«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары (оқыту қазақ тілінде емес)
Тыңдалым 1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында. Кішкентай тасбақа теңізге баруды армандайды.
Бір күні ол жолға шығады. Тасбақа ұзақ жүреді. Таудың қасына келеді. Тауда бүркітті көреді.
- Сәлеметсіз бе, Бүркіт ағай! Мен теңізге барамын. Маған көмектесесіз бе? - деп сұрайды тасбақа.
Бүркіт тасбақаға таудан өтуге көмектеседі. Тасбақа әрі қарай жүреді. Ол орманға келеді. Орманда қоңыр аюмен кездеседі. Аю тасбақаға орманнан өтуге көмектеседі.
Осылайша, кішкентай тасбақа теңізге жетеді.
1) Мәтін не туралы? _________________________________________________________