Жерге орналастыру мамандығы



бет1/2
Дата24.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#45101
  1   2
Байланысты:
1срс геодезия


География және табиғатты пайдалану факультеті


Жерге орналастыру мамандығы


1 курс студенті: Альходжаева Қарақат Жандосқызы


Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ)


Геодезия ғылымының даму тарихы
Жер – адамның өмір сүруіне қолайлы биологиялық жағдайлар
қалыптасқан, қойнауы мен биосферасының саналуан байлығымен сипатталатын және еңбекті қолдануға мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің осы ролін сипаттай отырып, XVII ғасырдағы көрнекті ағылшын ғалымы Уильям Петти: "Тұтыну құндары мен заттық байлықтың көзі тек еңбек қана емес. Еңбек - байлықтың атасы, ал жер оның анасы" деген екен.


Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы. Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы — геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Геодезиядағы координаттық негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехн. және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді. Қазіргі уақытта мұхит, теңіздердің және көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Геодезиясын дамытты. Үлкен территорияларда топографиялық жұмыстар тез және тиімді жасалу үшін әуеден жер бетінің фотогр. бейнесі алынды, осыған байланысты Геодезияның аэрогеодезия мен ғарыштық геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын (кен қазбаларын, мұнай мен газ өнімдерін, т.б.) меңгеруде инж.-техникалық жобалар мен сызбаларды қамтамасыз ету үшін жер асты Геодезиясының маркшейдерияның) тәсілдері қажет. Геодезияның ғыл. және практикалық шешу әдістері матем. мен физ. заңдарына негізделген. Республикада ғылыми және практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топогр. жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер 1917 ж. дейін Қазақстан аумағының тек 13,5%-іне 1:126000 масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 ж. ол 86,6%-ке жеткізілді және масштабы 1:100 000, 1:200 000 топогр. карталар жасалды. 1920 — 45 ж. 22800-ден астам пункттің триангуляциясы анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 ж. масштабы 1:25000 картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2- және 3- класты мемл. триангуляция торы құрылды. Бұрынғы шығарылған масштабы 1:100 000 карталар жаңартылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық институтытының Қазақстан филиалы Геодезия және картогр. Бас басқармасының картогр. материалдарын пайдаланып Қазақстан аумағының фотокартасын түсірді және а.ш-ғының картасын жасады (1960). Г-лық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет