Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар



бет20/24
Дата02.12.2023
өлшемі3,8 Mb.
#132709
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
2 класс сор и соч

Барлығы

4

15

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі


«Қазақ тілі» пәнінен
3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде емес )



Тыңдалым

  1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.




Менің атым – Нұрбек. Мен спортпен айналысамын. Күнде таңертең жүгіремін. Жаттығу жасаймын.
Әкем маған бокс қолғабын сыйлады. Мен қазір бокс үйірмесіне барып жүрмін. Мен өскенде боксшы болғым келеді. Боксшылар – мықты спортшылар. Мықты спортшы болу үшін дұрыс тамақтану керек. Спортпен айналысу керек.
Спорт - денсаулыққа пайдалы.








  • Сөйлемдердің ретін анықта және нөмірле (1,2,3).


Сөйлемдер

Реті



Нұрбек боксшы болғысы келеді.



Әкесі бокс қолғабын сыйлады.





Нұрбек бокс үйірмесіне барады.

[3]




Балл қою кестесі



Тапсырма


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

1 – Әкесі бокс қолғабын сыйлады.

1




2 – Нұрбек бокс үйірмесіне барады.

1

3 – Нұрбектің боксшы болғысы келеді

1

Барлығы

3






Айтылым

  1. Сұрақтардың көмегімен Нұрбек туралы әңгімеле.

  1. Нұрбек күнде таңертең не істейді?

  2. Әкесі оған не сыйлады?

  3. Нұрбек қай спорт түрімен айналысады?

  4. Оның кім болғысы келеді?

  5. Жақсы спортшы болу үшін не істеу керек?

[4]




Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша
ақпарат

2

Білім алушының ықтимал жауаптары:
Нұрбек таңертең жаттығу жасайды, жүгіреді. Әкесі оған бокс қолғабын сыйлады. Енді ол боксқа барып жүр. Нұрбек өскенде боксшы болғысы келеді. Боксшы болу үшін дұрыс тамақтану, спортпен айналысу керек.

1



Баламалы мәтін қабылданады.
Сұрақтардың негізінде жүйелі мәтін құрастырып айтады.

1

Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

1

Әңгімелеу барысында сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Барлығы

4







Оқылым
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Қыс келді. Балалар қысқы демалысқа шықты. Нұрбол ауылда тұратын атасы мен әжесіне барды. Ауылда Нұрбол атасына көмектесті. Достарымен шаңғы тепті, хоккей ойнады. Нұрбол ауылда бір апта демалды.
Ол қысқы демалысын көңілді өткізді.



1) Мәтін не туралы?


А) қыс туралы
В) ауыл туралы
С) хоккей туралы
D) демалыс туралы
[1]
2) Мәтін қай үлгіде жазылған?
А) өлең
В) ертегі
С) әңгіме
D) жұмбақ
[1]

3) Мәтін бойынша 1 дұрыс және 1 бұрыс сөйлем құрастырып жаз.




Дұрыс сөйлем: _______________________________________________________________
Бұрыс сөйлем: _______________________________________________________________
[2]



Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3


D

1




С

1




Білім алушылардың ықтимал жауаптары:
Дұрыс сөйлем:
Балалар демалысқа шықты/Нұрбол ауылға барды/Нұрбол атасына көмектесті/ Нұрбол достарымен ойнады/Ол шаңғы тепті, хоккей ойнады.

1

Мәтіннің мазмұнына қатысты басқа да дұрыс және бұрыс сөйлемдер қабылданады.

Бұрыс сөйлем:
Балалар жазғы демалысқа шықты/Нұрбол қалада демалды/Нұрбол ауылда екі апта болды/Нұрболдың демалысы көңілсіз болды.

1

Барлығы

4






Жазылым



  1. Кестеге сүйеніп, сурет бойынша 2 сөйлем құрастырып жаз.





Қандай?

Не?

Не істеді?

  1. _____________________________________________________________

  2. _____________________________________________________________

[4]




Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

Білім алушының ықтимал жауаптары:
Қызыл әтеш сөйледі/Сүйкімді балапан тыңдады/Сары балапандар ойнады/Ақ тауық қарады/ Үлкен тауықтар сөйлесті/Биік үй тұр/Әдемі ағаш өсті.

2

Суретке қатысты баламалы дұрыс сөйлемдер қабылданады.
Әр сөйлемге 1 балл қойылады.

1

Сөйлемдерді сауатты жазады

1

Сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады және тиісті тыныс белгіcін қояды.

Барлығы

4




5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет