Жиынтық бағалауды қоюға арналған тапсырмалардың түрлері және қалыптастырушы бағалау парақшаларын дайындау әдістемесінің ерекшелігі Критериалды бағалау


Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі



бет7/11
Дата22.07.2022
өлшемі85,72 Kb.
#37845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін көрсетеді. Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін ескерген жөн. Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы мүмкін. Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде мұғалімге оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттарына шолу жасап шығу ұсынылады. Бағалау оқу жоспарында анықталған оқу мақсаттарының меңгерілу деңгейін анықтайды. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, оқушылар мен ата-аналарын оқу жылының басында хабардар етеді. Тоқсандық жиынтық бағалау бір қатардағы барлық сыныптар үшін бірдей жағдайда ұйымдастырылады. Жиынтық бағалауды қайта орындау (көшіріп жазу) рұқсат етілмейді. Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, жақын туысқанының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық ішкі жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше сыныптардың бір параллеліне арналған тест спецификациясына және балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалау жұмысының түрлері бірнешеу болады: тест тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары, диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б. Тест спецификациясы жиынтық бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі болып табылады. Әр пән және сынып бойынша тест спецификациясы келесі ақпараттардан тұрады:
 тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
бағалау критерийлеріне шолу;
 тоқсанның жиынтық бағалауына шолу:
- тапсырмаларды орындаудың ұзақтығы;
- тапсырманың құрылымы;
- әр жұмысқа қойылатын балл саны;
- балды сұрақтардың түрлеріне қарай бөлу.
 тапсырмалар үлгілері;
 балл қою кестелерінің үлгілері;
 тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет