Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет18/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32

ұранға айналған баймұрат батыр
Баймұрат Байбөріұлының аты Кіші жүз руларының Ресейге 
бодан  болу  кезеңін  де  көрінеді.  Ел  аузында  «Електің  басы 
Есенбай» деген сөз бар. Жайыққа құятын Елек өзенінін басында 
отырғандықтан  Баймұраттың  атасының    атына  орай  айтылған 
әңгіме болса керек.
Есімі  бүгінде  аңызға  айналып,  кезінде  екі  рулы  елге  ұран 
болған  Баймұрат  батыр  туралы  ел  ішінде  әңгіме­аңыздар 
көп­ақ.  XVIII  ғасыр  ішінде  билігімен,  батырлығымен  көзге 
түскен Баймұрат шын мәніндегі тарихи тұлга еді. Сол ғасырда 
қазақ  ордасының Ресейге бодандығы туралы сөз болған тұста 
Баймұрат, Бақтыбай, тағы басқалар хан мен елшіге қаймықпай 
қарсы тұрғандар қатарында болды.
Қазақ даласында жайылымдык, шабындық жерлерді иеленуде 
ру таластары жиі көрініс берген­ді. Осындай келеңсіз оқиғаларды 
көзбен көріп өскен жас Баймұрат 16­17 жасында­ак тұтас руына 
қорған  бола  бастайды.  Аңыздарда  Балғабек  ұстаның  балтасы, 
Қарға ұстаның пышағы, Оразбай ұстаның орағы бар шаңырак, 
киелі, ырысты шаңырақ аталынған. Жауға шапқан Мәмбетұлы 
Есетті  «Шұнақ    Есет»  атандырса,  ауылдағы  ұста  Балғабек 
атанып,  ел  кұрметіне  бөленіпті.  Бұл  тұста  Кіші  жүз  елінде 
атағы  жер  жарған  Тама  Есет,  Көтібардың  Есет  батырларымен 
қатар  Алаша  Есет  би  шыққан.  Есет  пен  Балғабек    ұста  садақ 
және жебе жасаудың шеберлері екен. Баймұратпен қоян­қолтық 
ұрыстарда  бірге  болған  Есет,  Баубектердің  есімдері  бүгіндері 
ел  ішінде  құрметпен  аталады.  Құба  қалмақтар  Еділ  бойынан 
біртіндеп қазақтарды жаулап, Сыр өңіріне де жетіпті. Олардың 
алдыңғы шептері казіргі Қызылорда облысының Қараөзек өзені 
аумағындағы «Ауыз көл», «Қарарын», «Кілем жайғанға» дейін 
келіпті. Қараөзектің Құмкөл жақ бетіндегі жаппастардың (Өтек 
аталығының)  малдарын  тартып  алады.  «Зортөбеде»  тұрақтап 
тұрған қалмақтар Баймұрат батырдың қол бастап шыққанынан 
хабардар болып, кейін шегіне бастапты. Жауды өкшелей қуған 
Баймұрат  батыр  жасақтары  (200­ден  астам  сар баз)  Қаракөл, 
Байкоңыр  өзендерінің  маңында  қалмақтармен  ұрысқа  түседі. 
Ұрыс  кезінде  жер­суды  жақсы  білетін  Жаппас  қосыны  аз 
әскерлермен­ақ  жеңіске  жетіпті.  Күн  санап  Баймұрат  жасағы 
ұрыстарда  шыныға  түседі.  Осы  кезеңдерде  Баймұрат  есімі  де 
ауыл­аймақтан  асып,  біраз  жерге  жайылады.  Батыр  жасағына 
Алтын, Жаппас, Алаша руларының сарбаздары күн сайын келіп 
қосылып жатқан. Осы тұста жаңадан қосылған жауынгерлерді 
қалмақтардан ажырату мақсатында басшысы Баймұраттың атын 
атап  атойлап  шауыпты.  Бұдан  әрі  Баймұрат  батыр  жасақтары 
Кемесалған,  Диірментөбе,  Майлыбас,  Басықара,  Қазалы, 
Ырғыз, Мұғаджар тауы, Маңғыстау түбіне дейін жетіп, Емілде 
қазақтың  басқа  батырлары  бастаған  жасақтармен  тізе  қосып 
жауды  қуған  деседі.  Баймұрат  батыр  хақында  аңыз  осылай 
жалғаса  береді.  Баймұрат  батырдың  1726­1727  жылдардағы  
Білеуті, Бұланты өзендері бойындағы ұрыстарға қатысқаны (ол 
жер «Қалмақкырылған» атанған) және 1729 жылғы «Аңырақай» 
шайқасына қатысқан батырлардың бірі болғаны және жүз сексен 
бес үйір жылқысын алғаны ел әңгімесінде айтылған. Қазақстан 
тарихындағы басқыншылар мен күресте есімі ел есінде қалған 
аға батырлардың бірі ­ Баймұрат батыр.
Шаған өзені бойында болған қатты ұрыста қазақ жасақтары 
үш  бөлініп  басқарылады.  Бір  бағытта    басқаруға  Баймұрат 
кеңесшісіне Байқозы батыр тағайындалтан. «Шалқар» газетінің 
1991  жылғы  19  көкегіндегі  №15  санындағы  «Қабанбай  халық 
баты ры»  атты  мақаладаты  өлең  жолдарында:  ...Ер  Қосым, 
Баймұрат  пен  Райымбек,  Болғаны  оған  серік  қазаққа  анық,  ­ 
деген жыр жолдары бар. 1748 жылдың қазан айы ішінде (№166 
құжатта)  Нұралы  сұлтанның  анасына  келуіне  орай  12  бидің 
бірі  Баймұрат  барып,  Әбілхайырдың  қайтыс  болғанына  көңіл 
айтқан.  Сондай­ақ,  Баймұрат  батыр  хан  кеңесіне  қатысып 
отырған. Баймұрат батыр тарихта, әдебиетте қалай суреттелді? 
Жазушы  Әбіш  Кекілбаевтың  «Үркер»  атты  романында  (1981) 
«...жаппастар  хан  ордасын  да  қамап  алып  айқайды  салып 
жатыр. Түн ортасынан енді ауа бергенде Баймұраттың жігіттері 
лақтырған қыл тұзақ Тевкелев отырған үйді белдеуінен орап­ап 
сытырлатып ырғай бастап еді, ханның бір адамы шауып келді: 
«Тоқта,  батыр,  екі  жігітің  босатылды»,  ­  деп  Баймұраттың 
әрекетінің токтауына әсер етеді.» (352 бетте). Мұнан әрі Әбіш 
Кекілбаев  «...  Жау  десе  сауытын  киюді  ұмытып  жалаңаш 
шабатын,  жау  десе  ішкен  асын  жерге  коятын,  оның  үстіне 
аузынан  абайсыз  шығып  кеткен  сөзінің  өзін  орындатпай 
қоймайтын  қасарыспа  Баймұрат  хан  маңындағыларды  елшінің 
қасына  аттатқызбай  қойды»  дейді.  (456  бет).  Әбекең  ағамыз 
«Үркер» мен «Елең­алаң» атты кітабын жазу үстінде көп оқып, 
көп  ізденгенін,  тарихи  кітаптар  мен  мұрағаттың  құжаттармен 
кең танысканын, романды оқи отырып сезіне түсесіз. Ағылшын 
Джон Кэстельге хан ордасындағылардың келген екі кісінің бірін: 
«...Жаппас  руының  бас  биі  Баймұрат»,  –  деп  таныстырғанын 
Әбіш  Кекілбаев  жазса,  ағылшын  саяхатшысы  Джон  Кэстель 
өзінің 1736 жылы Әбілхайыр ханда болған күндеріне күнделік 
арнапты. «...Маусымның жиырма үшінде күн шығар­шықпастан 
тағы жолға шықтық, орда адамдарымен үш сағат бойы жортып 
келе  жаттық.  Осы  жерде  бізге  Баймұратбай  (Баймұрат.  ­  Т.Д.) 
батыр  есімді  бір  қарт  кісі  келіп,  мемлекеттік  кеңесші  әмір 
беретін болса, Орынборға 1000 қой айдататынын нық сеніммен 
айтты»  (222  бет).  Осындағы  Баймұратбай  дегеніміз  жоғарыда 
әңгіме етіп отырған Баймұрат батыр болар. 1731 жылғы Ресейге 

65
бодан болуға қарсы шыққан бірен­саран батырлардың бірі де ­ 
осы Баймұрат. Бодандыққа қарсы көтерілген (1731 жылдың 22 
казанында)  Баймұрат  Әбілхайыр  хан  мен  Тевкелев  елшілігіне 
шабуыл  жасаған.  Бірақ  кейіннен  көптеген  билердің  кеңесінен 
кейін  және  елші  Тевкелевтің  түрлі  әрекеттері  оны  өз  ойынан 
кайтарып,  бітім  жолдарын  іздестіреді.  Бұл  жөнінде  «XVI­
XVIII  ғасырлардағы  қазақ­орыс  қатынаста­  ры»  құжаттарында 
жазылған. 1748 жылдың 21 қыркүйегінде Нұралы сұлтан бірнеше 
билер және батырлармен анасы Бопай ханшаға келгені туралы 
«...Абпасского роду ­ Баймұрат, Чиклинского роду ­ Бақтыбай», 
деп  нақтылай  жазылған.  Ал  жазушы  Александр  Сергеев  1983 
жылы  «Жазушы»  баспасынан  «Петербургский  посол»  атты 
тарихи  романын  шығарды.  Аталған  кітапта  Петербордан 
патшайымның бұйрығымен қазақ даласына елші болып келген 
Тевкелев  пен  Әбілхайыр  ханның  арасындағы  жайлар,  елшінің 
келуіне карсы билер жайында, әсіресе (68 бетінде) Баймұраттың 
мінезі мен түр­түсіне, оның көзқарасын көркемдеп жазған. «...
Зверь он, зверь и есть!» Башкұрт Кидрястың сөзімен айтқанда: 
«...Баймұрат ашуланғанда көзіне қан толады».
Хан кеңесінде болған жайларды суреттей отырып А.Сергеев 
«...Но  дорогу  ему  пре градил  нестарый  кайсак  в  богатом, 
зеленого бархата халате. Сухое, смуглое лицо его было бы даже 
красивым, если бы не вылезший из орбиты правый глаз», ­ деп 
Баймұрат батырдың бар болмыс­пішімін суреттеген. Ол қанша 
жамандағысы  келсе  де,  оның  айбатын,  кайсарлығын  жоққа 
шығара алмаған.
Хан ордасында билер мен батырларга орыс елінің елшілігінің 
мәні  мен  мақсатын  және  Ресей  мемлекетінің  күштілігін  сөз 
ете  бастағанда  Тевкелевтің  сөзін  аяктатпай  Баймұрат:  «...Твой 
язык лжет. Тауыкел, не гость ты, враг нам» деген. Осы кеңесте 
Әбілхайыр  хан  мен  Баймұрат  арасында  келіспеушілік  болып, 
Баймұрат батыр кеңестен кетіп калады. Бұл жағдайдан хабардар 
болып  отырған  жоңғарлар  Баймұратқа  сөз  салып,  кездесуге 
шақыруы мүмкін. Баймұрат батыр есімі Алтын, Жаппасқа ұран 
болып,  күні  бүгінге  дейін  батыр  есімі  аса  кұрметпен  аталып, 
қастерленіп  келеді.  Демек,  Баймұрат  батырдың  ел  тәуелсіздігі 
жолында күрестері халық жадында сақталып бүгінге жетіп отыр. 
Осы тұста Баймұрат батырдың жас шамасын анықтауға мүмкіндік 
бар. Өйткені,1736 жылы ағылшын Джон Кэстель Әбілхайыр хан 
ордасында болғанда Баймұратты көріп, оны кария жаста десе, 
М.Тевкелев оны жас деп жазған. Олай болса Баймұрат сол тұста 
жас та емес, карт та емес 35­40­тағы кісі болса керек. Шамамен 
Баймұрат  батыр  1690­1691  жылдарда  туып,  1761­63  жылдарда 
өмірден  өтсе  керек.  Өйткені,  мұрағат  деректерінде  1748­1750 
жылдардан  кейін  Баймұрат  Бөрібайұлының  есімі  кездеспейді. 
Жалпы шежірелердің бәрінде Жаппас ұраны «Баймұрат» екені 
айтылғанмен  оның  елге  сіңірген  еңбегі,  не  себепті  ұранға 
айналғаны  туралы  бүгінгі  ғылыми­көпшілік  әдебиетімізде 
дұрыс  баяндалмай  келе  жатқан  сияқты.  Билердің  беделі  мен 
күштілігі  шыққан  руларының,  яғни  шығу  тегінің  ежелгі 
көшелігімен,  олар  кіретін  рулардың  үстемдігімен  анықталады. 
Қазақ ұлыстары билерінің кейбір ерекше құқықтары болды: қол 
астындағы руларға сот, әкімшілік, әскери билік жүргізу ханнан 
баска тек билерде ғана болды. Олар жалпы мемлекеттік істерді 
шешу  үшін  жыл  сайын  шакырылатын  «халыктық  жиынға» 
сұлтандармен бірге қатысты. Ең беделді ру басшылары ханның 
қол астындағы «билер кеңесіне» кірді.
Қазақ    елі  Ресейге  өз  еркімен  қосылды  дегенде,  алдымен 
Әбілхайыр ханның 1730 жылы Анна патшаға жазған хаты, оның 
берген анты ауызға алынады.
Ресей  еліне  бодан  болуға  әу  баста  қарсы  болған  Жаппас 
Баймұрат,  Әлім  Бақтыбай,  Сырлыбай,  Бәби  сынды  билер 
мен  батырлар  еді.  Бірқатар  туындыларда  оларды  ұрда  жық 
етіп  көрсетіліп  келді.  Ал  Ресейге  қазақтардың  өз  еркімен 
қосылғанына 250 жыл толу қарсаңында жоғарыда аты аталған 
билер, батырлар жағымсыз кейіпкер етіп суреттелген. 
1755  Жылы  Байғазы  батыр  мен  жоңғарға  шабуыл 
жасағандардың  ішінде  Баймұраттың  есімі  (Еміл  түбінде) 
кездеседі. Баймұраттың батыр тұлғасын, хан алдында қасқайып 
тұрып  өз  ойын  айтуы  да  карапайым  халықтың  жоқшысы, 
қорғаны болғанын сол жазбалардың өзі айқындап беріп отыр.
Көкжал  Барақ  сұлтанмен  тізе  қосып  ел  ісіне  араласуынан 
оның Орта жүзге де қадірлі, сыйлы болғанын аңғарамыз. Демек, 
Баймұрат  батыр  бір  аймақтың  ғана  емес,  қазақ    халқының 
тәуелсіздігі жолында күрескендердің бірі болған бірегей тұлға.
Сол  кезеңде  Жаппас  елінің  бұйда  ұстары  болғандыктан  да 
Баймұрат есімі Жаппас руына ұран болып келген.Жалпы архив 
деректерімен қатар түрлі  жинақтарда әсіресе Қабанбай, Байқозы, 
Ер  Жәнібек  туралы  жазылған  дүниелерде  жаппас  Баймұрат 
батыр деп  айшықтап жазылған. Демек, Баймұрат  батыр қазақ 
халқының тәуелсіздігі жолында күрескен бас батырлардың  бірі 
деп есептеймін.
Баймұраттан Байтүгел, Баяу, Алаң, Малбасар, Болат ұрпағы 
өсіп­  өнген.  Баймұраттың  Алаң  деген  ұрпағынан  Кеңестер 
Одағының батыры Нағи Ілиясов тарайды. Қызылорда облысы, 
Сырдария    ауданында  Н.Ілиясов  атында  ауыл  бар.  Аты  ұранға 
айналған  батырға  жеткілікті  дәрежеде  құрмет  көрсетілмей 
отырылғаны насихаттың аздығы болса керек.
Ендігі  жерде  қазақ  хандығының  550  жылдық  тойы 
қарсаңында есімі ұранға айналған бас  хас батыр Баймұраттың 
есімі ұлықтауға тиіс.
қазақ Хандығындағы бИлердің орны 
мен ролі
Қазақ қоғамында хандар мен қатар билердің ролі зор болды. 
Олар  далалық  заңдылықтарын  сақтай  отырып  хандықтағы 
іргелі істерге, көршілес елдермен орын алған дау­жанжалдарды 
шешіп, ханның мемлекетті дұрыс басқаруына ақылшы да.
Қазақ  қазақ  болғалы  аталы  сөзге  тоқтап,  халық  сайлаған 
билерді  қастерлеп,  олардың  билік  шешімдері  мен  кесімдеріне 
келіскен халық.
Қазақ  ұлттық  энциклопедиясында  –  Би  туралы  арнайы 
тоқтап, бидің қоғамдағы және өмірдегі рөлін бағамдап жазған. 
Би сөзін түрлі зерттеушілер: 1. ел билеушісі, иелік етуші; 2. сот, 
төреші; 3. батагой, шешен; 4. бітістіруші дипломат, елші ретінде 
ұғынылған» – деп ортақ байламға топтастырған.
ҚРҰҒА  академигі,  заң  ғылымдарының  докторы  Салық 
Зиманов  «Би  –  халық  шежірешісі,  данасы,  әрі  заңгері  атты» 
мақаласында:    «Көне  нысандағы»  қазақ  құқығында  сот  ісін 
жүргізу  даулы  істі  қараудан  өнерге  ұқсас  болды.  Сот  ісіндегі 
сайысушылық  әдет­ғұрыптарды  тарихи  өткенді  білу  мен  қатар 
шешендердің  сайысына  ұқсайтын.  Сондықтан  сот  ісіне  халық 
көп жиналатын, ал «От ауызды, орақ тілді» дейтін билер өздерінің 
бар шеберлігін осында көрсетіп қалуға тырысатын» дейді.
Қазақ  қоғамында  билік  жүйесі  бірнеше  тармақтарға 
бөлінгенін  көреміз.  Ауыл­аймақ  арасындағы  билікті  рудағы 
белгілі  адам  атқарса,  өңір­аймақты  билігімен,  көсемдігімен 
көрінген ру, тайпа басшылары басқарған. Ең жоғары деңгейдегі 
билікте  негізінен  хандар  мен  сұлтандар  болған.  Негізгі  билік 
оларда  болғанмен  билер  олардың  биліктерін  шектеп  отырған. 
Батырлар мен байларға қарағанда билер тобы халыққа жақын. 
Өйткені, олар алдарына келген дау­жанжалдарды көпшілікпен, 
жариялы  түрде  шешкен.  Кейде  билер  ру  басшылығы 
мен  әкімшілік  қызметті  де  қоса  атқарып  қана  қоймай, 
қарамағындағылардың іс­әрекетіне де жауапты болған.
Бізге жеткен ауызша әңгімелерден (қазақ, ноғай) заманында 
Едіге, Ормамбет билер мен қатар Оғызханның биі болған Қорқыт 
Ата абызды атауымызға тура келеді. Қорқыт үш ханның уәзірі 
болған кісі. Ал қазақ хандығының алғашқы күнінен бастап хан 
қасында отырып ақылшы болып, елге билік айтқан билер көптеп 
саналады. Солардың бірі Мухаммед Хайдар Дулати деп атауға 
тура келеді. 
1695  жылы  қазақ  ордасына  келген  орыс  елшілері  Тәуке 
хан  ордасының  таңдаулы  адамдарымен  ақыл  қосқанын  жазса, 
тарихтан  белгілі  Абылай  хан  жоңғар  қолына  түсіп  қалғанда 
Қаздауысты  Қазбек  би  елшілікке  барғанда  Қалдан  Серенге 
айтқаны... «біз, қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай 
жатқан елміз, басымыздан қуат береке қашпасын деп, жеріміздің 
шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз» деп жоңғар 
ханын  сөзден  жеңіп  Абылай  ханды  елге  алып  қайтқан  екен 
деседі.

66
«Тура  биде  –  туған  жоқ»,  –  дегендей,  қазақ  халқының 
тарихында  қара  қылды  қақ  жарған  билер  өте  көп  болған. 
Солардың басындағы Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, Әйтеке 
би  т.б.  ханның  өзімен  шендескен  әрі  олар  көршілес  қалмақ, 
жоңғар, қоқан, хиуа, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, түрікмен елдері 
арасындағы  дау­жанжалдарды  шешу  жолында  қоғам  және 
мемлекет қайраткері ретінде көріне білген.
Патша заманының кезеңінде билерді генерал­губернаторлар 
сайлап,  бекіткен.  Жалпы  қай  кезеңде  болсын  бидің  рөлі 
төмендеген емес. Жұртшылықтың өзі сайлаған билер патшалық 
билерден  анағұрлым  беделді  болған.  Оның  мысалы  Қалдан 
Талқанбайұлының өмір жолынан көреміз.
Кей кезде ел­елдің, мемлекет арасында жүрген билерді елші 
деп те атаған. Тарихта Таңатар, Тәтімбет, тағы басқа кісілердің 
елші ретінде танылғаны белгілі. Демек елші – дегеніміз де би. 
Шешен  де  бидің  орнында  болған.  Оны  Әз  Жәнібек  ханның 
тұстасы Жиренше шешен сөздерінен байқалады.
Қазақ  халқының  (Қазақ  хандығының  –  Т.Д.)  тарихында 
билер  кеңесі  ең  жоғарғы  билік  айтатын  орын  болған.  Әсіресе 
өте  үлкен  де  күрделі  мәселелердің  төңірегінде  билер  кеңесіне 
жиналған. Тарихта Мөртөбедегі, Құлтөбедегі, Битөбедегі, ХҮІІІ­
ХІХ  ғасырлардағы  Қарақұм  мен  Ырғыздағы  билер  кеңесі  көп 
нәрсені шешкен кеңестер қатарынан орын алады. Сондай билер 
кеңесінде Тәуке хан «Жеті жарғы» заңын бекітіп, заңдастырған­
ды.
Билер  сотының  казақ  қоғамында  орны  ерекше  болған. 
Нұралы  ханның  іс­  әрекетіне  қарсы  болып,  хан  тағынан 
тайдыруға  –  185  би  қол  қойып,  ақ  патшаға  хат  жазған.  Билер 
соты екі жақты тыңдап алып барып, тіпті ант қабылдатқан кезі 
де  болса  керек.  Қазақ  соты  қылмыстық  іске  үкім,  азаматтық 
істерге кесім шығарып отырған. Екі жақтың биі келісе алмаса 
Төбе бидің алдында тарқасқан.
Тіпті кеңестік кезеңнің өзінде арнайы сайланбаса да ел іші би 
деп таныған адамдарына әрдайым жүгініп отырған. Болмашыға 
бола,  кеңестік  сотқа  шағымданбай­ақ  ауыл  билері  (ауыл 
ақсақалдары)  көп  мәселелерді  шешті.  Тіпті  өз  бұзақыларын 
өздері жөнге салған оқиғаларды көзіміз де көрді.
Жалпы, сонау қазақ заманынан XX ғасырдың 20 жылдарына 
дейін  қазақ  даласында  билік  жүйе  жүргізілді.  Негізінен 
қазақтар ру арқылы өзін­өзі басқарды. Бір­біріне деген қарым­
қатынас, рудың адамдарын қорғау, қамқоршылыққа алу, кейбір 
адамдардың  қылмыстық,  басқа  да  әрекетінің  жауапкершілігін 
сол рудың билері алып, тіпті айыпкер үшін ант беретін кездері 
де кездеседі.
Қазақ халқында, басқа да мұсылман елдеріндегідей шариғат 
жолымен  кесім  де  жасаған.  Келін  сол  отбасының,  сол  рудың 
мүлкі,  жесірі  –  жақын  ағайындарына  қослуы,  ажырасқандары 
сол  рудың  ішінде  адамға  күйеуге  шығуы  міндетті  еткен. 
Қазақтың  далалық  заңында  әділдік,  демократиялық  бет­бейне 
жатыр. 
«Алтын ғасыр» атанып кеткен жылдар дәстүрін сақтап, қазақ 
ханының билер тобын қалыптастырған айтулы, азулы билер көп 
болған. Атап айтсақ Майқы би, Аяз би, Едіге би (Ноғайлы­қазақ) 
Досбол,  Ақтайлақ,  Мөңке  би,  тағы  басқа  билер.  Осылардың 
ішінде Мөңке бидің есімі қазақ даласына белгілі, оны пір тұтқан. 
Ел ішінде «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген 
қанатты сөздер сонау Шыңғысхан заманынан бері жетіп отыр. 
Демек,  билердің  рөлі  мен  орнының  берік,  айшықты  болғанын 
айғақтай түседі. Осы тұста бізде билер деп аталынса кейбір Орта 
Азиялық елдерде бек, датқа атаулары орын алған. Қазақстанның 
оңтүстігінде  (кейбір  аудандарының  жерінде)  ондаған  датқалар 
өмір сүрген. Мысалға Досбол датқа, Тұрсынбай датқалар ХҮІІІ 
ғасырда билік жасаған.
Әдебиетші,  академик  Рахманқұл  Бердібаев:  «Ұлы  билер 
барлық  кезде  үлкенді­кішілі  іс­әрекетінің  бәрінде  ел  мүддесін 
өз  бастарының  мүддесінен  жоғары  қойғандығын»  жазса,  аса 
көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов: «Әрбір хан өз қасында ақылшы 
болатын биді тандағанда, ең алдымен сөз тапқыш, өткір деген 
шешеннен, судырлаған ақыннан алатын» – деп айтып кеткен­ді.
Жалпы,  казақ  билері  жайлы  орыстың  прогрессивтік 
ғалымдары мен шенеуніктері арнайы зерттеу жүргізіп, солардың 
жазбалары  бүгінге  жетіп  отыр.  Мысалы  И.А.Козлов  билер 
туралы мақаласында... «Бии есть живая летопись народа, юрист 
или законовед его» деп, бір қайырған. Қазақ билерінің қоғамдағы 
ролі  жайлы  орыстың  шығыстанушылары  көптеп  жазды. 
Қазақтан  алғашқы  болып  Шоқан  Уәлиханов,  Д.Сұлтанғазин, 
Сәкен Сейфуллин, Салық Зиманов және  басқа да зерттеушілер 
жазды.  Ал  қазақтың  ғалымдары  қазақ  қоғамындағы  билердің 
ролі,  әрі  дамытылуы  жайлы  материалдар  жазғаны  белгілі. 
Басқасын айтпағанда, тәуелсіздіктің 20 жылында жарық шыққан 
кітаптардың ішінде «Мәдени мұра» бағдарламасы мен академик 
Салық Зиманов бастаған ғалымдардың құрастыруымен шыққан 
«Қазақтың  ата  заңдары»  атты  көптомдық  қазақ  даласындағы 
билердің  маңызы  мен  мақсатын,  коғамдағы  рөлін  жаңаша 
айқындап берген туынды.
Қазақтың  дала  заңдарын  зерттеушілердің  басым  көпшілігі 
«Қазақ  билері  өз  тайпасы  мен  ру  атынан  түссе  жақтаушы 
(адвокат), немесе айыптаушы (прокурор), тіпті тергеуші міндетін 
де  атқарған»,  –  деп  жазып,  қазақ  билерінің  жеке,  коғамдық 
өмірде белсенді қызмет атқарғанын да мойындаған.
Қазақ  билерінің  билік  жүргізуі  жайлы  алғаш  зерттеген 
А.И.Левшин  «...Большой  и  Средней  Орд  утверждают,  что 
народные законы их гораздо древнее хана Тявки» (169-170 бет) 
деп жазады 1832 жылғы зерттеу еңбегінде.
Хандық тұсындағы дат ел­жұртқа сөзін өткізе алатын шешен 
тілді билердің әділ көсімдері мен шешімдері қажет­ақ. Қазіргі 
күндерде ел­іші өз арасындағы билік қабілеті бар адамдарды би 
дей  алмай,  ақсақалдар  деумен  шектелуде.  ІІІынында  XX­  XXI 
ғасырдағы  адамдар  арасынан  сұрылып  көрінген  биге  лайық 
тұлғалар жоқ десе болғандай.
 
 
 
 
қысқа күнде қырық шапқан
Тоғанас батыр  туралы  байлам
 
 
Атақты  Балқы  Базардың (1842­1911 ж.): 
...Қысқа  күнде қырық шапқан,
 
Жанқожа, Есет, Қыстаубай.
 
Қасым, Сейіл, Бұқарбай
 
Сәмет пен  батыр  Тоғанас,
 
Солардан да өткен  сұм  заман,         –  деп Сыр батырларының  
ерлігін    аспандатқан  жыры  бар.  Осындағы    Тоғанас  ­  атақты 
Бәйтік  батырдың      баласы.      Тоғанастың  әкесі  Бәйтік,  атасы  
Бәймембет,  бабасы    Тойқожа  да  нағыз  батыр  атанған    кісілер. 
Қазір  Тойқожа батыр  атымен бір  қауым  ел аталып отыр.  
Тойқожа  батыр    Ақжайық  бойындағы    құба  қалмақпен 
болған   бір ұрыста жасағымен  қоршауда қалып, сол  шайқаста  
мерт    болыпты.    Тойқожа    батыр    ерлігін  баласы    Бәймембет, 
немересі  Бәйтік,  шөбересі  Тоғанас,  Бодаштар  жалғастырған.  
Ел    арасында    «Бәйтік­Тоғанас»  деген  атпен    әкелі­балалы  екі  
батырдың  ерлік  істері  аңыз  болып  тараған. 
Бәйтік  Бәймембетұлы  шамамен  1762­1841  жылдарда    өмір  
сүрген    батыр.    Хиуа    мен  Қоқан    хандықтарының    жергілікті  
халыққа  жасаған  озбырлық  әрекеттеріне  қарсы  тұрған. Бәйтік  
батыр  хақында  Балқы  Базар  ғана емес,Тұрмағамбет Ізтілеуов, 
Шораяқтың  Омары  көп    жырлаған.    Батыр  ұстаған    байрақ  
әлі  күнге  сақтаулы.    Замандасы    Жұмырбай    Байғұлыұлы  да         
Бәйтікке  арнаған  өлеңінде:
 
...Қарақалпақ  Нұртайдың,
 
Қамалын алып  қаңғыртқан.
 
Бесқаладан  қашырған,
Мекенінен  асырған,       – деп           шабыттана жырлаған екен.
Атаға  тартып  туған  Тоғанас  та  батырлық    жолды    қуады.  
Өйткені бір  жағынан Ресей  мемлекеті,  оңтүстік  жағынан Хиуа 
мен  Қоқан  бектерінің  үздіксіз  шабуылынан елін,  жерін  қорғау 
күн  тәртібінен  түспейтін  кез.    1830­1831  жылдары  Тоғанас 
атын    іздеп    жүріп  Тайкеткен  өзегінің    қалың  қамысы  ішінен 
жолбарысты  соғып алып, терісін  жамылып  ауылына келіпті.  
Осы  оқиғадан  соң  Тоғанастың батыр  атағы (бұл кезде 15­16 
жастағы  бозбала  – Т.Д.) қалың елге жайылып  кетеді.
Бұл қоқандықтардың Сыр бойына  сұғына  еніп, елден түрлі 
алым­салық    жинап,  зар  илеткен  кезі.  Хиуа  бегі    Қожанияз 
шөмекейлерді  өзіне  бағындыру үшін  500 жасағымен  шабуылға  

67
шығады.  Бұл  хабарды  естіген  Шағырай, Қыстаубай, Сарман 
батырлар  да 500­дей  қол жинайды.  Ішінде  Тоғанас та болады. 
Күмісқорғанның  аралығында екі қол кездеседі. Осы  шайқаста 
жараланса да аттан  түспеген  Тоғанас  пен қазақ жігіттері  жауды  
жеңіп жетіп, батырлық  ісі  одан әрі жалғасқан.
Тоғанас  Бәйтікұлы  1810­1813 жылдарда  туып, 1868­1869 
жылдарда  өмірден  өтсе  керек.  Өйткені  1868 жылдың  күзгі  
түтін пұл  жинауға  қатысты  құжатта (Перовскі уезі, №3 ауыл)   
Баяу  Бәйтіков,  Бодаш    Бәйтіков,  Әлім    Бодашов,  Жақсылық, 
Алдамжар    Аққоянов  пен  Тажығұл    Тоғанасовтың    есімдері  
тіркелген.    Бұл    уақыттарда  Тоғанас    батыр    өмірде  болса  
жазылар еді, демек  батыр  сол  жылдарда қайтыс  болған  деген 
ой  келеді.  Жалпы  мұрағаттағы  дерек көздерінде Тоғанастың 
есімі  1862 жылдардан кейін  кездеспеді. 1862­1869 жылдарда  
батыр  үйде отырып  қалған сияқты.  Кейбір  деректерде, Тоғанас   
64  жасында    өз  ажалынан  қайтыс    болды  десе,    екіншісінде 
түркімен    батырының  қолынан    қаза  болған  деседі.    Бәрі  де 
мүмкін.  Қуаңдария  өзені    маңындағы    «Тоғанас»  атты    белгі  
батырдың  мерт    болған    жеріне    қойылған  ескерткіш    деседі  
қариялар.
Тоғанасты  батырлыққа    баулып,  батасын    берген    өз 
әкесі  Бәйтік  пен        Қыстаубай  батыр  екен.  Замандасы    жырау  
Жұмырбай:
        ...Бәйтіктен  туған  Тоғанас,
        Кесіп  түсер  көк  алмас.
        Әруағына  ерлердің
         Бас иеміз, құлдық  бас,   – деп  жырға  қосады. 
Тоғанас  Бәйтікұлының аты ауызша  және  жазба деректерде 
Күмісқорғандағы  қоқандықтарды    қууынан    басталады.    Ол 
мұнда  алаша  Түлкібай,  табын  Бұқарбай  батырлармен  бірге  
Бейісбайды өлтіруге қатысады. Жалпы  барлық құжаттар  мен  
жазбаларда Тоғанас  батыр есімі  Байқадам, Жанқожа, Бұқарбай, 
Қыстаубай,  Сейіл,  Дәрмен  Сарманов  сияқты  батырлар  және   
сұлтан  Елекей Қасымов пен  азаттық  күрестің   қозғаушысы 
Кенесары  хан,   Бекмырза  Әлдиев, Алмат  Тобабергенов, Пірәлі 
Өтетілеуов, Сәдір  Алтыбаев, Қызылбас  Мүсірепов, тағы басқа  
би,  батырлармен   қатар аталады.
Қоқан, Хиуа бектері Қожанияз  бен  Бабажанды, қарақалпақ  
Орынбай  мен  Нұртайды Қуаңдария мен  Жаңадария  бойынан  
алдырып,  оларды  өлтіргендер арасында  Тоғанастың  есімі жиі 
кездесті.  Бұл  ауызша  әңгімелер   кей  ретте жазба деректерді  
толықтыра  түседі.
Тоғанас  туралы  ел ауызында  айтылып  жүрген  әңгімелер  
өте көп.
Солардың  бірінде    Бұхара,  Үргеніш  және  Қостанай  жаққа  
Сырдың    төменгі    ағысындағы  елдер  кіре  тартып  отырған. 
Сондай сапарда Тоғанас та болыпты.  Елге  жақындап  қалғанда 
керуеншілердің  қырағылығы    босаңсып,  беймарал  күй  кешкен 
шағын  аңдыған    шапқыншылар    тұтқиылдан    шабуылдап, 
керуенді  тонайды.  Тоғанас  батыр  сытылып  шығып,  қарасақал  
Шағырай  ауылының    үстінен    шығады.    Шағырай    батырдың  
шау тартып, жасы ұлғайған кезі болса керек.  Бірақ  киіз үйдің   
белдеуіне арғымақ  байлап, бес  қаруын сайлап,  сақ  отырады 
екен.  Тоғанас  үйге  кіріп келіп:
–  Ата,  атың  мен  қаруыңызды    маған    беріңіз,  жау    шауып  
кетті, кегімді алайын,– дейді. Шағырай батыр  жас  жігіттің  ыза 
мен  кекке булыққан  түрін  көріп, ақ  батасын беріп  аттандырып 
салады.  Жалғыз  өзі  болса да  Тоғанас  қарақшыларды  талқандап, 
басшысының  басын  кесіп, керуенді жолға  салған  екен.  Оның  
осы ерлігіне  риза болған  Шағырай батыр  Тоғанасқа  қызын  
беріпті.
Ауызша    әңгімелерде  Тоғанас    батырдың    аты    1829­
1830  жылдарда    көрініс    тапса,    жазба    деректерде  1840­1841 
жылдарда  батырдың  есімі  жиі кездесті.  Демек, Тоғанас  батыр  
ХІХ ғасырдың  40­жылдарында   ел көзіне түскен  батыр  ғана  
емес, қолбасшылық дәрежеге  жеткен  сияқты.  Жанқожа  батыр 
туралы    бір    хикаятта    Созақ    қамалын    алуға    12    батырдың  
барғаны,  басшысы    Жанқожа    болғаны  айтылады.    Осында  да  
Тоғанастың  есімі жүр. ҚР Орталық  мемлекеттік  мұрағатының  
№4 қорындағы 2757 істе  1841 жылдың  қыркүйегінде Кенесары  
хан  шөмекей, төртқара, табын  руларынан  жасақталған  4 мың  
әскерімен  Ташкентке  бет алды  деп жазған.  Осы жолы Созақ, 
Жаңақорған, Жөлек қорғандарын  қоршаған.  №4 қордың  №2333 
ісінде  Орынбор    Шекара    комиссиясының    төрағасы,  генерал­
майор Ладыжинскийге хорунжий Красноярцев жолдаған (1845 
жыл,    22  қазан)  рапортында  ханға    Қоқан  бекіністерін    алуға  
шөмекей,  керей,  кете,  алтын    және    әлім    руларының    басты  
адамдары көмектескенін  айтады.  «Шөмекей  руының  батыры  
Тоғанас    Бәйтіков,  Дәрмен    Сарманов,  Қараш  Тұғалан,  сұлтан 
Сәдірмек, керей  биі Жұбан  және  сұлтан  Тоғым, алтын  руынан 
Науша, Көшкінбай Мажығұлов, Уәли Итенов, әлімнен Жанқожа 
батырлар  бастаған  жасақтар  негізгі күшке 16 қыркүйекте келіп  
қосылды», – деп  жазған.  Мұның  растығын  ғалым  Е.Бекмаханов 
та жазған. «Қазақстан ХІХ ғасырдың    20­40 жылдарында» атты  
кітабының    175­бетінде    Кенесары    қозғалысына    қатысқан  
рулардың    кестесінде  1839  жылдан  1845  жылдарда    шөмекей  
руы қазақтарының  кестесін   көрсеткен. Яғни, шөмекей  руының  
басым  көпшілігі Кенесары  Қасымовтың  ұлт­азаттық   күресіне  
қатысқаны  белгілі  болып отыр. 
Бәйтікұлы  Тоғанастың  есімі    үшінші  рет    1849  жылғы  
Орынбордың  әскери­губернаторы  Ладыжинскийге  төртқара 
мен  шөмекей  рулары  билерінің  жазған  мәлімдеме­арызында  
кездесті.  Өздерін  басқарып  келген  сұлтан  Ғали  Тұнғашинді 
босатып,  орнына  жұртшылықпен    санасатын  сұлтандарды  
тағайындауды    (Тұнғашинның    елден  ретсіз  мал    алатынын,  
басқа  да    қылықтарын    көрсеткен)  сұрап    1849  жылдың    11 
қыркүйегінде 25 би  қолдарын  қойып, мөрі және  таңбаларымен 
осы    жазғандарын    растаған.    Осы    тізімде    15­ші  болып 
Тоғанас  Бәйтіковтың қолы тұр.  Елдің  қамын  жеп, халқының  
тыныштығын  ойлап, Орынборда отырған  генералдарға өтініш­
талаптарын  білдірген қабырғалары  билердің  арасында  оның  
есімінің    жүруінен  1847­1848  жылдардан  бастап    ел    билігіне 
белсене араласқанын  байқаймыз. Бұл  сөзімізді 1852 жылдың  
4 наурыздағы Арал  бекінісінің  бастығына жазған  мәлімдеме 
дәлелдейді.  Сондай­ақ  осы    құжатта    шапқыншылардың    7 
адамы  өлтіріліп, біраз  малдарын  қайтарып алғандығы  хақында  
шөмекей  руын  басқарған  сұлтан  Елекей Қасымовтың  Орынбор  
Шекара  комиссиясы  мәлімдеген хаты да  кездесті.
Мұрағаттардағы  құжаттарға  тереңірек  үңілген сайын ауыз  
әдебиетінде айтылып  жүрген  жайларды  салыстырып  қарауға 
тура  келеді. Оны 1852 жылдың  7 сәуіріндегі №­116­істегі №53 
дистанция  бастығының    Орынбор      шекаралық  комиссиясы 
кеңесіне    жолдаған    мәлімдемесінде:  «...Шөмекей    руының  
батыры  Тоғанас  Бәйтіков  бас болып, келе жатқан  қоқандық 
шапқыншыларға қарсы тұруға жігіттерін  жинаған. Қоқандықтар  
жолында    кездескен  8  ауылды  тонаған.  Қоқандықтар    мен  
шөмекейлер    арасында    ұрыс  болып,  екі    жағынан    да  біраз 
адамдар    жараланған,    бірсыпырасы  қаза    тапты»,  –  делінген. 
Шөмекейліктердің    қолы  қоқандықтардан    басым  түсіп, 
шапқыншылар  талаған  40 мың қойдың 20 мыңын  қайтарып 
алынғаны   туралы  есаул, сұлтан  Сүлеймен Жиһангеров  мұқият 
жазып, қол қойған. Осы  құжаттағы  бұрыштамада Бұқарбайды 
қылмыстық  жауапқа  тарту    керектігін  де  жазған.  Бұдан  кей­
кейде  көршілес  рулар  арасында  кикілжің  туып  отырғанын  
байқауымызға болады. Бұны қазақтардың  үш  жақты  бақылауда 
болғандығы, мұны  Қоқан, Хиуа, орыс  билеушілерінің қитұрқы 
саясаттарынан  туындаған  жағдайлар деп  қарауға тиіспіз.
Тоғанас  батырдың    есімі    Сыр  еліндегі    Жанқожа,  Есет, 
Қыстаубай,  Бұқарбай,  Сейіл    батырлармен  қатар    аталады. 
Атақты    ақын    Тұрмағамбет  Ізтілеуовтың  «Ел  қамын    жеген  
ерлер» атты  толғауында:
 
...Тоғанас  туып  Бәйтіктен,
 
Байланып қылыш, ту алған.
 
Ізіндегі  көп дұшпан,
           Қалтырап қолы  қорыққаннан,
Жоқ еді белін буа алған,  – деуінде үлкен  мән жатыр.  Осынау  
аз ғана  сөзбен  оның  жай  батыр  ғана  емес,  қолбасшылық 
тұлғасынан  хабар  береді.
Осы  сөзімізді  растағандай Бұқарбай Дәуқара жақтан оралған  
200­ден  астам  түтінді  құрайтын ағайындарын  Сырдың төменгі 
ағысы бойына орналастыру үшін осы  өңірдегі Елекей сұлтан, 
Дәрман    қожаға,  Пірәлі  би  мен    Тоғанас    батырға  арнайы  хат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет