Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет3/7
Дата07.01.2022
өлшемі3,65 Mb.
#20802
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖБ Қазақ тілі (Т1) 2-сынып

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР




«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау





Бөлімше

Тыңдалым және айтылым


Оқу мақсаты

2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу



Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары




Орындау уақыты

20 минут




  1. Берілген тақырып пен тірек сөздерді мұқият тыңда.

Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Мәтіннің мазмұнын болжа және ойыңды дәлелде.
Тақырып: Кітапханада

Тірек сөздер: мектеп кітапханасы, кітапханашы, қарсы алу, спорт туралы, кітап, іздеу, көмек, қуаныш.



  1. Жұптық жұмыс.


Сурет пен тірек сөздерді қолдана отырып, кітапханашы мен оқушының рөлінде сұхбаттас.







Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды

1

тақырып пен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды;

1


жасаған болжамын негіздейді;

1

Тақырып бойынша диалогке қатысады


2

берілген тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;

1

тірек сөздерді орынды қолданады;

1

өз рөлін сақтай отырып, сұхбаттасына сұрақ қояды

1

сұхбаттасының сұрағына лайықты жауап береді;

1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды, сөйлеу мәдениетін сақтайды.

1

Барлығы

7

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні: _______________________________________________




Бағалау критерийі


Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды

1


Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжауда қиналады.




Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды, бірақ жасаған болжамын негіздеуде қателіктер жібереді.

Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжап айтады және жасаған болжамын негіздейді.

Тақырып бойынша диалогке қатысады

2


Берілген тақырып бойынша диалогке түсуде қиналады.

Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады, тірек сөздерді қолдануда/тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді.

Берілген тақырып бойынша диалогке қатысады.

«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау





Бөлімше

Оқылым

Жазылым



Оқу мақсаты

2.2.1.1* Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу/сипаттау/пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау

2.3.7.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады

  • Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды

  • Сөйлем түрлерін ажыратады, тиісті тыныс белгілерді қояды




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану


Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма


1. Мәтіннің бөліктерін түсініп оқы.

Мәтіннің басын, ортасын және соңғы бөліктерін анықтап, дөңгелектің ішіне ретін көрсетіп жаз (1, 2, 3).







  1. Мәтінге сәйкес сұрақты белгіле (). Мәтіннің түрін анықтап жаз.



Бұл _____________________________________________ мәтіні.




2. Берілген сөздерден 3 сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгіні қой.


  1. Астана, орналасқан, қаласы, жерде, қай

_____________________________________________________________________

  1. Астанада, тұрады, өкілдері, ұлт, көптеген

_____________________________________________________________________

  1. Астанам, бер, гүлдене

_____________________________________________________________________




Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады


1


мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды:

- басы;


- ортасы;

- соңы;



1

1



1

Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды

мәтінге сәйкес сұрақты анықтайды;

1

мәтіннің түрін ажыратады;

1

Сөйлем түрлерін ажыратады, тиісті тыныс белгілерді қояды

2

құрылымын сақтай отырып, берілген сөздерден сөйлемдер құрастырады:

- хабарлы сөйлем ;

- сұраулы сөйлем;

- лепті сөйлем;.



1

1



1

сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қояды;

1

Барлығы

9

«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні: _______________________________________




Бағалау критерийі


Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады

1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтауда қиналады.

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтауда қателеседі.

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін дұрыс анықтайды .

Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтайды

2

Мәтінге сұрақ қоюда және мәтіннің түрін анықтауда қиналады.

Мәтінге сұрақ қоюда/ мәтіннің түрін анықтауда қателеседі.


Мәтінге сұрақ қояды және мәтіннің түрін анықтайды.

Сөйлем түрлерін ажыратады, тиісті тыныс белгілерді қояды

3

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыруда және тиісті тыныс белгісін қоюда қиналады.

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыруда/сөйлемге сәйкес тыныс белгісін қоюда қателеседі

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазады және тиісті тыныс белгісін қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет