Ұсынылған әдебиеттер: 1.Қырықбаев Ж.Қ., Озеранская Н.Л., Жаманқұлова Б.Г. Жерге орналастырудың теориялық негіздері. – Астана: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет басылымы, 2014.
2.Варламов, А.А. Земельный кадастр. Том 5. Оценка земли и иной недвижимости. Учебник/А.А.Варламов.-М.:КолосС,2019.-349c.
3.Востокова, Л.Б. Бонитировка почв в системе земельного кадастра / Л.Б. Востокова. -М.:МАКСПресс,2019.-566c.
4.Землякова, Г. Л. Ведение государственного кадастра недвижимости как функция государственного управления в сфере использования и охраны земель / Г.Л. Землякова. - М.:Инфра-М,РИОР,2015.-376c.
Дәріс № 21. Жерді мемлекеттік кадастрлық есепке алуды жүргізу
технологиясы
Жоспар
1.Мемлекеттік жер кадастры құжаттарының жіктелуі.
2.Аумақтың кадастрлық бөлінуінің мақсаттары мен міндеттері.
3.Жерді тіркеу мақсатында есепке алу (жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлерін
беру).
Базалық жер-кадастр құжаттамасына:
1) жер-кадастр iстерi;
2) жер-кадастр кiтабы;
3) жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмi;
4) жер-кадастр карталары жатады.
Жер кадастр құжаттамасының құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.
Мемлекеттiк жер кадастры қағазға түсiрiлiп жүргiзiледi және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу
1. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер беру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлудiң бiрлiгi есептiк кварталдар болып табылады.
2. Осы баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жер учаскесіне орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында кадастрлық нөмірлер беріледі.
3. Кейiннен құқық кадастрында пайдаланылатын есептiк кварталдардың шекарасы сәулет және қала құрылысы органдарымен, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу органдарымен келiсiм бойынша жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары айқындайды және тиiстi жергілікті атқарушы органдар бекiтедi.
Шоқ ормандар алып жатқан есептік орам шекаралары шегіндегі жер учаскелеріне есептік орамға кадастрлық нөмір беріле отырып, бір сәйкестендіру құжаты дайындалады және беріледі.
Электр берудің бір әуе желісінің тіректері алып жатқан есептік орам шекаралары шегіндегі жер учаскелеріне бір кадастрлық нөмір беріле отырып, бір сәйкестендіру құжаты дайындалады және беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер беру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлудiң бiрлiгi есептiк кварталдар болып табылады.
Осы баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жер учаскесіне орналасқан жерін анықтау (сәйкестендіру) мақсатында кадастрлық нөмірлер беріледі.
Кейiннен құқық кадастрында пайдаланылатын есептiк кварталдардың шекарасы сәулет және қала құрылысы органдарымен, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу органдарымен келiсiм бойынша жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары айқындайды және тиiстi жергілікті атқарушы органдар бекiтедi.
Шоқ ормандар алып жатқан есептік орам шекаралары шегіндегі жер учаскелеріне есептік орамға кадастрлық нөмір беріле отырып, бір сәйкестендіру құжаты дайындалады және беріледі.
Электр берудің бір әуе желісінің тіректері алып жатқан есептік орам шекаралары шегіндегі жер учаскелеріне бір кадастрлық нөмір беріле отырып, бір сәйкестендіру құжаты дайындалады және беріледі.
Жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн қалыптастыру мақсаттары үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың тiзбесiн орталық уәкілетті орган белгiлейдi.