Бөлімге сұрақтар:
Учаскелерді тіркеу бойынша кәзір қандай жұмыстар автоматтандырылған?
Жерлерді есепке алуды компьютерлеудің мәні неде?
Жер жайында статистикалық есептің қандай формалары болады?
Мемлекеттік жер кадастрлік кітаптың мазмұны.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Қырықбаев Ж.Қ., Озеранская Н.Л., Жаманқұлова Б.Г. Жерге орналастырудың теориялық негіздері. – Астана: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет басылымы, 2014.
2.Варламов, А.А. Земельный кадастр. Том 5. Оценка земли и иной недвижимости. Учебник/А.А.Варламов.-М.:КолосС,2019.-349c.
3.Востокова, Л.Б. Бонитировка почв в системе земельного кадастра / Л.Б. Востокова. -М.:МАКСПресс,2019.-566c.
4.Землякова, Г. Л. Ведение государственного кадастра недвижимости как функция государственного управления в сфере использования и охраны земель / Г.Л. Землякова. - М.:Инфра-М,РИОР,2015.-376c
Дәріс № 13.Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы, геоақпараттықжүйелердің
жіктелуі, геоақпараттық жүйелердің құрылымы.
Жоспар
1.Әлемдегі геоақпараттық жүйелердің даму перспективасы.
2.Геодезиялық есептеулерді автоматтандырудың алғы шарттары.
3.Өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларында жергілікті жердің цифрлық моделі.
Геоақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады. Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалынақатысты екенін көрсетіп отыр.
ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда. Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді. Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) деректерді көрнекі көрсетудің және оларды талдауға арналаған құралдардың сан-алуан түрлерінің есебінен көптеген ғылыми, практикалық және басқару мәселелерін тиімді және жедел шешудің басты элементі. ГАЖ технологияларын қолдану үлкен көлемді картографиялық және тақырыптық ақпаратты, оның ішінде қашықтан зондылаудың (ғарыштық суреттердің), далалық ғылыми зерттеулердің, инженерлік зерттеулердің, мониторингтің, түрлі шаруашылық қызметтің, құжат айналымының деректерін бірыңғай құрылымға біріктіруге мүмкіндік береді.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС ГАЖ құру, табиғатты қорғауды жобалау, орман шаруашылығы, экология, табиғатты пайдалану, геологиялық барлау, топография мен картография, мұнай-газ кешені үшін жобалау салаларындағы түрлі мәселелерді шешу үшін деректерді жинақтау және жүйелендіру тәжірибесімол.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС өз жұмыстарында географиялық ақпараттық технологияларды кеңінен пайдаланады және осы салада келесі қызметтер көрсетеді:
• географиялық ақпараттық жүйелерді жеке деңгейден корпоративтік деңгейге дейін дайындау;
• ArcGIS бағдарламалық өнімдерінің негізінде модульдер мен қосымшалар дайындау (деректерді басқару, талдау, модельдеу);
• сандық картография, географиялық деректер қорын құру;
• кеңістіктік деректерді географиялық өңдеу және талдау;
• дайындалған географиялық ақпараттық жүйелерді, модульдер мен қосымшаларды техникалық қолдау;
• тапсырыс берушінің қызметкерлерін орындалатын жобаның шеңберінде ГАЖ-ды пайдалануға үйрету.
ГАЖ құру үшін базалық ақпарат ретінде кеңістіктік анықтықтары әртүрлі суреттер түсіретін ең заманауи ғарыштық аппараттардан алынған. Жерді қашықтан зондылау деректері пайдаланылады. Компания қызметінің болашағы зор бағыттарының бірі географиялық порталдар дайындау.
Географиялық портал жасаудың негізгі мақсаты – географиялық ақпаратқа WEB-сервистер арқылы қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну. Компания пайдаланатын географиялық ақпараттық технологияларгеографиялық порталдардың қызметтік және пайдаланушылық мүмкіндіктерін үнемі арттырып отыруды қамтамасыз етеді. «Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарлары, орманды орналастыру материалдары, шоқ қарағай ормандарын, сексеуіл тоғайларын қалпына келтірумен байланысты шаралардың жұмыс жоспарлары сияқты тақырыптары әртүрлі корпоративтік географиялық ақпараттық жүйелер құру тәжірибесі мол. Компанияның біліктілігі жоғары мамандары мен ГАЖ саласындағы жұмыс тәжірибесі сапасы жоғары географиялық ақпараттық шешімдерді қамтамасыз етеді және кез-келген күрделі географиялық ақпараттық жобаларды жүзеге асыруға, тапсырыс берушінің кез-келген сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Геодезиялық өлшеулер. Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде кабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады.
Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге белуге болады:
-сызықтық-жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау;
-бұрыштық-горизонталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау;
-биіктік (нивелирлеу)-жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын аныктау.
Сызықтық және биіктік өлшеулерде (арақашықтық, биіктік, биік айырым) үзындық өлшеу бірлігіне метр (м) алынады. Метрдің ұзындығына шамамен Париж арқылы өтетін меридиан ұзындығының 1:40000000 бөлігі алынған. Осының негізінде платина-иридий қорытпасынан метрдің эталоны жасалынды, ол «архив метрі» деп аталды. Кейінгі кездегі жүргізілген дәлдігі жоғары өлшеулер негізінде «архивтік метрдің» ұзындығы бастапқы анықталғаннан 0,21 мм-ге қысқа екендігі анықгалды. Сөйтіп, 1899 жылы 90% платина мен 100% иридий қорытпасынан метрдің халықаралық жаңа 31 эталоны жасалынды. Ресей оның 11 және 28 көмірлі екеуіне ие болды. №28 метрлік эталон Лениградтағы Д.И.Менделеев атындағы ғылыми-зерттеу институтында сақтаулы. Ұзындық өлшеу жұмыстары дәлдігінің артуы мен метрлік эталон жаңғыртудың қажеттігіне байланысты, метрдің жарық толқынының ұзындығына негізделген табиғи этапонына көшу мақсаты көзделді. Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі XI - Бас конференция 1960 метрдің халықаралык бірліктер жүйесінің негізіне «метр-криптон-86 атомының, вакуумдегі шығару ұзындығына тең ұзындық» деген жаңа анықтама қабылдады.
Сөйтіп, 68 жылдың 12 қаңтарында Кеңестер үкіметінің стандарты бойынша мемлекеттік тұрақты шама жаңа метрлік эталон болып бекітілді. Ал, қашықтық өлшеуіш сымдар мен рулеткалардың ұзындықтарының дәлдігін аныктап тұру үшін, ұзындығы мемлекеттік эталонмен салыстырылған үш метрлік арнайы белгілер (компараторлар) дайындалған.
3. Мәліметгер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты. МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакқиялау және апаратпен көрсетушілік (визуализация). База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
■кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
■кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
■ кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
■ берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі. Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ. Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық аппарат - біріктіру, алу, азайту, қиылысу, қосу және т.б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.
Достарыңызбен бөлісу: |