Жиынтық бағалауды қоюға арналған тапсырмалардың түрлері және қалыптастырушы бағалау парақшаларын дайындау әдістемесінің ерекшелігі Критериалды бағалау


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



бет2/11
Дата22.07.2022
өлшемі85,72 Kb.
#37845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жиынтық бағалауды қоюға арналған тапсырмалардың түрлері және қалыптастырушы бағалау парақшаларын дайындау әдістемесінің ерекшелігі

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Бұл жинақта қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері мен әр пән бойынша тапсырманы орындау үшін нақты қадамдарды анықтайтын дескрипторлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жинақта қалыптастырушы бағалау үдерісі туралы анықтама беріліп, тапсырмаларға арналған дескрипторлар көрсетіледі, белгілі оқу мақсаттарына сәйкестендіріліп жасалған бағалау критерийлері ұсынылады және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма құрастыру кезеңдері анықталады.


Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықта оқу бағдарламасына сәйкес өткізілетін бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны туралы, бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру жолдары туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқауында төмендегілер ұсынылады:
 пән бойынша әр тоқсанда берілетін бөлім, бөлімшелер ортақ тақырыптар атаулары;
 бөлім мен бөлімшелерде беріліп, бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендірілген оқу мақсаттары;
 бөлім ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыруға байланысты ұсыныстар;
 бөлім ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары үлгілері мен дескрипторлары;
 тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін құрастырылған тест спецификациясы;
 жиынтық бағалауға арналған тапсырма үлгілері мен балл қоюкестелері.


Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысын қаматамасыз ететін үдеріс. Сабақ беру мен оқытуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Ол қалыптастырушы бағалауда іске асырылып отырады және оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндіктер тудырады. Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі болып, қосымша жаттығулар мен тест тапсырмалары түрінде қабылданбауы тиіс.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі төменгі кезеңдерден тұрады:
 Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
 Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын
дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
 Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.
 Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай ынтымақтастандыру.
 Оқушы өз оқуы барысында өзін «құрастырушы» ретінде қабылдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет