Жетістіктері: афро-америкалық қыздарға арналған мектеп құрды. Оның тарихы: америкалық мұғалім, сол кезде құлдықта болған, шыққан тегі африка текстес америкалық қыздарға арналған мектеп ұйымдастырды. Керемет батыр, текті және ерікті әйел. Денсаулығы болмаса да, бүкіл қоғамға қарсы тұрып, құлдықта болған африкалық отбасылардың балаларына арналған мектепті құрып, оны дамытуға ғұмырының басым бөлігін жұмсаған. Майнердің тарихы дәстүрлі түрде басталған. Орта шаруа отбасында туылған Миртилла күнкөрістің қамын ерте бастаған. Оқуға деген бейімділігі мен кітапқа деген үлкен махаббатының арқасында педагог жолын таңдап, 1844 жылы оқуын сәтті тәмамдаған. Курсын аяқтаған соң Миртилла Майнер плантаторлардың қыздарын оқытуға арналған Миссисипидегі мектепке оқытушылыққа жіберіледі.Майнер ол жерден құлдықтың сұмдықтарымен бетпе-бет келеді. Бұл оның алдағы өміріндегі мақсаттары мен өмір сүруінің мәнінің түбегейлі өзгеруіне себеп болады. Миртилла плантаторлардың балаларын оқытатын оқу орнында афро-америкалықтарды да оқытуға арнайы рұқсат алуға тырысады. Әрине, бұл сол кезеңде кері әсер тудырады. Миртилла мұндай мектепті өзі ашуы керек екенін түсінеді. Ол өзінің оқытудығы басты мақсаты афро-америкалық балаларды оқытуды санайды, ал оның оқушылары одан кеін ары-қарай өздері туыстары мен достарын оқытуы керек болатын. Ол кезде мұндай қадамға бару, тікелей мағынасында өз өміріңді қатерге тігу болып саналған. Өзінің жеке оқу ордасын ашу үшін қаражат жинап және қолдайтын адам іздеп жүріп, Миртилла біраз уақыт Колумбия округінде бейресми түрде құлдардың балаларын оқытуын жалғастыра берді. Ол округте бұндай әрекет қылмыстық жаза қолданатын іс ретінде бағаланатын.Ақырында жазушы Гарриет Битчер Стоудың өзінің «Том ағайдың лашығы» кітабының қаламақысының біршама бөлігін мектепті ашу мен дамытуға жасаған қайырымдылығымен және оның ағасы Генри Уорд Битчердің қаржылық қолдауымен Майнер өзінің мектебін ашып алады. Кейбір замандастарының айтуынша, Миртилла Майнер мектебіндегі дайындық деңгейі сол кездегі ақ нәсілді қыздарды оқытатын мекемелердегі деңгейден айтарлықтай дәрежеде жоғары болған екен.Миртилла Майнер көптеген қорлықтар мен қорқытулардан, физикалық күш көрсетуден және өрттен де өтуге тура келді. Алайда, Миртилла алған бетінен қайтпады. Бұл күресте оның онсыз да нашар денсаулығына салмақ түсіп, 49 жасында дүниеден озады. Оның мектебі Отан соғысы кезінде жабылып, соғыстан соң өз жұмысын жалғастырып, бертін келе оқыту мекемелерінің бірі болады.Вашингтондағы бастауыш мектеп Миртилла Майнердің құрметіне аталған.