69
мәлімдемесінде ұсталып, қамалғандар туралы мәліметтер бір
бірімен сәйкес. Күнімжан ханым өздерін бұдан бір жыл, екі
ай бұрын Сібір отряды тұтқынға алғанын, 9 әйел, 8 қызды ұстап
отырғанын айтқан. Күнімжан ханыммен бірге үй қамағы
есебінде тұтқында болғандардың тізімі тарихымыздың аса
елеулі тұсы.
Шынар Бұланбаева – келіншек. Қыздар: Нақша
Бекболатқызы, Байкүміс Дөненбайқызы, Қарабике – бұлар
Аққошқар бидің қарамағына берілген. Күшік сұлтанның
әйелі – Нақыш, Қозғалмас, Байбол әйелі – Несібелімен бірге
2 жастағы қызы Айнажан. Бұланбайдың қызметшісі – Дәнен.
Бұлар Құлжан сұлтанның қарауында. Төлеңгіт Темірдің әйелі
Ешкіөлмес, онымен бірге 3 жастағы ұлы Бостанбай; 14 жастағы
Нияз Күнсейітов; Тіленқызы Лайық; Шегебаев Бейбіт; бұлар
Әділсұлтанға берілген. Төлеңгіт Шоқпыттың әйелі – Нарша, 4
жастағы қызы Рахмет– бұлар Қадыр бидің қарауында. Төлеңгіт
Тұрдының әйелі – Тоқтық, 7 жастағы қызы Ақанмен бірге
Базылбек бидің үйінде. Қожа (молда) әйелі Таңсық, 2 жастағы
қызы Қалиша, 1 жастағы ұлы Әбілмақатжан, Қазына – бұлар
Құлмаханның қарамағына алынған. Төлеңгіт Шоқпыттың
әйелі Ұлбабек, 15 жастағы Жакей, 13 жастағы Талжан, 16
жастағы Айбике (үшеуі де қыздар – Т.Д.) бұлар би Жанқожаның
бақылауында. Төлеңгіт Қойбағардың әйелі – Матеш, төлеңгіт
Байдаулеттің әйелі Ұлғара – бұлар би Жауқашар Алыбаевтың,
Күміс Жапандықтың қамқорлығында болғандығын растап
губерниялық секретарь А.Сотников қол қойған.
Орыс әскерлерінің зорлықзомбылығының шектен
асқандығын сол шапқыншылықты басқарғандардың бірінің
сөзінен анық аңғарамыз.
Смирнов былайша жазыпты:
«...Остальные знатные казаки под командой есаула
Рыбина деятельно истребляли неприятеля в соседних аулах.
В это время киргиз Джагалбайлинской волости Джаукачар
Алыбаев и толмач Иван Безверхов привел ко мне отысканную
ими старшую жену Кенесары Кунумжан Турсынову, которую и
оставил в большой кибитке нарядив к ней и к находившемуся
там имуществу достаточный караул».
Жоғарыдағы жазбаларға қарағанда Күнімжан 1844 жылғы
27 ақпанда ұсталып, Көкшетауға, маусым айында Омбыға
жеткізілген, одан соң генерал Горчаковтың бұйрығымен
Тобыл қаласына жөнелтілген. Бұдан кейін 1844 жылдың 5
желтоқсан күні ханшаның Тобылға келгендігі жайлы Тобыл
полиция бастығының мәліметінде көрініс тапқан.
К ө п
ұзамай Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы генерал
Генс Күнімжанды Ор бекінісіне алдырады және 1845 жылдың
3 сәуірінен бастап Күнімжан ханша (дұрысы ханым) және
оның күтушілеріне төленетін ақша қаражатының мөлшерін
белгілеген. Әрине, Күнімжанға бөлінген ақшаның әр мезгілде
мөлшері өзгеріп отырғанын аңғару қиын емес.
Ресей мемлекеті патша генералдары арқылы Кенесарымен
тіл табысуға тырысты. Кей кезде ымыраға келген тұстары да
болған. Сондықтан да қолға түскен Күнімжан ханым арқылы
олар Кенесарыны өздерінің айтқандарына көндіруге тырысып
бақты. Соның бір дәлелі ретінде 1845 жылдың 19 ақпанында
Кенесары ханға Долгов бастаған елшілікті аттандырады.
Долговпен Кенесары өзі сөйлеспей өзіне жақын, сенімді
серіктері арқылы сөйлескен. Бірақ ешқандай нәтижеге қол
жеткізе алмаған секілді.
Күнімжанды пайдаланып қалу мақсатында екінші қайтара
Бас штабтың поручигі Гернді жіберуге ұйғарады. Алдынала
Күнімжан мен оның қасындағыларға, керуенбасы, әскерлерге
қанша қаражат жұмсалатыны, ханшаға берілер сыйлықтар
түрі сараланады. Кенесары ханға сыйлық берудің түрі де
ойластырылған. Осы сапары жайында жоғары жаққа Герн
жазбаша түрде есеп те берген. Екіншіден, Күнімжанның
ойынан шығу мақсатында ханымның көңілін аулап, оған
кәмшат ішікті сыйға тартады, тіпті Күнімжанның күтушісі
Ұлғара да сыйсияпаттан құр қалмаған.
Генерал Обручевтің Орынбор шекаралық комиссия
төрағасына жолдаған мәлімдемесінде: «...Вместе с тем согласно
Вашему заключению полагая и в своей стороне полезно лично
обласкать эту султаншу, сделать ей своеобразное внимание
для передачи мужу и вообще располагать ее склонить в нашу
пользу», –деп жазып, өздерінің негізгі мақсаттарын ашық
айтады.
Поручик Герн бастаған елшілік 1845 жылдың 26 сәуірінде
Ор бекінісінен шығып, мамыр айында Кенесары ордасына
жетеді. Алайда хан Кене Гернмен тікелей сөйлеспей би,
жүзбасы, керуен басы арқылы сөйлеседі. Герн Күнімжанның
Кенесары адамдарына айтқандарын жазыпты: «...И
действительно Султанша рассказывает выезжащими к нам
на встречу с Есаулом и Толенгутом Кенесары о хорошем
обращении с
нею оренбургского начальства».
Хан ордасына келген Герн өзімен бірге болған керуенбасы
Алмат хақында былайша жазады: «...Сверх того как Алмат один
только во всем караване моем имели свидании с Кенесары,,
притом с давних пор лично знакомые Султаном и весьма
уважают, кажется имела достаточное основание полагать, что
пограничному начальству весьма и интересно будет видеть
этого человека», –деп жазып, керуенбасы Алматты, Орынбор
шекара комиссиясының бастығының қабылдап, мұндай
адаммен таныстырғаны үшін өзіне алғыс білдіргенін айтады.
Гернді осы сапарында Орынбор генералгубернаторы
Обручев қабылдап, құпия тапсырмалар да береді. Ол
тапсырмаларды Герн орындайды. Кездесулерде Кенесары
ханмен бұрыннан араласқұралас болған керуенбасы Алмат
Тобабергенов, Қожаның есімі аталса, екінші бір құжатта
Ресей мемлекетіне берілген Аққошқар Кішкентаев, Жауғашар
Әлібаев, тағы басқалардың есімдерін оқи аламыз.
Күнімжан ханымның хан ордасына оралуы хақында
жауынгер ақын Нысанбай жырау «Күнімжанды алып келгенде»
атты толғауын шығарған.
Күнімжан амансау хан ордасына оралғаннан кейін
Кенесары орыс өкіметімен байланысын мүлде үзді деуге
болады. Герн елшілігінен соң мұрағат құжаттары арасында
Кенесарының хаты кездеспеді. Хан Кене Ырғыз, Торғай
бекіністерінің салынуынан кейін ығысып, Телікөл, Сарысу,
Сырдарияға қарай көш бетін бұрғаны байқалады. Оны
Ахмет (сұлтан) Жантөриннің 1845 жылғы 5 қарашадағы
мәліметінен оқуға болады. Кенесары Қасымовтың ордасы
Қаратау, Қарамұрын, Сегізбай, Айнакөл, Сарысу, Сырдария
өзені бойына келгенін және қыркүйек айының ортасында
қазақтардың белгілі билері: Балаби, Досбол, Тобағабыл,
Тұрсынбай, Торғаймен кездесіп, оларды өз жағына тартып,
Қоқан бекіністерін жаулап алуды ойластыруда деп жазыпты.
Күнімжан қайтып оралғанша Кенесары хан орыс
генералдарымен шығарып салма әдіспен мәмілеге келіп,
уақыт ұтып қана қоймай, өз ұстанымын бекіте түсті. Бәйбішесі
Күнімжан ордаға амансау келгесін патша үкіметімен ат
құйрығын біржола кескендігін көреміз. Күнімжан ханымның
орыс тұтқынында болып, хан ордасына оралуы осылай өрбіген.
Күнімжан қамақта болса да өзін ханның жұбайы, қазақ
әйелі ретінде салмақты ұстап, тіпті сыйсияпаттарына
салқынқандылық танытып, сыйлықтарын күтушілеріне
таратып отырған. Бұдан Күнімжанның Кенесары ханға лайық
жан болғанын сезіне түсеміз.
70
5 мың кинотеатры бар Қытай елінде жылына 500 көркем
фильм түсіріледі екен. Биылғы қытай кино прокатынан түскен
қаржының 100 миллиард юаньға жеткендігі кино өнерінің бұл
елде үлкен сұранысқа ие екендігін көрсетеді. Міне осы алып
кино нарығының ішіндегі қазақтар қалың орналасқан жердегі
кино өнерінің дамуы қалай?
Жәди Шәкенұлының дерегінше 1951 жылдан бастап
қазақтың әнкүйлері дыбыс таспаларына жазылып, Шыңжаң
халық радиостанциясында таратыла бастайды.
1947 жылы Үрімжі қаласында қазақ тілінде өлкелік театр
ашылып, оны алғаш Халық Қариұлы басқарды. 1953–1954 жыл-
дары Бұқара Тышқанбаев пен қытай жазушысы Уаң Иху бірлесіп
жазған «ХасенЖәмилә» фильмі түсіріліп барша қазақтың
көзайымына айналады.
1954 жылы Іле Қазақ Автономиялы облысы құрылып, қазақ
театры, көркемөнер мектептері көбейді. Үрімжі қаласындағы
көркемөнер институтында қазақ факультеті ашылып, қазақ жа-
стары оқуға қабылдана бастайды.
1958 ж. «СалихаСәмен» либреттосы жазылды және 1961
1962 жылдары сахналастырылған опера соңғы жылдары қайтадан
сахнаға шығарылды. Бұл опера фильм ретінде де қойылды. 1964
жылы Қытай қаламгері Уаңның жетекшілігінде қазақтың өмірінен
«Айгүл» атты фильм түсірілді. Одан кейін Шыңжаңдағы қазақ
киносы сөз болғанда, ең алдымен ауызға түсетіні жоғарыда атап
өтілген «Хасен Жәмила» фильмі, «ТяньШянь қызыл гүлі» Ал,
1980 жылдардан кейінгі түсірілген Ә.Қатбаевтың «Жетім қыздың
махаббаты» және «Қыз бейіті», «Сержан», «Сахарадағы Дәлеш»,
«Жусанды дала», «Көрікті мекен» фильмдерімен жалғаса
береді. Таңжарық ақынның өмірін бастанаяқ бейнелейтін
О.Егеубаевтың 5 сериялы «Таңжарық» атты бейнефильмі (1990)
көп сериялы кино өнерінің шымылдығын ашты. Туған жердің
көркем табиғатын, ұлттық салтсананы сипаттайтын Тұрсынәлі
Рыскелдиев пен Қасымхан Уатханұлының «Іле салтанаты» атты
деректі фильмі 1995 жылы көрерменімен дидарласады.
Қазір ШҰАР радиотелевизия меңгермесі қарауында және
Іле Қазақ автономиялы облыстық радиотелевизия мекемесі
қарауында қазақ тілінде арнаулы телевизия арналары жұмыс
істейді. Қазақ әнкүйлерін және радиотелефильмдерін қазақ
халқы жержердегі тарату тораптары арқылы еркін көре алатын
болды. Бүгінде Қытай қазақтары теледидардың 2 каналынан
қазақ тіліндегі бағдарламаларды үздіксіз көре алады. 1970
жылдан бастап іске қосылған Шыңжаң телевизиясы, 1985 жылғы
22 қыркүйектен бастап қазақ тілінде хабар тарата бастаған. 1988
жылға келгенде қазақ тіліндегі телефильм аударужасау бөлімі
құрылды. Бұған қоса «ТяньШянь» кино студиясының қазақша
аударужасау бөлімі мен Іле облыстық қазақша телефильм
аударужасау бөлімінде аударма фильм жасаумен айналысты.
Сөйтіп, 1989 жылдан 1998 жылға дейінгі мәліметте Шыңжаң
телевизиясының қазақ тілінде таратқан кинофильмдері 2 мың 354
сериядан асқан. Мұның 1065 сериясын Шынжаң телевизиясы,
1035 сериясын Іле телевизиясы аударып жасаған. «ТяньШянь»
студиясының қазақша кино фильм аударужасау бөлімі бір
мыңға жуық фильмді жасап таратқан. Бұл фильмдердің көбі
қытайдың және басқа шетелдің таңдаулы телефильмдері болып,
халықаралық Оскар сыйлығына ие болған фильмдерде бар.
Біз іссапармен болған ҚХР ШҰАР орталығы Үрімжі
қаласында орналасқан «ТяньШань» киностудиясы жұмыс
нәтижесінде Қытай қазағының көркем фильм жасау саласында
бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. Киностудия өткен
ғасырдың 80ші жылдарынан бері халыққа қызмет етіп Қытайда
тұратын 56 түрлі ұлттардың тілінде фильм түсіріп, солардың
салтдәстүр, өнері мен мәдениетін дамытуға бағытталған. Көп
ұлттың бірі болған – қазақ халқы осы халықтар арасынан өзіндік
үні мен жырын, бояуы мен бедерін жоғалтпай шығу жолында
қызу жұмыстар жасап жатыр. «ТяньШань» киностудиясының
құрылғаннан бері қазақ тілінде жаратылған фильмдердің саны
10нан асады. Сол салада қазір талмай еңбектеніп жатқан кәсіби
продюссерлер, режиссерлер, актерлер мен актрисалар да бар.
Соңғы бес жылда 3 қазақ фильмінің түсірілуін Үрімждегі «Тянь
Шянь» киностудиясы директорының орынбасары, мемлекеттік І
дәрежелі белгілі қазақ режиссері әрі продюссері Мақсат Кәдірхан
үлкен жеңіс деп есептейді.
Мақсат Кәдірхан қазақстандықтарға кеңінен танылған,
ұнаған «Көрікті мекен» және «Бөрі соқпақты боз дала» көркем
фильмдерімен таныс. Сонымен бірге ол экранға жақында
жол тартқан «Гүлбике» фильмінің де көркемдік жетекшісі әрі
продюсері.
«Көрікті мекен» фильмін алғаш қазақстандықтар 2005 жылы
тамашалаған еді. Қазақ көрермендері үшін бұл кинолентаның
орны ерекше болды. Еліміздің кинотеатрлары жаппай көрсетіп,
Ұлттық телеарналар сатып алуы арқылы «Көрікті мекен» фильмі
бүгінде «Қазақстан», «Хабар» секілді ұлттық телеарналар
көрсетіп тұрады. «Көрікті мекен» туралы кезінде газетжурнал
беттерінде жақсы пікірлер айтылып, оның прокаты да жаман
болмаған. Фильмнің Қазақстанда көрсетілуінен 2,5 мың
доллардай пайда келген. Сонымен бірге бұл фильм әлемнің 27
мемлекетінде көрсетіліпті. «ТяньШань» киностудиясының
директоры Жан И Ганның айтуы бойынша, 2006 жылы Қытай
басшысы Америка Құрама Штаттарына іссапарында Қытайдың
таңдаулы 4 фильмін ала барыпты. Соның бірі Қытайдағы
қандастардың өмірінен түсірілген осы «Көрікті мекен» болған
екен. Киностудия директоры Жан И Ган мырзаның айтуынша
осы фильмді Марокко, Тунис елдеріне апарып көрсеткен кезде,
олардың Қытайда тұратын қазақ халқы туралы толық ақпарат
алғысы келіп көп нәрсені сұрағанын айтады. Бұдан кейінгі «Бөрі
соқпақты боз дала» фильмі 2008 жылы Алматы қаласында өткен
«Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалінде І жүлдеге
ие болыпты.
ҚЫТАЙ
ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ
КИНО ӨНЕРІ