түркіменстандағы
қазақтар
Бұрын Түркіменстанда 300 мыңға
жуық қандастарымыз болған еді.
Олардың басым көпшілігі Қазақстанға
қоныс аударған. Соған орай, қазіргі есеп
бойынша Түркіменстанда 60 мыңнан
астам қазақтар бар. Олардың көпшілігі
Қазақстанның Маңғыстау облысымен
көршіліс Түркіменбашы (бұрынғы
Красноводск) өлкесіне орналасқан. Сонымен бірге, Ташауыз,
Мары, Чарджоу облыстары мен Ашхабад қаласында да біраз
қазақтар бар. Балқан өлкесіндегі қазақтардың жалпы саны 2025
мыңдай. Түркіменбашы қаласына жақын жердегі «Аққулы маяк»
қалашығында 2 мыңға жуық тұрғын бар. Олардың 90 пайызы
қазақтар.
Түркіменстандағы ағайындарымыз Қазақстанның көршілес
облыстарына 5 күнге виза алмайақ, еркін барып қайта алады.
Ал 1 айға кіріпшығу визасы тегін беріледі. Демек, Түркіменстан
қазақтарының Қазақстанмен байланыс жасауында ешқандай
кедергі жоқ деуге болады.
ресейдегі қазақтар
2010 жылғы санақ бойынша Ресейде 654 мың қазақ
тұрады. Олардың ең көбі Астрахань облысында – 150 мың адам.
Орынбор облысында – 120 мың, Омбы облысында 78 мың,
Саратов облысында 76 мың, Волгоград облысында – 46 мың,
Челябі облысында 35 мың, Түмен облысында 19 мың, Самара
облысында – 16 мың, Қорған облысында 12 мың, Новосибир
облысында – 11 мың, Свердлов облысында – 4 мың, Ростов
облысында 3 мың, Томскде – 1 мың қазақ бар. Ал Мәскеу
қаласы мен оған қарасты облыста 13 мың, Алтай өлкесінде – 8
мың, Қалмақ республикасында 5 мың, Башқұртстанда – 4 мың,
СанктПетербургте – 3 мың, Краснояр өлкесінде – екі жарым
мың, Саха (Якутия) республикасында – бір жарым мың қазақ бар.
Қазіргі уақытта Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Ресей
Федерациясындағы облыстарда, өлкелерде және автономиялы
республикаларда құрылған жиырмадан астам қазақ ұлттық
мәдени қоғамдарымен мәденирухани байланыс жұмыстарын
жүргізіп келеді.
Мұндай Қазақ мәдени орталықтары Ресейдің Орынбор,
Омбы, Астрахань, Мәскеу, СанктПетербург, Саратов, Самара,
Екатеринбург, Қорған, Түмен, Челябі, Волгоград облыстарында,
Алтай республикасында, Татарстан, Башқұртстан, Саха, Қалмақ
Республикаларында бар. Олар өзара бірлесіп Ресейдегі Қазақ
мәдени орталықтарының федерациясын құрған. Федерация
төрағасы – Тоқтарбай Дүсенбаев.
Жыл сайын мүмкіндіктеріне қарай Ресейдегі Қазақ
мәдени орталықтары өкілдерінің бас қосуы болып тұрады.
Бұл бас қосуларда Ресейде тұратын бір миллионға жуық
қандастарымыздың арманойлары, ізгі тілектері тұжырымдалып,
бүгіні мен болашағы турасындағы күрделі мәселелер ортаға
салынады. Сонымен қатар шекаралас Орынбор – Ақтөбе, Саратов
– Батыс Қазақстан, Қорған – Солтүстік Қазақстан және басқа
107
да облыстар әкімшіліктері тарапынан жасалған экономикалық,
мәдени қарымқатынас шарттарында Ресейда тұратын қазақтарға
мәденирухани жәрдем көрсету жоспарланып, біртебірте іске
аса бастады. Атап айтсақ, жыл сайын «Наурыз» мерекесін Ресей
қалаларында бірге өткізіп, Ресейде тұратын қазақ жастары
квота бойынша Орал, Ақтөбе қалаларының педагогикалық
институттары мен училищелерінде оқып білім алып, қазақша
үйреніп елдеріне барып жас жеткіншектерді өз ана тілдерінде
оқытуға атсалысып жүр.
Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлерінде қазақ мектебі
жоқ. (Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде қазақ мектептері болған).
Ресейдегі қазақтар арасында қазақ тілі факультативтік пән
ретінде жүргізіледі.
Орынбор облысында тұратын қазақтарды Ақтөбе облысы
әкімшілігі өз тарапынан аздыкөпті мәдениағарту жұмыстарын
жүргізіп әр уақытта қолдау көрсетіп келеді. Осындай істің
нәтижесінде «Айқап» атты қазақ тіліндегі газет Орынбор
қаласында жарық көрді. Бұл басылым облыста тұратын қазақ
жұртының өз әдетдәстүрін, тарихын, ұмыта бастаған тілін
үйренуде біріктіруші, ұйымдастырушы болды.
қытайдағы қазақтар
Бүгінгі таңда Қытайда бір жарым миллионнан астам қазақ
бар деп есептелінеді. Олар негізінен, Қазақстанмен шекаралас
жатқан ШыңжаңҰйғыр автономиялы өлкесінің Қазақстанмен
шекаралас Іле Қазақ автономиялы облысында, сондайақ,
Тарбағатай, Алтай, Еренқабырға, Құмыл аймақтарында,
Боратала Моңғол автономиялық облысында орналасқан Сондай
ақ, Ішкі Қытайға қарайтын Ганьсу өлкесінде де қазақтар бар.
Қытайдағы қазақтар бұл елде жасайтын 57 ұлттың арасында
17ші, ал мәдени ықпалдастық деңгейі бойынша 5ші орынды
иеленеді. Қытай қазақтарына арналған 6 мемлекттік баспа, 2
арнайы телеарна, радио, ондаған газетжурнал бар. Бұған қоса
Шыңжаңдағы кино саласының, Ұлттық істер, Тіл және жазу,
Аударма комитеттерінде қазақ бөлімдері жұмыс істейді.
Қытайдағы қазақтардың ұлттықмәдени жағдайы бір жүйеге
түскен. Мұнда қазақ мектептері баршылық. Кадр мәселесінде
қазақтардың үлессалмағы есепке алынып отырады.
Қазақтың әдебимәдени саладағы танымал қайраткерлері
де жеткілікті. Жалпы, Қытайдағы қазақтардың ғылымбілім
саласындағы деңгейі жоғары. Әсересе, қалалық жерде тұратын
қазақтар оқуға, жоғары білім алуға айрықша мән береді. Қазақ,
қытай тілдерінен басқа ағылшын, жапон сияқты шет тілдерді
меңгерген қазақ жастары аз емес.
Қытайдағы қазақтар төте (араб) жазуын пайдаланады. (1965
жылдардан бастап 15 жылдай латын жазуын пайдаланған).
моңғолИядағы қазақтар
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдардың басында
Моңғолияда 150 мыңдай қазақ бар еді. Кейін олардың біраз бөлігі
Қазақстанға көшіп келді. Қалғандары, негізінен, БаянӨлгий
аймағында тұрады. Сондайақ, Ұланбатыр, Эрденет, Налайх
қалаларында, Қобда, Увсы, Хэнтий, Төв, Сэлэнге аймақтарында
да қазақтар баршылық.
БаянӨлгий аймағы 1940 жылы құрылған. Алғаш аймақ
орнағанда халық саны – 33301, отббасы саны – 7063 болған.
1958 жылы Моңғол үкіметі БаянӨлгийде қазақтың ұлт аспаптар
оркестрін құру туралы қаулы қабылдайды. Осыған орай Баян
Өлгийге Қазақстаннан Құрманғазы атындағы консерваторияның
оқытушысы Қабидолла Тастанов және танымал хормейстер Зоя
Жарасбаева барады. Кейін оларды белгілі музыка мамандары
Алдаберген Мырзабеков, Мәлгаждар Әубәкіров алмастырады.
Осы кезеңде БаянӨлгийден Ахметбек Қисықұлы, Мұсайып
Құсайынұлы сияқты дарынды жастар Қазақстанға келіп,
Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға
түседі. Мұның бәрі Моңғолиядағы қазақтардың мәдениеті мен
өнерінің дамуына үлкен ықпал жасайды.
Қазіргі
кезде
Моңғолия
қазақтарының
басым
көпшілігі өз ана тілінде оқиды. Қазақтың ұлттық
ерекшелігін, ежелгі салтдәстүрлерін, ата кәсібін өте
жақсы сақтаған. БаянӨлгийде үлкен қазақ театры бар.
Сондайақ, мұнда қазақ халқының өткені мен бүгінгі мәдени
рухани байлығын көрсететін үлкен мұражай да бар.
БаянӨлгийде үлкен Ислам орталығы бар. Моңғолиядағы
қазақтарды көп ойландыратын жағдай – Қазақстанмен қарым
қатынас.
108
Бұрын Алматы мен БаянӨлгий арасында ұшақ үздіксіз
қатынап тұрған. Кейін жекешелендіруге байланысты бұл қатынас
нашарлады. Алдығы уақытта Қазақстан үкіметі БаянӨлгийге
ұшақ ұшыру жөнінде шара қолданылуы керек.
Қазақстан мен БаянӨлгий арасында автомобиль жолын салу
жөнінде көптен айтылып келеді. Бұл жолдың алты түрлі жобасы
жасалған. Соның екеуі көңілге айрықша қонады. Біріншісі
– Қазақстанның ҚатонҚарағай ауданы арқылы Ресейдің
АқалақанҚалғұты бағытымен БаянӨлгий аймағына өтеді.
Бірінші жоба – төте, бірақ шығынды көп қажет етеді. Екінші
жол тікелей емес, теріскейге қарай біраз айналып өтеді. Бұл
жол ұзақтау болғанымен тез арада бітетін түрі бар. Ресей бұл
жолдың өздеріне қарасты бөлігін жасап қойған. Ендігі мәселе
Қазақстанның бөлігіне тіреліп тұр. Егер Қазақстан жолдың осы
бөлігін бітірсе, онда БаянӨлгиймен арадағы қатынас қазіргіден
әлдеқайда жеңілдейді.
Қазақстан мен БаянӨлгийдің байланысында үлкен қиындық
тудырып отырған мәселе – екі елдің ортақ шекарасының
жоқтығы. Яғни, Моңғолия мен Қазақстанның түйісер тұсына
Қытай мен Ресейдің шекарасы жіңішке дәліз жасап кіріп кеткен.
Кей тұста оның ені 4050 шақырымнан аспайды. Кеңес Одағының
кезінде Ресейге қарасты Ақалақан деген жерде БаянӨлгийдің
малын Қазақстанға айдап өтетін арнайы жол болған. Қазір бұл
жол жабылған.
Әрине, байланыс жөнінде әнгіме қозғаған соң мәденирухани,
оқубілім мәселесіне айрықша назар аудару керек. Әсіресе, оқу
білім саласының маңызы айрықша. Бұрын БаянӨлгий қазақтары
бұл жөніндегі көмекті Қазақстаннан жеткілікті алып тұрған.
Мектептегі оқулықтар түгелге жуық Қазақстаннан келген.
Педагог мамандардың көбі Қазақстанда даярланған. Оның үстіне
БаянӨлгий жастары Ресейдің Мәскеуден бастап, небір үлкен
қалаларындағы атақты оқу орындарына түсіп, жоғары білім алған.
БаянӨлгийде қазақша «Жаңа өмір», «Шұғылы» сияқты
газетжурналдар шығады. Телерадио хабарларын тарату да жақсы
жолға қойылған. Алматы теледидарының хабарын мұндағы
ағайындар толық көреді. Дегенмен, бұл салада да ойланатын
мәселелер бар. Мысалы, қара шаңырақ Қазақстан андасанда
болса да Моңғолиядағы қазақ журналистерін шақыртып,
кәсіптік бағытбағдар беріп тұрса дейді ондағылар. Біздіңше, бұл
да ескеруге болатын ұсыныс.
Моңғолия қазақтарының Ресей елінің шекарасы арқылы
Қазақстанға келуі де өте қиын.Ал Моңғолиядан Қытай
арқылы келу Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда оңай. (Яғни,
моңғолиялықтар Қазақстанға Қытай арқылы ешқандай виза
алмастан бірден келе береді.) Қазір Қазақстан мен Ресей Кедендік
одаққа бірігіп отыр. Соған орай, Моңғолия қазақтарының
Қазақстанға келуін нақты жолдарын қарастыру керек.
Сондайақ, Моңғолияның түкпіртүкпірінде шашырап
жүрген қазақтарға қолдау жасау бірінші кезекте ескерілгені
жөн. Өйткені, олар уақыт өте қазақы қалпынан алыстап, ұлттық
ерекшелігінен қол үзе бастауы мүмкін. Сондықтан да олар дер
кезінде жасалынатын көмек пен қамқорлыққа өте мұқтаж.
Ирандағы қазақтар
Өткен ғасырдың соңында Иранда отыз мыңнан астам қазақ
бар деп есептелінетін. Қазақстанға көшуге байланысты қазір
олардың саны әлдеқайда азайды. Бүгінгі таңда Иранда 8 мыңдай
қандастарымыз тұрады. Яғни, Бендер – Түрікменде 500 отбасы,
Горганда 400 отбасы, Кұмбетте 250 отбасы, Тегеранда 20 отбасы,
Аракта 3 отбасы, Ассалуиде 12 отбасы, Мешхедте 18 отбасы,
Шабахарда 4 отбасы бар.
Иран қазақтарымен байланыс Кеңес Одағы тұсында да
біршама жақсы жүрген. Екі ел арасында барыскеліс болған.
Бірнеше жастары Қазақстанға келіп оқыған. Соңғы жылдары
Иран қазақтарының біразы Оңтүстік Қазақстан облысына,
Маңғыстауға қоныс аударды. Жалпы, Иран қазақтарымен
байланысқа кедергі жасайтындай үлкен қиындықтар жоқ.
Дегенмен, ол жақтағы қазақ жастарын Қазақстанға алдырып
оқытуға айрықша көңіл бөлген жөн.
ауғанстандағы қазақтар
Осыдан ширек ғасырдай бұрын алыс шетелдердегі қазақтар
ең көп, тығыз орналасқан елдің бірі – Ауғанстан еді. Мұндағы
қазақтар негізінен МазариШариф төңірегінде тұратын. Кабул
қаласында және басқа жерлерде біраз қазақтар бар еді. (Жалпы
ол кезде ресми статистикалық есептерде Ауғаныстанда 30
мың қазақ бар деп көрсетілген). Міне, осы қазақтардың басым
көпшілігі Ауғаныстандағы соғыс кезінде шетелдерге (Иран,
Түркия, Сауд Арабиясы, Пакистан) өтіп кетті. Кейін олардың бәрі
дерлік Көшіқон квотасы арқылы Қазақстанға жетті. Бұларды
атамекенге алдыруға Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы да
өз үлесін қосты. Мысалы Түркия, СаудАрабиясы, Пакистандағы
қазақтардың тізімін жасап Қазақстанның тиісті орындарына
тапсыру, шақырту жібері мәселесін Қауымдастық жүзеге асырды.
Қазір Ауғанстанда қазақтардан 300дей отбасы қалды деп
есептелінеді. Олармен байланыс өте қиын. Барыскеліс мүлдем
жоқ деуге болады. Мысалы, Өзбекстан мен Түркіменстан арқылы
барудың, олардың көшіп келуінің өзі қияметқайым. Сондайақ
Ауғаныстанда қазақ жерінен осыдан 150200 жыл бұрын кеткен
қазақтар бар. Олар өз шежіресін, атабабасын жақсы біледі. Бірақ
қазақ тілін білмейді.
Міне, осыған орай Қазақстан Сыртқы істер министрлігі,
басқа да тиісті мекемелер Ауғанстанда қалған қазақтармен
байланыс жасап, оларды атажұртқа алдыру мәселесіне айрықша
назар аудару керек.
еуропа қазақтары
Германия. Бұл елде жалпы саны – 300дей отбасы тұрады.
Оңың ішінде Кельнде – 200 үй, Мюнхенде – 60 үй, Берлинде –
10 үй, қалғандары Гамбургте және басқа қалаларда бірекі үйден
бірнеше қалаға орналасқан.
109
Бұдан бес жыл бұрынғыға қарағанда отбасы саны – қырық
шақты үйге көбейген. Бұл – ер жеткендердің отау болып
шығуының арқасында.
Мұндағы отандастарымыздың көпшілігі – жұмысшылыр.
Сауда ісімен айналысып жүргендер де баршылық. Зейнеткерлер
де жеткілікті. Бірліжарым оқыған азаматтар да бар.
Мұндағылардың тұрмыстық жағдайы жаман емес. Әлеуметтік
жағынан да жақсы қамтылған. Олар ұлттық дәстүрді сақтауға
тырысады. Бірақ, жастар ана тіліне шорқақ. Тегінде бүйтіп кете
берсе, олардың ұлттық белгілерді жоғалтып алуы кәдік.
Франция. Бұл елде 200ден астам отбасы бар. Олардың осы
елдегі Қазақстан елшілігімен қарымқатынастары жақсы. Түгелге
жуығы кезінде Түркиядан барғандар. Басым көпшілігі жұмысшы,
бірліжарым саудамен айналысатындары да бар. Франциядағы
Қазақ мәдени қоғамы осы елде тұратын қазақтардың тізімін
жасап, жарыққа шығарған. Балаларға арналған ертегілерді латын
әрпіне көшіріп балдырғандарға тартқан. Футбол командасын
құрған. Жарыс өткізіп тұрады.
Австрия. Мұнда 20 отбасы тұрады.Көбісі жастар. 60
қа келгендер бірліжарым ғана, әртүрлі жұмыстар атқарады.
Байланыс бөлімінде, такси паркінде, дүкендерде жұмыс істейді.
Жағдайларына қарай Вена қаласының әр жерінде тұрады.
Мүмкіндігінше Қазақстанмен қарымқатынас жасағысы
келеді. Орта мектепті, арнаулы мектептерді бітірген жастардың
үлкен университеттерде білімін жалғастыруға мүмкіндіктері
бола бермейді. Аз болған соң ба мұндағы бауырларымыздың
ұйымшылдығы жақсы.
Швеция. Кейінгі кезде қандастарымыздың саны тез өскен
елдің бірі – осы Швеция. Мұнда да Германия, Австрия,
Франциядағы сияқты бауырларымыз түрлі жұмыстарда. Зейнетке
шыққан қарттар да баршылық. Тұрмыстары жақсы. Білетіндердің
айтуына қарағанда, Швецияға Түркиядан алғаш қоныс аударған
қазақтар 8 отбасы болған екен. Содан бері Скандинавияға бет
алған көш жыл сайын аздап болса да жалғасып, қазір Швециядағы
қазақ отбасыларының саны 100ден асып кеткен. Олардың 55
отбасы Вестеросқа орналасқан. Алыста жүрген ағайындар үшін
55 отбасы кәдімгідей үлкен қауым. Және олардың бірбірімен
байланысы да жақсы, негізінен бір көшенің бойында тұрады
десе де болады. Енді жақында олардың қатарына Түркиядан
жаңадан көшіп келген қазақ 15 отбасы қосылған. Мұның үстіне
соңғы кезде Швецияға әртүрлі жағдаймен Қазақстаннан да,
басқа елдерден де қоныс аударған қазақтар көбейе бастаған.
Солардың бірі Кәбира деген қазақ әйелі Қырғызстанда туып
өскен; біраз жыл сол жақтағы опозицияның қатарында болып,
түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан. Кейін Швецияға
келіп, саяси баспана алып, содан кейін қызы мен күйеубаласын
шақыртып, Скандинавия жеріне біржолата қоныстанған. Қазір
осындағы «Жасылдар партиясында» қызмет етеді.
Қазір Еуропа елдеріндегі қазақтардың оннан астам мәдени
қоғамдары бар. Олар өзара бірлесіп Еуропа қазақ қоғамдарының
федерациясын құрған. Федерация төрағасы – белгілі ғалым
Абдулқайым Кесіжі.
Қазір Болгария, Чехия, Польша сияқты елдерде де қазақ
диаспорасы қалыптасып келеді. Венгрияда да өзін қазаққа
жақынбыз деп есептейтін ағайындар бар. Олар өздерін Қазақ
жерінен ертеде кеткен қыпшақтармыз дейді. Сөздерінде біраз
қазақша атаулар кездеседі. Олар Қазақстанға, Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығына бірнеше рет келіп кетті.
Бұдан басқа Норвегияда мен Данияда біраз отбасы бар.
ақш-та тұратын қазақтар
америка Құрама Штаттарындағы қазақтар, негізінен, Нью
Йоркте тұрады. Олар оншақты үй. Соңғы кезде олардың
қатарына Түркиядан барған бесалты үй ағайын қосылды.
АҚШтағы ағайындардың тіршілігі – Еуропа елдеріндегі
қазақтармен ұқсас. Жұмысшылар, бизнесмендер, зейнеткердлер.
Жер шалғай болғандықтан олармен қарымқатынас да қиын.
Дегенмен, олардың Қазақстанның күнделікті өмірінен толық
толық хабары бар.
түркИядағы қазақтар
Алыс шетелдегі бауырларымыздың ішінде Қазақстанмен
қатынасы ерекше жақсы Түркиядағы қазақтар. Олардың
атажұртпен араласқұралас болғандарына жиырма жылдан асты.
Бұл әрине, аз уақыт емес.
Түркиядағы қазақтардың саны –15 мыңдай. Олар, негізінен,
Стамбул, Салихлы, Анкара, Измир қалаларын мекендейді. Кәсібі
– тері өндірісі, каучук бұйымдарын шығару, саудамен айналысу.
Бұл елде қазақтардың бірнеше ұйымы бар: олар – «Түркиядағы
қазақтар мәдени қоры», «Яссауи атындағы діни орталық», «Қазақ
жастарының мәденибілім орталығы», «Ауғанстаннан көшіп
келген ағайындардың қоғамы».
Түркиядағы бауырларымыздың біздің елшілікпен қарым
қатынастары жақсы.
Түркиядағы қазақтардың ішінде жоғары оқу орындарында
дәріс оқытып жүрген доцент, профессорлар да, дәрігер,
адвокаттар да бар.
қырғызстандағы қазақтар
2009 жылғы есеп бойынша Қырғызстанда 33 мыңдай қазақ
бар. Олардың басым көпшілігі (21 мың адам) Шу аймағы мен
Бішкек қаласында тұрады. Ыстықкөл облысында 10 мың,
Талас облысында 8 мың қазақ бар. Баткен, Ош, ЖалалАбад
аймағындағы қазақтар 4 мыңға жуықтайды. Бұрын қазақтардың
«Отан» және «Алаш» атты екі мәдени орталығы жұмыс
істеген еді. 2010 жылы бұл екі орталық қосылып, Қырғызстан
қазақтарының қауымдастығы деген атпен қайта құрылып,
Қырғызстан халықтары Ассамблеясының құрамында тұрақты
жұмыс істеп келеді.
Қырғызстан қазақтарының арасында ғалымдар, жоғары
білімді мамандар өте көп.
тәжікстандағы қазақтар
1989 жылғы санақ бойынша Тәжікстанда 12 мыңнан
астам қазақ болған еді. Тәжікстандағы соғыс кезінде олардың
басым көпшілігі Қазақстанға қоныс аударған. Соған орай,
бүгінгі таңда Тәжікстанда 2 мыңдай ғана қазақ қалған. Бүлар,
негізінен өткен ғасырдың 2030 жылдары әртүрлі қуғынсүргін
салдарынан Қазақстаннаннан бас сауғалып барған қазақтардың
ұрпақтары. Қазір олар Душанбе қаласы мен Гиссар, Рудаки,
Вахдат аудандарында, Қорғантөбе, Нүрек, Регар, Ходжент,
Шахритус, Жылыкөл, Колхозабад қалаларында, ТаулыБадахшан
110
автономиялы облысында тұрады. Бұл елде Зәуре Сәменованың
жетекшілігімен «Байтерек» Қазақ мәдени орталығы құрылған.
Бұл орталық Тәжікстандағы Қазақстанмен бірлесіп айтарлықтай
жақсы жұмыс істеп келеді. Бұдан бірнеше жыл бұрын «Нұрлы
көш» бағдарламасымен тәжікстандық 8 қазақ отбасы Ақмола
облысына келіп орналасты. Болашақта да келуге ынталы
ағайындар баршылық.
Бүгінгі таңда ТМДның жоғарыда айтылған елдерінен басқа
да біраз мемлекеттерінде қазақ диаспорасы бар. Олардың көбі
кешегі Кеңес Одағы кезінде оқу іздеп, немесе әртүрлі жұмыс
бабымен барғандар. Мысалы Эстонияда, Украина мен оның
Қырым өңірінде және басқа елдерде аз қазақтар бастарын құрап,
қазақ мәдени орталықтарын ұйымдастырған.
шетел қазақтарына қолдау кӨрсетудің
басым бағыттары
Соңғы кезде шетелдегі қазақ диаспорасының ұлттықрухани,
мәдени жағдайына байланысты көптеген күрделі мәселелер
шыға бастады. Мұның ең батысы – шетелдегі қазақтардың
болашақта өздері тұратын елдердің этникалық ортасына сіңіп,
өз ана тілінен, мәдениетінен, салтдәстүрінен, менталитетінен
айырылып ассимилицияға ұшырап кетуі қауіпті. Бұл қауіп,
әсіресе, Кеңес Одағы тарағаннан кейін айрықша белең ала
бастады. 90жылдардың басына дейін ТМД елдерінде тұратын
қазақтардың мектептерінде білім беру тұтас бір бағдарламамен
жүрді. Қазір бұл жөнінен әр ел өзінше бағыт ұстануда. Бүгінде
қазақтар үш түрлі – кириллица, латын, араб, әліпбиін пайдалануда.
Аты қазақ мектебі болғанымен әр елдегі оқулықтар, оқу
әдістемелік құралдар бірбіріне мүлдем ұқсамайды. Сондықтан
бір елдегі қазақ екінші елдегі қазақтардың ауызша айтқан сөзін
ұққанмен жазған жазуын түсінбейтін жағдай қалыптасыпты.
Тіпті, қазақ тілінің грамматикасы да, қазақ әдебиетінің тарихи да
түрлітүрлі оқытылуда. Соған орай, бүгінгі таңда шетелдегі қазақ
мектептерін бітіріп келген жастар Қазақстанның оқу орындарына
түсе алмайтын болып отыр. Тіпті, олардың өздері тұратын
елдегі оқу орындарына түсу де қиын. Соған байланысты кейінгі
кезде шетелдегі қазақ жастарының қазақша мектептерге баруға
деген ынтаықыласы күрт төмендеуде, қазақ мектептері де жыл
сайын азаюда. Бұрын Қазақстаннан шыққан қазақша оқулық,
көркем әдебиет, газетжурналдар шетелдегі қазақтарға, әсіресе,
ТМД елдеріне кедергісіз барып тұратын. Соңғы уақытта мұның
бәрі дерлік тоқтады. Сырт жерлердегі қазақтар Қазақстанның
радиотеледидар хабарын көруге де өте мұқтаж. Қазақстанның
концерттік топтарының шетелдегі қазақтарға баруы да азайды.
Шетелдегі қазақтардың Қазақстанмен барыскелісінде,
шекарадан өтуінде де қиыншылықтар аз емес. Осыған
орай,
Қазақстан
Республикасының
шетелде
тұратын
отандастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатының
Тұжырымдамасы айқындалып, нақты жасалуы тиіс. Яғни,
шетелдегі қандастарымызбен байланысты бір жүйеге түсіріп,
реттеп отыратын заңды құжат өте қажет. Өркениетті елдердің
көпшілігінде мұндай құжаттар әлдеқашан дүниеге келген.
Мысалы, Жоғарыда айтқанымыздай, Ресейде 1999 жылы
«Ресей Федерациясының шетелдегі отандастарға байланысты
мемлекеттік саясаты туралы» заң қабылданды. Бұл заңда –
отандастарға жасалуға тиіс қамқорлық заңдық негізде бір жүйеге
түскен. Бұл жөніндегі міндеттерді қолға алып, жүзеге асыру ел
Президентінің, мемлекеттік басқару органдарының құзырында
екендігі және ол құқықтық, дипломатиялық, әлеуметтік,
экономикалық, ақпараттық, білім беру, ұйымдастыру шараларын
қамтитыны атап көрсетілген.
Қазақстан үшін де шетелдік отандастарға арналған
осындай құжаттың қажет екендігі даусыз. Біздің ойымызша
осы жетіспеушіліктің орнын толтыру керек. Мұндай құжат
шетелдегі қазақтарға қолдау көрсету жұмыстарын қандай
бағыттарда жүргізген жөн, бұл саладағы ісшаралар қайткенде
нәтижелі болады деген нақты сұрақтарға жауап беруге тиіс.
Өйткені, шетелдегі қазақтар атажұртқа аз уақытта жаппай қоныс
аудара алмайды. Яғни, шетелдегі қазақтардың басым көпшілігі
үстіміздегі XXI ғасырда да өздерінің қазіргі мекенінде тұра береді.
Міне, осы сан миллион халықтың XXI ғасырда өзінің ұлттық
ерекшелігін сақтап қалуы Қазақстан Республикасының шетелдегі
отандастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатына, қолға
алатын ісшараларына тікелей байланысты. Соған орай, шетелдегі
қазақтардың ұлттық жағдайын, мәдениеті мен салтдәстүрін, ана
тілінде оқып білім алуын сол өздері тұратын этникалық ортада
дамытып, өркендеуге қолдау көрсету жөнінде төмендегідей іс
шаралар нақты қолға алынуға тиіс деп есептейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |