Баға қою механизмі Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелері электронды тіркеу журналына жазылуы керек. Балл мен баға есебі электронды журналда автоматты түрде есептеледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалаудың электронды тіркеу журналында қойылған нәтижелері талдау жүргізу үшін ақпарат беріп, сабақ беру практикасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Баға қою механизмі 1-сыныпта тоқсандық баға тек 3 және 4-тоқсанда ғана қойылады. Тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудан тұрады. Тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді.
2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің үлесінен қойылады.
Тоқсандық баға қою үшін бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық арақатынасында берілген. Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау арақатынасы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың өткізілген санына байланысты. Жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқпулығында бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны мен жиынтық бағалау арақатынасы көрсетіледі.