Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Әдебиеттік оқу 3-сынып



бет21/22
Дата24.11.2023
өлшемі353,59 Kb.
#125525
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Әдебиеттік-оқу-Бастауыш-3-сынып-ЖИЫНТЫҚ-БАҒАЛАУ

3

16





































48
















ЖОБА



  1. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі



«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым және айтылым


Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, суы мұздай салқын, таза екен. Бұлақтың басында жатқан үлкен таста:


– «Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!», - деген жазу бар екен.


Жолаушылар бұлақтан су ішеді. Сонда тастағы жазуға көзі түскен бір жолаушы:
– Бұл бұлақ күні-түні тынбай ағады. Бара-бара оған басқа бұлақтар қосылып, үлкен өзен болады. Бұл жазудан мынадай ғибрат алуға болады. Сен де ешқашан жалқауланып, тоқталып қалма. Сонда мұратыңа жетесің дегені деп түсінемін, – дейді.
Екінші жолаушы тұрып:
– Бұл бұлақ кімді болса да ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, бұл «біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе» дегені болар, – дейді.
Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрады. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрайды.
– Меніңше, адамдар бұл бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Ал тастағы жазуды: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені деп түсінемін,- деп жауап беріпті.



  • Жолаушылардың бұлақ туралы айтқан пікірлерін тауып, сәйкестендір.

Біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет


етпе.

Бірінші жолаушы

Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта.


Үшінші жолаушы


Ешқашан жалқауланып, тоқтап қалма. Сонда


мұратыңа жетесің.



  • Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың? Неліктен? Мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолданып сөйле.

[6]
49


ЖОБА




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет