Ұсынылған әдебиеттер:
1.Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр: Управление земельными ресурсами в рыночных условиях. – Алматы.: КазНИИЭОАПК, 2012.
2.Қазақстан Республикасының Салық кодексі, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
3.Қырықбаев Ж.Қ., Карбозов Т.Е.,Ахметов Е.С. Шаруашылықаралық жерге орналастыру. Оқу құралы. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті баспасы. Астана,2017
4.Қазақстан Республикасының Жер кодексіЖаңартылған 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі.(Өзгерістер енгізілген, басылымға 2022 ж.шыққан)
Дәріс № 20 Жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізудің әдістемелік
және технологиялық негіздері
Жоспар
1.Жер-есептік құжаттардың жіктелуі.
2.Жердің саны мен сапасын есепке алуды ұйымдастыру.
3.Жердің сандық және сапалық есепке алуды сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
4.Әкімшілік аудандағы (қаладағы) жерді есепке алу.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң мақсатты тағайындауына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады.
Жер учаскелерiн кадастрлық есепке алу олардың орналасқан жерiнде бiрыңғай әдiстеме бойынша жүргiзiледi. Жердi сандық және сапалық есепке алу олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгерiстер олар жергiлiктi жерде болғаннан кейiн тiркеледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзiледi.
Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала бойынша қалыптастырылады. Бұл peттe ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi.
Барлық санаттағы жерлер есепке алуға жатады және ол жер алқаптарының түрлерi бойынша жүргiзiледi. Жердiң мөлшерi, орналасқан жерi, саны мен сапасы туралы қажеттi мәлiметтер оларды бастапқы есепке алу кезiнде тiркелер, ал жердiң құрамында, олардың сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерiстер жердiң ағымдағы есебiн жүргiзу процесiнде анықталады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06 N 511 қаулысымен.
Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:
1) жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар, уәкiлеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi (ауыл (село), кент, облыстық және аудандық маңызы бар қала) жергiлiктi атқарушы органдар eceптi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына тиiсiнше жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы, меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақ бiрлiктердiң (ауыл (село), кент, аудандық және облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң қарауындағы жерлердiң құрамында болып жатқан өзгерiстер туралы белгiленген нысан бойынша есептер ұсынады;
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы ұсынылған есептердi қарайды әрi бекiтедi және оларды болған өзгерiстердi жер-кадастрлық кiтапқа және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне енгiзу үшiн Кадастр жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындарға жiбередi.
2) Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары жерлердiң бар-жоғы және олардың санаттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жер пайдаланушылар мен алқаптардың бөлiнуi туралы жыл сайынғы есептердi (жер балансын), сондай-ақ есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аудандары (облыстық маңызы бар қалалары), республикалық маңызы бар қаласы, астанасы, облыстары бойынша мемлекеттiң жер учаскелерiн меншiкке сатуы туралы мәлiметтердi жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және мемлекеттiк статистика саласындағы орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн нысандар бойынша жасайды.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жасайды.
Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар 5 жылда бiр рет аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша жерлердiң сапалық жағдайы туралы есептер жасайды.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06 N 511, 2010.06.17 № 600 Қаулыларымен.
Жердiң сапасын есепке алу және кадастрлық бағалау:
мақсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмдiлiгiн анықтау;
жер учаскесiн жеке меншiкке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау; салық салу; жер учаскесiн мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн ерiксiз алу кезiнде және иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен анықтау мақсатында жүргiзiледi. Жердiң сапасы және оның кадастрлық бағасы туралы мәлiметтер әрбiр жер учаскесi бойынша жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06 N 511 , 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.
Жердiң бар-жоғы, олардың санаттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi, жердi пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлiнуi туралы есептердi (жер балансын) осы Ереженiң 24-тармағына сәйкес мыналар жасайды:
аудан және облыстық маңызы бар қала бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы және есептi жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей жер қатынастары жөнiндегi облыстық уәкiлеттi органға ұсынады; облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша - аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың деректерi негiзiнде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы және есептi жылдың 20 қарашасынан кешiктiрмей жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұсынады. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган есептi жылдан кейiнгi 20 қаңтардан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы жерiнiң (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша) бар-жоғы, олардың сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептi алқада қарайды. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жиынтық талдамалы есептiң көшiрмесiн Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне, Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiне жолдайды.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.
Достарыңызбен бөлісу: |