«Жерлерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу» пәнінен дәрістер жинағы



бет17/33
Дата03.12.2023
өлшемі396,44 Kb.
#133834
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
BnY9SSVKHRD6K8Vi0xBrnsf1ewJrwhUNotRbiJLG

Ұсынылған әдебиеттер:
1.Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами в рыночных условиях. – Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2012.
2.Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
3.Қырықбаев Ж.Қ., Карбозов Т.Е.,Ахметов Е.С. Шаруашылықаралық жерге орналастыру. Оқу құралы. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті баспасы. Астана,2017

4.Қазақстан Республикасының Жер кодексіЖаңартылған 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі.(Өзгерістер енгізілген, басылымға 2022 ж.шыққан)


Дәріс № 15.Жергілікті жерге алдын ала тексеру жүргізу және пункттері
желісінің конфигурациясына байланысты бақылау түрлері


Жоспар
1.Таңдап алған қандайда бір түсіру әдісін (абсолютті/қатысты,
статикалық/кинематикалық) негіздеу.
2.Жылжымалы GPS станциясының кестесі және болжамды қозғалыс бағыты.
3.Жобаның геодезиялық пункттердің орналасуын нақты анықтауға қойылатын
талаптар
4.Спутниктік және дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді бірге пайдалану негізінде тірек
кеңістіктік геодезиялық желілерді құрастыру технологиясы

Позициялау тәсілдерінің классификациясы. Позициялау тәсілдерінің классификациясын бірнеше жақтан қарастыруға болады. Кейбір жағдайда барлық тәсілдерді абсолютті (бір тәсіл) және салыстырмалы (дифференциалды) деп атайды.


Мұндай жіктелуге екі негіз бар:
1) қолданылатын жер серіктерінің саны (абсолюттіде - бір қабылдағыш, салыстырмалыда - екі қабылдағыш);
2) абсолютті де өңделмеген өлшеулерді, ал дифференциялық та – тіркелген мәндерден айырмашылықтарды шығарады.
Басқа жағдайда: жеке өзіндік, дифференциалды (DGPS, PDSPS режимдері) және салыстырмалы (статика және кинематика варианттары) тәсілдер қарастырылады. Абсолютті дегеніміз - өлшенген мәндер бойынша геоцентрлік координаттардың толық мәндерін есептеу, ал салыстырмалық -өлшеу кезінде тек координттар өсімшесін анықтау, яғни бақылау пункттін қосатын кеңістіктік базалық вектор.
Осы орайда, келесі бағыттарға бөлеміз:
- геоцентрлік координаттарды абсолюттік тәсілмен анықтау:
- жеке өзіндік; - дифференциалды:
- кодтық анықтау (DGPS);
- фазалық анықтау (PDGPS).
-базалық сызық – кеңістіктік векторларды анықтаудағы салыстырмалық тәсіл:
- статиткалық: - жылдам статика; - жалған(псевдо) статика. кинематика: - үздіксіз, өңдеу; - «тұр және жүр» (Stop & Go), өңдеу. - нақты уақыт (real Time Kinematic - RTK). Тәсілдердің бір-бірінен дәлдік: ондық см-ден бірнеше ондық м-ге дейін айырмашылығы бар. Жоғарғы дәлдікті дифференциалды және салыстырмалы тәсілдер қамтамасыз етеді. Нүкте орнын анықтаудың абсолюттік және салыстырмалы әдістері. Жерсеріктік координаталық өлшеуді орындаған кезде жер серігімен қабылдағыш арасындағы арақашықтық басты анықталатын пара метр болып есептеледі. Бірнеше жер серігіне дейінгі арақашықтықты бір мезгілде анықтау, кеңістіктік сызықты қиылыстыру әдісі мен бақылау пунктінің координаталарын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл координаталар, өз кезегінде бір мезгілде жұмыс істейтін жерсеріктік қабылдағыштар орнатылған пункттер арасындағы координаталар ай-ырымын, базистік сызық ұзындығын, азимуттық бағытты, сондай-ақ бірқатар басқа да көмекші параметрлерді анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Мысалы, қабылдағышты жылжымалы объектіге орнату кезінде, осы объектінің қозғалу жылдамдығы мен бағыты анықталуы мүмкін. Шешілетін есептерге байланысты координаталарды анықтау әдістерін – абсолютті және салыстырмалы (дифференциалды) деп ажыратады. Бұл кездегі бірінші жағдайда қойылған есеп бір, жеке жұмыс істейтін жерсеріктік қабылдағышты пайдалану негізінде шешілуі мүмкін.
Екінші жағдайда, дифференциалды өлшеуге тән анықталатын жерлерге белгіленген пункттерде орналастырылған екі немесе одан көп, бір мезгілде жұмыс істейтін қабылдағыштар пайдаланылуы мүмкін. Бұл екі әдістің басты ерекшеліктері – дәлдігі бойынша едәуір айырмашылығы бар координаттарды алу, абсолюттік әдіске тән жүйелік сипаттарының қателіктерін есепке алу күрделігімен түсіндіріледі.
Мұндай тұжырымды дәлелдеу үшін, соңғы нәтижелерді есептеу кезінде қолданылатын негізгі қатынастарды талдайды. Егер өлшеу сәтінде белгілі жер серігі координаталарын координатаның геоцентрлік жүйесінде Хс,Ус және Zc арқылы, ал бақылау пунктінің белгісіз координаталарын Хп, Уn және Zn арқылы белгілесек, онда осы екі нүкте арасындағы геометриялық арақашықтық Координаталарды анықтаудың абсолюттік әдісінің потенциалды дәлдігін анықтау мақсатында, осы әдіске тиісті жеке қателік көздерінің әсерін бағалаймыз.
Алдымен, жер серігі координаталарын, яғни навигациялық деректер құрамындағы радиоарна бойынша берілетін оның эфемеридтері – метрлік дәлділік деңгейіндегі қателіктермен сипатталады. Қандай да бір жер серігі сағаттарының түзетілуі белгілі бір нақты қателікпен жүзеге асырылады.
Атмосфера әсерін модельдеу әдістері координатты анықтау дәлдігіне елеулі әсерін тигізеді. Ионосфера әсері едәуір сенімді модельденеді.
Дифференциалды әдістердің негізгі түрлері Дифференциалдық өлшеулер Жерсеріктік қабылдағыштарының кейбір модельдері дифференциалдық өлшеулер арқылы екі нүкте арасындағы өлшеуді жоғарғы дәлдікпен (сантиметрлік) өлшей алады. Cонымен қатар аталмыш жүйелер қабылдағыштың өлшеу дәлдігін жоғарылатып (координаттарға дифференциалдық түзетулер енгізіп), дәлдікті он сантиметрге жеткізеді.
Дифференциалдық түзетулер геостационарлық немесе жер бетіндегі базалық жер серіктеріне негізделген. Қазіргі таңда (2009) WAAS американдық, EGNOS еуропалық және MSAS жапондық жүйелер өлшеу нәтижелерін 30 см дейінгі дәлдікпен беретін геостационарлық жер серіктеріне жүгіне отырып, халыққа тегін қызмет етеді.
Бірнеше жер серіктіктері мен қабылдағыштар пайдаланылатын өлшеуді бір мезгілде орындау кезінде әртүрлі есептемелердің:
1. Бір ғана жер серігін бір уақытта бақылау кезінде жерсеріктік қабылдағыштың әртүрлі нүктелерден алынған нәтижелерінің айырмашылығы;
2. Бір мезгілде екі немесе оданда көп жер серіктерін бақылау кезінде бір қабылдағыштың көмегімен алынатын нәтижелер айырмашылығы;
3. Бір қабылдағышпен және уақыттың әртүрлі сәтінде бір жер серігін бақылау кезінде алынған нәтижелер айырмашылығы;
4. Әртүрлі өлшеу түрлерін (мысалы, кодты әдістер мен тербелісті алып жүретін фазаны анықтау негізінде орындалатын өлшеулер) пайдаланған кезде алынатын нәтижелерді жинақтау сияқты түрлерін ұйымдастыруға болады.
2. Геодезиялық GPS базалық станциялары және оларды құру ерекшеліктері Тұрақты жұмыс істейтін GPS базалық станциясы – сенімді жерге тұрақты орнатылған және үздіксіз қуат көзінің сенімді көзі арқылы жұмыс істейтін GPS қабылдауыш пен антеннадан тұрады. Қабылдауыш нақты уақытта жұмыс істейтін GPS, ГАЖ басқа құрылғылары қабылдауы мүмкін RTК және DGPS деректерін жиі беріп және өңделмеген деректерді жинап, кейде өңделмеген деректерді беріп, үнемі жұмыс істейді. Қабылдауыш, әдетте, қажет болса, қабылдауыштан қашықта орналасқан компьютер арқылы басқарылады. Компьютер жүйелі уақыт аралығы арқылы деректер файлдарын қабылдап, оларды GPS пайдаланушыларына, FTP- серверге жібереді. Тікелей жақында орналасқан, GPS пайдаланушыларына қызмет жасайтын бір немесе бірнеше жеке базалық станциялар кейбір ұйымдарға ғана қажет болуы мүмкін.
Басқа пайдаланушыларға, алайда, өңір немесе тұтас мемлекет ауқымында GPS-деректерге қатынау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін базалық станциялардың тұтас -5, 10, 20, 50 немесе одан да көп желісі қажет болуы мүмкін. Телефон, жергілікті желі, ғаламдық желі немесе интернет арқылы желіге қосылған, базалық станциялар үшін мамандандырылған (арнайы) бағдарламалық жасақ орындалатын бір компьютер (сер-вер) желідегі барлық станцияларды басқаруы мүмкін (қабылдауыш үшін компьютер қажет емес).
Қысқаша кіріспе базалық станциялар мен базалық станциялар желісі қамту ауданы жөнінен де, шешім күрделілігі жөнінен де өте қатты ерекшеленуі мүмкін екенін көрсетті. Базалық станцияларды жасау мүмкіндігін зерттейтін ұйымдар базалық станциялар не үшін қолданылатынын, олардың қандай қызмет жасайтынын, шешім күрделілігінің сәйкес деңгейінің және жоба құнының қандай екенін мұқият ойластыруы керек. GPS дамуының ерте сатысындағы алғашқы базалық станциялар теңіз навигациясының дәлдігін арттыруға мүмкіндік берген, дифференциялық түзетулерін (DGPS) тарату үшін теңіз жағалауында орнатылған еді. Бүгінде жоғары дәлдіктегі GPS өлшеулер кеңінен таралғандықтан, базалық станциялар бүкіл дүниежүзінде көп мөлшерде орнатылуда.
Олар жер қыртысын бақылау, геодезиялық тіректік желілерді жасау, топографиялық және құрылыс жұмыстарын қамтамасыз ету, ГАЖ-ге ақпарат жинау, механизмдерді және дәл орналасқан жерді (позиционирование) басқару, сондай- ақ табиғи және жасанды нысандар мониторингі үшін қолданылады.
3. ЖРНЖ-нің қолданылуы бастапқыда әскери тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған болатын. Бұл кезде басқа бекітілмеген (азаматтық) тұтынушылардың барлық потенциалды жүйе мүмкіндіктерін пайдалануға шектеу болатыны жорамалданды. Осыны ескере отырып, қызмет көрсетудің әртүрлі екі: бекітілген тұтынушылар үшін дәл позициялау (PPS) қызметі және GPS жүйесіне ресми рұқсаты жоқ тұтынушыларға қызмет көрсетуге бағытталған стандарттық позициялау (SPS) қызметі құрылды.
Навигациялық режимдегі қабылдау аппаратурасы (яғни, дара жұмыс істейтін қабылдағышты пайдалану режимінде) жұмыс істеген кезде әртүрлі деңгей дәлдігін іске асыру мүмкіндігіне байланысты бөлінген еді. Екі деңгейдегі дәлділікті жүзеге асыру екі шектеу тәсілдерін енгізу есебінен жүргізіледі. Олардың біріншісі – талдау рұқсаты (SA), ал екіншісі Р – кодты қосымша шифрлау, ол «антимистификация» деп аталады (SА).
Талдау –(SA) жерсеріктік өлшеу нәтижелеріне әсердің екі түрінен:
• жалған кездейсоқ сигналды жер серігінің сағат көрсеткіштеріне қосу немесе олардың заңға сәйкес бекітілген тұтынушылар үшін белгілі жүйелі тұрақсыздануыдан;
• жер серігінен берілетін эфемеридтер мәнін дөрекілеуден тұрады.
4. Геодезиялық өлшеулер.Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде кабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге белуге болады: -сызықтық-жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау; -бұрыштық-горизонталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау; -биіктік (нивелирлеу)-жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын аныктау. Сызықтық және биіктік өлшеулерде (арақашықтық, биіктік, биік айырым) үзындық өлшеу бірлігіне метр (м) алынады. Метрдің ұзындығына шамамен Париж арқылы өтетін меридиан ұзындығының 1:40000000 бөлігі алынған.
Осының негізінде платина-иридий қорытпасынан метрдің эталоны жасалынды, ол «архив метрі» деп аталды. Кейінгі кездегі жүргізілген дәлдігі жоғары өлшеулер негізінде «архивтік метрдің» ұзындығы бастапқы анықталғаннан 0,21 мм-ге қысқа екендігі анықгалды. Сөйтіп, 1899 жылы 90% платина мен 100% иридий қорытпасынан метрдің халықаралық жаңа 31 эталоны жасалынды. Ресей оның 11 және 28 көмірлі екеуіне ие болды. №28 метрлік эталон Лениградтағы Д.И.Менделеев атындағы ғылыми-зерттеу институтында сақтаулы. Ұзындық өлшеу жұмыстары дәлдігінің артуы мен метрлік эталон жаңғыртудың қажеттігіне байланысты, метрдің жарық толқынының ұзындығына негізделген табиғи этапонына көшу мақсаты көзделді.
Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі XI - Бас конференция 1960 метрдің халықаралык бірліктер жүйесінің негізіне «метр-криптон-86 атомының, вакуумдегі шығару ұзындығына тең ұзындық» деген жаңа анықтама қабылдады. Сөйтіп, 68 жылдың 12 қаңтарында Кеңестер үкіметінің стандарты бойынша мемлекеттік тұрақты шама жаңа метрлік эталон болып бекітілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет