Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына


шетел қазақтарын қолдау жӨніндегі



Pdf көрінісі
бет30/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

шетел қазақтарын қолдау жӨніндегі 
ең қажетті іс-шаралар
оқу-білім саласындаға іс-шаралар
Шетелдегі  қазақ  диаспорасы  бірінші  кезекте    оқу­білім 
жөнінен    ерекше  қолдау  мен    көмекке  зәру.  Кезінде  бұл 
жұмыс  біраз  алға  басқан  еді.  Мысалы,  Дүниежүзі  қазақтары 
қауымдастығының  тікелей  қолға  алуымен  дайындық  бөліміне 
қабылданатын  шетелдік  қазақ  жастарының  саны  40  адамнан 
басталып 1500­ге дейін жетті. Шетелдегі қазақ жастарына білім 
грантынан  арнайы  квота  бөлу,  шетелдегі  қазақ  мектептеріне 
оқулықтар жіберу сияқты  іс­шаралар да  қолға алынған еді. Бірақ 
қазір олардың біразы саябырсыған. Керісінше, қазір бұл салада 
көптеген  күрделі  мәселелер  қалыптасып  отыр.  Осыған  орай 
болашақта  оқу­білім  саласында  төмендегідей  нақты  мәселелер 
қолға алынуы қажет:
­ Шетелдердегі қазақ диаспорасына оқу­білім жөнінен қолдау 
көрсетуді  ұйымдастыру  жұмыстарына  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрлігі тарапынан жыл сайын  арнайы қаржы бөліп отыру;
­  Шетелдегі қазақ мектептерінің мұқтаж мәселелерін зерттеу, 
оларды ұстаз кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды 
қолға  алу.  Бұл  шараға  ең  алдымен  қазақ  диаспорасы  бар 
елдермен  шекаралас  орналасқан  облыстардағы  педагогикалық 
оқу орындарын тарту мүмкіндіктерін ескеру;
­  Білім  және  ғылым  министрлігі,  Мәдениет  және  ақпарат 
министрлігі және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы бірлесіп 
шетелдегі  қазақтарға  түрлі  оқулықтар,  көрнекті  құралдар, 
газет­журналдар  мен  басқа  да  басылымдарды  жеткізіп  берудің 
мүмкіндіктерін қарастыру. Шекараға жақын қалаларда шетелдегі 
қазақтарға  кітап,  газет­журнал  жеткізіп  беріп  отыратын 
орталықтар ашуды қолға алу;
­ Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарына қажетті мамандар 
даярлап беру жөнінде нақты іс­шаралар жүргізу;
­  Шетелдегі  қазақ  жастарын  Қазақстанның  жоғары  оқу 
орындарына қабылдаудың жолдары мен ережелерін бір жүйеге 
түсіру;
­  Шетелдегі  қазақ  жастарын  орта  кәсіптік  оқу  орындарына 
қабылдауды қолға алу;
­ Шетелдегі қазақтардың дарынды балаларын Қазақстандағы 
арнаулы  мектептер  мен  мектеп­интернаттарға  оқытуды  жүзеге 
асыру;
–   Шетелдегі қазақ жастарын магистратура мен аспирантураға 
арнайы  бөлінген  квота  бойынша  қабылдауды  қолға  алу.  Және 
қабылданатындарды  іріктеудегі  талап  пен  жауапкершілікті 
барынша күшейту.
мәдениет және ақпарат саласындағы іс-шаралар
­ Шетел қазақтарының болашақ жағдайы сол елдердегі Қазақ 
мәдени орталықтарының жұмысына да  тікелей байланысты. Егер  
Мәдени орталықтар неғұрлым жақсы жұмыс істесе, ағайындардың 
ұлттық­рухани  мәселелері  де  солғұрлым    нәтижелі  шешілер 
еді. Әрине, бұл үшін оларға  Қазақстан тарапынан нақты көмек 

111
пен  қолдау  қажет.  Жоғарыда  атап  айтқанымыздай,  өркениетті 
елдердің  көбі  шетелдегі  ұлтттық  мәдени  орталықтарына 
бюджеттен арнайы қаржы бөліп, нақты қолдау жасайды.  Міне, 
осыған байланысты Қазақстан Республикасы да алдағы уақытта 
шетелдегі  Қазақ  мәдени  орталықтарына  осындай  қамқорлық 
жасауды жүйелі түрде қолға алуы керек. Шетелдегі қазақ мәдени 
орталықтары  жетекшілерінің  Қазақстан  үкіметімен,Сыртқы 
істер  министрлігімен,  Қазақстанның  сол  елдегі  елшіліктерімен 
байланысы да үздіксіз жүруі тиіс. Екі ел арасындағы түрлі мәдени 
шаралар  қолға  алынғанда  ондағы  қазақ  мәдени  орталықтарын 
бұл іске міндетті түрде тарту қажет. Қазақстандағы үлкен мәдени 
шаралар,  той­мерекелерге  шетелдегі  қазақ  диаспорасының 
өкілдерін, қазақ мәдени орталықтарының жетекшілерін шақырту 
да ұмыт қалмаса дейміз. 
Сондай­ақ  шетелдегі  қазақ  мәдени  орталықтарына  мүмкін 
болғанша материалдық жағынан көмектесу де жүзеге асырылуы 
тиіс. Бұл ретте олардың қазақша компьютер, қазақша кітаптарға 
өте мұқтаж екенін айта кеткеніміз жөн.
Мұндай қолдау музыкалық аспаптар, қазақша бағдарламасы 
бар  компьютерлер,  шетелдегі  қазақ  диаспорасына  арналған 
кітаптар  мен  журналдар,  тіл  үйрететін  сөздіктер,  қазақша 
фильмдер мен музыкалық бейне және дыбыс таспалары, сияқты 
аса қажетті заттарды дайындап шығаруға және жеткізіп беруге 
арналуы  керек.  Бұл  жұмыстарды  ұйымдастыруға  мемлекеттік 
бюджеттен  белгілі  бір  мөлшерде  қаржы  бөлу  мәселесі  де  
шешілуі  өте  қажет.  Сондай­ақ  қазақтар  қалың  орналасқан 
шекаралас аймақтарға радио және телехабарлар тарату мәселесі 
де ескерілуге тиіс. 
көші-қон саласындағы іс-шаралар
Шетелдегі  қазақ  диаспорасы    үшін  бүгінгі  таңдағы  ең 
маңызды  мәселе  ­    көші­қон.  Қазір  шетелдегі  ағайындардың 
Қазақстанға келуі барынша азайған. Мұның себебі алуан түрлі, 
оның бәрін бұл әңгімемізде толық айтып шығу мүмкін емес. Соған 
орай  оралмандар  көшін  көбейтудің  жаңа  әрі  нақты  жолдарын 
қарастыруымыз  керек.  Қазіргі  кезде  шетел  қазақтарының 
Қазақстанға виза алып келуі барынша қиындаған. Келгендерінің 
тұрақты тіркелуі, азаматтық алуы, жұмысқа орналасуы да қиын. 
Қазақстанға  қалай,  қайтіп  көшуге  болады,  қандай  облыстарға 
орналасқан тиімді деген сияқты мәселелерді алдын ала түсіндіру 
жұмыстары  мүлдем  жүргізілмейді.  Осының  салдарынан 
шетелдегі қазақтардың басым көпшілігі атажұртқа жете алмай, 
қалай  келерін  білмей  тұйыққа  тірелуде.  Сөйтіп  Қазақстанға 
келетін көш  барынша азайды. Ал көшті алдын ала ұйымдастыру 
мемлекеттік  көші­қон  мекемелерінің  қолынан  келетін  емес. 
Оның есесіне, шетел қазақтарын Қазақстанға көшіреміз дейтін 
неше  түрлі  делдалдар  көбейіп,    оның  аяғы  әрқилы  ыңғайсыз 
жағдайларға  ұрындыруда.  Осыған  орай  болашақта  көші­қон 
саласында төмендегідей мәселелер қолға алынуға тиіс:  
­  Бүгінгі  таңда  көші­қон  мәселесімен    ҚР  Еңбек  және 
халықты әлеуметтік қорғау, ҚР Ішкі істер, ҚР Экономика және 
бюджеттік  жоспарлау  министрліктері  айналысады.    Бұл  ҚР 
Президентінің  2013  жылғы  16  қаңтардағы  №466  қаулысында 
атап  көрсетілген.  Сондай­ақ,  көші­қон    және  оралмандар 
мәселесіне Сыртқы істер, Білім және ғылым министрліктерінің  
де,  жергілікті  әкімшіліктердің  де  тікелей  қатысы  бар.    Міне, 
осы  министрліктер  мен  әкімшіліктердің    көші­қон  жөніндегі 
жұмыстарын  бір  орталықтан  кім  үйлестіріп  отыратыны    әлі 
күнге  белгісіз.  Оралмандарға  қатысты  қиындықтардың  басым 
көпшілігі  осындай  үйлестіруші  орынның  болмауынан  туындап 
отыр.  Соған  орай  болашақта  осы  мәселе  нақты  қолға  алынуға 
тиіс. Бұл ретте, жоғарыда аталған министрліктер бірлесе отырып 
этникалық  көші­қон  жөніндегі  міндеттерді  анықтап,  нақты 
жоспар­бағдарлама жасауға тиіс.
Сондай­ақ,    Премьер­министрдің  бір  орынбасары  көші­қон 
жұмыстарын үйлестірумен нақты айналысса өте дұрыс болар еді.
Өркениетті 
мемлекеттердің 
бәрі 
репатрианттардың, 
біздіңше  айтқанда,  оралмандар  көшін  ең  алдымен  шетелдерде 
ұйымдастырады. Яғни, атажұртқа қоныс аударғысы келетіндерден 
алдын  ала  мәлімет  жинап,  құжаттарын  дайындайды,  азаматық 
алу  мәселесін  шешіп,  орналасатын  жерін,  тұратын  баспанасын 
анықтайды.  Репатриантарды  осы  мәселелердің  бәрі  шешілген 
соң көшіріп әкеледі. Бізде бұл мәселелердің бірде бірі алдын ала 
шешілмейді.  Көші­қон  мекемелері  оралмандар  өз  күштерімен 
шекарадан өтіп,  Қазақстанның бір өңіріне тұрақты тіркелгннен 
кейін  ғана  олармен  жұмыс  істеуді  бастайды.  Оралмандар 
көшіне  байланысты  дау­дамайлардың  көбі  осындай  жағдайдан 
туындайды.  Осыған  орай,  оралмандар  көшін  қазақтар  тұратын 
шетелдердің  өзінде  ұйымдастыру  қолға  алынуға  тиіс.  Бұған 
заңдық­құқықтық жөнінен толық мүмкіндік бар. Яғни, «Халықтың 
көші­қоны  туралы»  заңда  оралмандар  көшін  шетелдерде 
ұйымдастыру Қазақстанның шетелдердегі елшіліктерінің міндеті 
екендігі атап көрсетілген. Бірақ бұл жұмысты жүзеге асыру үшін 
шетелдегі  елшіліктерімізге    әлі  күнге  арнайы  штат  та,  қажетті 
қаржы да бөлінген емес. Болашақта бұл мәселе бірінші кезекте 
нақты шешімін табуға тиіс. 
Шетел  қазақтары  Қазақстанға  келгенде  дайын  үй  жоқ 
болғандықтан  тұрақты  тіркеле  алмайды.  Тұрақты  тіркеу 
болмағаннан  кейін  оларды  жұмысқа  қабылдамайды.  Соған 
байланыста  шетелден  қазақтарға  тұрақты  тіркеуге  тіркелу 
жөнінен жеңілдіктер жасау;
Сондай­ақ, шетелден келген қазақтардың азаматтық алуы мен 
виза жөніндегі мәселелерін жеңілдетудің де нақты мүмкіндіктері 
қарсчтырылуы тиіс.
кәсіпкерлік және бизнес саласындағы іс-шаралар
Шетелдердегі  қазақтардың  басым  көпшілігі  кәсіпкерлік 
пен шағын бизнесті жақсы меңгерген. Соған орай олардың осы 
ерекшіліктерін Қазақстанға келгенде   тиімді пайдалану қажет. 
Бұл үшін төмендегі мәселелер қолға алынуға тиіс:
Шетелден  келген  қазақ  диаспорасының  өкілдеріне 
Қазақстанда  шағын  кәсіпкерлік  және  бизнес  саласында  жұмыс 
істеуге  жеңілдіктер  беруді  нақты  Заңмен  немесе  Ережемен 
реттеу;
Шетел қазақтарының Қазақстанға келіп түрлі салада жұмыс 
істеуі үшін рұқсат (лицензия) алуын жеңілдету;
Шетел Қазақтарының Қазақстанда өз аттарына жылжымайтын 
мүлік, тұрғын үй және жер алуына рұқсат беру;
Шетелдік  қазақ  диаспорасының  өкілдері  Қазақстанға  келіп 
шағын кәсіпкерлік және бизнеспен айналысқан жағдайда оларға 
Кеден және Салық мәселелері жөнінен жеңілдік жасауды шешу.
                             
қортынды
Жоғарыда  айтылған  мәселелерді  мына  мәселені  қадап 
айтқымыз  келеді.  Шетелдердегі  қазақтармен  мәдени­рухани, 
оқу­білім  саласында  байланыс  жасау,  олардың  атажұртқа 
қоныс  аударып,  еліміздің  әлеуметтік­экономикалық  дамуына 
қатысуына қолдау көрсету өте күрделі, жан­жақты жұмыс. Бұл 
салада  орын  алып  отырған  түрлі  проблемалар  да  жеткілікті.
Яғни, шетел қазақтарымен байланыс жасау, олардың атажұртқа 
қоныс аударуын ұйымдастыру бірер мекеме жүзеге асыра алатын 
жеке  шаруа  емес.  Бұл  жұмыстар  ­  Президент  Әкімшілігі  мен  
Премьер­министр  Кеңсесінен  бастап  Мемлекеттік  хатшыға, 
көптеген  министрліктерге,  облыс,  қала,  аудан  әкімдеріне, 
парламент  депутаттарына  барып  тірелетін  ауқымды,  күрделі 
шаруа.  Міне, соған орай болашақта бұл саладағы жұмыстардың 
бәрі  мемлекеттік  деңгейде  қолға  алынып,  нақты  бағыт­
бағдарламалармен жүйелі түрде  шешіледі деп үміттенеміз.
С. БАЛҒАБАЕВ

112
Қазіргі  таңда  Елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  бастамасымен  қолға 
алынған,  тарихымызды  түгендеуді 
мақсат  еткен  жұмыстар  жүйелі 
түрде  жүргізілуде.  Әсіресе,  Қазақ 
хандығының  550  жылдығын  атап 
өтуге баса көңіл аударылып отырғаны 
көңілге  жылылық  ұялатады.  Осының 
арқасында 
тарихымыздың 
талай 
беттері шаң­тозаңнан арылып, көмескі тартқаны жаңғыртылып, 
ел назарына ұсынылуда. Бүгінгі ұрпағы мақтаныш етер, есімдерін 
масаттана айта жүрер алыптарымыздың қатары қалың. Осынау 
ардақты тұлғаларымыздың ерлікке толы өмір жолын жадымызда 
жаңғырта білсек, еліміздің мерейі өсіп, абыройы арта түсетініне 
ешкім  таласпас.  Осы  орайда,  халық  жүрегінен  лайықты  орын 
алған  ер  тұлғалы  Алатау  батыр  жөнінде  әңгіме  өрбітудің  реті 
келіп тұрғандай. 
Алатау батыр тұрғысында ел аузынан жинақталған деректер, 
ғылыми айналымға түскен тарихи еңбектер баршылық. Алайда, 
осы  мағлұматтардың  кейбір  тұстары  бір­бірімен  сәйкесе 
бермейді.  Нақтылай  айтқанда,  батырдың  туған  және  қаза 
тапқан уақытына қатысты мәліметтер әртүрлі айтылады. Бұған 
қоса,  зерттеушілер  Алатау  батыр  Тәуекел  мен  Есім  хандардың 
қайсысы  билік  құрған  кезде  қазақ  әскерінің  бас  қолбасшысы 
болғаны жөнінде бір тоқтамға келе қоймағандай. Міне, осындай 
бірді­екілі  пікір  қайшылықтары  болмаса,  тарихшыларымыз 
батырдың ерлікті істеріне, Қазақ хандығының нығаюына қосқан 
сүбелі үлесіне ешқандай шүбә келтірмейді әрі тарихи ірі тұлға 
екенін мойындайды. 
Жалпы,  Алатау  батырдың  өнегелі  өмірі  Қазақстан  ұлттық 
энциклопедиясында (1­том, А,Ә. Ә.Хасанов. 245­бет. Қазақстан 
Энциклопедиясының  Бас  редакциясы.  Алматы,  1998  жыл.), 
Қазанғап Байболұлының (1891­1945) «Еңсегей бойлы Ер Есім» 
атты  жырында,  Қойтас  қажының  (1877­1943)  шежіресінде, 
шапырашты  Қазыбек  бек  Тауасарұлының  «Түп­тұқианнан 
өзіме  шейін»  деген  кітабында,  Мұхтар  Мағауиннің  сүбелі 
еңбектерінде,  белгілі  нәзіртанушы,  тарихшы  Сәрсен  Бек 
Сахабаттың жазбаларында, сондай­ақ, Асан Тұрабаев, Ақпантай 
Байғұтов және Темірхан Әбдіков сынды авторлардың ізденістері 
нәтижесінде  жарық  көрген  «Алаштың  Алатау  батыры» 
(Алматы,  ҚАЗақпарат,  2006  ж.)  атты  кітапта  оқыған  адамға  ой 
саларлықтай сөз болған. Бұлардан бөлек, оның есімі Қазақ Совет 
энциклопедиясында да аталатынын айта кетейік. Онда: «Еңсегей 
бойлы Ер Есім, Әбілғазы баһадүр хан, Жиенбет сияқты тарихи 
адамдар мен қазақ шежіресінде ұшырасатын Алатау, Сүлеймен, 
Жақсығұл, Сиқымбай тәрізді батырлар бейнеленеді» – делінген 
(ҚСЭ 4­том, 154­бет). 
Жоғарыда 
көрсетіліп 
өткен 
Қазақстан 
ұлттық 
энциклопедиясында:  «Алатау  батыр  (шамамен  1560­1640)  – 
қолбасшы,  саяси  қайраткер,  қоңырат  руынан  шыққан,  Тәуекел 
ханның  Самарқан­Бұхар  жорығында  бас  қолбасшы  болған. 
Кейін  Есімханның  құба­қалмақпен  шайқасқан  жорықтары 
кезінде  қазақ  жасақтарының  құрметті  қарт  ағасы  атанған. 
Алатау  батыр  қырғыз,  өзбек,  түрікмен  жасақтары  арасында  да 
танымал болды. Самарқан шаһарына «қала­мемлекет» статусын 
әперіп,  оған  Жалаңтөс  баһадүрді  әмір  етіп  қоюда  Бұхар,  Хиуа 
хандары  алдындағы  беделінің  көмегі  тиген  Алатау  батырдың 
есімі  қоңырат  руының,  бүкіл  Орта  жүздің  ұранына  айналды», 
–  делінген.  Әрине,  энциклопедияға  дәлелсіз,  оны­мұны 
деректердің енгізілмесі белгілі. Алайда, Қойтас қажының шежіре 
дерегіне  сүйене  отырып  жазған  қолжазба  еңбегінде  тарихшы 
Сәрсен Бек Сахабат энциклопедиядағы келтірілген деректердің 
кейбіреулерімен  келіспейтінін  аңғартады.  Оның  жазуынша, 
Алатау батыр Түркістанда 1583 жылы дүниеге келген, ал Тәуекел 
хан  1598  жылы  Бұхар  қамалын  қоршағанда  іштен  атылған 
зеңбірек оғынан мерт болған дей келе, «Тәуекелдің жорықтарына 
жас батыр ретінде қатысып, көзге көрінген шығар, бірақ, қалайша 
хан әскеріне қабырғасы қата қоймаған бозбала бас қолбасшылық 
жасай  алады,  дұрысы  –  Алатау  батыр  Есім  ханның  кезінде 
әскерге қолбасшылық еткен», деген ойды меңзейді. 
Ал  «Алаштың  Алатау  батыры»  атты  кітапта  ол  1566­1646 
жылдар аралығында өмір сүрген дейді. Яғни, Тәуекелдің Бұқарға 
жасаған жорығында Алатау батыр буыны қатқан, орда бұзар 30­
32 жастағы толысқан жігіт болған. 
Бір  ескерерлігі,  Тәуекел  ханның  жас  батырдың  ерлігіне 
сүйсініп,  оны  «Жалғызым»  деп  атағаны  мәлім.  Демек,  Алатау 
батыр не десек те, Тәуекелдің тұсында алғаш рет атқа қонып, ел 
қорғанына айналған, ханның сенімді батыры ретінде танылған. 
Иә,  айтулы  кейіпкеріміздің  туған  және  қайтыс  болған 
жылы туралы деректер әртүрлі. Бірақ, қалай дегенде де бізге ең 
маңыздысы, оның Тәуекел және Есім хандарымыздың тұсында 
өмір  сүріп,  өз  халқына  жан­тәнімен  қызмет  етіп,  үлкен  тарихи 
тұлғаға айнала білгендігі. 
Келтірілген  дәйектерде  көрсетіліп  жүргендей,  Алатау 
батырдың  азан  шақырып  қойған  аты  –  Әз­Ғар­аб.  Әкесі  – 
Бесайдар, шешесі – Бағара.
Бесайдар қоңырат тайпасының бір атасы құлшығаш руынан 
шыққан, аты елге танымал батыр болған деседі. Әз­Ғар­аб дүние 
есігін  ашпай  жатып  ол  қапыда  жау  қолынан  мертігіп,  соңынан 
сол  жарақаты  салдарынан  өмірден  озады.  Күйеуі  өлген  соң 
Бағара төркіні – қоңырат тайпасының Түркістандағы бір бұтағы 
–  божбан  арасына  барады.  Осында  келгеннен  кейін  болашақ 
батыр өмірге келеді. 
Енді,  Әз­Ғар­аб  тарих  сахнасына  қалай  шықты,  Тәуекел 
ханның көзіне қалай түсті, сол тұстарда нендей тарихи оқиғалар 
болып жатыр еді дегендей сұрақтарға жауап іздеп көрелік. 
Хақназар хан қазақ билігінің беделін өсіре түсуге, иеліктерді 
кеңейту  мақсатында  ауқымды  істер  атқарды.  Хандықтың 
алдына  көптеген  міндеттер  қойды.  Бұл  міндеттерді  соңына 
дейін аяқтауға ол үлгере алмады. Жүйелі түрде басталғанымен 
аяқсыз  қалған  ұлы  мұраттар  Тәуекел  ханның  тұсында  қайта 
қолға  алынып,  нәтижелі  табыстарға  қол  жеткізілді.  Хақназар 
бастап кеткен істерді ол толығымен аяқтады. Нақтырақ айтқанда, 
1583­1584  жылдар  шамасында  хан  тағына  отырған  Тәуекел  аз 
ғана уақыттың ішінде Орталық Азияның басым бөлігін жаулап 
алып,  шашырап,  бет­бетімен  кеткен  иеліктерді  бір  орталыққа 
бағындырды.  Түркістанда  тұрып  билік  жүргізген  Тәуекел  хан 
аймақтарды уысынан шығармай, айтқанына көндіріп, айдауына 
жүргізіп  отыру  үшін  жер­жерлердің  кіші  билігіне  өз  сенімді 
адамдарын қойды. Мәселен, Жетісу, Тарым бассейні мен Ферғана 
жазығына жалайырлар мен үйсіндер үстемдік жүргізді. Бұлардың 
сұлтандары – Тәуекелдің ұйғарымымен қанішер Абылай болды. 
Ал  батыста  Ноғай  ордасы  тарап,  байұлы,  жеті  ру,  башқұрттар 
Қазақ  хандығының  құрамына  кіріп,  бұл  маңды  басқару  Ноғай 
ұлысының өкілі – Дөйт сұлтанға жүктелді. Сондай­ақ, Ұлытаудан 
Сібір  хандығына  дейінгі  аралықты  қара  қыпшақтар  билесе, 
Ұлытаудан Алтай, Тарбағатай, Жетісуға дейінгі атырапты Керей 
бірлестігі басқарды. Бірлестіктің құрамында қалмақтар да болды. 
Бұл  өңірлерді  Тәуекел  хан  тікелей  өзі  қадағалады.  Сонымен 
қатар,  Хорезм,  Самарқан,  Жиделібайсын  жерін,  тәжіктердің 
алатау БатыР

113
қазіргі аймағын және Ауғанстанның Құндыз, Мазари­Шарифке 
дейінгі  өлкені  Есім  сұлтанның  қарауына  берді.  Бұл  аймақтың 
орталығы Самарқан болды. 
Жалпы,  Тәуекел  хан  Бұқар  әмірлігі  иеліктерін  не  себепті 
басып  алды,  өзінің  басшылығындағы  хандықтың  территориясы 
да  жеткілікті  еді  ғой  деген  сұрақ  туындары  рас.  Бұған  жауап 
ретінде  айтарымыз,  Тәуекел  хан  көшіп­қонып  жүріп  хандықты 
ұстап тұра алмайтынын, мемлекеттің тірегі – қала екенін, халықты 
отырықшылдыққа  бұру  қажет  екенін  терең  ұққан.  Сол  себепті 
де  атыраптағы  саяси,  сауда­экономикалық  салада  маңызы  зор 
қалаларды  алуды  көздеген.  Сондай­ақ,  Тәуекел  Бұқар  билігіне 
қатты  күдікпен  қараған.  Өйткені,  осы  қарсаңдарда  Әмудария 
мен  Сырдарияның  арасындағы  Мауераннахрда  парсы  мәдениеті 
өрістеп, шейттердің ықпалы қылаң беріп, түрлі көтерілістер көбейді. 
Бұлардың қолтығына су бүркіп отырған Бұқар әмірлігі еді. 
Тап сол уақыттарда қазақ хандығына ең қауіптісі де аталмыш 
әмірлік  болатын.  Өйткені,  Қытайда  Құбылай  іргесін  қалаған 
династия  құлап,  Мин  династиясы  билікке  келіп,  Аспанасты 
елінің оңтүстігінде шаруалар көтеріліп, олардың сыртқа қарауға 
мұршасы болмады. Ал Алтын Орда тарағаннан кейін, мырзалар 
мен бектер Мәскеу княздығын күшейтті де, іле өзара шиеленісті 
қатынастар орнап, соның нәтижесінде Ресей де Тәуекел ханның 
билігіне араласа алмайтын халде болды. 
Сондықтан,  қазақ  хандығы  үшін  қатерлісі  Бұхар  әмірлігі 
болып  қалған.  Сол  себепті,  өзге  көршілер  өздерімен­өздері 
болып  жатқанын,  қазақ  хандығының  күшейіп  тұрған  сәтін, 
Бұхар әмірлігі ішіндегі таққа таласудан туындаған алауыздықты 
тиімді  пайдаланып,  Тәуекел  хан  жоғарыда  айтып  өткеніміздей, 
шамамен 1586 жылдары Түркістан, Сайрам, Ташкент, Самарқан 
қалаларын  басып  алып,  Самарқанның  билігін  Есім  сұлтанға 
қалдырып,  Бұхарға  аттанады.  Осы  аттаныстың  нәтижесінде 
Бұқар хандығы қатты әлсірейді. Бірақ қамалды қоршау сәтінде 
Тәуекел ханға іштен атылған зеңбіректің оғы тиіп, мерт болады. 
Міне,  осындай  алмағайып  замандарда  Алатау  батыр  Тәуекел 
ханның  қасынан  табылып,  тарих  сахнасында  алып  тұлғасымен 
көрініс береді. 
«Алаштың Алатау батыры» кітабында жазылғандай, Әз­Ғар­
аб  алғаш  рет  Тәуекелдің  көзіне  мергендігімен  түскен.  Оқиға 
былай  болыпты.  Тәшкент  шаһарында  Тәуекел  үлкен  бір  жиын 
өткереді.  Сонда  арнайы  мергендер  сайысы  ұйымдастырылады. 
Оған  Иран,  Мысыр,  Түрікмен  және  тағы  да  басқа  елдерден 
талапкерлер  шақырылып,  қатыстырылады.  Өз  өнерін  сынап 
көру мақсатында жас Әз­Ғар­аб та дүбірлі додаға келеді. Ешкім 
жебесін тигізе алмаған жамбыны Әз­Ғар­аб атып түсіреді. Жас 
мергеннің  бойынан  ерен  күшті  байқаған  Тәуекел  оны  өзіне 
тартады. Ханның сенімді серігі, хас батыры болады. Әсіресе, Әз­
Ғар­аб,  Бұхар  әмірлігінің  иелігінде  болған  Түркістан,  Сайрам, 
Тәшкент  және  Самарқанды  қазақ  хандығына  қаратарда  ерекше 
ерліктерімен,  қол  бастай  білер  қабілетімен  көрінеді.  Әз­Ғар­
абтың ерлігіне сүйсінген Тәуекел оны «Жалғызым» деп атаған. 
Ханнан  мұндай  атақ  алу  екінің  біріне  бұйырмайтын  мәртебе 
екенін түсінген жөн. 
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  Бұхар  қамалын  қоршау 
кезінде алған жарақатынан Тәуекел хан (1598 ж.) қайтыс болады 
да, қазақ хандығының бүтін билігі үшін ішінара талас басталады. 
Елдің бірлігі мен татулығын ойлаған Әз­Ғар­аб өз беделін салып, 
қазақтың батырлары мен билеріне сөзін өткізе Есім сұлтанның 
хан тағына отыруына зор ықпал етеді. Есім сұлтан да хан болуға 
әбден  лайықты,  мәртебесі  биік  тұлға  еді.  Есім  билікті  қолына 
алған соң, Әз­Ғар­аб бас қолбасшылыққа тағайындалады. Есім 
хан билік етуін бастаған тұста қалмақтар бас көтере бастайды. 
Оларды  басуға  бағытталған  жорықтарда  ерен  ерлігімен  бүкіл 
әскердің ұранына айналған Әз­Ғар­абты Есім хан Алатау батыр 
деп атаған. 
Жалпы, бұл арада біз Есім хан тек қана Алатау батырға ғана 
арқа сүйеді деген ойдан аулақпыз. Құдайға 
шүкір,  хандарымыздың  өзімен  терезелерін 
тең  ұстаған  батырларымыз  бен  билеріміз 
жеткілікті. 
Негізінен Есім ханның Алатау батырмен 
қатар  аталатын  атақты  үш  батыры 
болған.  Олар:  Ұлы  жүздің  бөгежілі  елінен 
Жақсығұл  мерген  Жабайұлы,  Кіші  жүздің 
жаппас  елінен  Жиенбет  Бөртуғашұлы, 
үйсіннен 
Сүлеймен. 
Бұл 
сөзімізге 
белгілі  ғалымдарымыз  М.Мырзахметов, 
М.Қалдыбаев  және  М.Қойгелдінің:  «Олар 
жоңғар шабуылына тойтарыс беруде ерекше 
көзге  түскен  батырлар  бөгежілі  елінен 
Жабайұлы  Жақсығұл  мерген,  қоңырат 
елінен Алатау, жаппас елінен Бөртуғашұлы 
Жиенбет,  үйсіннен  Сүлеймен  еді»  деп 
жазғандары  дәлел  бола  алады  («Төле  би», 
Алматы, 1991 ж.). 
Есім хан таққа иелік еткен қарсаңдарда 
(шамамен XVII ғасырдың алғашқы 10 жылдығында) қалмақтар 
жалын  күжірейте  бастағанын  жоғарыда  айтып  өттік.  Осы 
кезеңдерде  Қытай  да  ішкі  жағдайын  реттеп,  көршілеріне  көз 
аларта  бастайды.  Қытай  билеушілері  онсыз  да  түлен  түрте 
бастаған  қалмақтардың  қолтығына  су  бүркіп,  оларды  Есім 
ханға айдап салады. Қытайға арқа сүйей, қылыш көтеріп шыға 
келген  қалмақтар  аз  ғана  уақыттың  ішінде  Жетісуды  басып 
алып, Ташкентке дейін таяп қалады. Осы алмағайып кезеңдерде 
Жалайыр­Үйсін  бірлестігіне  Ташкент  аумағындағы  қаңлы, 
сіргелілер қарсылық етіп, дау­шар үдей түседі. 
Қалмақтарға  алаңдап  отырған  Есім  хан  бұл  дауды  басады, 
ретке келтіреді деген оймен Ташкент аумағын Тұрсын сұлтанға 
сыйға  тартады.  Бұған  басқа  сұлтандар,  шонжарлар  қарсылық 
білдіреді.  Бірақ,  ханның  дегені  заң.  Қалмақтар  (шамамен  1604 
ж.) Хорезмді шабады. Есім хан маңғыттармен бірлесіп, оларды 
тойтарып  тастайды.  Беті  қайтқан  жауды  демін  алдырмастан 
Жетісудан  қуып  шығу  үшін  бас  қолбасшы  Алатау  батыр  бір 
түмен әскерін қалмақтарға аттандырып, артынша қалың қолымен 
өзі  шығады.  Құлжа  маңында  жан  алысып,  жан  беріскен  соғыс 
болады. Нәтижесінде қалмақтар күйрей жеңіліп, 20­30 жылдай 
уақыт бас көтере алмайды. Қалмақтармен болған осы соғыстарда 
Алатау  батырдың  даңқы  одан  сайын  артып,  тұлғалық  келбеті 
айқындала түседі. 
Енді,  Алатау  батырдың  ерліктерін  суреттейтін  бірер  мысал 
келтіре  кетелік.  Қазанқап  Байболұлының  Бекасыл  бабадан 
өзге,  Шәкәрім  мен  көпшілікке  есімдері  белгісіз  болып  келген 
Әбдірәйім, Жақыпбек, Әлдеке, Шойбек, Астай имам, Арғынбай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет