Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Cауат ашу 1-сынып



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі307,06 Kb.
#13070
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

15

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым және айтылым




Оқу мақсаты 1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

Бағалау критерийі Білім алушы

    • Сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырып айтады.



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану


Орындау уақыты 15 минут

Тапсырма

Тыңдалым және айтылым


1.Суреттердің ретін тауып, нөмірле. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Досыңа айтып бер.




Бағалау

критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырып айтады

1

сюжетті суреттердің ретін анықтайды;

1

бейнеленген оқиғаға сәйкес әңгіме құрастырады;

1

оқиғаның логикалық жүйесін сақтайды;

1

сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

1

сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды

сақтайды.



1

Барлығы

5

16



«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат


ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні:

Бағалау критерийі

Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырып айтады

1


Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыруда қиналады

Сюжетті суреттердің ретін анықтауда / әңгіменің жүйесін сақтауда / сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтауда қателіктер жібереді

Сюжетті сурет бойынша

әңгіме құрастырады


17


«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

1.2.5.1* Мәтін/ иллюстрация бойынша (мұғалімнің көмегімен) сұрақтар қоя білу және қойылған сұраққа жауап беру

1.3.9.3* Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамның аты -жөні, тегі, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген аттары) анықтау



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады және жауап береді

  • Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Оқылым

1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Балалар футбол ойнауға жиналды. Бәрі де жақсы шыныққан, мықты балалар. Олар екі топқа бөлінді. Асқар қақпашы болды. Болат допты қақпаға қарай тепті. Асқар оны жылдам қағып алды.

Футбол ойыны қыза түсті.




  1. Ойынға қандай балалар қатысты? Жаз.

  2. Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.

2. Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жаз.






Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің мазмұны

бойынша сұрақ

құрастырады және жауап береді


1

мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа

жауап жазады;



1

мəтін бойынша бір сұрақ құрастырады;

1

Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды

2


мәтіннен бас әріппен жазылатын бірінші сөзді тауып жазады (Асқар);

1

мәтіннен бас әріппен жазылатын екінші

сөзді тауып жазады (Болат).



1

Барлығы

4

18

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға


ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні:

Бағалау критерийі

Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Мәтіннің мазмұны

бойынша сұрақ

құрастырады және жауап береді


1

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастыруда және жауап беруде қиналады

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастыруда/ сұраққа жауап беруде қателіктер жібереді

Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады және жауап береді

Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды

2

Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жазуда қиналады

Бас әріппен жазылатын сөздерді анықтауда қателеседі

Мәтіннен бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жазады

19

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1-сынып).



  1. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу





    1. Ұзақтығы - 40 минут Оқылым - 20 минут

Жазылым -20 минут

Тыңдалым және айтылым бөлек тексеріледі



Балл саны – 12

    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.

Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін.

Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші және үшінші тапсырма оқылым, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

20



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Ортақ тақырып

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Тыңдалым және айтылым

Тағам және сусын

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім? (не?) туралы айтылғанын анықтау.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).



Білім алушы көп таңдауы бар, қысқа және толық жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

4

2

Оқылым

Дені саудың - жаны сау

1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау.

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім? (не?) туралы айтқысы келгенін түсіну.



Білім алушы көп таңдауы бар және қысқа жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды.

2

5

3

Жазылым

1.3.5.1* Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.

Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

3

21

  1. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі



«Сауат ашу» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Тыңдалым және айтылым





  1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

Көгөністер өзінің адамға пайдасы туралы дауласты. Дауды қияр бастады.



    • Адамға мен пайдалымын. Мен тез өсемін. Бәріңнен бұрын пісемін. Адам мені көп пайдаланады, - деп мақтанды ол.

    • Менің пайдам көбірек. Менің ақ түсімнен қант жасайды. Қызыл түсім нәр береді - деп сөзге қызылша араласты.

    • Ал менің шырыным өте пайдалы. Ол адамдарға күш береді, – деді сәбіз. Дауға басга көгөністер де қосылды. Олар бір-бірін жеңе алмай, ұзақ дауласты.



  1. Дауды қай көгөніс бастады? Белгіле ().





[1]


  1. Сұрақтарға жауап бер.





    • Көгөністер не туралы дауласты?

    • Сен қай көгөніс пайдалы деп ойлайсың? Неліктен?

[3]

Балл қою кестесі





Тапсырма



Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1




1







Білім алушының ықтимал жауаптары:




Сұрақтың мазмұнына




Өздерінің пайдасы туралы айтысты

1

сәйкес басқа да дұрыс




/Өздерінің адамға тигізетін пайдасы




сөйлемдер




туралы дауласты.




қабылданады.




Білім алушының ықтимал жауаптары:

2

Сұрақтың мазмұнына




Көгөністердің бәрі де пайдалы.




сәйкес басқа да дұрыс




Өйткені олардың құрамында




сөйлемдер

22





дәрумендер бар/ Барлық көгөністің пайдасы бар. Олар денсаулықты нығайтады.




қабылданады.

Сұраққа қатысты дәлелді пікір айтады - 1 балл.



Сөйлемнің құрылымын сақтайды - 1 балл.

Барлығы

4





Оқылым





  1. Берілген үзіндіні оқы. Мәтіннің бөліктерімен сәйкестендіріп сыз.









  1. Сұрақтарға жауап жаз.

Бұлақтың суы қандай?

Мәтінді қалай атауға болады?

[3]


[1]

[1]




Балл қою кестесі





Тапсырма



Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2




1

Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.

1

1

23


3

Дәмді/шипалы/дәмі ерекше/мөлдір

1

Кез келген дұрыс










жауапқа 1 балл










қойылады.




Шипалы су/Бұлақ басында/Саяхатта

1

Мәтіннің мазмұнына










сәйкес басқа да










тақырыптар










қабылданады.

Барлығы

5





Жазылым





  1. Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдер құрастырып жаз.

  1. Мараттың, деген, , бар, Ақтөс

  2. Ақтөс, сүйкімді, өте



  1. Марат, көреді, , жақсы

[3]


Балл қою кестесі





Тапсырма



Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

Мараттың Ақтөс деген күшігі / иті бар.

1




Ақтөс – өте сүйкімді күшік / ит.

1

Марат күшігін / итін жақсы көреді.

1

Барлығы

3




24
  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.



  1. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.



25

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет