Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2019 Құрметті мұғалім!


«ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет10/16
Дата13.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#73772
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
osh sor kazahskiy-jazyk-i-literatura 9-klass kaz

«ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым
Айтылым





Оқу мақсаты

9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну 9.2.5.1 Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу





Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі


Білім алушы:
 Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді
Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа
диалог, полилогке қатысады

Білу және түсіну


Қолдану
сай

Орындау уақыты 15-20 минут


Тапсырма

  1. Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз.

Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінен үзінді:


«ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтті. Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер етті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді.


ЭКСПО бүкіл әлемнің зияткерлік және технологиялық потенциалын көрсетуге мүмкіндік берді. Мұнда баламалы энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясын қолдайтынын тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін.


«ЭКСПО» көрме кешені инновациялық мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын!





    1. ЭКСПО өткізіліп жатқан уақытта туристік қызметке деген __________ 1,8 есе өсті.

    2. Көрме барлық елдің _______________________ потенциалын көрсетуге жол ашты.

    3. Халықаралық көрме өткізу арқылы еліміз «жасыл» технологияларды __________

дәлелдеді.

    1. Көрме кешені _____________________ мақсатта одан әрі қызмет ететін болады.




  1. Жұбыңызбен «ЭКСПО-2017 көрмесі бізге не берді?» деген сұрақ бойынша диалогке түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз.

20












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет