Жиынтық бағалауды қоюға арналған тапсырмалардың түрлері және қалыптастырушы бағалау парақшаларын дайындау әдістемесінің ерекшелігі Критериалды бағалау


Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру



бет6/11
Дата22.07.2022
өлшемі85,72 Kb.
#37845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жиынтық бағалауды қоюға арналған тапсырмалардың түрлері және қалыптастырушы бағалау парақшаларын дайындау әдістемесінің ерекшелігі

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау белгілі оқу бөлімінің соңында өткізіледі де, жаратылыстану-ғылыми пәндер мен тілдік пәндер бойынша бөлімді; әлеуметтік-ғылыми пәндер бойынша ортақ тақырыпты оқып, аяқтаған кезеңде өткізіледі. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімінің саны оқыту топтамаларының санына негізделе анықталады:
 жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша – бөлім санына қарай;
 әлеуметтік-ғылыми пәндер бойынша – ортақ тақырыптар санына қарай;
 тілдік пәндер бойынша – сөйлеу әрекетінің түрлеріне қарай (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым).
Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру үшін:
 оқу бағдарламасы мен жоспары, оқу мақсаттарын зерттейді;
 ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіре отыра бағалау критерийлерін жасайды;
 тапсырмалар мен дескрипторлар құрастырады;
 өткізілген жиынтық бағалау негізінде оқушының оқу деңгейлерін анықтайды және оқу материалдарын меңгерудегі жіберілген кемшіліктерді түзету үдерісін анықтайды.
Бағалау критерийлері ретінде мұғалім белгілі ойлау дағдыларының деңгейлеріне қатысты іс-әрекет етістіктерін қолдана алады (1 - кестені, 1– қосымшаны қараңыз). Қалыптастырушы бағалаудағы сияқты, жиынтық бағалау тапсырмалары бөлім/ортақ тақырып бойынша берілген оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Белгілі бөлім мен ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды ұсынуға болады Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуде оның тек белгілі бір кезеңдегі игерілген оқу материалын қорытындылайтынын ескеріп, толық сабаққа жоспарламай, сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана өткізуі ұсынылады.


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды. Кейбір жағдайларда мұғалім өзінің оқытуды ұйымдастыру үдерісін қайта қарап шығып, оқушыларды оқу жетістіктеріне жетелейтін оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмаларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс ұйымдастыру қажет. Орындалған жұмыстың нәтижелері оқушы үшін түсінікті болып, оның ары қарай оқуына және алға ілгерілеуіне ынталандыра алатындай болуы тиіс. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижесінде ойылған балдар оқушының оқу жетістігінің деңгейлерін (жоғарғы, орта, төмен) анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарғы деңгейге сәйкес нәтиже көрсеткен оқушылар:
 пәндік терминдер мен ұғымдарды тереңірек біледі және түсінеді;
 күрделі тапсырмалар мен есептерді орындап, оларды кең ауқымды жағдайларда қолдана біледі;
 түрлі дереккөздерден алынған ақпаратарды жүйелеп, толық негіздеме беріп қорытындылайды, көрсеткен нәтижелерін нақты дәлелдемелер келтіре отырып, ретімен нақтылап орналастыра біледі;
 күрделі тапсырмаларды шешу үлгілерін анықтайды, оларды ерекше жолмен шешу баламаларын тауып, қолдана біледі;
 ауқымды есептер жиынтығын оқу бағдарламасының басқа салаларынан алған білім, білік және дағдыларды біріктіріп шеше біледі, әртүрлі стратегияларды қолданып, алынған нәтижелердің маңыздылығына негіздеме бере алады. Орта деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:
 пәндік терминдер мен ұғымдарды жеткілікті деңгейде біледі;
 қарапайым тапсырмаларды орындап, оларды таныс және кейбір бейтаныс жағдайларда ұтымды қолдана біледі;
 ақпаратты жүйелеп, кейбіреуіне негіздеме бере отыра, алынған нәтижелерге дәлелдемелер келтіріп, қорытындылар жасайды;
 күнделікті қолданыстағы тапсырмалардың үлгілерін анықтап, оларды шешудің үйреншікті жолдарын анықтайды;
 мөлшерленіп берілген есептер жиынтығын шешуде оқу бағдарламасының басқа салаларынан алған білім, білік және дағдыларын біріктіре отыра қолданады.
Төмен деңгейге сәйкес нәтижелер көрете білген оқушылар:
 пәндік терминдер мен ұғымдарды қарапайым деңгейде біледі;
 тиісті нұсқаулар төңірегінде күрделі емес тапсырма түрлерін орындайды;
 түрлі ақпараттарды (кестелер, сызбалар және диаграммалар) беруде қарапайым қорытындылар жасайды.
 Жеңіл тапсырмалардың үлгілерін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет