Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет7/7
Дата07.01.2022
өлшемі3,65 Mb.
#20802
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖБ Қазақ тілі (Т1) 2-сынып

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау





Бөлімше

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу




Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану


Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма


  1. Берілген тақырып пен тірек сөздерді мұқият тыңда.

Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Мәтіннің мазмұнын болжа және ойыңды дәлелде.
Тақырып: Тіс күтімі
Тірек сөздер: тісті тазалау, тіс пастасы, тіс жегісі ауруы, тістің эмалі, тіс ысқышты ауыстырып тұру, тіс дәрігерінің кеңесі, ауызды шаю, тәттіні аз жеу, әдемілік, сөзді дұрыс айту.


2. Жұптық жұмыс

«Тіс күтімі» тақырыбы бойынша тіс дәрігері мен науқас адамның рөлінде сұхбаттас.


Диалогті жалғастыр.

  • Сәлеметсіз бе, дәрігер!

  • Сәлеметсің бе! Кел, кір, орындыққа отыр.

  • Рақмет.

  • Қай жерің ауырады?

  • ....

  • ....






Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды

1


тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды;

1


жасаған болжамына дәлелді пікір айтып, негіздейді;

1


Тақырып бойынша диалогке қатысады

2


тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;

1

берілген тақырып бойынша сұрақтар қояды;

1

сұхбаттасының қойған сұрақтарына жауап береді;

1

тірек сөздерді орынды қолданады;

1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды, сөйлеу мәдениетін сақтайды.

1


Барлығы

7

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________


Бағалау критерийі


Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды


1

Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнына болжау жасауда қиналады.


Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды, бірақ жасаған болжамын негіздеуде қателіктер жібереді.

Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды

Тақырып бойынша диалогке қатысады

2



Берілген тақырып бойынша диалогке түсуде қиналады.


Берілген тақырып бойынша сұрақ қоюда / сұраққа жауап беруде/тірек сөздерді қолдануда/ тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді.


Берілген тақырып бойынша диалогке қатысады.

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау





Бөлімше

Оқылым

Жазылым



Оқу мақсаты

2.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта

жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын (жанры/мәтін түрі) табу

2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны

ажырату


2.​3.​3.​1* Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып, мазмұндама жазу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Салыстыру арқылы мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды

  • Сөздерді сөз құрамына талдайды

  • Тірек сөздердің көмегімен оқыған мәтіннің мазмұнын жазады




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану



Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма


  1. Мәтіндерді оқы. Оларды түрі, жанры бойынша салыстырып, кестеге жаз.





Ұқсастығы

Айырмашылығы









2. Берілген сөздерді сөз құрамына талда.


3. 1-мәтінді қайталап оқы. Берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жаз.
Тірек сөздер: шебер, тігінші, жылы ішік, қойдың терісі, тігіп берді, қуанды.
______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________






Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Салыстыру арқылы мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды

1


мәтіндердің ұқсастығын анықтайды;

1

мәтіндердің айырмашылығын анықтайды;

1

Сөздерді сөз құрамына талдайды

2

сөздің түбірін және жұрнағын анықтайды;

1

сөздің түбірін және жалғауын анықтайды;

1

Тірек сөздердің көмегімен оқыған мәтіннің мазмұнын жазады


3

мәтіннің мазмұнын жүйелі жазады;

1

тірек сөздерді орынды қолданады;

1

сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

1


сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады

1

Барлығы

8

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________


Бағалау критерийі


Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Салыстыру арқылы мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды

1


Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауда қиналады.




Мәтіндердің ұқсастығын/ айырмашылығын анықтауда қателеседі.




Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.

Сөздерді сөз құрамына талдайды

2

Берілген сөздерді сөз құрамына талдауда қиналады.

Сөздің түбірін/жұрнағын/

жалғауын анықтауда қателеседі.

Берілген сөздерді сөз құрамына дұрыс талдайды.

Тірек сөздердің көмегімен оқыған мәтіннің мазмұнын жазады

2


Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазуда қиналады.

Мәтіннің жүйесін сақтауда/тірек сөздерді мағынасына сай қолдануда/ сөйлемдердің құрылымын/грамматикалық нормаларды сақтауда қателіктер жібереді.




Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жүйелі жазады.

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны - 15

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.


3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі–оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Тапсырма №

Ортақ тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1


Дені саудың – жаны сау


Тыңдалым және айтылым

2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

5


2

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті


Оқылым

2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.2.2.1 Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану



Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды.

1


5



Дені саудың – жаны сау


Жазылым

2.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

5


Барлығы

3

15

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары

(оқыту қазақ тілінде)



Тыңдалым және айтылым


  1. Берілген тақырып пен тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып айт.


Тақырып: Спорт – денсаулық кепілі
Тірек сөздер: әр адам, спортпен шұғылдану, мықты денсаулық, шыдамдылық, жаттығу жасау, ойындар, денені шынықтыру, үйірмеге қатысу, пайдалы, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ өмір, спорттың барлық түрі, футбол, күрес, денсаулық кепілі.
[5]


Балл қою кестесі


Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1


Білім алушының ықтимал жауабы:

Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл күйі көтеріңкі болады. Денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол т.б. Біз отбасымызбен спортпен айналысамыз. Достарымды да спортпен айналысуға шақырамын.

1


Тақырыпқа сәйкес баламалы мәтін қабылданады. Тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады.

1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды

1

Тірек сөздерді орынды қолданады.

1

Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Барлығы

5







Оқылым


  1. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.




  1. Асар деген не? Белгіле ().






  1. Асар туралы жалған ақпаратты анықта.


А) көмекке шақырады

В) еңбекақы төленеді

С) тегін көмек беріледі

D) үй иесі ас дайындайды


  1. Мәтіннің мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырып жаз.

______________________________________________________________________


  1. Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер (антоним) тауып жаз. __________________________________________________________________


[5]


Балл қою кестесі


Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2


өзара көмек

1




В)

1

Білім алушының ықтимал жауабы:

Асарға қандай мақсатпен шақырады?/Үй иесі не дайындайды?/Асарға қандай жағдайда шақырады?



1


Мәтін мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар қабылданады.

көне – жаңа

1




ауыр – жеңіл

1




Барлығы

5







Жазылым


  1. Мәтінді мұқият тыңда. Берілген жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.


Жоспар:


  1. Саматтың қуанышы.

  2. Балалардың футбол ойнауы.

[5]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

Білім алушының ықтимал жауабы:

Саматқа әкесі доп сатып әперді. Самат қатты қуанды. Добын алып балалардың қасына келді. Олар доппен футбол ойнады. Ойын қызықты болды.



1

Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады.

1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

1

Сөйлемнің құрылымын сақтайды.

1

Орфографиялық нормаларды сақтап жазады (3 қатеден артық емес).

1

Пунктуациялық нормаларды сақтап жазады (3 белгіден артық емес).

Барлығы

5





5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.


6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау




Бөлімше

Тыңдалым және айтылым

Оқу мақсаты

2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды

  • Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты

  1. минут

Тапсырма

  1. Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін? Мәтіннің мазмұнын болжа және ойыңды дәлелде.



Тірек сөздер: өзен, жаңбыр, су болу, ағаш арасы, тығылу, қармақ салу, балық аулау, көңілді.

2. Берілген тірек сөздер мен суретті пайдаланып, «Балық аулаған балалар» тақырыбына әңгіме құрастырып айт.





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды

1

тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды;

1

жасаған болжамын негіздейді;

1

Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады

2


тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;

1

мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) сақтайды;

1

тірек сөздерді мағынасына сәйкес,орынды қолданады;

1

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

1

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

1

Барлығы

7

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды .


1



Тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжауда және өз болжамын негіздеуде қиналады.

Тірек сөздерге сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжайды, бірақ жасаған болжамын негіздеуде қателіктер жібереді. /



Тірек сөздерге сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжайды және болжамын негіздейді.

Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады


2

Берілген тақырып бойынша мәтін құрастырып айтуда қиналады.

Тақырыпқа сәйкес мәтін құрайды, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтауда/тірек сөздерді қолдануда/ сөйлемдердің құрылымын сақтауда қателіктер жібереді.

Берілген тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырып айтады.


«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау





Бөлімше

Оқылым

Жазылым



Оқу мақсаты

2.2.1.1* Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау

2.3.1.1 Мұғалім көмегімен жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу




Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары




Орындау уақыты

  1. минут

Тапсырма

1. Берілген мәтіндерді түсініп оқы.
1-мәтін 2-мәтін







  • Әр мәтінге сұрақ қоя отырып, түрін анықта. Кестені толтыр.




Мәтін

Сұрағы

Мәтіннің түрі

1-мәтін







2-мәтін









2. Берілген сұрақтарға сүйеніп, суреттегі құсты сипаттап жаз.








  1. Бұл қандай құс?

  2. Оның түр-түсі (денесі, басы, тұмсығы, қанаты, құйрығы, тырнағы т.б) қандай?

  3. Ол қайда мекендейді?

  4. Немен қоректенеді?





Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін, құрылымын анықтайды.

1

мәтіндерге сәйкес сұрақ қояды:

- бірінші мәтінге;

- екінші мәтінге;

1

1



мәтіндерді түрлеріне қарай ажыратады:

- бірінші мәтінді;

- екінші мәтінді;

1

1



Сурет бойынша мәтін құрастырып жазады.


2

сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырып жазады;

1

сын есімдерді орынды қолданады;

1

мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

1

сөйлемдерді қатесіз жазады.

1

Барлығы

8

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________


Бағалау критерийі

Тапсырма



Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін, құрылымын анықтайды

1

Мәтінге сұрақ қоюда және мәтіннің түрін анықтауда қиналады.

Мәтінге сұрақ қоюда / мәтіннің түрін анықтауда қателіктер жібереді.

Мәтінге сәйкес сұрақ қояды және мәтіннің түрін анықтайды.

Сурет бойынша мәтін құрастырып жазады


2

Сурет бойынша сипаттау мәтінін құрап жазуда қиналады.



Сурет бойынша мәтін құрастырады, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтауда/ сын есімдерді қолдануда қателіктер жібереді



Сурет бойынша сипаттау мәтінін құрап жазады.




4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны - 15

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.



3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі–оқылым, үшінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы




Ортақ тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1


Қоршаған орта


Тыңдалым және айтылым

2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

5

Оқылым


2.2.3.1 Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі толық жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

5

2.4.2.5 Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау

2

Саяхат

Жазылым

2.3.1.1 Мұғалім көмегімен жеке сурет, сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.



1

5

Барлығы

3

15


4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған

жиынтық бағалаудың тапсырмалары

(оқыту қазақ тілінде)


Тыңдалым және айтылым

  1. Мәтінді тыңда.




  • Мәтінге сүйеніп, «Құстарға қамқорлық» тақырыбында әңгіме құрастырып айт. Берілген тірек сөздерді пайдалан.


Тірек сөздер: көктем, ауа райы, жыл құстары, ұшып келу, күтіп алу, балалар, көмек, ұя, жем шашу, қуаныш.
[5]



Балл қою кестесі


Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1


Білім алушының ықтимал жауабы:

Көктемде жыл құстары ұшып келеді. Адамдар оларды қуана қарсы алады. Балалар құстарға арнап ұя, жемсауыт жасайды. Оны ағаштың бұтағына іледі. Олар құстарға қамқорлық жасап, жем шашып тұрады.





1


Тақырыпқа сәйкес баламалы мәтін қабылданады.

Тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады.



1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

1

Тірек сөздерді орынды қолданады

1

Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

1


Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Барлығы

5





Оқылым

  1. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.

1) Әкесі Жомарттың туған күніне қандай сыйлық жасайды? Жаз.

____________________________________________________________________
2) Жомарт қазір неше жаста деп ойлайсың? Белгіле ().

3) Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін мақалды белгіле ().



4) Мәтіннен дара және күрделі сын есімдерді теріп жаз.
Дара сын есім: _________________________________________________

Күрделі сын есім: ________________________________________________


[5]


Балл қою кестесі


Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2


Білім алушының ықтимал жауабы:

Аулаға қарағай көшетін отырғызады/ аулаға ағаш егеді/қарағай отырғызады/ағаш отырғызады.



1

Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы дұрыс жауап қабылданады.

Жеті жаста / жетіде

1




Бабалар еккен шынарды балалар саялайды.

1




жас

1




жап-жасыл

1




Барлығы

5






Жазылым
3. Берілген суреттердің біреуін таңда. Сызбаға сүйеніп, сурет бойынша әңгімелеу мәтінін құрастырып жаз.








[5]


Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3


Білім алушының ықтимал жауабы:

1-сурет бойынша:

Жазда әкем екеуміз балық аулауға бардық. Әкем өзенге қармақ салды.

Ол бес балық ұстады. Балықтарды шелекке салып қойды. Мен өз қармағыммен шелектегі балықтарды аулауға кірістім. Әкем менің ісіме қарап, күлді. Біздің демалысымыз жақсы өтті.

2-сурет бойынша:

Қыздар орманға жидек теруге келді. Маржан мен Ғалия жидегі көп жерге кездесті. Айқайлап басқа қыздарды шақырды. Олар жидек терді. Гүлден тәж жасады. Үйлеріне көңілді оралды.



1


Суреттің мазмұнына сәйкес баламалы мәтін қабылданады.

Суреттің мазмұнына сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады.



1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

1

Сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды.

1

Орфографиялық нормаларды сақтайды (3 қатеден артық емес)

1

Пунктуациялық нормаларды сақтайды (3 белгіден артық емес)

Барлығы

5




5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.


6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет