114
Баймағанбетұлы, Ботбай Тұрта, Тайқы, қара молда Еркебек
сынды кісілердің жазбаларын пайдалана отырып жазған
«Еңсегей бойлы Ер Есім» дастанында:
«Қоңырат Алатау ер еді,
Ұрыстың алған әдісін.
Керіп, тартып қылышын Қойдай қылып айдап жүр
Кез келгенін жайлап жүр
* * *
Ұлы жүзден Жақсығұл,
Бөгежілі затынан,
Руы еді жаныстан,
Шабайдың ұлы Жақсығұл
Ауада ұшқан аққудың
Шашар еді қандарын.
Ер Алатау қоңыраттан,
Батыры еді әмбенің.
Бөртұғалиұлы Жиенбет
Алшын дейді аңғарғын.
* * *
Борайхан деген біреу кеп,
Елеместен ұрысты,
Жатушы еді ғапыл боп,
Ер Алатау шанышты
Алдынан тура қарсы кеп…», – деген жолдар бар («Төле би»,
Алматы, 1991 ж.).
Есім хан қалмақтармен соғысып Құлжа (бәлкім, Қашғар)
жағында жүргенде (16261627 ж.ж.) Тұрсын сұлтанның
мейманасы тасып, өз алдына теңге соқтырып, халықтан салық
жинап, Қазақ хандығына бағыныштылығын мойындағысы
келмегендей болады. Оның есіргені сонша, тіпті, Есім ханның
Түркістандағы ордасын шауып, талантараж етеді. Ханның
әйелдерін, балашағасын тұтқынға алады. Осы келеңсіз жайттар
Есім ханның түсіне аян болып кіреді. Мұны Қазанқап Байболұлы
«Еңсегей бойлы Ер Есім» дастанында:
«Бір күнде үш ұйықтап, үш оянды,
Бәшарат белгі көріп әбден қанды.
Сүлеймен, Жиенбетті шақырып ап,
Көргенін құпиялап баяндады,
Ойласты Алатаудай сардарымен,
«Ешкімге сездірме» деп осы халді…», – деп толғаған. Түсі
шындыққа айналған Есім хан Ташкентті басып алып, Тұрсын
сұлтанның басын алу үшін әскерін жиып, аттанады. Тұрсын
сұлтанмен болған соғыста да Алатау батыр көптеген ерліктер
көрсетіп, Қазақ хандығының мерейін үстем етуге барын салған.
Сөзіміздің растығын «Еңсегей бойлы Ер Есім» жырындағы:
«Алатаудай батырым,
Бар күшіңді шақырғын,
Әзір бол сен де тобыңа…
* * *
Ерлердің бәрі өрледі,
Ашылып барып жауындай,
Тудың түбі түнерді.
Ынтымақ қылып бірлесіп,
Тізе қосып екеуі,
Ер Алатау, Жиенбет
Туға қарай жүргелі
Ер Сиқымбай артынан
Бұларды қорып демеді», – деген жолдарды келтіре кетсек
артықтық етпес.
Есім ханның түмендері Тұрсын сұлтанның әскерін Сайрам
төңірегінде жеңіліске ұшыратады. Тұрсын сұлтан Ташкентке
қашады. Бірақ бұл кезде Ташкентті, оның төңірегін Есім ханның
осы аймақтағы жақтас сұлтандары басып алып қойған еді.
Жанына сауға сұрай алмаған Тұрсын сұлтанның басы шабылады.
Алатау батыр кісі танығыш, жанына жақсыларды топтай білер
жан болған. Оның осы қасиетінен хабары бар Есім хан өзінің
иелігіндегі аймақтарды, қалаларды басқартуға кісі тағайындарда
Алатаумен ақылдасып отырған. Сондайақ, таудай талабы бар,
келешегінен зор үміт күттіретін жастарға да Алатау батыр
көз қырын сала жүрген. Мәселен, Жалаңтөсті тоғыз жасынан
қамқорлығына алған ол болашақ баһадүрдің білім, жақсы тәлім
тәрбие алуына жағдай жасаған. Кейіннен, яғни, Есім сұлтан хан
тағына отырғанда Самарқанның тізгінін Жалаңтөске беруде
үлкен ықпалын тигізген. Бұл сөздерімізді Қазақстан ұлттық
энциклопедиясындағы (1998 ж.): «…Самарқан шаһарына «қала
мемлекет» статусын әперіп, оған Жалаңтөс баһадүрді әмір етіп
қоюда Бұхара, Хиуа хандары алдындағы беделінің көмегі тиген
Алатау батырдың есімі қоңырат руының, бүкіл Орта жүздің
ұранына айналды», – деп жазылған дәйектер растай алады.
Енді біз Алатау батыр қашан, нендей себептен өлді, сүйегі
қайда жерленді дегендей сұрақтарға жауап іздеуге тырысайық.
Тарихшы Сәрсен Бек Сахабаттың қолжазбалық еңбегінде:
«…Ташкент іргесінде Есім хан мен Тұрсын сұлтанның әскері
шешуші айқасқа кіріседі. Осы соғыста қамалдан қарша бораған
садақ жебесінің бірі дөп тиген Алатау батырдай есіл ер жекпе
жекте емес, тасадан атылған оқтан қапыда мерт болған», –
дейді. Бұл жерде батырдың қайда жерленгені айтылмаса да,
шамамен 1628 жылы бақиға аттанғаны сөз етіліп тұр. Тағы
бір деректерде батырдың 1627 жылы Хазар теңізінің (Каспий)
батыс жағалауында қалмақтармен болған соғыста жаудың
сегіз батырын жекпежекте өлтіріп, тоғызыншысымен айқасқа
түскен сәтінде аты жығылып, дұшпанның қолынан қаза тапқаны
айтылады. Ал авторлары жоғарыда көрсетіліп өткен «Алаштың
Алатау батыры» атты кітапта Алатау батыр 1646 жылы, 80
жасында Мұрынқарақ тауына аруақтарға зиярат етіп барғанында
қайтыс болып, сонда жерленген деп жазылған. Бұл айтылғандар
батырдың қайда, қандай жағдайда және қашан өмірден озғанын
әлі де зерттей түсуді қажет ететінін аңғартады.
Не десек те, Алатау батыр – ірі тарихи тұлға, қайраткер.
Оның ерлікке толы өмір жолы ұрпаққа өнеге. Осындай ардақты
арыстарымыздың есімі ел жадынан өшпек емес.
Жолдыбай БАЗАР
115
Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар
орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын
бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып,
тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен
асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап,
өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе
де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы
мен ерекшелігі бар. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге
тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас
қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері
өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия құрып саяси
жолмен жүргізді.
Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлері қазақ жерінде
тұңғыш рет қағазға түскен қаулышешім негізінде бекітілген
үкімет құрды. Мемлекетті басқару, қазақ елін дамытыпөркендету
жөнінде жаңа дәуірге сай сауатты, жүйелі жоспарбағдарлама
жасады. Қазақ халқының тарихында мемлекетті басқару мен
үкімет құрамын ресми бекітудің нақ осындай қағаз бетінде бір
жүйеге түсіріліп, ретке келтірілген жоспар
бағдарламасы болды деп айту қиын. Яғни,
Алаш қайраткерлері осыдан сексентоқсан
жыл бұрын қазақ халқы толық тәуелсіздік
алған жағдайда елді қалай басқарып
қайтіп дамыту керек ішкісыртқы саясатты
қандай жолмен жүргізген дұрыс, көрші
мемлекеттермен қандай қарымқатынаста
болғанымыз абзал дегеннің бәрін нақты
көрсетіп, белгілеп берген болатын.
Өкінішке қарай, Алаш қайраткерлерінің
осы айтып, жазып кеткен бағдарлама
жоспарларын біз әлі күнге жете оқып,
зерттеп, оны қазіргі заманға ойдағыдай
пайдалана алмай жүрміз. Тіпті, басқаларды
қойғанда, саясатпен айналысып, ұлт үшін
қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтардың
да бәрі бірдей Алаш қайраткерлерінің
еңбегін жүйелеп оқып, оны күнделікті
өмірге қолданып жүр деп айту қиын.
Болашақта
Алаш
қайраткерлерінің
еңбектері
мен ойидеяларын бүгінгі
күнге практикалық тұрғыдан
тиімді пайдаланудың жолдары
мен жаңа мүмкіндіктерін
ойластырғанымыз
жөн.
Мысалы, мен өз басым сонау
тоқсаныншы
жылдардың
басында
белгілі
қазақ
тарихшылары Әбу тәкенов
пен Мұстафа Шоқайдың «1917
жыл естеліктерінен» атты
кітабы Ыстамбұл қаласына
апарып, баспадан шығарып
әкелдім. Бұл еңбекте Мұстафа
Шоқай Қазақстан ерте ме,
кеш пе әйтеуір тәуелсіздік
алатынына кәміл сенген және тәуелсіздік алған жағдайда
Қазақстан не істеу керек, қандай саясат жүргізу қажет дегенді
жанжақты талдап, атап көрсетіп берген. Тағы бір таңқаларлығы,
Мұстафа Шоқайдың сол заманда айтып кеткендері мен енді ғана
тәуелсіздік алған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жүргізіп
отырған саясаты мен ұстанымдары бірбіріне өте жақын,
ұқсас еді. Мысалы Мұстафа Шоқай Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан кейін Ресеймен қандай қарымқатынаста болу керек;
Қазақстандағы орыстар және басқа да ұлт өкілдері жөнінде
қандай саясат ұстанған дұрыс дегенді тайға таңба басқандай етіп
көрсеткен. Ал Мұстафа Шоқайдың сол айтқандары Қазақстанда
қазір айнақатесіз толығымен жүзеге асып отыр. Тіл мәселесі
туралы да осыны айтуға болады.
Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде елімізде қазақ тіліне
байланысты үлкендікішілі ісшаралар жүзеге асырылды. Көп
мәселе айтылып та, жазылып та жатыр. Міне осылардың басым
көпшілігі біз ойлап тапқан жаңалықтар емес, мұның бәрі –
кезінде Алаш қайраткерлері ойлап, жобажоспарын жасап, бірақ
«алаШ Қайраткерлері
ЖӘНе ҚаЗіргі тіл МӘСелеСі»
116
жүезеге асыра алмай кеткен мәселелер. Соған орай, біз бұл салада
үлкен жаңалық ойлап табамыз деп шаршапшалдықпайақ, сол
Алаш қайраткерлерінің көрсетіп берген бағытбағдарламасымен
жұмыс істесек, тіл саласында көп мәселе қазіргіден әлдеқайда
тез, әлдеқайда жемісті шешілер еді.
Осыған орай мына мәселені де ашып айта кеткеніміз жөн.
Бүгінгі таңда тіл мәселесіне келгенде екі түрлі пікір бар. Оның
біріншісі – тәуелсіздік алғаннан кейін тіл мәселесі жақсы
шешілуде, бұған үлкен мөлшерде қаржы бөлініп, басқа да іс
шаралар қолға алынуда, соған орай қазақ тілінің болашағы
жөнінде алаңдайтын ештеңе жоқ дегенге саяды. Екіншісі, қазақ
халқының алпыс пайызы өз ана тілін білмейді, сондықтан қазақ
тілінің жағдайы барынша мүшкіл, ол құруға айналған дегенге
тіреледі.
Осы екі пікірдің қайсысы дұрыс?! Бірден ашып айтайын, мен
өз басым қазақ тілі құрып кетеді дегенге ешқашан сенбеймін.
Рас, қазақ тілінің басына қатер төніп, қазақ халқының ұлт ретінде
жойылып кету қаупіне ұшырағаны жасырын емес. Мұндай қауіп
өткен ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдарында болған. Мен
кезінде сол туралы «Қызыл кітапқа кіретін халық» деген циклді
мақалалар жазып, оларды «Қазақ әдебиеті» газетіне, басқа да
басылымдарға жарияладым. Бірақ сол кезде осы дұрыс екен бір
адамды көрмеп едім. Тіпті, қазіргі тіл жанашырларының басым
көпшілігі де ол мақалаларды оқымаған болулары
керек. Әрине, мен ол кезде мұндай мәселелерді
керемет ұлтжанды қайраткер, төтенше тіл
жанашыры болғандықтан жаздым деп мақтана
алмаймын. Мен тек көзіммен көргендерімді,
сезініптүйсінгендерімді ғана қағазға түсірдім.
Дәлірек айтқанда, мұндай мәселерді жазуға
менің күнделікті жұмысым, істеген қызметім
себепкер болды.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының
басынан бастап журналист болып, түрлі
басылымдарда қызмет атқардым. Міне, сол
кезде жыл сайын күзде біз газетжурналдарға
жазылу науқанын жүргізу үшін түрлі облыстарға
іссапармен шығып, жұртшылықпен кездесу
өткізетінбіз. Сондағы жағдайларды есіме
түсірсем, әлі күнге жүрегім ауырады. Өйткені
ол кезде халықтың, әсіресе орталық, солтүстік
және шығыс облыстардағы қазақтардың өз ана
тілінен жаппай безгенін аяқ аттап басқан сайын
көретін едік. Тіпті кілең қазақ отырған ауылдар
да қазақ мектептерін жауып тастаған. «Ау, ағайындар,
бұларыңыз қалай, балаларыңызды неге өз ана тілінде
оқытпайсыздар?!» десек бәрі бізге бәле көргендей
үдірейе қарайтын. Тіпті, «Ойбайау, мыналар бізге
дұшпан болып шықты ғой, балаларымыз қазақша
оқып, сосын кейін нан тауып жей алмай қор болып
далада қалсын деп тұр ғой мыналар» дегенді мен
қазақтардың аузынан өз құлағыммен бір емес, талай
рет естігенмін. Ал қазір сол қазатар қазақ тілі туралы
айтсаң риза болып, қол шапалақтап, төбелеріне
көтереді. Жасыратыны жоқ, біз сол қиын кезедерде
қазақ өз ана тілін, дінін, рухани құндылықтарын
әспеттейтін халыққа айналса екен деп армандадық.
Қазір біздің сол армандарымыздың көпшілігі
орындалды. Бүгінде қазақ халқының өзіне тән ұлттық
салтсанасы, мәдениеті, әдебиеті бар екенін әлем
елдері мойындай бастады. Ұлттың ұлт ретіндегі
бедері сақталып қалды.
Әрине, қазақтың ұшантеңіз проблемасы бар.
Оны мойындау керек. Бұл жерде менің айтарым,
қазақтың мұңын, уайымын сөз етерде алдымен нақты
мәліметтерге, заңға сүйеніп сөйлеген жөн. Бізде,
керісінше, қызыл сөзге иек артып, тіл мен жаққа сүйеніп «қазақ
құрып барады», «қазақ рухани тазалықтан ада» деген ешқандай
мәліметсіз, дәйексіз жылаңқы пікірлерге жиі бой алдыратындар
жетіп артылады. Мысалы, қазір қазақтың 60 пайызы өз тілінде
сөйлей алмайды деген мәлімет айтылып жүр. Бұл қайдан
шыққан дерек сонда?! Бұған айқын дәлел қайда?! Менің өз
басым мұндай дерекке өте күмәнмен қараймын. Жалпы, мұндай
мәліметті айту үшін нақты статистикалық мәліметтерге сүйенген
жөн. Мысалы, ең болмаса, әр облыста қанша қазақ мектебінде,
қаншасы орыс мектебінде оқиды деген сияқты мәселелерді
зерттеп біліп алғанымыз дұрыс емес пе? Бірақ мұндай нақты
мәліметтер ешқандай жерде айтылмайды. Осыған орай бір мысал
айтайын. Алматыдан шығып, пойызбен сонау Ақтөбеге, оның ар
жағындағы Орал мен Атырауға дейін жүріп көріңіз. Осыншама
ұланғайыр жерден қазіргі таңда өз ана тілін білмейтін қазақты
біренсаран болмаса мүлдем таба алмайсыз.
Жақында Шығыс Қазақстан облысына барып қайттым.
Зайсанды, Күршімды былай қойғанда өскемен қаласының өзінде
де қазақтардың басым көпшілігі өз ана тілінде сөйлеуге бет
бұрған. Осыдан тура отыз жеті жыл бұрын Целиноград қаласына
іссапармен барып, көшеде қазақша сөйлейтін бір қазақ таба
алмай, түңіліп едім, енді Астана атанған осы қалада қазақтар
117
алпыс пайызға жеткен және
басым көпшілігі қазақша
сөйлейді. Қостанай сияқты
қалалар туралы да осыны
айтға болады.
Егер саралап қарайтын
болса, қазақтың 43 пайызы
ауылды жерде тұрады.
Олардың дені ана тілінде
сөйлейді.
Сондайақ
қалалы жерде тұратын
қазақтың
көрсеткіші
де жыл сайын артып
келеді. Сонда қалайша
қазақтың 60 пайызы өз
тілінде сөйлей алмайды?!
Міне, осының астарына
үңіліп, сараптап зерттегім
келгендіктен, мен «Қазақстанның этнографиялық картасы» деген
кітапты қолыма алуыма тура келді. Бұл кітапта Қазақстандағы
қазақтардың үлесі салмағы анық көрсетілген. Мысалы, Оңтүстік
Қазақстан облысында қазақтар 70 пайыз, өзбектер он сегіз пайыз,
ал орыстар алты жарым пайызды құрайды. Демек осыншама көп
қазақ өз ана тілінен, ұлттық қадірқасиетінен қалай айырылады?!
Ол мүмкін емес қой. Басқа облыстарда да осындай. Мысалы,
қазақтар Қызылорда мен Атырау облысында 95 пайыз, Жамбыл
облысында 70 пайыз, Маңғыстауда 85 пайыз, Ақтөбеде 77 пайыз,
Шығыс Қазақстанда 53 пайыз, Алматы облысында 64 пайыз,
Батыс Қазақстан облысында 70 пайызды құрайды.
Қазіргі кезде қазақтардың үлес салмағы тек Солтүстік
Қазақстанда ғана аз, бар болғаны 33 пайыз. Ал теріскейдегі
басқа облыстарда қазақтардың үлес салмағы өзге ұлттармен
салыстарғанда әлдеқайда көп. Мұндай жағдай осыдан жиырма
отыз жыл бұрын біздің түсімізге де кірмейтін. Сол кезде
құрымаған қазақ қазіргідей барынша көбейіп, өсіпөркендеп
отырғанда қалайша құрып кетеді? Ең бастысы, аманшылық болса
енді он бесжиырма жылда қазақтардың пайыздық мөлшері
бұдан да әлдеқайда өседі.
Жыл өткен сайын қазақ мектептерінің саны да, сапасы да
көбейіп, нығайып келеді. Мысалы, биыл мемлекеттік грант
бойынша жоғарғы оқу орындарына түскендердің басым көпшіліг
қазақ мектебін бітіргендер. Бұл – жалғыз тілге қатысты жайт
емес. Жалпы, біз ұлттың мәдениетін, дінін, салтдәстүрін сөз
еткенде келсінкелмесін ізденусіз, зерттеусіз, деректер айтға
тым үйірсекпіз. Ал ұлтқа қатысты дүниеде қателікке ұрыну –
сол ұлттың болашағына зиянын тигізбек. Осыған орай тағы бір
мәселені айта кеткеніміз келеді. Кезкелген ұлттық мәселелерге
қатысты жұмыстарды жүзеге асыру екі бөліктен тұрады: біріншісі
– өзекті мәселелерді жұртқа түсіндіру, бұл жөнінде түрлі үгіт
насихат жұмыстарын жүргізу; екіншісі – сол мәселелерді шешуге
қажетті ісшараларды білек сыбана кірісіп тікелей жүзеге асыру.
Бізде осы екі мәселенің біріншісі ерекше дамыған. Бұл, әсіресе,
тілге қатысты жұмыстардан айқын көрінеді. Мысалы, тілдің
бүгіні мен болашағы туралы түрлі басқослуар мен мәжілістерге
көсіле сөйлеп, түрлі ұсыныс білдіріп, ауызша жанашырлық
танытушылар өте мол. Баспасөз бетінде, радио мен теледидардан
неше түрлі жақсы ұсыныстар айтып, белсенділік көрсетушілер
де аз емес. Ал бірақ, осы ұсыныстар мен мақсатміндеттерді күш
біріктіріп, уақыт бөліп қолмен атқаруға қызу кірісуге ынталы
азаматтар өте сирек.
Баяғы тоқсаныншы жылдардың басында барлық ауыл,
аудандарда «Қазақ тілі» қоғамдары жаппай құрылып, жұрттың
бәрі қазақ мектептерін ашуға белсене атсалысқан еді. Тіпті
Алматы сияқты қалаларда жаңадан ашылатын мектептерге үй
жағалап, үгітнасихат жүргізіп, бала жинаған кездер де болған.
Қазір осы белсенділік үміт болуға айналды. Оның есесіне
жұрттың бәрінің қызыл сөзбен ақыл айтып, жөн көрсетуі
жаппай етек алған. Ана тіліміздің қазіргі жағдайын, оның ең
өзекті проблемаларын зерттеу де жетіспейді. Сондықтан да
қазақ халқының қазіргі ұлттық жағдайын, проблемалары мен
болашақтағы даму мүмкіндіктерін зерттеп, талдап, сараптап
отыратын бір орталық өте қажет. Мысалы, біз Қазақстанның
қандай ауылдары мен аудан орталықтарында қазақ мектептері
жоқ екенін күнделікті біліп отыруымыз өте қажет. Ал бізде қазақ
мектептері жоқ елді мекендер әлі де жетіп артылады. Осыдан екі
үш жыл бұрын мен «Егемен Қазақстанға» «Қазақ мектебі жоқ
ауыл» дейтін мақала жаздым. Осы Ақмола облысына қарайтын
Есіл ауданының бір ауылында түгелге жуық қазақтар отырып,
әлі күнге балаларын өз ана тілінде оқытатын мектеп ашпаған.
Тіпті ашайын деген ойлары да жоқ. Біз ауылда жиырмаотыз
орыс отбасы болса да орыс мектептерін ашып беріп отырмыз.
Ендеше жиырмаотыз қазақ отбасы болса да ол жерде қазақ
мектебі міндетті түрде ашылу керек. Ол мәселені сол жердегі
қазақтардың санасына жеткізіп, талап етуіміз керек.
Осы Ақмола облысында Сандықтау деген аудан бар. Бұрын
аты жартылай орысша болған. Енді сондағы қазақтар ұлттық
санамызды ояттық деп ауданның атын Сандықтау деп өзгерткен.
Бірақ ауданның атын қазақшалағанмен аудан орталығында әлі
күнге қазақ мектебі жоқ. Ал сонда ауданның атын қазақшалғаннан
не пайда?! Бұл жөнінде аудан басшылары не ойлайды. Аудандық
оқу бөлімінің жетекшілері не үшін айлық алады? Аудандағы ұлт
жанды азаматтар қайда қарап жүр?
Мұндай мысалдарды Қазақстанның түкпіртүкпірінен ондап,
жүздеп табуға болады. Ендігі жерде біздің тіл жөніндегі ең басты
жұмысымыздың бір саласы осындай мәселелерді зерттеуге, оны
жолға қою үшін нақты ісшараларға қолға алуға арналуы керек.
Бұл ретте Тіл комитеті мен жергілікті Тіл басқармасы бірлесіп
нақты жұмыстарды қолға алғандары жөн. Олар өздеріне қарасты
территорияның қай елді мекендерінде қазақ мектептері жоқ
екендерін тайға таңба басқандай анықтап, тіпті оның картасын
да жасап, содан кейін оның себептерін зерттеп, ол мәселелерді
шешудің нақты жоспарбағдарламасын дайындап шынайы
жанашырлықпен іске кіріскендері жөн.
Тіл дамытуға бөлінген қаржының белгілі бір бөлігі
осындай талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалуы тиіс.
Сондайақ тіл мәселесін жоғарыдан бастауды да қолға алғанымыз
жөн. Біз осы уақытқа дейін тіл үйретуді, қазақтың салтдәстүріне
бейімдеуді балабақша мен мектептен, яғни төменнен бастадық.
Бұл үрдіс өте жақсы нәтиже берді. Қазір біздің жастарымыздың
басым бөлігі – қазақтың тілін, дінін, мәдениетін бойларына
сіңіре бастады. Ал енді тіл мәселесін жоғарыдан, яғни үкіметте,
түрлі министрліктерде дұрыс жүргізді қолға алғанымыз жөн.
Мемлекеттік мекемелердегі қызмет істейтін қазақтардың саны
кемінде тоқсан пайыздан асады. Бірақ сол көп қазақ күнделікті
жұмыста, қызмет бабында бірбірімен орысша сөйлеседі. Неге
бұлай? Тіпті Елбасы барлық қазақ бірбірімен қазақша сөйлессін
деп атап айтса да бұл мәселе алға жылжыр емес. Біз осы уақытқа
дейін Парламентіміздің қазақшыландыра алмай отырмыз. Ал
Кавказ бен Балтық бойы республикаларының Парламенттері
сонау Кеңес одағының өзіндеақ түгелдей өз тілдерінде сөйлейтін
еді. Ал біз жеке, тәуелсіз мемлекет болсақ та он сегіз жыл бойы
бұл мәселені шеше алмай келе жатырмыз. Біздіңше, осы мәселе
нақты қолға алынуы тиіс.
Міне осы айтылған мәселелерескерілсе, тіл жөнінде
шешілмейтін соншама үлкен мәселелер жоқ. Біз бұл мәселелердің
болашақта ойдағыдай жүзеге асарына кәміл сенеміз.
С. БАЗАРБАЙҰЛЫ
118
АЛТЫН БЕСІК – А
ТАМЕКЕН
ІЛЕ ЖЕРІ
Киелі жеті өзені жанға тұмар.
Жетісудай жұмыр жер,
жәннаты бар.
Жеті өзен тоғысқан Жетісуда
Өмірдің күре тамыр арнасы бар.
Жеті өзеннің біреуі - Іле деген.
Іледен қанат қағып түлеген ем.
Іле деген атыңды ести қалсам,
Жүз атылып орнымнан түрегелем.
Кір жуып, кіндік қаным тамбаса да.
Сәби шақтан еткен ем жанға сая.
Мен саған сол үшін де бас иемін.
Болған соң елге мекен, ерге пана.
Ата жұртқа ат арытып келгенімде.
Төріңнен қастерлі орын бергеніңде.
Жат жерде өгей ұл боп өксіп келген,
Ем болды-ау мейрімің шер көңілге.
Теңіздей шалқып, тасып
толмасам да.
Қырандай қалықтап кеп
қонбасам да,
Ұлтаның болуға да ризамын,
Сұлтаның ел басқарған болмасам да.
Сен мені әлдиледің ағысым боп.
Жүрегім сен деп соғад қағысын тек.
Саған құрмет етуді, Іле жері,
Білемін азаматттық парызым деп!
ТөЛЕгЕН АйБЕРгЕНОвКЕ
Көкірегіндегі асқақ ән.
Мұң сейілтіп тастаған.
Жақұт жыры бір оның.
«Жанарларды жасқаған».
Көңілінен ұшырған,
Қоңыр өлең кептерін.
Кегейлінің ақтардым,
Сырға толы дәптерін
Сағынышын тұмар қып,
Алматыда қалдырған.
Кесіп өттім құмартып,
Өлең – нөсер жаңбырдан.
«Кеудесіне таулардың»,
Арман ілген бала ақын.
Ақиықтың көктегі,
Ұстап ұшты қанатын.
Сағынышы – сел боран,
Ал кеудесі – нар қасқа.
Ұлтым, ұқсас бел балаң
Жарқылдаған алмасқа.
Қиял құсын мініп ап,
Жыр-мұнара қалаған.
Өлеңінен ділі пәк,
Нәр алуда бар адам
Нұрбек ЖАңҒАБАЕВ
Т. Жүргенов атындағы
Өнер академиясының студенті, Алматы облысы
Іле ауданындағы №29 орта мектептің түлегі,
Оқушылар арасында өткізілген
бірнеше республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері.
|