Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет27/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

100
күңiренуi  мен  аюдың  қотан  торып  қауқылдауы  ғана  көңiлге 
қаяу  салады.  Бiз  аз  малымызды  қоралап,  әруақтарға  арнаған 
асымызды қазанға салып, «Қыз Жібек» хисасын тыңдап отырып 
қалғанбыз. Ес бiлiп етек жапқаннан берi естiп келе жатқан болсақ 
та құмарымыз бiр қанбайды. Ашаудың боздап шығатын мұңлы 
қоныр үнi Төлегендi Қособаның басына апарып құлатып, алты 
қазы арыз­арманын айта бастаған кезде кәрi апам бастап, Банулар 
қостап үй iшiндегiлердiң бәрi егiледi. 
Бауыр етi сөгiлгендей шын күңiренетiн Ақан.
­  Боздағым­ай,  аяулы  Төлегенiм­ай!  Тұқымың  құрсын, 
Бекежан тұқымың құрып, көктемей кет, илахи! ­ деп жанарынан 
жас парлатқан да, менiң көзiмнен де жас ыршып кеттi.
­ Үй, кенже мұның қалай, бала болып кеттің бе сен, мынау 
қисадағы кейіптендiрiлген кiсiлер емес пе? ­ дейдi әкем байыпты 
ғана.
­ Қабду есiме түсiп кеттi ғой! ­ деп еңiредi.
Ақанның Қабду деп отырғаны бiздiң аталас туысымыз, бес 
тәтейдiң қара шаңырғы Сілам қажының ұлы едi. Мiнезi жiбектей, 
ел­жұртына аяулы азамат болатын, ауру себебiнен жастай қайтыс 
болған.
­ Ашейды Сырлыбай ханның қызы деп қалған¬ау жарықтық, 
­ деп күлдi Шәпем.
­  Болса  болады,  Ашей  қайсы  ханның  қызынан  кем?  ­  деп 
ақырды Ақан, Шәпемдi таяғымен маңқ еткiзiп.
«Рас­ ау» деп ойладым мен уылжыған аппақ жеңгем Ашейді 
көз алдыма келтiрiп. Киiз есiктi жамылып, қора ортасында жылап 
отырған  менi мазақтап тұрған сияқтанады.
*** 
Бақаяқ  бөлек  деп  атаған  Бұлан  отбасы  –  Қажынәбидің 
атасы  Уәлиден  берi  қарай  есaғасы  –  қазыбектiң  тiрек  еткен 
бiр  шаңырағы  осы.  Бұлан  шебер,  орамды  басшы  болған  екен. 
Алайда, жастай қайтыс болып кетiптi де оның орнына ел немере 
iнiсi  Қажынәбиді  шығарыпты.  Қажынәби  де  кең  пейiлдi,  ел 
қамын жегiш кiсi болды. Қарауындағы халқын бастап үш аймақ 
төңкерiсiне қатынасты. Әкiмдiк, уалилiк мiндет атқарды. 
  
Кедейлiгiне  қамыққанын  көргенiм  осы  едi.  Есiк  пен 
төрдей  торы  жорға  аттың  үстiнде,  жиырма  биенiң  сабасындай 
iркiлдеген Бақаяқ бүгiнде  тағы да алға шығыпты. 
­ Букан ауылының сыртына, анау ашық жерге жиналыңдар. 
Генаралды  алдымен  сол  ауылға  түсiремiз.  Есағасы­қазыбектiң 
әруақты  шаңырағынан  дәм  тартырамыз.  Бұра  тартушы  болса, 
маған өкпелемесiн ­ дейдi топталған көп халайыққа түтiге қарап. 
Ер  көңiлдi,  өрт  мiнездi,  Жомарт  байдың  айтқанынан 
қайтпайтынын  бiлетiн  ел:­  Е,  е,  болады,  болады...  Сол  ауылға­
ақ  түссiн.  Қажәнби  мен  Нұрипа  отырған  үйден  дәм  татсын! 
Басқамыздың кезегiмiз содан соң да бола берер! ­ деп жатыр.
Бақаяқ бұл сөздердi де жаратпаған сыңай бiлдiрдi. 
­ Ау, Рақым, Құсайын, “кезегiмiз” деген сөздi  қысқартыңдар, 
түге,  Далелхан  туысшылап  емес,  қоштасу  үшiн  келе  жатыр, 
осында  бiр­екi  күн  ғана  болады.  Қымызыңды,  ақсарбас,  боз 
қасқанды, ойын тiлеуiңдi барша көңiл ашар әрекетiңдi, сол бiр 
ауылға жина! Дәм­ырыздық нәсiп болып, аман есен оралса, үй 
басы  тiлеуiңдi  сонда  тiлерсiң  –  дедi  де,  “Бақаяқ,  Бақаяқ!”  деп 
ұрандатып, тор жорға атты ағыза жөнелдi. Оның қасына  еркiмен 
топталған  азаматтар  Букан  ауылына  қарай  дүр  етiп  төңкерiле 
жөнелдi. 
Тал түс болған мезетте Шойғатының тау­орманын жаңғыртып 
келе жатқан әскери оркестрдiң үнi естiлдi. Ақбақай торы және 
қара төбел арғымақты қосарлап, шеккен пәуескенi ортаға алған 
өңшең құр атты, сары ала офицерлер Қажынәби отырған ауылға 
салтанатпен жақындап келе жатты. 
Жалпақ жағалы, ақ көйлек киiп, басына ақ шыт тартып алған 
Бақаяқ тор жорға атты көсiлте күйменiң алдына шықты да: 
­  Ассалаумағалайкум,  қолбасы,  қадамыңыз  құтты  болсын! 
Сапарыңызға сәт тiлеймiз! ­ дедi.
Қозы  көш  жер  алдыдан  шығып,  генералға  сәлем  берген 
сықаяқ  күтушiлер  күйменi  қоршаған  офицерлердiң  атын, 
екi  арғымақтың  сұлығын  ұстады.  Қазақтың  әйгiлi  генералы 
Далелхан  Сүгiрбаев    күймеден  сыртқа  шықты.  Екi  иығына  екi 
кiсi  мiнгендей,  ат  жақты,  қыран  көздi,  жылы  жүздi  екен.  Сары 
саржа  шапанының  иықтары,  кеудесi    сiрескен  орден,  медаль, 
әскери шен белгiсi. 
­  Үш  аймақ  төңкерiсiнiң  қорғаушы  күшi,  тiрегi  ­  халыққа 
сәлем!  ­  деп  қолын  шекесiне  апарып,  жиылған  елге  әскери 
жосынмен  iзет  бiлдiрдi.  Осы  құрметтiң  абыройы  үшiн  әскери 
оркеcтiр тағы дүр етiп басылды.
­  Қытайдың  барлық  топырағы  кер  тартпа  үстемдiктен  азат 
болды, ­ дедi  генарал салмақты, салтанатты үнмен. ­ Үш аймақ 
армиясы  Шынжаңдағы    гоминдан  әкiмшiлiгiне  өлтiре  соққы 
бердi.  Алтайды,  Тарбағатайды,  Iленi    азат  етiп,  өзге  аудан, 
аймақтардағы кер тартпа күштердi тiзе бүгуге мәжбүрлеуде зор 
рөл атқарды. Қазiр Шынңжаң бейбiт жолмен азат болатын болды.
Оркестр гулеп, шапалақ дүрiлдеп жатыр. Генералдың сөздерiн 
мен түгел  дерлiк түсiнiп кете алғаным жоқ. Құлағыма iлгерiде 
мектеп  меңгерушiсiнiң  үш  аймақ  төңкерiсi  жөнiндегi  айтқан 
түсiндiрмелерi қабаттасып қайта жаңғырығып, сол төңкерiспен 
ендi ғана беттескендей бiр күйде болып тұрдым. 
Мектеп  меңгерушiсi:  «Арғы  атасы  жылқышы,  бергi  атасы 
Cүгірбайдан  тартып,  қара  көктің  ұрпағы  атанған  Далелхан 
генерал  халық  қамы  үшiн  ел  бастап,  төңкерiс  туын  көтердi. 
Бiздiң  өмiрiмiздегi  ең  зор  мәртебемiз,  қуанышымыз,  жеңiсiмiз, 
мәдениетiмiз  бен  арымыздың  айғағы  ­  осы  төңкерiс!»  деген 
болатын.
Міне сол арыс азамат бүгiн сап­сары ала болып, алдына келiп 
құрмет бiлдiрген кезде халайық көзiне жас алды. 
­ Бейжiңге барып қайтқалы жүргенiңдi естiдiк, Дакей! Мынау 
қауым ­ халайығыңның көзiндегi ақ тiлектiң жасын тағдыр сенiң 
бақытыңа жазсын! Аман барып, аман кел – дедi әкем босап. Ол 
кiсiнiң де қорғасындай балқитын кезi болатынын көргенiм осы 
едi. Қалай екен, әкем үшiн мен боздап жiбердiм. 
                     
3
Аралға  көшемiз,  төр  жайлауға  беттеймiз  деген  кезде  елдiң 
көңiлiн  бiр  қуаныш,  бiр  қауiп  керней  бастайды.  Қуанатыны  ­ 
жәннаттай  толықсыған  жайлауға  қонып,  мал  мен  жан  қысқы 
азаптың есесіне екi ай бақыт, рахат құшады. Қауiптенетiнi ­ сол 
жәннаттай  жайлауға  баратын  жолды  кесiп  жатқан  асау  өзен 
Сұмдыайырық  қарағай,  қайың,  теректi  тамырымен    суырып,  аш 
жыртқыштай  аласатып  ағатын.  Сұмдайрықтың    ар  жағындағы 
аймақты  елдiң  Арал  деп  атайтыны  сондықтан.  Әйтпесе, 
Төртторғайты,  Шаку,  Ақтай,  Желкектi,  Жағаштай,  Астауша, 
Сақы, Қарамола, Сарбастау, Көкқұс, Көлдіайрық, Мысықты кезең, 
Қайыңды бұлақ деген сияқты ұлан­қайыр өрiс, қоныс жайлауларға 
бөлiнедi. Бiздiң екi үй  Құсайынның ауылымен сыбайласа көштiк. 
Тамтықтың үш ұлы бiрдей қажыға барған да, екi ұлы ­ Әдiлбек 
пен Әпселең бара алмай қалған екен. Ата байлығының жұрнағы 
қажыға  барғандарда  емес,  қажыға  бара  алмаған  Әдiлбектiң 
Қамзасы мен Әпселеңнің кенжесi Құсайында қалыпты.  Бұл күнде 
айран, шалаптық ғана күн көрiсi бар үш қажы ­ Молдаш, Омар, 
Сіләм  ұрпақтарының  әлгi  бай  туыстарын  сағалап  қоңсы  қонуы 
әруаққа  шет  емес  ­  тi.  Бай  үйiнiң  қалың  кiлем,  қарала  сырмақ, 
қалың текемет жапқан салқар көшiнiң артында екi түйе, бес өгiз 
жүк артқан бiздiң қоңырқай көңiлдi көшiмiз де келе жатыр.
Шойғаты, Жауыркезең, Жетіқырқа, Бессала таңертеңгi көкшiл 
мұнар  iшiнде  оң  мен  түстiң  арасындай  бiр  күйде  қалып  тұр. 
Қалың жылқы тұяғынан дөңкиген қарағайлы қаптал ұйқысынан 
ендi ғана оянып келе жатқандай. Қамшылар жағымыз ит тұмсығы 
өтпейтiн ығы­жығы орман, ұшпа жартас, көр шатқал, бозғылыт 
тұман,  алды–артымыздың  бәрi  аспанмен  тiлдескен  қызыл 
қарағай.  Жуандығы  жөбішөкімгі  қос  орынындай  байқалады. 
Тон шалбар бояп, тон илеу үшiн малшылар сойып алған қарағай 
қабығының  қалыңдығы  жарым  кездей  көрiнедi.  Күн  көтерiле 
берген  кезде  көш  Көккейкең  деген  жерге  iлiндi.  Жүк  артылған 
көлiктердiң  ауғанын  басып,  бұрауын  қатайтып,  шаптап,  айыл­
тұрманды  қатайтып,  елдiң  шұғыл  әбiгер  болғанына  қарағанда 
ендiгi  жол  тiптi  де  қиын  сияқты.  Iлгерi  кеткен  сиырлы  көштiң 
ұлар­шу  болып  тасы  құлап,  тау  жаңғырып,  кебеже­сандық, 
қазан–ошағының  даңғырлағанына  қарағанда    қияметтiң  қыл 
көпiрiне таяп қалғандаймыз. 

101
­  Өлдi­ау,  өлдi!  Күйредi  бар  дүние!  ­  деп  ышқынған  әйел 
дауысы естiледi. 
Мен көш түсетiн шатқалдың шығыс жағындағы жалға шығып, 
не болып жатқанын көрмек болдым. Оным қисынсыз қиял екен. 
Қалың  ағаш,  діңгек  тастардан  көш  тұрмақ,  жолдың  сорабы 
көрiнетiн емес. Жолдың  күнгей бетi ғана тазығыр құлама, сол 
тазығыр беттен қалың қой, қара қорым жылқы, сиыр шаңдатып 
түсiп  барады.  Көз  ұшында  Сұмдыайырық  ақ  өркештене  шулап 
жатыр. Өзеннiң долы дауысы қой мен жылқының үнiн, көштiң 
дабырын  жұтып,  атырапқа  дара  өктемдiк  жүргiзгендей.  Атпал­
азамат,  алдына  бесiк  алмаған  әйел,  ел  тiлеуi  түйелi  көштiң 
төңiрегiнде.  Үй  ағаш,  сандық,  қымбат  мүлiк  артқан  түйелердi 
тiркемей, жеке­жеке шешiп алып еңiске қарай шұбыра жөнелдi. 
Жүктi көлiк еңiстен төмен лоқылдап, кимелеген сайын: “Жылан 
жатыр,  таймай  жүр,  жылан  жатыр!”  деп  бұйдасынан  сiлкiп, 
байырқалата түседi. Құлама құз, жалама бет, қарғыма тастардан 
өткен кезде, үш­төрт азамат бiр түйеге қаптап сүйемелдеп алып 
өтедi. Бәр жолды көмексiз, марғау ғана басатын көлiк бiреу ­ ол 
бай  үйінің  ақбас  атаны.  Үстiне  екi  түйенiң  жүгi  басылғанына 
қарамай сағыз қыбырлай беретiн. Мұрынынан, кеңсiрiгiнен сілбі 
тағарлық жұрнақ қалмаған, таяқты ең көп жейтiн жануар да осы. 
Сұмдайырықтың iшiнен Таусылмастың басына барып қонғанға 
дейiн кемiнде мың, екi мың қамшы санын осатын шығар. Ақбас 
атан  оған  да  бық  етпейi.  Көзiне  түскен  аппақ  шелдi  көрсете, 
тұмсығын  шуылдатып  бiр  қарап  қояды  да,  қыбырлай  бередi. 
Әншейiн табан аудару ғана. 
Күн  әбден  қызған  кезде  Сарышоқының  бауырынан 
Сұмдыайрыққа қарай  құлайтын өзенше – Кешубұлаққа сүрiне 
қабынып жеттiк те, өзен бойына түстiк. 
Сұмдайрық  алыстан  қараған  кiсiге  ылғый  ақ  өркеш  болып 
көрiнгенiмен, көш өтетiн тұсы жайдақсымал. Тұңғиық қаракөк 
ағын болып бұлқынып жатады екен. Су түбiндегi ақ шыбар, көк 
шыбар малта тас өзiн дүлей күш аршығанын сездiрiп баданадай 
болып  көрiнiп  жатыр.  Балдыр,  мүк,  салынды  дегендер  атымен 
жоқ.  Қол  басындай  тасты  аунатып  жатқан    су  ондай  нәрсенi 
тоқтатпайтын  сияқты.  Өзеннің  ар  жақ,  бер  жағына  айғай 
жетерлiктей  емес.  Шөлiркеп  келiп  қайыру  бермей  суға  түскен 
қысырақтың  үйiрi,  тағдыр  тiзiп  кеткен  қырық  елу  құлақ  ғана 
болып төмендеп барып, әзер iлiндi арғы жағаға.
­  Ойпырым­ай,  су  әлi  де  терең  екен­ау!  ­  деп  шiмiркенiп 
қалды семiз ақсары бай Құсайын, үлпершегi аузына тығылғандай 
түтiгiп тұр. 
­  Құдай  сақтар,  келiп  қалған  соң  өтпей  жата  алмаспыз!  Су 
ыңғайын жетiк бiлетiн, және сушыл азамат, қайын аға көп қой. 
Қобалжыма, кенже! ­ дедi оның қырмызы мiнездi әйелi Қашау. 
“Су ыңғайын жетiк бiлетiн қайын аға” деп тұрғаны менiң әкем 
болса керек, бiздiң жаққа сұлу жүзiн бұрып қарап қойды Қашау. 
­ Иә, нар тәуекел демей амалымыз жоқ! Нұрқын мен Нұрахмет 
те жердiң үстi мен астын құртқан қyлар. Ресей жерiнде мұндай 
өзенiнiң талайын көрген шығар,­ деп өз көңiлiн өзi демедi бай. 
Сүйткенше  бiздiң  үйдiң  екi  түйелi,  аз  сиырлы  көшi  де  келiп 
қалды. 
­  Қасеке  бұл  қай  доғарығаның?  Ықыштың  астындағы 
торы  қасқа  атты  жайдақтап  Нұрахметке  берiңдер.  Қашаудың 
астындағы кері атты Абылқаят мiнсiн, Рашит, сен қара кер атты, 
Шарап ақжал аланы мiн, дереу көштi өткiзе бастаймыз, түс ауып 
кетсе, тасқын келiп қалады!­ деп, әкем өзi мiнiп келген Рахаттың 
торы қасқа атын жалаңаштап, сырт киiмiн  сыпырып, көйлекшең, 
іш киіммен суға түсе қалды. 
­  Жақсы  аға­ау,  алдымен  менi  өткiзiп  тастаңыз.  Басқаларға 
сенбей тұрмын мен, ­ дедi, көлкемедей шылауыш шаршысы бар, 
болымсыз мыңқылдап мұрнынан сөйлейтiн бәйбiше  Ықыш. Бұл 
Құсайынның  үлкен  әйелi  едi.  Әдеттегi  күндерде  өзiнiң  кедей 
қайын ағалары Тезекбайды “Текен шал”, Сыдықты “бұйра сақал” 
деп атайтын  қыңыр бәйбiшенiң әкемдi “Жақсы аға” деп атауы 
төбемдi көкке жеткiзгендей мәртебе болды. Десе де, бiрсыпыра 
туыс­туған бұл кiсiнiң қияс мiнезiн жақтырмайтын. “Құсайынға 
бiткен  екi  пұшықтың  бiреуi  ауыртпалығын  көтерсе,  екiншiсi 
ауыртпалық  қосады”  деп  күңiлдейтiн.  Мүмкiн  Ықыштың  бала 
таппағанын, қорқылдатып насыбай ататынын да мiн санаса керек. 
Құсайын  өз  астындағы  нардай  күреңге  Ықышты  мiнгiздi, 
шылбырды  Әбілқаяттың  қолына  ұстатты.  Бажылдаған 
бәйбiшесiне зекiп: «Сендермен қатар жүрiп отырады ғой!» ­ деп 
түйенiң мойнына байланып шылбырымен қос бауланған арқанды 
әкеме лақтырып бердi. Түйе жануар қанша биiк болғанымен, суға 
аяқтай алғаны жоқ. Шылбыр бойы iлгерлей бере­ақ төрт аяғын 
бiрдей созып су үстiне көлбеп жатып алды. Ендiгi жерде жүктi 
ол көтерiп бара жатқан емес, жүк оның өзiн көтерiп бара жатқан 
сияқтанды. 
­ А құдай, сақтай көр! 
­ А құдай, сақтай көр! ­ деп жағада шулаған ел көп. Ұлыған 
итке, мөңiреген сиырға, пысқырған көлiкке жекiрiп ылғый жақсы 
тiлеу    тiлейдi.  Ар  жаққа  өткен  азаматтар  қымыз  iшiп,  iрiмшiк 
жеп біраз әужал алды да, суға қайта түстi. Рахаттың кері қасқа 
аты  сушыл  жылқы  екен,  түскен  тұсымен  салыстырғанда  арқан 
бойындай төмендеп шықты. Осы ретпен  ауылдың барлық жүгi, 
бала­шағасы  өткiзiлiп  болды.  Су  ерекше  зәрлi,  әрi  қаһарлы 
едi.  Ар  жақ­бер  жаққа  төрт  рет  өтiп  шыққан  әкем,  Ашау,  
Әбілхаяттардың  тiсi­тiсiне  тимей  сақылдайды.  Аттары  да  дiр­
дiр  етiп,  сiлкiне  бой  жазбақ  болады.  Жүктi  түсiре  сала,  балық 
астырып, сушыл азаматтарды қасына шақырып алған әкем, торы 
қасқа  аттың  басына  екi    табақ  жем  iлiп  қоюды  тапсырды  да, 
күпiсiн жамылып қымыздан тағы бiр  неше шара тартып жiбердi. 
Сиыр, жылқы, қой және оның бақташылары әлi де ар жақта тұр. 
Әкемнiң қос қабағынан соларға асығып отырғандығы байқалады. 
Құсайынның әлгiнде: “Малды қайтемiз, Хан аға?” ­ деген лебiзi 
де борыш болып қалғандай. Әбiлқаят ­ Құсайынның туған ағасы  
Тезекбайдың ұлы. Бiр тоға еңбекшiл, көпшiл, адал азамат. Кейде 
ағасы    Құсайынның  қарауылына  да  әдiл  сын  айтып  қалады. 
Болса елге болсын, көпке болсын деп тұратын жiгiт. Құлағының 
болымсыз қақасы бар. 
­ А, не дейсiң?! ­ дейтiн оны Ақан мазақтап. Әбен мұрынын 
пысылдатып  күлiп  қана  қоятын.  Ақанның  өзiне  соқтығып 
отырғанын бiлетiн. 
Төбеден  тiк  түсiп  тұрған  ашық  күннiң  нұры  мен  күштi 
тамақтан бойлары жылынған азаматтар ар жаққа қайта өттi де, 
сиырды иiрiп айдап суға салып жiбердi. Оның артынан жылқыны 
да үйiр ­ үйiрiмен шұбырта бастады. Хайуанға табиғат сыйлаған 
бiр қасиет ­ судағы жүзгiштiгi мен құрлықтағы жүргiштiгi ғой. 
Бұзауын, құлының ық жағына алып, барлық iрi қара судан есен­
аман  өтiп  шықты.  Өзен  бетiнде  қылқып  келе  жатқан  бас  пен 
құлаққа қарап жағадағы ел мәре­сәре. Ақанның кенже туған кер  
бұзауынан басқа шығын жоқ екен. Ақан:
­ Құдай ылғи менi көредi. Жетіліп кетедi деп менiң әкемнiң 
дәулетiн  алды,  жеткiзбей  қояды  деп  менiң  қол­аяғымды  алды, 
ендi қарақорым малдың iшiнен менiң жаман бұзауымды қағып 
түсiптi. Не жаздым мен  сол ғұрлы соқыр құдай, мылқау құдай, 
шұнақ құдай! ­ деп шөп жұлып, топырақ шашып дода болды. 
­  Сiленбешi,  жарықтығым!..  Бiр  бұзауыңды  менен­ақ  ал, 
налаңды тый! ­ деген Құсайынның басуына да көнбедi. 
­  О,  борсық,  малың  көп  болса  ағаң  Тезекбай  мен  Сыдыққа 
бер!  Құдай  қырына  алған  менi  сен  жарылқай  алмайсың!  ­  деп 
долданды. 
Ұсақ малды, қой, ешкiнi мынадай ұлы суға қорасымен айдап  
тусiрмейдi  екен.  Ұзын­ұзын  iлме  қосаққа  қосақтап,  сонан  соң 
атты адам  қосақтың бiр шетiнен ұстап жүзiп отыратын көрiнедi. 
Мұны  –  қырқарлату  деп  атайды  екен.  Қойды  қырқарлату, 
қалған адамдарды өткiзу жұмысы да төрт­бес рет қайталанады. 
Сұмдыайырықтан аман өткендiгiмiз үшiн Құсекен бiр ақсарбас, 
бiр көк қасқа қойын атап сойып, мұқым ауылға жiлiктеп  бөлiп 
бердi, тағы да екi көшiп, үшiншi күнi сәске түсте Көлдіайырыққа 
iлiндiк­ау, әйтеуiр! 
Па, шiркiн, Көлдіайырық­ай! Басы­аяғы ат шаптырым жазық 
жайлау  майда  қоныр  самалмен  бiресе  жасыл,  бiресе  қызыл, 
бiресе сары, бiресе бурыл болып төңкерiлiп, қиял­ғажайыптарда 
айтылатын  бейiш  иiсiн  аңқытып  тұр.  Жазықтың  ортасы  көл, 
солқылдаған саз. Қаулап шыққан раң, жусан, көк шалғыны бар. 
Бiздiң келгенiмiздi бiрiншi болып қарсы алған көк тырна, сарыала 
қаз болды. Көл бойынан, көк шалғынның арасынан жайлаудың 
шетiндегi  аласа  жақпар  тастардан  ұзын  мойындарын  созып, 
кезек­кезек тыраулап, басымыздан айнала сұңқылдап мәре­сәре 
болғаны­ай  келiп.  Бiрiне­бiрi  қуанышты  хабар  жеткiзгендей 

102
дабыралап,  мұқым  жайлауды  жаңғырықтырып  жiбердi.  Жыл 
құсында  адам  нәсiлi  сезе  алмайтын  қасиет  бар  дейтiн  әкем. 
Әсiресе,  аққу,  тырна,  сарыала  қазды,  қарлығаш,  қара  торғайды  
аңызға  айналдырып  айтады.  Аққу  ­  перiштенiң  нұры,  тырна  ­ 
ғарыш ханзадасы, сарыала қаз ­ қордың қызы, көкек ­  опалы жар 
екен. 
­  Балапанына  тимеңдер,  тынышын  алмаңдар,  мұндай  құсқа 
соқтығу ­ кiсi өлтiргеннен де ауыр кунә! Он сегiз мың ғаламның 
өзара әсерi  бұзылса, болмыс ойран болады, тiршiлiк күйрейдi. 
Ақыр заман дегенiмiз әне сол! – дейтiн әкем қайдағы­жайдағы 
ойға  кетiп  отырған  кездерiнде.  Сондықтан  бiз  қыстаудағы 
белағашқа байланған құрқылтай ұясы мен қарлығаштың мекенiн 
де  қасиеттi,  киелi  сезетiнбiз.  Бiреумiз  оқиятта  бұзып  қойсақ, 
екiншiмiз  үлкендерге  даттап  арыз  шағым  көтерушi  едiк.  Қыл 
аяғы  үйге    кiрген  жыланды  да,  өлтiрмей  басына  ақ  тамызып, 
құрметтеп, сыйлап шығаратынбыз.
­  Бұл  ордалы  жылан  бiреуiн  өлтiрсең,  қалғаны  кек  алады. 
Өмiр бойы ұмытпайды ол кегiн ­ деп қорқытады әкем. Торғайдың 
жұмыртқасын    шағып,  балапанын  басып  кетуден  сасқанамыз 
өйткенi ол қарғайды екен: 
       Торғай деген атым бар,
       Бiр жапырақ етiм бар. 
       Маған тиiскендерiң 
       Әке­шешең өлiп жетiм қал!
дейтiн көрiнедi. Жазда қамыс арасынан үйрек жұмыртқасын 
iздеп  жүрiп    бiр­екi  қызылшақа  балапанды  абайсыздан  басып 
кеткенмiн.  Жүрегiм  тас  төбеме  шықты.  Ұшыртқан  бойы  үйге 
келсем шешем төсегiнде бүк түсiп жатыпты. “Апа, апа!» ­ деп 
жылап жіберіппін. 
­  Не  болды,  құлыным?  ­  деп  басын  көтерген  шешем  менiң 
көзiмдегi жасты көрiп, басымды омырауына басты. 
­ Өлген жоқсың ба?! ­ деппiн ғой мен сонда. 
Көлдіайрық  биiктегi  жазық  болғандықтан  кенерелерiндегi 
сүрі қар толық кете қоймаған. Қой, қозының, жылқы, сиырдың 
iзi мөрдей басылып, шын қожасы келгендiгiн дәлелдедi. Қардың 
шетiн  түре  бас  көтерген  күреңше,  көде,  қарғалдақ,  шұғынық, 
раушан,  райхан  көк,  сары,  ақшыл  бәйшешек  масаты  кiлемдей 
құлпырады. Сонау терiстiк астыртта шалқып жатқан апай тос, сай­
салада қаракөк орман, ақбас балқаш, көк бұршақ, жалдас шалғын 
толқиды. Емен, мойыл, қайың жапырақтары алақанын аударып 
төңкередi.  Қарағайдың  басында  тиін,  етегiнде  аю,  бұлан,  бұғы 
асыр салады. Көлдіайрықтың алты ауылына қарасты төрт түлiк 
мал  осы  Шұбарда  жатады.  Таңертең  ерте  ауылдың  жанындағы 
серек тасқа шыққан жылқышы бiр ғана рет келiстiрiп қиқуласа 
болғаны  тау­тас, орман­тоғай, жапсар, шатқал өзi хабарлайды да, 
шеңбiрек атып тойған жылқы астырттан елiгіп шауып шығады. 
Малдың  жонға  оралу    дағдысына  айғайдан  басқа  тағы  бiр­екi 
себеп  бар.  Оның  бiрiншiсi  ­  ащы.    Балауса  балқашқа  тойып, 
iшi басынан асқан мал, бірден жерден шыққан тұзды жалайды. 
Болмағанда,  әр  күнi  дерлiк  науаны  жалап  тұрмағанда  сарығы 
басылмайды. Екiншiсi – күн қызғаннан кейiн­ақ астыртты шыбын 
буа бастайды. Жонға шығып, желi басында кеудесiн кер самалға 
тосып,  күйіс  қайтаруы  рахат.  Сауын  арасында  жайылу  қажет 
болса  тұнып  тұрған  жазық  мынау,  күндегі  көгi  күнде  астынан 
жетiледi.  Бiздiң  ауыл  “Әпшекеңнің  жайлауы”  деп  аталатын 
Көлдіайрықтың  босағасындағы  кең  жұртқа  жайыла  жайғасқан. 
Анау төрдегi, шоқпар тастың желкесiндегi сырықты текше Омар 
қажының  жайлауы.  Одан  бергi  кең  қойнау  Әбселеңдiкi.  Қазір 
Қамзабай бар туысымен сонда отырады. Қарсымыздағы буырыл 
жөн  кезiнде  Молдаш  қажының  жайлауы  болыпты.  Қазiр  кiлең 
қамыс құлақ, қоңыр жылқылы байлар – Жұртбай мен Нұрғали 
жайлайды. Көлдіайрықтың кiре берiсiндегi жалпақ жұрт  кезiнде 
Сіләм  қажыға  қарасты  болған.  Бұл  күнде  оның  иесi  тұрмақ, 
ұрпағынан  малды  кiсi  қалмағандықтан,  Жамихан  келiп  қона 
қалган кезде  Ақан ие болып қарсы тұрды. 
­  Басыныпсың  әруағымды.  Бастырмаймын  кенже  атамның 
жұртын! Оттама, iргендi аулақ тарт! Дәтіңді тыңдамаймыз ­ деп 
қуып тастады. 
Бай  Жамихан:  «Ойбай­ау,  тақсыр,  қонбасам  қонбай­ақ 
қояиын,  қарғап­сiленбеңiзшi!»  ­  деп  қымызын  құйып,  табағын 
тартып, өзеннiң ар жағына iрге аударып қонған. Мен Жамиханның 
пейiлiне қайран қаламын. Әруақты сыйлады дейтiндей ол Тамтық 
пен  Омарды,  Сіләм  қажыны  көрген  кiсi  емес  қой.  Ақаннан  
қаймықты  дейтіндей,    Ақанда  не  күш,  құдiрет  бар  едi.  Ары 
ойлап, берi ойлап, қазақ деген халық осы берекесiн шаймайды. 
Үш қажының дәулетi  қысырап, шаңырағының шайқалуы оның 
ұрпақтарына еңбеккер қол, ақыл­парасат сыйлаған секiлдi. Жыл 
он  екi  ай  тыным  таппай  бiресе  ағашшылық,  бiресе  өрiмшiлiк, 
бiресе  тұз  айырбастаумен  бала­шағасын    асырайтын  әкем 
жайлауға  келген  соң­ақ  қозы­лақ  тартуды,  тайынша,  құнан 
пiшудi,  жүген­ноқта,  өмiлдiрiк,  құйысқан  түйудi  қолға  алады. 
Көлдіайрық, Жағаштайға ел келiп болғаннан кейiн: 
­ Қане, Қан аға, бiздiң ауылға жүре қойыңыз!
­ Қанеки, Бәтiке, бiзге барып қайтыңыз! ­ деп арнайы ат алып 
келетiндер молайды. Жүз қозыға бiр қозы, он тайынша, құнанға 
бiр бойдақ қой деген сияқты кесiмдi бағасы болады. Бiздiң үйге 
кiрiп жататын  осынша мол кiрiс әсте құтаймайтын. Мұны әкем 
бiр шумақ өлеңмен ғана түйiндейдi: 
 Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын, 
 Болсам да малға кедей, сөзге баймын. 
 Күнiне жүздi берiп, мыңды алсам да, 
 Қалтамның түбi тесiк байымаймын.
Жан санының көптiгi кiмге болса да артық бейнет­ау! ­ деп 
күрсiнiп қоятын. Осыдан жиырма жыл өткен соң ғана мен бұл 
сөздiң байыбына жеттiм. Қытайдың, Үндiстанның жиырма отыз 
ғасыр шырмалып, мандымай жүруiндегi негiзгi iндет – адамның 
көптiгi екен ғой деген ойға келдiм.
Мұсылман  қауымының  парыз,  уәжiп,  сүннет  дегендерi 
немене,  нендей    маңызы  бар  екенiн  мен  бiлмеймiн.  Бiр  есiмде 
қалғаны,  сол  жылғы  ораза  жайлауда  басталып,  жайлауда 
аяқталғаны. Кемпiр­шалдың денi ауыз бекiттi. 
«Түркiстан  имамының  немересi  де  ауыз  бекiтiптi»  ­  деп 
сүйiнiп жүрдi ел. Әкеміз өте тақуа, дiндар емес пе, әйтеуiр бiздi 
ораза  ұстап,  намазға  жығылуга    зорламайтын.  Әр  күнi  ауыз 
ашканнан  кейiн  бiр  үйге  жиылып,  көп  кiсi  күңiрене  тарауық 
оқиды. Күндiз дайындап қойған дәмдi астарын алдарына алады. 
Метiре,  шортан  сүрісі  мен  қымыздың  денi  осы  кезде  алдыға 
келетiнiн бiлетiн бiз ұзап кетпеймiз.
­ Сендер де ауыз бекiтiп пе едiндер? Далаға шықсаңдаршы, 
айғырдың  тезегiндей  үйiлмей!  ­  деген  Ақанның  зекуiн 
желкемiзбен  тындап,  от  жағып,  су  жылытып,  көмектескен  кiсi 
боламыз.  Бiр  топ  баланың  көгендей  жаудыраған  көздерi  әке­
шешемнiң кеңiрдегiнен ас өткiзбейтiн болса керек:
­ Мә, Салтай!..  Мә, Ғалым!.. Мә, Жамай!.. Мә, Қалым! ­ деп 
бiр ­ бiр кесек ет, бiр нәрселердi қолымызға ұстатады. Ал  Рузия, 
Манатай, Қизат, Қазия төртеуi әке­шешеммен бiрге ауыз ашып 
отырғандай­ақ,  табақтын  шетiнде  болады.    Бану  мен  Сағидия 
сиыр сауып, қымыз, iркiт сабаларын орап үй жұмысын реттеумен 
әуре. 
Құнияздың қара шаңырағын басқан Оспан қажының кенжесi 
Есмұраттың  қолы  мiнiскер  жан  едi.  Мүмкiн  кедейлiк  тақсiретi 
ол  кiсiге  де  осындай  өнер  сыйлаған  болса  керек.  Қарағайдың, 
теректiң  үйiлiнен,  қайыңның  тошынынан  тегене,  табақ,  шара, 
пiспек  жасайды,  ер  қияды.  Бiздiң  үйдегi  анау  сабаның  пiспегi, 
әкемнiң ұстап отырған қызыл шұбар шара, қаймыжықтай қайың 
ожау, қымыз толы тегене сол кiсiнiн көзi. Бiздiң асыл мұрамыз, 
әкем  қолындағы  осы  шараға  әр  күнi  жаңа  көргендей    қызыға 
қарап отыратын.
Әкем  ораза  айында  хиса,  дастан  айтуды  бастайтын.  Ол 
“Рүстем”  дастанындағы  Шахараптың  тағдырына  ашынып, 
тебiренiп  кетушi  едi.  Бiз  ағамыз  Шәпемнiң  аты  қалай  Шарап 
қойылғанын кейiн бiлдiк. Ұя бұзбас еңбеккер ағамызға бiр түрлi 
құрметпен қараймыз. Әкем Шахарапты зор бағалайтын секiлдi. 
Ұлына оның атын қоюы өлмесе екен сол сарбаз деген тiлегiнен 
болса керек. “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Бөгенбай” хисалары 
да  осы  ораза  айында  айтылып  бiттi.  “Бiржан  мен  Сараның” 
“Мықия  мен  Мәликенің”,  “Әсет  пен  Ырысжанның”  айтыстары 
да  қайталанады.  Өзi  ұнатқан  кейiпкер  жеңiстiкке  жеткен  кезде 
Ақан: 
­  Еһ,  еһ,  тiлеуiңдi  бергiр!  Мың  жасағыр  ­  деп  екiленсе, 
жағымсыз деп таныған кейiпкер дендеген кезде: ­ Қан жаусын, 
қан жауғырға! Мынау бiр Жамихан ғой, алмадым да, көрмедiм 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет