54
малға жұғымды болып келетін жайылымдары мол екен. Ішкі
Моңғолиядағыдай жеріне шөп қалың, биік болып шықпаса да,
бойы қысқа бірақ, малға құнарлылығымен жағатын бұл жерлерді
қазақтар мекен етіп малын жайлап отырғалы біраз уақыт өтіп,
бірнеше ұрпақ ауысқан. Дәл осындай жәйт Ресейдің ең шеткері,
аймақтарына орын тепкен қазақтардан да көрдік. Ресейдің Алтай
Республикасындағы Қош ағаштан қол созым жерде орманды,
нулы, сулы Алтай тауларының керемет қарасаң көз тоймас
сілемдері басталады. Қош ағашта отырған қандастар жерінің
бедеріне қарап, шамасы қазақ қашанда табиғаты қатал, бейнеті
мол, таулы, шөлді жерлерді арнайы іздеп баратындай болып
көрінді. Бірақ, қазақ жанға жайлы әсем табиғатты емес, малға
жайлы жайылымды іздеген. Атабабаларымыздың осындай жер
таңдаудағы ұстанымдары еске түсіп амалсыздан сабаңа түсесің.
Шілденің 1429 жұлдызы аралығында аймақ орталығында
орналасқан өлкетану музейі, аймақтық кітапхана, музыкалық
драма театрында болып, жергілікті қазақтардың әдебиеті мен
өнерінен жөн білетін қариялармен сұхбаттасып өзімізге қажетті
материалдар жинадық. Әрі қарай экспедиция мүшелері екі топқа
бөлініп алыс орналасқан сұмындарды, жайлауға шығып кеткен
елдің соңынан іздеп шықты. Бірінші топ Қобда аймағының алыс
елді мекендерінде қазақтары көп орналасқан Бұлғын, Екінші
топ Моңғолияның солтүстік батысындағы Ресей шекарасына
жақын орналасқан Цағаннұр, Ақ қөл, Қара маңдай, Үш бұлақ,
Ноғооннұр, Ұлаанқұс, Сағсай, т.б. елді мекендерді аралап ондағы
қазақтардың фольклоры мен музыкалық өнерін жинақтадық.
Моңғолияның Баян Өлгий аймағының орталығында жарты
ғасырдан астам тарихы бар қазақ музыкалы драма театры
жұмыс істейді. Бұл алыс шетелдегі қазақ диаспорасының
ішіндегі мемлекет тарапынан қаржыландыратын бірденбір
кәсіби өнер ұжымы, осы мемлекетте өмір сүріп жатқан барша
қандастарымыздың рухани азық алатын қара шаңырағы болып
саналады. Ол алғашында 19401945 жыладары аймақтық
клуб, ал 1956 жылдан бастап ұлттық музыкалық драма театры
ретінде жұмыс істейді. Театр өз шығармашылығын тұңғыш
рет жергілікті автор М.Құрманханның «Кезең үстінде»
пьесасымен ашады. Аймақтық театр сахнасында М.Әуезовтің
«ЕңлікКебек», Ғ.Мүсіреповтің «Ақансері – Ақтоқты», «Қозы
Көрпеш, Баян сұлу», Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман
емес», Ә.Әбілевтың «Бір семья», Ш.Хұсайыновтың «Көктем
желі», Қ.Мұхамеджановтың «Құдағи келіпті», Ч.Чимэдтің
«Жүрек әмірімен» және «Гудок даусы», Б.Ақтанның «Жаман
мен Ермаһан», М.Құрмаханның «Жасыл дән», «Тұлба көл
шайқасы» пьесаларымен қатар Евгений Брусиловскийдің «Қыз
Жібек», Д.Дамдисуреннің «Керімау, айдай» атты опералар
да қойылды. Театр құрамында хор, драма, балет кластары мен
ұлт аспаптар оркестрі қатар жұмыс істей бастайды. Театрда әр
жылда қазақстандық белгілі музыка мамандары Х.Тастанов,
А.Мырзабеков,
М.Әубәкіров
т.б.
кәсіби музыка мамандары кеңесшілік
қызмет атқарып, өнер ұжымын жоғары
дәрежедегі өнер биігіне көтеруге үлес
қосты. Бұл шаралар қазақ театрының
кәсіби тұрғыда іріленіп, ұлттық
және әлемдік өнер шеберлерінің
классикалық туындыларын тартынбай
орындай алатын деңгейге көтерді.
Моңғолиядағы қазақ өнерінің кәсіби
биік белестерді бағындырған кезі де
өнер мен мәдениетке осындай ерекше
назар аударған кезде қолжетімді болды.
1959 жылы Республика астанасы
ҰланБатырда өткен қазақ өнері мен
мәдениетінің декадасы, оған жан
жақты дайындық барысында кездескен
көптеген қиындықтарға қарамастан оң
шешімін тауыпжоғары нәтижелерге
қол жеткізілді. Бұл мәдени ісшара
барысы, қол жетізген нәтижелер сөзсіз
шетелдегі қандастарымыздың мерейі
мен абыройын асырған, өнері мен
мәдениетінің биік екендігін барлық
республика жұртшылығына паш еткен пайдалы да сабақ
аларлықтай декада болды. Осындай форматта өткен мәдени
іс шара сонау 1936 жылы қазақтың жас өнер шеберлерінің
Кеңестер Одағының астанасы Мәскеу қаласына барып үлкен
абыроймен қайтқан кейінгі ұрпақ айта жүрерліктей елеулі
жетістігіндей аймақтағы қандастарымыздың елеулі жеңісі
болды. Өнерімен, мәдениетімен, өркендеген шаруашылығымен
республика жұртшылығын аузына қаратқан, театр, ұлт аспаптар
оркестрі, әнби, күй өнерінде жарқырай көрінген орындаушылар
құрамы МХР мемлекеттік марапаттарына ілікті. Кең байтақ
Республиканың қиыр шетіне орналасқан қазақтар қоныстанған
БаянӨлгий аймағындағы сүбелі жеке дара және ұжымдық өнер
түрлерінің кең қанат жайғандығын көрсетті. Осындай танымал
ұжымға 1990 жылы жылжымалы сахнасы бар, кең дайындық жа-
сайтын залдары ойластырылған заманауи жаңа театр ғимараты
пайдалануға берілді. Бұл өткен ғасырдың аяғындағы МХР театр
ғимараттарының ішіндегі соңғы жетістікпен арнайы салынған
театр ғимараты болатын.
Қазақ кәсіби сахна өнері – деген ұғымды біз Қазақстан
Республикасының театрының тарихымен байланыстыра,
шығармашылық ғұмырын бастаған күннен, ресми қабылданған
байланысты айтып келген болатынбыз. Өз елінде қазақ ұлттық
тіліндегі театр өнерімен бірге орыс, өзге ұлттардың тілінде де
театрларды дамытуды ұмытқан жоқ. Сол себептен де бүгінгі
Қазақстан картасында жиырмаға жуық таза орыс тіліндегі
театрлармен бірге аз санды республика халықтарының да ұлттық
тілінде сөйлейтін театрлар қатар өркендеп, күні бүгінге дейін
қанат жайып келеді. Қазақ елі өзінің егемендігін алып өзінің
55
саясатын халықаралық деңгейде тәуелсіз жүргізе бастағаннан
бері алысжақын шет елдердегі ұйысып отырған қандастарымыз
жайы, олардың әдебиеті, өнері, мәдениеті жайлы да жаңа ұғым
қалыптастыра бастадық. Бұрынғы барыс келістің өзі қиын кеңетік
заманда бөліп алып зерттеудің ретін келтіре алмаған болсақ,
тәулсіздіктің арқасында өз қандастарымыздың рухани өмірі мен
тұрмысын, шығармашылығын арнайы экспедиция шығарып
кешенді зерттеудің мүмкіндігі біздің елеміздің бұл мәселеге
ерекше назар аударып отырғандығын көрсетеді. Дүние жүзіне
тарыдай шашырап кеткен қазақ қандастарымызыдың рухани
әлеміне үңілу арқылы өзімізді өзіміз танудың
жаңаша бір жолы, бірнеше жүздеген жылдар бойы
өзгекөрші мемлекеттер қолтығының астында өмір
сүрген қазақ руханиятының халжайы арқылы
бүгінгі рухани әлемімізге жаңа қырынан қарауға
мүмкіндік алармыз деген ойдамыз. Осындай
ниетпен басталған бұл жоба барысында шетелдегі
қазақтарды сахналық өнері жайлы жазуды біз
алдымызға мақсат етіп қойдық.
Шетел қазақтары бұл – кезінде бір кеңістікті
мекен еткен тілі, тұрмысы, салтдәстүрі бір тұтас
қазақ халқы. Халқымыз көшпелі өмір салтын
жоғалтпастан бұрын малдың ыңғайына қарай кең
байтақ Еуроазия кеңістігін шиырлаған кезден
ата бабасы қонысы еткен, кейін жер телімін әлі
жеткен империялар қомағайлана қармап, бөліп
алып жатқанда солардың еншісіне кеткен шекара
сызығының арғы жағында қалғандар құраса,
екіншіден қазақ жеріне кеңестер үкіметі орнап
қанды террор арқылы жергілікті халықты өз дегеніне көнідіріп,
күшпен көшпенділікті тастатып отырықшы елге айналдыруы
барысында, қолдн жасалған ашаршылық пен жұттан бас
сауғалаған қалың қазақтың басым бөлігі орын тепкен алыс және
жақын орналасқан тәулсіз мемлекеттер.
Біз бүгінгі Қазақстанның халқын құрайтын өзге халықтардың
өз тілі мен мәдениетін өркендетуге жасаған қолайлы жадайын
өзге елдердегі қалыптасқан халжайымен салыстыра қарастыар
болсақ біздің көп жағдайда әлемдік қауымдастық тұтынатын
халықаралық стандарттарға жақын, кейде молынан, асыра
жасалған да еркіндіктер берілгендігін көреміз. Бұдан олардың
бүгінгі қол жеткізген жетістіктерін шектеу керек деген ұғым
тумаса керек. Біз бұл фактыларды шетелдегі қазақ диаспорасы
бүгін қаншалықты деңгейде дамып жатыр, болашақта әрі қарай
өркендеп өсуіне қандай мүмкіндіктер бар? деген сұрақтар
төңірегінде қарастыруға қолданбақпыз.
Халқымыз
өзінің
қонақжайлылығымен,
кеңдігімен,
ашықтығымен (аңқаулығымен) келген жұртты таңдандырғанын
бір біз емес сырттан келген талай ел жұрт өкілдері айтып та
жазып та келеді. Бұл кеше біздің ұлттық мақтанышымыз болды.
Жасыратын жоқ, барлық болмысымыз бен ұлттық ерекшелігіміз
осы бір қонақжайлылық болғандай, оны дәлелдеудің реті осы
екен деп асыра сілтеген кезіміз де болғаны анық. Ал бүгінде
біздің бұл ашықтығымыз ерекше сақтануды қажет ететін,
мемлекеттігімізге қауіп төндіретін талма тұсымыз болғаны анық.
Оны біз қоғамда бар әр алуан діни ағымдар мен террористік
ұйымдардың еліміздің төріне, халқымыздың санасына ендеп
енген қадамынан көруге болады.
Біздің сапарымыздың барысында ерекше назар аудартқан
жәйлар деп төмендегі тұжырымдарды атап өтуге болады:
Моңғолия және Ресей қазақтары бүгінгі таңда шетелде өмір
сүріп жатқан қазақ халқының құрамдас һәм ажырамас ірі санды
бөлігі;
Өзге тарихи ортада ұзақ жылдар өмір сүре отырып қазақ
халқының үлкен этникалық тобы өзіндік өмірсүру, ұлттық
мәдени дәстүрін жақсы сақтаған;
Қазақ халқының көшпелі өмір салты Моңғол халқының
шаруашылығымен туыстас болып келуі, халықтың шын мәнінде
тамыры тереңде жатқан тарихи байланысы берік болғанын
көрсетеді.
Халықтың бір бөлігі ата жұртына қайта көшіп барып жатса
дағы, басым бөлігі әлі де болса сол жерлерді мекендеп, сол елдің
ауасын жұтып, суын ішіп, нанын жеуде, сол мемлекеттердің ірі
ұлттық диаспорасы ретінде өнері мен мәдениетін, тілін, салт
дәстүрімен сол елдің көп көп санды ұлттық өкілдерінің құрамын
байытып отыр;
Моңғолия және Ресей қазақтары дәстүрлі мал
шаруашылығын дамытуға икемділігімен сол елдің ауыл
шаруашылығын дамытып, ол мемлекеттің экономикасының,
халқының өркендеп өсуіне өздерінің үлесін молынан қосуда
Республикамыз бірнеше жылдар бойы көшіқон саясатын
бір ізділікпен тұақты жүргізуі нәтижесінде Бүгінгі Моңғолия
ұлысында қандастарымыз саны едәуір азайған, ал, ол жерде
қалған қандастар атажұртқа қарап алаңдаулы, ыңғайы келсе
Қазақстанға көшу де бар;
Көшіқон мәселесінде науқаншылдық ізі көрініс беріп,
атқарушы органдардың шеттен келетін қандастарымыздың
мол тұрмыстық және іскерлік тәжірибесін орнымен толық
пайдаланылмаған;
Шетелдегі қазақтарды сол отырған жерлерінде олардың
экономикалық хал жағдайын, рухани әлеуметтік деңгейін көтеру,
демеу арқылы ұстап тұру Қазақстан үшін үлкен саяси һәм
экономикалық мүмкіншіліктері мол пайдалы іс болғанымен, бұл
жолдар кезінде орнымен, салмақты шешімін таппағаны себепті
көршілес елдегі маңызды стратегиялық тетік көздерінен ажырап
қалған секілді.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы алдында
шетелдегі қандастарының қазіргі халжайын бір қалыпты демеу,
одан әрі жақсарту мәселесі күн тәртібінде тұр.
Шетелдегі
қазақтар
Қазақстан
Республикасынан,
Мемлекеттік ресми органдар тараптан салмақты да салиқалы
саясатты жүргізуді, олардың азаматтық, құқықтық, ана тілінде
оқуы мен тәрбиеленуіне, діни ұстанымдарының еркін болуына
мүмкіндіктер беретін оңтайлы жағдайлар жасауды тұрақты
назарда ұстауды қажет етеді.
Қандастардың мәдени және рухани өсуіне ерекше назар
аударып Қазақстанда шығатын баспа мекемелерінен мемлекеттік
тапсырыспен шығатын кітаптардың бағдарлы (целевое) бөлігін
шетелдегі қазақ ауылдарындағы мектептер мен кітапханалар
қорларын толықтыруға пайдалануды арнайы тапсырыспен қолға
алу керек.
Республикамызда
шығатын
мемлекеттік,
тәуелсіз
басылымдар қазақ диаспорасы өмір сүріп жатқан мемлекеттер
жайлы, олардың ұстанған ұлттық саясаты жайлы басылатын
ақпараттардың асығыс, толық білмегендіктен атүсті, біржақты
жазылмауына назар аударылуы тиіс. Жеке тұлғалардың теріс
пікірі кейде тұтастай диаспораның тұрмысына кері әсерін
тигізетін жәйттер кездеседі.
Өз елімізде ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық
пен достықты нығайтуға бағытталған ұстанымды (барлық
мүмкіндіктер жасалған) біз халықаралық қатынастарда
қалыптасқан нормаларға сай өзге елдерден де орындалуын талап
етуге толық құқылы болуымыз керек.
Аманкелді МҰҚАН
56
Ислам
Ақмұратұлы
Жеменей 1952 жылы Иран
Ислам
Республикасының
Горган қаласында дүниеге
келген. 1980 жылы Тегеран
қаласындағы Шәһид Беһешти
атындағы Иран ұлттық
университетін
психология
мамандығы
бойынша
бітірген. 1986 -1989 жылдары
Түркиядағы
Стамбул
университетінің экономика факультетінің магистратурасында
оқыған. Қазақстан республикасында филология ғылымдарының
кандидаты (1999) және филология ғылымдарының докторы
(2007) ғылыми атағы үшін диссертация қорғады.
1990-93 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің шығыстану факультетінде парсы тілінің
оқытушысы, Түркияның «Заман қоғамының» Қазақстандағы
өкілі, «Заман-Қазақстан» газетінің редакторының орынбасары,
Иран-Қазақстан бірлескен компаниясының директоры болды.
1996 жылдан бастап Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы
қазақ-түрік университетінің доценті, Түркітану және
этнография институтының ғылыми қызметкері, Абылай хан
атындағы университеті, шығыс кафедрасының доценті болып
қызмет істеді. 2000-2010 жылдары М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университетінің жетекші ғылыми
қызметкері, 2007 жылдан ТарМУ-дың Дулаттану ғылыми-
зерттеу орталығының жетекшісі, директоры, профессоры
болды. 2010-2011 жылы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының ежелгі және ортағасырлық әдебиеті
бөлімі меңгерушісі болды. 2011 жылдың ақпан айынан Сүлеймен
Демирел атындағы университеттің оқытушы-профессоры,
жетекші ғылыми қызметкері болып қызмет атқарады.
Ислам Жеменей Иран, Ауған, Түркия қазақтары, еларалық
мәдени байланыс және сопы әдебиеті мен түркілік ежелгі
және ортағасырлық тарихы, мәдениеті мен әдебиетіне, Қазақ
тарихы мен әдебиетіне қатысты көптеген зерттеулердің һәм
бірнеше сөздіктердің авторы. Сондай-ақ ғылыми әрі ұлттық
мәселелер бойынша екі жүзден аса мақалалар жариялаған.
Төменде ғалымның ежелгі «Зафарнама», «Бабырнама»
және «Тарих-и Рашиди» шығармаларындағы қазақ
халқының тарихына қатысты деректерге арналған еңбегін
назарларыңызға ұсынып отырмыз.
қазақ тарИХының дерекнамалары
Жазба дерек тарихнамаларда Қазақ сөзі бірде этникалық,
бірде лексикалық мағнада көрініс тапқан.
Әуелі «Қазақ» сөзі ортағасырлық парсы, түркі тіліндегі жазба
деректерде қай уақтан, қандай мағнада қолданып келген деген
сұрақтарға жауап іздегенде қолда бар жазбаларға қарағанда
әзірше алғаш рет қазақ сөзін тарихшы Шарафеддин Әлі
Йәзди (туған жылы белгісіз 1454 жылы қайтыс болған) 1424
1425 жылдары парсы тілінде жазған «Зафарнама» кітабынан
кездестіреміз.
Қазақ сөзі «Зафарнамада» «һәзаре» сөзімен бірге
қолданылған:
«Сарбұға мен Әділшаһ Қамареддинге қосылған соң
Қамареддиннің бұрыннан ішінде сақталып келе жатқан кек оты
одан әрі лаулай түскендіктен оны адастырып, пасықтық іске
итермеледі. Содан Қамареддин Әндіжанға жорыққа шықты.
Осы оқиғадан кейінқазақ һәзарелері әмірзада Омар Шейхтан
бас тартып, Қамареддингеқосылды». («Зафарнама»: 329
бет) Осы мәтіндегі қазақ пен һәзаре сөздерінің тіркесі қандай
мағнада болған? Һәзаре парсы тілінде мыңдық деген мағнаны
білдіреді. Осыған орай бұл тіркестің қандай жағдайдаайтылғаны
ойландырады. Қамареддин мен Әмір Темір арасындағыұрыс
керіс шамамен 13631375 жылдары болған. Осыған қарап
қазақсөзі сол кездері қолданыста болғанын білдіреді.
«Зафарнама» кітабында екінші рет қазақ сөзі Әмір Темір
Ташкентке барып, кейін қазақ уалаятына қарай шабуыл
жасағанын жазады. Ол оқиға былай баяндалған: «Ол Ташкентке
қарай бет алды. Ол уалаятты әділет пен игілік нұрына және
кешірімділік пен алғысқа бөледі. Ол аймақтың тұрғындары Әмір
Темір жорық жасамай жатып, оның алдына келіп бас иді. Олар
Әмірді мойындаған үшін Әмір оларға сыйсияпат беріп, өзінің
шапағат мейіріне бөледі. Осылайша тұрғындар әмірдің рақым
шашқан назарына ілікіп, қан мен үрейден аман қалған болатын.
Тағдыр үкімінің ағысы іске асып Әмір Темір: «Әскерлер
оларға мүлдем тиіспесін. тіпті, тұрғындарға аздыкөп зиян да
келтірмесін.
Содан әлем жұртшылығы әркім өздерінің жақсы, не жаман
істерінің жазасын тартатынын білетін болады. Мына аятқа сай:
«Кім ізгі іс істесе, өзі үшін. Жамандық істесе де өзі үшін» (41
сүре, 46 аят) деп бұйрық берді. Саһиб қыран ол жерден өтіп, Қазақ
жұтұр уалаятына жорық жасады. Жеңімпаз мұжаһид әскерлері
биік тауларда мекендеген адасқандардың барлығын жамандықты
өртеуші семсердің жеміне айналдырды. Қазақ жұтұр елін тонады.
Малмүлік пен олжалар қолға түсті». («Зафарнама» 551бет).
Бұнда «қазақ жұтұр» деген тіркес бар. Бұл мәтіндегі «жұтұр»
сөзінің қандай мағнаны беретінін түсіне алмадық.
Сөздіктерден де таба алмадық. Сосын аталған сөз «жұрт»
сөзінің өзгертіліп айтылған түрі ме деп ойладық. Өйткені
автор түркі тілін білмеген әрі араб әліппесінің таңбалары
тілдердің дауысты дыбыстарын таңбалауға жеткіліксіз болып
келеді. «жұтұр» сөзі «жұрт» сөзінің баламасы болса қазақтың
территориясы болған жұрт. Бұл оқиғалар IY ғасыр аясында болып
жатқанын ескерсек, қазақ жұртының тарихы, әлде ерте заманда
қалыптасу процессін бастан өткізіп жатқанын байқатады.
Өйткені, Ел болып, жерге қожалық ету ұзақ уақытқа созылатын
процесс.
Жазбагер еңбегінің тағы бір тұсында былай делінген:
«Олардың аттарын олжалап, мың кісіні қос аттан тездетіп жүріп,
Хожәнд өзенінен өтіп, Қазақ жолы арқылы Самарқанға бет
алды». («Зафарнама» 975 бет). Бұл сөйлем Қазақтың өз атауы
мен территориясы бар болғанын анық байқатады.
Түйіндеп айтқанда, тарихтың осындай аласапыран кезеңде
жазылған «Зафарнама» кітабы Әмір Темір салтанат құрған
(13701405) жылдарғы оқиғаларды қамтиды. Ал кітаптың
кіріспе бөлімінде түрік тайпаларының пайда болу тарихы,
Шыңғыс ханның төрт ұлының билігіның тарихы, Орта Азия мен
көршілес елдердің XIY ғасырдың бірінші жартысындағы саяси
ахуалы және сол кездегі рутайпалар аймақтарды әмірліктер мен
сұлтандықтарға бөлшектеп билегендері және солардың таққа
таласқан таластартыстары сипатталады. Сондай аласапыран
кезде Әмір Темір саяси сахнаға шығып, түркі тайпаларын бір
орталықтан басқару жүйесіне енгізіп, ұлы мемлекет құрғанын
айқын сездіреді.
Сонымен қатар Қазақ халқының да топтасу барысының жүріп
жатқанын байқауға болады. Сондықтан Әмір Темір Орталық
Азияда рутайпалық шашыраңғы биліктерді қалай бір тудың
астына жинап, ұлы мемлекет құрған болса, дәл солай әр тұста
шашырап жүрген қазақ топтарын кейін Керей хан мен Жәнібек
хан да бір ту астында жинап, Қазақ хандығын құрғанының куәсі
боламыз. Әмір Темір Самарқан қаласын астана етіп, жаулап алған
елдерден құрылыстың, өнер мен әдебиеттің озық мамандарын
жинап Самарқан қаласының көрінісін де, руханиятын да
көркейтіп, дамытты. Көшпенді Қазақ хандығының бұндай
қазақ тарИХының
дерекнамалары
57
табысқа қол жеткізуі мүмкін болмады. Бірақ көшіпқонып
тіршілік ету оларға жаулардың тегеуренді шабуылдарынан аман
қалып, өмір сүрулеріне мүмкіндік туғызып отырды. Сонымен
бірге қазақтың көшпенді салты ежелден келе жатқан түркінің бай
ауыз әдебиетіне ие болу мүмкіндігін берді. Бұл өте маңызды
құбылыс ретінде тереңірек зерттелуге тиіс тақырып.
Сондайақ, Әмір Темір отырықшы қоғамның көсемі ретінде
Самарқан шаһарын әлемнің ең көрікті қаласы етуді
армандады.
Екіншіден бүкіл әлемге өз билігін жүргізуді мақсат етті. Сол
себептен көздеген екі мұратмақсатына жеткен деп тарих куәлік
етеді.
Оған айғақ Самарқан қаласының көркі және ғажайып
ғимараттары күні бүгінге дейін әлем жұртшылығының көз
айдыны болып келеді.
Жыл сайын мыңдаған саяхатшы Самарқан шаһарын
тамашалауға дүниенің түкпіртүкпірінен сонда ағылып жатады.
Екінші арманына орай Әмір Темір және оның ұрпақтары
жүздеген жыл Орталық Азия, Иран, Ауғаныстан, Үндістанға
дейінгі кеңістікті биледі.
«Зафарнамада» Әмір Темірдің Жайық бойындағы Сарай мен
Сарайшық қалаларын ойрандап, күлталқанын шығарғанын да
сипаттап берген. «Зафарнамада» Сарай туралы мәлімет бірнеше
рет беріледі.
Соның біріінде: «Батыйды Қыпшақ даласына Үгедей
қағанның бұйрығы бойынша таққа отырғызып, қайта оралды.
Сарай шаһарын Батый тұрғызды» делінеді.(«Зафарнама»151бет).
Мұнда қаланы кім салғанын жазса, ендігісінде ойран болғанын
хабарлайды. Онда: «Саһиб қыран Қажы Тархан маңына жеткенде
әмірзада Пір Мұхаммед Жаһангер, әмір Жаһаншаһ, әмір Шейх
Нұреддин, Темір қожа Ақбұғаны әскермен бірге Сарай жаққа
жөнелтті. Өзі таңсәріде арнаулы шағын атты адамдармен Қажы
Тарханға жорыққа шығып, ондағы жандыжансыздың барлығын
онап, талантаражға салды. Сол жердің әкімі Мұхаммедиді мұз
астына жіберіп, балықтарға жем қылды. Жеңімпаз әскер мұз
қатқан Еділ өзенінен өтіп, Сарайды жаулап алып, отқа өртеп,
жақты. Сол төңіректің мал қорасын, дала тұрғындарын түгелдей
тонап, айдап, алып келді. Сарайды ойрандау себебі, олардың
әскері саһиб қыран Фарс пен Иракты жаулап алумен әлек болып
жүрген кезде олар Мауәраннаһрдың бос қалғанын пайдаланып,
шабуыл жасап, Қазан сұлтан ханның Шынжыр сарай аты әйгілі
сарайын талқандаған болатын. Міне сол үшін Сарай осылайша
астанкестені шықты». («Зафарнама»582 бет) Қазақ сөзін
қолданған тағы бір шығарма «Бабырнама» кітабы.
Бұл кітаптың авторы адамзат тарихында ерекше орны
бар Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр (14831530). Бабыр өз
шығармаларын түркі тілінде жазған. Аталған еңбегін көріп,
естіген, оқыған тарихи оқиғаларды жылнама түрінде 1493
1529 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды қамтитын
кітап етіп жарыққа шығарған. Еңбек өте құнды болғаны үшін
түркі тілінде жазылғанымен парсы һәм әлем елдерінің өзге
тілдеріне аударылып келеді. Бұл кітаптың тілі жеңіл, түсінікті әрі
қарапайым болуымен қатар мазмұны маңызды тарихи оқиғаларға,
философиялық –дидактикалық ойға, көркем бейнелеу сөздерге
өте бай. Бабыр қарапайым сөздер мен терең ойлар арқылы
түркі тілінің құдіретін көрсетіп, оның беделін асырып отырады.
Сондықтан ойы бар, жаңалығы құнды туындыларды әрбір халық
өз тіліне аударып алуға мүдделі болды. Бабыр аталған кітабында
«қазақ» сөзін көп рет түрлендіріп, түрлі мағынада қолданған.
Мәселен: «Екінші қызыменің анам Құтлық Негар ханым еді.
Көбінесі қазақлықтар да әлсіреп, күйзеліске түскенде менімен
бірге еді» дейді. («Бабырнама» 13 бет).
«Бабырнамадағы» бұл сөйлемде анасы Құтлық Нигар ханым
Бабырмен қазағылықтарда бірге болғанын ескерсек, Бабыр
анасын жорықтарға өзімен бірге алып жүрмесі анық. Сондықтан
қазақлықтың аталған мәтінде: орталық биліктен шеттеп, еркін
жүрісті меңзейді. Бұл жайыт үш себепті орын алуы мүмкін: бірі
билікке таласқанда қарсылас өте қуатты болған жағдайда екінші
жақ кең даладан панажай іздеп, саяси қуғын ретінде қазақы еркін
өмірге көшеді.
Екіншісі орталық билікке бағынғысы келмейтін тұлғалар
мен топтар, далада аң аулап, сәтті уақытын күтіп, тіршілік ете
тұрады.
Үшіншісі өзінің болмыс табиғаты қалалық тіршілікті
сүймейтін жандар, қазағылық өмір салтын ұстанады, олар
даладағы еркін өмірге құмартқан адамдар дей аламыз. Осыған
орай «қазақ» сөзі еркін, еркіндікті сүйетін жан деген мағнада
қолданылған.
Бабыр «Алашы» атауының шығу себебін де өз еңбегінде
жазғанын атап кеткен жөн. Ол Сұлтан Әбусаид мырза әулеттері
туралы жазғанда «Сұлтан Маһмұд ханнан кіші баласы Сұлтан
Аһмет хан еді, ол Алшы ханға мәшһүр дүр, Алшының аталуына
былай делінген: қалмақ пен моғол тілінде өлтіркішті «алашы»
деген. Калмақты неше қайта басып, қалың жұртын қырған
үшін «алашы» депті, көп қолданып келе «алшы» болып тұр».
(«Бабырнама» 14б). Алаш атауын осы түбірге байланысты
болжайтын болсақ Бабыр алғаш зерттеуші ретінде бұл атауды
айналымға салып отырған ғалым.
Бабыр Қазақ хандары Әдік Сұтан мен Қасым ханды былай
еске алады: «Өзгеден кіші бір қыздың үлкені Сұлтан Негар ханым
еді. Оны Сұлтан Маһмұд мырзаға ұзатқанды. Мырзадан Сұлтан
Уайыс атты бір ұл болған. Оның әңгімесі осы тарихта келтіріледі.
Сұлтан Маһмұд мырза өлгеннен соң ұлын алып, ешкімге хабар
қылмай Ташкентке, ағаларына барып еді. Бірнеше жылдан соң
Әдік сұлтанға тиді. Әдік сұлтан Шыңғыс ханның үлкен ұлы
Жошы нәсілі, Қазақ сұлтандарының бірі болған. Негар ханым
хандарын Шейбани хан басып, Ташкент пен Шаһрохиені алғанда
он, он екі моғол нөкерімен қашып Әдік сұлтанға барды. Әдік
сұлтаннан екі қызы болды. Бірін Шейбан сұлтанларына және бірін
Сұлтан Саид ханның ұлы Рашид сұлтанға берді. Әдік сұлтаннан
соң Қазақ ұлысының ханы Қасым хан болды.» Бұл әңгімелерге
қарағанда, Қазақтың хан мен сұлтандарының арасында ешкім ол
ұлысты Қасым хандай берік қолға алып, билеген емес. «Ерікті
әскері үш жүз мыңға жуық жиналған еді. Қасым хан өлген соң
ханым Кашғарға Сұлтан Саид хан қасына келді». («Бабырнама»
14 бет). «Бабырнама» кітабының түпнұсқалық түркі тіліндегі
бұл мәтіннің сөзі мен сөйлем құрылымын қазқалпында беруге
тырыстық. Байқасақ, мәтіннің жалпы сөздері қазақшаға бейім
келеді. Сондықтан өз заманында Бабыр тілі түркілерге түсінікті
ортақ тіл болғанға ұқсайды. Бұндағы айырма баржоғы екі
заманның тілі мен ділін ажыратып, алыстатқан екі түрлі жазумен
таңбаланып жатқаны екені нақтыланып тұр.
Екіншіден, Бабыр Қазақ хандығына Қасым хан арқылы
өзге хандықтардың хандары арасында өзіндік орынға ие екенін
көрсетіп биік баға беріп отырғаны үшін біздің тарапымыздан
ұлықтауға әбден лайық тұлға. Өйткені Бабыр патшаның Қасым
ханға берген бағасы аса маңызды һәм шындықтың тарихи
мәйегі.
Бабыр әкесінің әмірлерін таныстырып баға берген тағы бір
тұсында қазақ сөзінің тіркесін былай қолданған: «Тағы бірі
Қасымбек еді.
Қаушын еді. Бұрынғы Әндіжан қосынының бектерінің
бірі еді. Асанбектен соң менің жанымда билік иесі ол болған.
Өмірінің ақырына дейін билік пен беделі артты және өксімеді.
Мәрт кісі еді. Бір мәрте Касан өңірін шапқан өзбектің артынан
барып жайпап тастаған. Омар Шейх мырза қасында қылыш
сермеп жүргенді. Иасы кешіті (өткел, кешу) ұрысында да жақсы
шабысты. Қазақлықтарда Мәсша тауынан Сұлтан Маһмұд
ханның қасына бармақ ниетін қылғанда Қасымбектен бөлініп,
Хұсрау шаһ қасына кетті». («Бабырнама» 17б). Бұл мәтін
қазақлық сөз тіркесі «далалық еркін өмір салты», – деген ұғымды
білдіреді. Бұл адамдар өмірден шаршап, шалдыққанда жайлауға
барып дем алып, бой жазғандай жағдайды меңзейді. Екінші
жағынан, түркілер қаншалықты қалада тұрса да далаға, оның
еркін өміріне сағыныштары жоғалмаған.
Өйткені, кейде қазақылық пен барымташылық балама сөздер
болып көрінеді. Бірақ Бабыр патша барымтаға барып жүрген
болса оның аты ұлы патша орнына ұлы барымташы атпен де
танылар еді.
|