"Кенесары - қазақ тәуелсіздігінің ұраны!" Кенесары ханға 220 жыл |
танымдық сабақ
|
10-11 сыныптар
|
Тарих пәнінің мұғалімі: Мақұлбай М.
|
01.11.2022
|
3
|
«Тіл білгірлері»
|
сайыс сабағы
|
6 «а» сынып
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Едельбаева А.Т.
|
02.11.2022
|
4
|
"Ғасырдың дара перзенті" Д.А.Қонаевтың 110 жылдығы
|
дөңгелек үстел
|
11а, ә сыныптар
|
Тарих пәнінің мұғалімі: Имангалиева М.Д.
|
03.11.22
|
5
|
"Білім биржасы"
|
сайыс сабақ
|
8а сынып
|
Тарих пәнінің мұғалімі: Серікбаева М.А.
|
03.11.2022
|
6
|
«Пословицы и поговорки русского языка»
|
Викторина
|
5а-6а сыныптар
|
Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Клышбаева Б.К.
|
04.11.22ж
|
7
|
«Fight of the resourceful»
|
сайыс сабақ
|
7а сынып
|
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Бейсембекова Қ.
|
04.11.2022
|
8
|
«What?where? When»
|
ойын сабақ
|
8-сынып
|
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Манибекова А.С.
|
07.11.2022
|
9
|
"Елі үшін еңіреген ұлы тұлға" Дулат Бабатайұлына 220 жыл
|
танымдық сабақ
|
5-7 сыныптар
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Әділ О.
|
08.11.2022
|
10
|
«Қызық екен»
|
зияткерлік сайыс
|
7,9 сыныптар
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі:
Мухал К.
|
9.11.2022
|
11
|
«Игра слов»
|
интеллек-я игра
|
5-6б сыныптар
|
орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Молдахунова Н.М.
|
10.11.2022
|
12
|
«Сапалы білім - оқыту мен тәрбиелеудің басты нысаны»
|
апталықтың жабылу салтанаты
|
5-11 сыныптар
|
бірлестік мүшелері
|
11.11.2022
|
Қорытынды сөз
Құрметті оқушылар, жақсы білім алу – біздің болашағымыз, алған білімімізді осы онкүндік аясында жоспарланған барлық іс – шараларына белсене қатысу арқылы да білдіре аламыз деген ойдамын. Сондықтан осы он күнде сендерден белсенділік пен қызығушылықты, мәдениеттілік пен ыждахаттылықты күтеміз.
31 – қаңтары мен 11 –ақпан аралығына жоспарланған
«Жаңа бағдарлама-сапалы білім берудің негізі» қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің есебі
Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, сабақта алған білімдерін дамыту.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестіктің жоспарына сәйкес биылғы оқу жылында, 31-ші қаңтар мен 11-ші ақпан аралығында «Жаңа бағдарлама-сапалы білім берудің негізі» тақырыбында онкүндік жоспарланып өткізілді.Онкүндікті жоспарлау барысында алдымен бірлестік мүшерлері ақылдаса отырып өздерінің тақырыптарын берді, кейін сол тақырыптарды ескере отырып төмендегідей жоспар құрылды.
р\с
|
Іс-шара
|
Өткізілу түрі
|
Сынып
|
Жауапты
|
Мерзімі
|
1
|
«Жаңа бағдарлама-сапалы білім берудің негізі» онкүндігінің ашылу салтанаты
|
бейнеролик, челлендж
|
5-11
|
бірлестік мүшелері
|
31.01.22
|
2
|
«Қазақ әдебиетінің саңлақтары»
|
қабырға үнқағаздарының сайысы
|
5-10
|
бірлестік мүшелері
|
01.02-10.02
|
3
|
«Тілім барда айтылар сыр ойдағы»
|
сайыс сабағы
|
6 «а»
|
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Әділ Орынгүл
|
01.02.22
|
4
|
«Как служебное слово может изменить смысл предложения?»
|
ашық сабақ
|
6 «а»
|
орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Клышбаева Б.К.
|
01.02.22
|
5
|
«Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері»
|
ашық сабақ
|
10ә
|
тарих пәнінің мұғалімі: Серікбаева М.А.
|
02.02.22
|
6
|
«Гуманитарлық пәндер бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»
|
семинар
|
пән мұғалімдері
|
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Мухасанова Д.М
|
03.02.22
|
7
|
«Snow and ice»
|
ашық сабақ
|
4а
|
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Мансурова А.Б.
|
04.02.22
|
8
|
«Білгірлер бәйгесі»
|
сайыс сабақ
|
5а
|
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Еделбаева А.Т.
|
04.02.22
|
9
|
«Брейн-ринг»
|
ойын сабақ
|
5-6б
|
орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Молдахунова Н.М., Бекетаева Ж.М.
|
07.02.22
|
10
|
«Cinderella»
|
қойылым
|
4ә
|
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Манибекова А.С.
|
08.02.22
|
11
|
«Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл»
|
пікір-талас сайысы
|
11а, ә
|
тарих пәнінің мұғалімі: Имангалиева М.Д.
|
08.02.22
|
12
|
«Кім тапқыр? »
|
сайыс сабағы
|
5б-8б
|
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Мухал Кулдан
|
09.02.22
|
13
|
«Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл»
|
тарихи-танымдық сағаты
|
9а
|
тарих пәнінің мұғалімі: Тұлханы Р.Д.
|
10.02.22
|
14
|
«Күй анасы - Дина»
|
кітап көрмесі
|
8а
|
мектеп кітапханашысы:
Диханбаева М.А.
|
10.02.02
|
15
|
«Жаңа бағдарлама-сапалы білім берудің негізі»
|
апталықтың жабылу салтанаты
|
5-11
|
бірлестік мүшелері
|
11.02.22
|
Онкүндіктің алғашқы күнін жоспарымен оқушыларды таныстырудан және қабырға үнқағаздарының тақырыптарын таңдатудан бастадық.
5 «А»сынып: Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;
6 «Б» сынып: Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;
5 «Б»сынып: Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;
7 «А» сынып: Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;
9 «А» сынып: Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
8 «А» сынып: Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;
10 «А», «Ә» сынып: Көрнекті этнограф, жазушы, әдебиеттанушығалым, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл.
Ақпан айының 1-і күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әділ Орынгүл «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты сайыс сабағын 6 «а» сыныппен өткізді
Сайысқа қатысқан екі топ оқушылары да белсенділік танытып, өзара сынға түсіп білімдерін көрсете алды.
Осы күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Клышбаева Б.К. «Как служебное слово может изменить смысл предложения?» атты тақырыпта 6 «А» сыныппен ашық сабағ өткізді. Сабақ өте тартымды, жүйелі түрде өтті. Ойын элементтері қолданылды. Жекелей, топпен жұмыс түрлерін көрсетті. Интерактивті тақтамен жұмыс түрі, карточкамен жұмыс түрі өте жақсы көрсетілді.
«Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері» ашық сабақты тарих пәнінің мұғалімі Серікбаева М.А. 10 «Ә» сыныппен 02-ші ақпан күні кестеге сай өткізді. Сабақта оқушылардың тақырыпты дұрыс меңгеруі үшін жан-жақты тапсырмалар, ойын түрлері, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары көбірек қолданылды. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі өте жоғары болды.
Сонымен қатар онкүндігіміз ашық сабақтар мен сайыс сабақтармен ғана шектеліп қоймай «Гуманитарлық пәндер бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында оқыту семинарын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мухасанова Д.М. бірлестік мүшелерімен өткізді.
Семинар жоғарғы деңгейде өтті. Осы тақырыпта семинар ұйымдастыру ең алдымен қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отырғандықтан. Ал функционалдық сауаттылық дегеніміз – өмір бойы білім алуына ықпал ететін, авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру. Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, гуманитарлық бағытындағы пәндерді дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой - өрісін дамытуға, тапсырмаларды ұйымдастыру кезінде қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйретуді негізге алуымыз қажет.
Ақпанның 4-ші күні «Snow and ice» атты ашық сабақты 4 «а» сынппен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мансурова А.Б. өткізді. Сабақ жүйелі түрде өтті. Ойын элементтері қолданылды. Жекелей, жұптық, топпен жұмыс түрлерін көрсетті.Оқушылар сабақ барысында тапсырмаларды орындауда бір-бірінен қалыспай жатты.
Келесі сайыс сабақ «Білгірлер бәйгесі» тақырыбында 5 «А» сыныппен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Еделбаева А.Т. өткізді. Сайыс сабақ өте қызықты болды және мұғалімнің таңдап алған тапсырмалары оқушылардың көңілдерінен шықты және де оқушылардың білімдерін шыңдай түсті деуге болады. Себебі үш топтың оқушылары да әр кезең бойынша тапсырмаларды қызығушылықпен жарыса орындап отырды.
07.02 күні «Брейн-ринг» ойын сабағын 5-6б сыныптар аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Молдахунова Н.М. мен Бекетаева Ж.М. өткізді. Оқушылар орыс тілі пәні бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап шыға алды. Әділқазылар алқасы сайыс соңында жеңімпваз топты анықтап, өз бағаларын берді.
08.02 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Манибекова А.С. 4 «Ә» сыныбымен «Cinderella» (Күлшеқыз) ертегісінің желісі бойынша қойылым кқрсетті. Кішкентай болса да оқушылар өздеріне берілген рөлдерді барынша сомдап шыға алды.Сонымен қатар мұғалімнің көріністі ұйымдастыруы да жоғары деңгейде болды. Барлық оқушылар да рөлдері бойынша кейіпкерлердің костьюмдерін эстетикалық талапқа сай киінген.
«Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл» пікір-талас сайысын 11 «а», «ә» сыныптармен тарих пәнінің мұғалімі Имангалиева М.Д. 09. 02 күні мектебіміздің кітапханасында өткізді. Пән мұғалімі алдыменен оқушыларды «Семей ядролық полигоныны» туралы ақпараттармен таныстырып шықты. Пікір-талас өте жоғарғы деңгейде өтті. Себебі оқушылар өздерінің полигон туралы ойларымен жарыса бөлісіп, тың мәліметтер келтіріп отырды. Және де еліміздің болашақ жастары ретінде алаңдатушылық танытатындары туралы да ойларын ортаға салды.
09.02 күні «Кім тапқыр?» сайыс сабағын орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Мухал Кулдан 5б-6б сынып оқушыларының арасында ұйымдастырды.
Ақпанның 10-ы күні «Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл» тарихи-танымдық сағатын 9 «а» сыныппен тарих пәнінің мұғалімі: Тұлханы Р.Д. өткізді. Оқушыларға мұғалім тақырыпқа сай материалдар үлестіріп, бейнежазба көрсетті. Оқушылар жаңа ақпараттармен таныса отырып өз білгендері мен ойларын ортаға салып бөлісіп отырды.
Онкүндіктің соңғы күні мектеп кітапханашысы Диханбаева М.А. «Күй анасы - Дина» кітап көрмесін ұйымдастырып мектебіміздің 8 «а» сынып оқушыларын шақырды. Оқушыларға Дина Нұрпейісованың өміржолы мен тастап кеткен мұраларымен таныстырды.
Онкүндік барысында кезінде 2021-2022 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аудара отырып, қабырға үнқағаздарын да шығаруды жоспарға енгіздік.
«Жаңа бағдарлама-сапалы білім берудің негізі» апталықтың жабылу салтанатында бірлестік мүшелері жоспар бойынша алынған тақырыптар аясында өткен іс-шаралар мен ашық сабақтарда белсенділік танытқан оқушыларды мақтау қағаздарымен марапатталды.
Бірлестік жетекшісі: Мансурова А.Б.
Достарыңызбен бөлісу: |