пәндерге сәйкес зертханалық жұмыс жасайтынымызды айтты. Және оқу практикасының бағдарламасына сәйкес карталармен жұмыс жасадық.
Оқу практикамыздың бірінші күні "Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарды ұйымдастыру" зертханасында өтті, қалған екінші және үшінші күндері «Оңтүстік жер» ЖШС және -«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына экскурсияға бардық. Келесі бөлімдерде мен барған мекемелердегі жұмыстың жалпы тарихы мен мақсатына тоқталдым.

Сурет 1- "Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарды ұйымдастыру" зертханасында


1.2 «Оңтүстік жер» ЖШС туралы мәлімет

«Оңтүстік жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Ұлыттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің «Рұқсат» бойынша 2005 жылдың 9 – сәуірінде құрылып ашылды. Сериялық нөмері Х/Т № 001590; тіркеу нөмері № 2/3 – 6 – 76, 05.02.2005ж. келісі шарты негізінде.


Жалпы кәсіпорынының жұмысы жеке және заңды тұлғалардың, жеке шаруашылықтардың, ұжымдық шаруашалықтардың, кәсіпорындардың топографиялық, геодезиялық, жоспарлы-картографиялық жерге орналастыру жұмыстарын жасау болып табылады. Жер – кадастрлық іс жасау барысында электрондық картаны, фотопланшеттерді қолданады. «Оңтүстік жер» жауапкер-шілігі шектеулі серіктестігінің Оңтүстік Қаазақстан облысы көлемінде жерге орналастыру және жер - кадастрлық іс жасау лицензиясына ие болып табылады.



Сурет 2- «Оңтүстік жер» ЖШС –нен оқу практикасынан өту сәтінен


1.3 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының материалды-техникалық атқаратын қызметі

Филиалдың мамандары жерге орналастыру жұмыстарын, жер ресурстарын зерттеу, оны бағалау, түрлі жобалар әзірлеу жер ресурстарын қорғау мен жақсарту және оларды пайдалануды жақсартудың бағдарламасын дайындау, жерге орналастыру жобасын жасақтау, жер кадастры мен мониторингін жүргізуді орындай алады.


Іздестіру жұмыстары:
а) жерге орналастыру бойынша:
- шаруашылылық аралық жерге орналастыру;
- ішкі шаруашылық аралық жерге орналастыру;
- жайылымдық жерлер аумағын жасақтауды уйымдастыру;
- елді мекен жерлер аумағын жасақтауды ұйымдастыру;
- сызықтық құрылыс үшін жер телімін бөлу (құбырпар, су құбырлары, автомобипь және темір жолдары, байланыс желісі және т.б).
б) толырақты-жақсарту сапасы бойынша:
- топырақты зерттеу жөне топьрақ картапарын құрастыру;
- бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру жобасы үшін топырақты зерттеу;
- жерді бағалау және бонитет балын анықтау үшін топьрақты зерттеу;
- топырақ-агрохимиялық зерттеулер жүргізу;
- зертханалық жұмыстарды жүргізу.
в) топографо-геодезия саласы бойынша:
- көлденең және топографиялық түсірілімдерді дайындау,
- қыйсындастырып түсірілімдерді дайындау;
- тахеометрлік және мензуалды түсірілімдерді дайындау.



Сурет 3 -«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына экскурсияда болған сәттен


2 ЖЕКЕ ТАПСЫРМА: «Жер кадастрының пайда болуы мен дамуы»


2.1 Жер кадастрының даму аспектілері


Басқа елдердегідей, Қазақстанда жер қатынастары қоғам өмірінде жердің ерекше рөлімен негізделген қоғамдық және экономикалық қатынастардың негізі болып табылады. Өндірістің, қарым-қатынастың, халық тұратын жерлердің барлық түрлерін орналастыру үшін жалпыға тән жер базисі бүкіл қоршаған ортаның басты компоненті болып табылады.


Сондай-ақ, әр елде жер қатынастарын дамыту әр түрлі ондай-ақ, әр елде жер қатынастарын дамыту әр түрлі болады, мәселен, отырықшылыққа ерте көшіп, көбінесе егіншілікпен шұғылданатын халықтарда жер қатынастарының нарықтық формасы мен меншігінің жеке формасын қалыптастыру қоғам мен мемлекеттің ерте дамуының басымдылығын танытты. Көшпелі халықтарда олар көбінесе мал шаруашылығымен айналысқандықтан, жер қатынастарының дамуында үлкен айырмашылықтар болды, отырықшылық өмірдегі жекелеген алқаптардағы халықтың шағын бөлігі ғана егіншілікпен шұғылданды.
Қазіргі Қазақстан аумағында тұратын халықтардың жер қатынастарының даму тарихын, біздің көзқарасымызша шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңге ерте кезден Ресейге қосылғанға дейінгі жер қатынастарының тарихи дамуын жатқызуға болады.
Екінші кезең – Қазақстанның Ресей құрамында 1917 жылға дейін отарлық шегінде болу кезеңі. Үшінші кезең – бұл Кеңес кезіндегі жер қатынатарының дамуы мен қалыптасуы, яғни 1917 жылдан 1990 жылға дейін уақытты қамтиды. Соңғы төртінші кезең Қазақстанда жер реформасының басталуынан қазіргі кезге дейінгі кезең.
Жер алқаптарының, жайылымдардың негізгі түрлерін бұлай бөлуді есепке ала отырып, Қазақстан аумағын ежелден мекендеген көшпенді халықтарда өздеріне тән жер қатынастары болғанын пайымдауға болады. Барлық мемлекеттің кез келген тарихи кезеңдеріндегі жер қатыныстарының негізінде меншік қатынастарының қалай реттелетіні, жер меншігінің формалары туралы мәселелер тұрады.
Республикада тарихи және құқықтық аспектілерде жер қатынастарын дамыту мәселелерін әр кезеңде көптеген, ғалымдар зерттейді. Мұнда олар түрлі тарихи кезеңдердегі жер қатынастарының ерекшеліктері мен жер меншігінің қатынастарының ерекшеліктері мен меншігінің формаларына әр түрлі пікірлер мен көзқарастар танытады. Пікірлерді бөлу негізінде феодалдық жер меншігінің болуы мен формасы және ерте кезден бері патриархалдық-феодалдық жер қатынастарының сипаты туралы сауалдар туады. Пікірлердің үлкен айырмашылықтарына қарамастан, зерттеушілердің көзқарастарын топтастыруға болады. Оңтүстік Қазақстанда кеңінен таралған кең-байтақ егін шаруашылығына келсек, көптеген зерттеушілер мұнда ерте кезден-ақ түрлі формадағы жекеменшіктің болғанын құптайды. Алайда зерттеушілер пікіріндегі басты мәселе – қазақтың ұшы-қиырсыз даласындағы көшпелі халықта феодалдық жер меншігінің болуы. Бұл мәселені зерделей келе, ғалымдардың бір тобы көшпенді қоғам меншік пен жер қатынастарын құқықтық реттеу формаларының болу мүмкіндігін жоққа шығаратындықтан, көшпелі халықтарда, соның ішінде қазақтарда феодалдық жер меншігінің болғанын көрсетеді. Алайда екінші топтағы ғалымдардың көпшілігі көшпенділерде феодалдық жер меншігінің болғанын құптаумен ғана шектеледі. XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысымен шектеле отырып, бұл жер қатынастарының классикалық феодализм елдеріндегі жер қатынастарынан айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін ашпай, Қазақстандағы феодалдық жер меншігінің пайда болуын қай кезеңге жатқызу керектігі, олардың даму сатылары қандай екені туралы мәселені қалыс қалдырды.
Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін қазақтарда феодалдық жер меншігінің болмауы туралы профессор С.Л.Фукс пайымдайды. Оның пікірінше, қазақтарда феодалдық жер меншігі ХVIII ғасырға дейін болмады, көшпенділердің негізгі феодалдық қолданысы – малдық жеке меншігі болды. Сонымен бірге ол XVIII ғасырда Ресей және Жоңғария тарапынан болған қысым жердің тарылуына әкеліп, феодалдық жер меншігінің пайда болуына себеп болды деп санайды. Оның пікірінше, сол уақыттан мал өсіруші байлар жайылымды монополиялауы шешуші мәнге ие болады, соның салдарынан феодалдық пайдалану қатынастары жерге тәуелді берік, тұрақты базаны иеленеді. Шындығында, Қазақстанда жерді пайдаланудың басты формасы – жерді қауымдық пайдалану феодалдық ұзақ уақыт, тіпті капитализмнің басталуына дейін Ресейде болғанын, ал кейбір Азия елдерінде мемлекеттік меншік болған. Ауылдық қауымдастық Қазақстанда Қазан төңкерісіне дейін, яғни шаруашылықтың ерте капиталистік формасының ену кезеңінде болды. Ауылдық және рулық қауымдарда жерді пайдалану феодалдық жер меншігі құқығы аясында жүзеге асырылады, субъектілері хан-сұлтандар мен би-манаптар болды.
Қазақстан аумағын мекендеген халықтарда түрлі кезеңдерде жерді пайдаланудың түрлі формалары болды. Біздің эрамызға дейін І ғасырдың өзінде ежелгі үйсіндерде жерге меншік болған (Н. Л. Бичурин 1950 ж.). IV-VI ғасырларда түрік қағанаты кезінде қазақтың ата-бабаларында жайылым жер ру-тайпалық бірлестік арасында бөлінді, VIII-IX ғасырларда бұл бөліну ең ұсақ рулық бірлестіктерге жалғасты. Бұл уақытты көшпенді қауым сословиеге бөлінді, бір жағынан бұлар – хандар, бектер, ягбу, тархандар (әскери бастықтар, салық жинаушылар), екінші жағынан – будундар, құлдар.
Феодалдық қатынастар қарахандар басқару кезеңінде де дами түсті (IX-XI ғғ.), хандар икта құқығында жерді әскербасыларына бергенде, жерді, малды және басқа мүліктерді жеке иелену формасы пайда болды.
Феодалдық өндірістік қатынастардың кезеңдеп нығаюы Қазақстанның Ресейге қосылуына дейінгі жер меншігінің хандық-сұлтандық формасы жер иелену жүйесінде басты рөл ойнады. Хандар мен сұлтандар қоғамды басқаруда негізгі басты позицияларды қолдарында ұстады. Ханға саяси қуаттылықпен бірге аумағындағы барлық жерлерге жоғары меншіктеу қызметі тиді. Тек хандар ғана жерге иелік ете отырып, жерді бөліп беру құқығына ие болды. Қазақстанның көшпелі халықтар өміріндегі бұл болмыс орта ғасырларда, сондай-ақ кейінгі кезеңдерде байқалады.
XII-XVI ғасырларда қазақ жерлерін мұрагерлік бойынша шыңғысхандықтар басқарып, ұлыс-ұлысқа бөлінген монғол феодалдың империясының құрамына кірді. Аумақты басқару үшін хандар қарамағындағы феодалдарға белгілі жерлерді, аумақты иелену және пайдалану формасы жерді пайдалану құқығының үш феодалдық институтынан тұрады (икта, тархан, союргал).
Қазақтардың қарастырылған тарихи кезеңдерінде билердің, кейіннен байлардың рулық тұрғыда жерді меншіктеуі айрықша орын алды. Бұл жер меншігінің түрін кейде жер меншігінің аймақтық формасы деп те атайды. Аймақ қазақтарда ұлыстан шағын жерлерге билік етуді білдіреді, аймақтың басында билер тұрды. ХV-XVI ғасырлардан бастап, әскери лена ұстаушы, қызмет еткен адамдардың ру басы өкілдері мұрагерлік ленаның меншік иелеріне айналды. Бұл меншік формасына тән ерекшелік – хандық сұлтандық жер меншігінен бағыныштылығы, өндірушілігі болды. Билер, бір жағынан, рулық және ауылдық қауымдарда жерді пайдалануды реттеуде өз рентасына өздері иелік етсе, екінші жағынан, олар ұлыс ішіндегі мәселелерді шешуде хан мен сұлтандардың жарлығын орындады. Феодалдық рентаның негізгі формасы жұмыс істеу (феодалдардың малын бағу) болды, мұнымен бірге малмен төлеу рентасы да қолданылады: а) конгур – отардан 1% және б) зекет мал басынан 5%.
Одан әрі қазақ хандығына (XV-XVII ғғ.) жоғарыда келтірілген жер иелену формаларынан сақталғаны – союргал формасы. Сол кездері көшпелі қазақтар жерді пайдаланудың негізгі екі формасын пайдаланды: а) феодалдардың жеке иеленуі, б) жайылымдарды қауымдық-рулық пайдалану. Мұнда жерді қауымдық пайдалану билер бөліп берген учаскелерде ғана болды. Рента қатынастарының формасы да сақталды – жұмыс істеу, төлем (малмен, етпен), зекет – мал басынан 5% және ұшыр – жиналған бидайдан 10%.
Көріп отырғанымыздай, Қазақстанда XIII-XVII ғасыр кезеңінде жерді пайдаланудың көшпелі сипаты мен меншік қатынастарына сәйкес өзіндік патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты. Феодалдар басқарушылар (хандар, сұлтандар) өздеріне қатысты барлық жерлерге иелік етті, олар жерді қарамағындағы бектерге, тархандарға, билерге, діни мекемелерге бөліп беріп, жер-құқықтық қатынастар орнатты. Феодалдар тайпалар мен руларды бірдей басқара отырып, ру- тайпалық құрылымға сәйкес жерлерге иелік етті, малын бағатын өз ауылдарының, рулардың арасында жайылымды бөлді. Негізгі көшпенді халықтар жерді иеленбеді, тек феодалға рента төлеп, рулық немесе ауылдық қауымдық құрамында пайдаланды.
Қазақстан Ресей мемлекеті құрамына енген соң, басқа жер қатынастары да кіріп, Ресейлік заңнамалық актілер қолданыла бастады. Сол кезеңдегі Ресей әрекетінің бағыттарының бірі – әскерді пайдалану жолымен, аймақтарға қазақ әскерлерін жіберіп, күштеп әскери-жер отарын жүргізу болды. ХVІІІ ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың соңғы ширегіне дейін қазақтардан 11 млн. десте ең шұрайлы жерлер тартып алынды. Қарудың күшімен отаршылдар жақсы жерлер мен жайылымдарды алып, көшпенді халықты қысымшылыққа душар етті. Қазақтарға алынған жерлер түгілі әскери құрылыс жүріп жатқан аумақтарда да көшуге тыйым салынды.
Масштабтар туралы төмендегі мәліметтер бойынша айтуға болады: Уйск бағыты 753 шақырым ұзындыққа созылып, қамал мен сонша бекіністен тұрады, Орынбор өлкесінің өзінде 114 бекінген орын саналады.Қосылған жердің алаңын үлкейту үшін 1835 жылдың наурызында Орынбор губерниясы мен Қырғыз даласы шекарасында ұзындығы 487 шақырым жаңа бағыт құрылысы басталды, ескі және жаңа бағыт аралығындағы кеңістік 6 миллион десте жақсы жерден болды. Мұнда шаралар едәуір бөлігі қазақ кіретін Батыс Сібірде де өтті. Мұнда Жаңа- Ишім, Ертіс, Бухтарлинск, Бийск – ұзындығы 2 мың шақырым 4 әскери бағыт салынды. Бұл бағытта 18 қамал, 13 форпост, 23 станица, 35 маяк және 31 бекініс болды. Орынборды Арал, Каспий теңіздерімен және Сырдариямен қосатын әскери қамалдар салу мен ішін бекіндіру бірге жүргізілді, ал XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей Жетісуды отарлап , қосып алуға кіріседі. 1854 жылы Іле бекінісі ашылып, 1855 жылы Верный форты деп атын өзгертті, Лепсі, Қапал, София, Үлкен Алматы станциялары пайда болды.
1856 жылы Қазақстанның жерлері Ресей империясының меншігі болып жарияланды. Сондықтан Қазақстанның жерін басқару, жер қатынастарын реттеуге сәйкес ведомстволар мен губернаторлықтарға берілді. Қысқа мерзім ішінде әскери қоныстар салынды. Тюмень, Тобыл, Омбы, Өскемен, Есіл, Ертіс, Орск, Уртамыш, Ақмешіт, Павлодар, Көкшетау, Ақмола т.б.) сондай-ақ қазақ жерлерінің сыртқы шекарысында көптеген қазақ станицалары салынды, ол үшін жерлер тартып алынып, қазақтар мен әскери қызметкерлерді қоныстандыру жүріп жатты. Қазақстанда хандық кезеніңде қалыптасқан жердің құқықтық қатынастары Ресейге қосылған соң едәуір өзгерістерді бастан өткізді. Бұл аядағы елеулі өзгерістер – жерді пайдалану мен жер меншігінің жаңа формаларының пайда болуы, сонымен бірге меншік және жерді пайдалану құқығы субъектілерінің ішінде де жаңа жер-құқықтық нормалар пайда болды. Қазақстанда XIX ғасырда жүзеге асырылған әкімшілік-сот реформасының негізгі нәтижесі хан билігі мен отарлап басқару органдарына жергілікті халықтың бағынуын жою болды. Бірінші «Сібір қырғыздары туралы жарғы» қолданылып, Орта жүз хандығы (1822) содан соң Кіші және Ұлы жүз хандықтары жойылды. Хандықтың жойылуы қазақ жерлерінің Ресей мемлекетіне шын мәнінде бекітілуіне әкеледі. Патша үкіметі «Сібір қырғыздары туралы жарғы» мен «Орынбор Қырғыздарын басқару туралы ережені» енгізе отырып, айқын сақтық танытты және біраз уақыт қазақ жерлеріне мемлекеттік меншікті заңды бекітуден тартынды. Алайда бұл құжаттардың қолданылу тәжірибесін зерделеу және жаңа заң ережесінің жобасын жасау үшін құрылған комиссия Орынбор қазақтары өз жерлерін шын мәнінде мемлекеттік санайды деп белгіледі де, енді қазақ жерлерін Ресей мемлекетінің меншігі ретінде заңды бекітуге толық болады деген сенімге келеді. Ол жер мәселесін төмендегідей негізде шешуді ұсынды: қазақтар қоныс тепкен жерлер мемлекеттік саналады және қазақтарға қауымдасып пайдалануға беріледі;
Заңдастырылған актіні иеленген адамдар болды: қазақ қауымына пайдалану бойынша жерді өз араларында бөлуге құқық берілді.
Қазақ жерін тартып алып игеру, Қазақстанды экономикалық отарлаудың басы ғана болды. Жерлерді негізінен отарлап, игеру Ресейден шаруалардың жаппай қоныс аударылуы басталғанда, XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX басында басталды. Артық жерлерді, қоныс аударуға түскен жерлерді, қоныс аударуды анықтау үшін Қазақстанға экспидициялар жіберді. 1896-1901 жылдары Щербин экспедициясы Ақмола, Семей және Торғай облыстарына 12 уезінің жерлерін тексеріп 12 млн. Дестеден астам жерлерді қосып алды.
Келесі экспедиция (1907-1911 ж.ж.) қысқарту есебінен қазақ халқынының жер нормаларын қайта қарап, жергілікті халықтан едәуір жерді тартып алды. Мейлінше өнімді жерлер патша үкіметінің казак әскерлеріне, әкімшілік өкілдері мен тұрғылықты шаруаларға берілді. ХХ ғасырдың басында Орынбор казак әскерлерінің жер иеленуі – 7.4 млн астам, Оралдікі – 4млн дестені құрады.
Столыпиндік аграрлық реформаға сай (1906 ж.), шығыстағы игерілмеген жерлерге 3.8 млн. Ресейдің жерсіз шаруаларын жаппай қоныстандыру жүргізілді. Тек 1896-1915 жылдардың ішінде орталық губерниядан 117 мың шаруа Ақмола, Жетісу, Торғай және Орал облыстарына қоныс аударды. Қазақстанда 39.9% бұрын пайдаланған 58 млн. десте ең жақсы жерлер, ал Көкшетеу, Қостанай, Петропавл, Орал, Павлодар сияқты уездерде 50%-дан астам жер бөлінді /11/. Сонымен бірге жерді және Қазақ жерлерінің басқа табиғи байлықтарын иеленіп, байырғы тұрғындарды табиғи климаты нашар аймақтарға ығыстыруға, көшпенді өмір салтын бекітуге бағытталған Ресей империясының отаршылдық саяси өмірі жүргізілді.
Қазақстан Ресей мемлекетінің құрамына кірген соң, негізгі бөлігі – басқыншы жер саясаты, Ресей заңнамасы мен жер қатынастарын қолдануға болатын отарлау саясаты жүзеге аса бастады.
Мемлекеттік құрылымның тууы (княздық, болыстар, уделдер, уездер) нарықтық қатынастарды мүліктік нормаларды қарастыратын құқықтық актілермен (жарлықтар, жарғылар, сабақтар, грамоталар, келісім-шарттар) реттей бастады. Мейлінше дайындалған құқықтық нормалар белгілі орыстың құқықтық ескерткіші – Псков сот грамотасында (1397 ж.) келтірілген. Онда мүлік алғаш жылжымалы және жылжымайтын болып шектелді. Соңғысына изорникке жалданып қызмет ететін мырзаға тиісті село, су және жер кірді. Бұл кезеңдерде пайда болған жер кепілі, заклад ұғымдары қызықты сәттер болды. Келісім тек куәгермен қанағаттанбады, керемет шенеуліктің закладымен жазуын талап етті. Сот грамотасының бірнеше баптарының жер кепілдігі мәселесі қарастырылды, яғни ол бағалы қасиет – сенімді капиталға ие болды. Еркін айырбас, сатып алу, кепілдеу, өсиет етуге және т.б. арқасында ірі жер иелену нығайды, ал шаруалар жеке қарыздармен өмір бойы құлдыққа түсті.
ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдегі жер құрылымы жер иеленудің көптеген формалары мен оларды түрлі құқықтық реттеуде көрінетін, капиталистік жер қатынастарында пайда болған элементтерімен орта ғасырлық феодалдық жер құрлымымен үйлесімділікті көрсетеді. Алайда капитализмнің болуы сөзсіз жер реформасын жүргізудің басыбайлық құқығына әкелді.
1861 жылғы Манифест пен “басыбайлы тәуелдіктен шыққан шаруалар туралы Ереже” шаруалар басыбайлы тәуелділіктен босап, оларға жер бөліп беріледі деп жариялады.
Қазақстан Ресей мемлекеті құрамына енген соң, басқа жер қатынастары да кіріп, Ресейлік заңнамалық актілер қолданыла бастады. Сол кезеңдегі Ресей әрекетінің бағыттарының бірі – әскерді пайдалану жолымен, аймақтарға казак әскерлерін жіберіп, күштеп әскери-жер отарын жүргізу болды. ХVІІІ ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың соңғы ширегіне дейін қазақтардан 11 млн. десте ең шұрайлы жерлер тартып алынды. Қарудың күшімен отаршылдар жақсы жерлер мен жайылымдарды алып, көшпенді халықты қысымшылыққа душар етті.
Қазақтарға алынған жерлер түгілі әскери құрылыс жүріп жатқан аумақтарда да көшуге тыйым салынды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысына жердің меншік иелерінің көбеюімен жер нарығы қызу дамыды, ал оның рөлі Ресейде ипотека деп аталатын және жер несиесін қамтамасыз ететін мекемелердің құрылуымен байланысты өсе түсті.
Алайда 1861 жылғы реформа бойынша үлестегі жердің құқықтық субъектісі ауылдық қоғам, қауым болғандықтан, шаруаның қауымнан жекеменшікке жер алып шығу мүмкіндігі болса да, жерді иелену негізінен қауымдық болып қалды. Бірақ бұл үшін барлық төлемдерді енгізу талап етілді. 1905 жылы 78% астам үлестегі жер қауымның қолында, 22% үлестегі жер үй басының иеленуінде болды.
Ресейдегі жер құрылымының әрі қарай өзгеруі 1906 жылдың 9 қарашасындағы жарлықтың негізінде столыпиндік аграрлық реформаға байланысты. Нәтижесінде, Ресейде шаруаның жерді пайдалануының үш формасы қалыптасты: қауымдық сақталды және екі жаңасы пайда болды – бөліп алған жер мен хутор. Жер үлесінің меншік иелері оны сатуға құқығы болды.
Жер құрылымы бұл қалыпта 1917 жылға дейін қалды. Төңкеріске дейінгі Ресейдегі жер қатынастарының дамуының тарихи кезеңдеріне келтірілген қысқаша талдау – олардың Қазақстанда отаршылдық шекте дамуына қалай әсер еткенін түсінуге әсер етеді. Мемлекеттік жердің өте үлкен болуы отарлы Қазақстанға тән отарланған жердің бәрі қазына меншігі болып жарияланды және министрлік мемлекет мүлкін басқаруға көшті. Қазына меншігіндегі жер, бір жағынан, Қазақстандағы патша үкіметінің тірегі болса, екінші жағынан үлкен кіріс әкелді. Бірнеше ондаған миллион десте ауыл шаруашылығының шұрайлы жерлерін алып үкімет әуелі өздерінің әскері мен казактарын жермен қамтамасыз етті, қалғанын алым (оброк) төлемін белгілеп, тұрақты үлес ретінде қоныстанушыларға берді, қалған жер жалға берілді немесе жеке адамдарға сатылды.
Сол себепті мемлекеттік жер меншігіне экономикалық мақсатта қазына жер рентасын белгіледі. Сол уақыттың заңына сай, жеке шаруашылық құру үшін, жеке адамдарға қазына жерін сату немесе бөліп беру рұқсат етілді. Мұнда помещиктер 99 жыл уақытқа 3000 дестеге дейін, ал шаруалар 12 жылға дейін жалға пайдалана алды.
Ресейдегі сияқты «Жер туралы» декретпен жерге жекеменшік жойылды, азаматтар жерді тегін алды, жалдамалы еңбекке жол берілмеді. Жергілікті кеңестер жер декретін бір ауыздан қолдады. Петропавл Жұмысшылар және солдат депутаты кеңесі 1917 жылдың 5 желтоқсанындағы қарарында, Ақтөбе уездік кеңістер съезі 1918 жылдың 7 наурызындағы шешімінде, Торғай облыстық кеңестер съезі 1918 жылдың 1 сәуіріндегі қарарында жер декретін қалдырмай жүзеге асыруды талап етті.
Бүкіл Қазақстандық бірінші кеңестер съезі жер мәселесі бойынша арнайы шешімдер қабылдады. Соған сәйкес жер комитеттері шаруа аралық жерге орналастыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізді. Олар – помещиктер мен байлардың жерін тәркілеп, шаруалар мен мал өсірушілерге беру, көшпенді және жартылай көшпелі халықтың жер үлестері бойынша шара қабылдау және оларды отырықшылдыққа көшіру. Жерді мемлекет мүлкіне айналдыру және помещиктер жерін тәркілеу тұрғысында Қазақстанда жерді қайта құруды жүзеге асыру кезеңімен жүріп, 1928 жылға дейін созылды.
Қазан төңкерісінен кейінгі мемлекеттің маңызды жер құқықтық институтарының бірі – жерге орналастыруды жүргізу болды. 2259,3 мың азаматтарға жер үлесінің құқығы туралы куәліктер рәсімделіп, берілді, олардың 1910,4 мың құқықтарын іске асырды. 2001 жылдың басында жер үлесін құқығы туралы құжат алған 2268,6 мың азаматтың 2168,9 мың немесе 96%-ы келісімге отырды /8/.
1999 жылдың басында құны 6017 млн теңге 28,9 мың учаскесі мемлекеттен меншікке сатылды, құны 1425,8 млн теңге 3,2 мың учаскеге жерді пайдалану құқығы сатылды, құны 569,8 млн теңге учаске жалға берілді, аукциондар мен конкурстарда құны 100,1 млн теңге 519 учаске сатылды /11/.
Азаматтардың меншігіне көлемі 357,8 мың гектар 2857,4 мың жер учаскелері ақысыз берілді. Республикадағы шаруа шаруашылықтарының саны 1991 жылы 2,5 мыңға, 1995 жылы 31,1 мыңға және 01.01.2001 жылы 105,1 мыңға дейін өсті. Яғни, жер реформасының екінші кезеңінде (1995 жылдан соң) жекеменшікке жер учаскелерінің, жер учаскелері операцияларының саны бірден өсті. Қазақстанда жер реформасын дамыту 2001 жылы жаңа деңгейге көтерілді. Ұзақ талқылаудан кеійін республика Парламенті 1990 жылдан бергі жер қатынастарын реформалау тәжірибесін есепке алып, республикадағы жаңа жер құрылымының заңнамалық және нормативтік базасын нығайтуға бағытталған маңызды толықтырулар мен өзгертулер енгізілген «Жер туралы» жаңа заң қабылдады.
2003 жылы қабылданған ҚР жаңа Жер кодексі негізінен «Жер туралы» заңның заңнамасының нормаларын сақтады.
Алайда оның басты жаңалығы ҚР ауыл шаруашылығы жерлеріне жекеменшікті енгізуді реттейтін нормалар қабылдау болды.
Мұнда жерді жекеменшікке тек ҚР азаматтары мен ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғалары ала алатыны туралы ережелер сақталды, жер учаскелерін жекеменшікке сатып алуда жеңілдіктер берілді, яғни жеңілдікпен сатып алу бағасы учаскенің базалық ставкасының 75%-ын құрады, учаскелерді сатып алу 10 жыл бойы жүргізілуі мүмкін.
2.2 Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Зертхананың және онда жүргізілетін зерттеулердің ерекшеліктеріне қарамастан, қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау міндетті болып табылады. Зертханадағы жалпы қауіпсіздік ережелері зерттеу кезінде туындауы мүмкін қауіпті және деструктивті факторлар мен жағдайлардың алдын алуға арналған.


Зертханадағы жалпы қауіпсіздік ережелері.
Зертханаларда мыналарға тыйым салынады:
Желдету жүйелерінің ақаулары немесе жабдықтың, тазалау немесе сүзу құрылғыларының бұзылуына тергеу жүргізіңіз.
Жарылғыш және жанғыш заттармен жұмыстарды электр аспаптары мен оттықтарға жақын жерде жүргізу.
Жылу жабдығын, жарылғыш және жанғыш заттарды немесе газ баллондарын, қосылған қондырғыларды құрылғысыз қалдырып, зерттеу жүргізу.
Жеке қорғаныс құралдарынсыз зертханалық зерттеулер жүргізу. Лабораторияда жұмысты орындау кезінде міндетті түрде көзілдірік, бетперде, халат (фартук), полимер қолғап, кейбір жағдайларда противогаз және полимер материалдардан жасалған қалың алжапқыш кию керек. Қажетті ЖҚҚ-ның нақты тізбесі белгілі бір зертхана қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес анықталады.
Егер бұл қауіпсіздік талаптарының жергілікті актісіне қайшы келсе, зерттеуді жалғыз орындаңыз.
Зерттеу процесінде жеке заттарды тікелей зертханада сақтаңыз, олар арнайы бөлінген орындарға орналастырылуы керек.

Қорытынды


06.06.2022-10.06.2022 жж. аралығында оқу практикасынан өттім. Оқу практика барысында бағдарламаға сәйкес «Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарды ұйымдастыру», «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы, «Оңтүстік жер» ЖШС, «Азаматтарға аранлаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Шымкент қаласы бойынша филиалы» атты мекемелерде болдым.


Сонымен қатар, жеке тапсырма алдым. Жеке тапсырма тақырыбы: «Жер кадастрының пайда болуы мен дамуы».
Практика кезінде , «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы «Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарды ұйымдастыру» лабораториялық кабинетте «Кадастр» және «Жерге орналастыру» қажетті құрал-жабдықтар түрлерімен таныстым.
«Оңтүстік Жер» ЖШС және «Азаматтарға аранлаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы, шымкент қаласы бойынша филиалы» мекемелеріне экскурсияға бардым. Аталған мекемелердің мақсаты, міндеті, құрылысы мен жұмыс жасау барысымен таныстым. Жеке тапсырма бойынша мәліметтер жинақтадық.
Жеке тапсырма бойынша жер кадастрының даму аспектілеріне нақты мәліметтерді ала отырып, Қазақстан Республикасының жалпы жер реформасы, жер туралы заңының, жер кадастрының даму тарихына толық тоқталдым. Сонау феодалдық дәуірден, Қазақ хандығының құрылғанымен, Ресей патшалығына қосылғанымыздан қазіргі жаңа Қазақстан кезеңіне дейін қалыптасқан жер кадастрының барлық кезеңдеріне тоқталдым.
Жалпы 2021-2022 жж. оқу жылында өткен мамандық бойынша пәндер мен 06.06.2022-10.06.2022 жж. аралығында өтілген оқу практикасында өзіме қажет тың мәліметтерді алдым.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Земельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов//. – Алматы: Жети жаргы, 2019.- С.7-77.


2. Архипов И. Г. Земельное право Республики Казахстан. – Алматы, Борки, 2020.
3. ҚР жер кодексі, Астана. 2021.
4. «Жер құқығы» Қазақстан Республикасы Мүхитдинова Н.Т. 2020 ж.
5. Жер кадастры. (Оқұлық). Алматы, «Агроунивериздат», 2001ж.
6.Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр Казахстана. – Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2020.
7.Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами в рыночных условиях. – Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2021



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет