Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


Балл Қосымша ақпарат



бет15/24
Дата02.12.2023
өлшемі3,8 Mb.
#132709
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Балл

Қосымша ақпарат

1



А)

1




Математика санды және санауды үйретеді.

1




Өнер әдемілікті түсінуді үйретеді.

1

Барлығы

3






Айтылым

  1. Сұрақтарға жауап бер.




  1. Қай пәндер өзара айтысып қалды?

  2. Айтысқа тағы қандай пәндер қатысты деп ойлайсың?

  3. Сен қай пәнді ұнатасың? Неліктен?

[4]

Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2



Математика / өнер / математика мен өнер / математика мен өнер пәндері.

1

Сұраққа қатысты баламалы дұрыс жауаптар қабылданады.

Қазақ тілі мен орыс тілі / жаратылыстану мен дене шынықтыру / дүниетану.

1

Білім алушының ықтимал жауаптары:
Мен қазақ тілін ұнатамын. Өйткені бұл пән оқу мен жазуды үйретеді/Маған қазақ тілі пәні ұнайды. Одан дұрыс сөйлеуді үйренемін.

1


Қойылған сұраққа қатысты ойын айтады.

1

Өз көзқарасына дәлелді пікір айтады.

Барлығы

4







Оқылым



  1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Әлидің үйі орманға жақын. Бір күні Әли бөлмеде жүрген кішкентай тиінді көрді. Әли әкесінен:
- Әке, тиін қайдан келген? - деп сұрайды.
- Орманнан келді, - дейді әкесі.
- Алақай, ол менің досым болады! Мен оған тамақ беремін.
- Жоқ, балам. Тиін - жабайы жануар. Ол жаңғақпен қоректенеді. Тиін ормансыз өмір сүре алмайды, - деді әкесі.
- Түсіндім, - деді Әли.
Ол тиінді орманға апарды.


1) Мәтін не туралы?


А) ағаш туралы
В) тиін туралы
С) орман туралы
D) жаңғақ туралы
2) Мәтіннің жанрын анықта.
А) өлең
В) ертегі
С) әңгіме
D) жұмбақ

3) Әли не істеді? Сәйкестендір.



тиінді көрді.



Әли

тиінге тамақ берді.



тиінді орманға апарды.

[4]




Балл қою кестесі

Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат



3

В)

1




С)

1




Әли тиінді көрді.

1

Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.

Әли тиінді орманға апарды.

1

Барлығы

4







Жазылым


3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз.



  1. Әли бөлмесінде не көрді?_______________________________________________

  2. Ол қандай жануар? ____________________________________________________

  3. Ол немен қоректенеді? _________________________________________________

[4]




Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

Білім алушының ықтимал жауаптары:
1) Әли бөлмесінде тиін көрді / кішкентай тиінді көрді / тиін көрді / тиінді / тиін.

1



Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.



2) Тиін – жабайы жануар / орман жануары / жабайы.

1



3) Тиін жаңғақпен қоректенеді / Ол жаңғақпен қоректенеді / жаңғақпен қоректенеді / жаңғақпен / жаңғақ.

1

Сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады.

1

Барлығы

4




5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет