Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Шақ категориясы, етістік шақтарының түрлері



бет101/102
Дата07.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72397
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
80. Шақ категориясы, етістік шақтарының түрлері.

Тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде етістіктің ең көп талас тудырып, түрліше сипатталып жүрген категорияларының бірі – шақ категориясы.


Шақ категориясын өзінше танып, түсіндірген ғалымдардың бірі – Қ.Жұбанов.Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбановтың шақтарды тануы осы шақта ғана ұқсас, басқа шақтарды түсіндірулерінде біраз алшақтықтар бар. Қ.Жұбанов топтастыруындағы тілекті келер шақ (жазар еді; жазайын); сенімсіз тел шақ сияқты шақ түрлерін Қ.Кемеңгерұлы қалау рай (жазайын), теріс рай (жазса игі еді), болжал рай (жазар еді) түрінде сипаттайды да, оларды ашық рай қатарына қоспайды. Сол сияқты мақсатты келер шақ (жазбақ) Қ.Кемеңгерұлы оқулықтарында тұйық етістік (неопределенная форма) ретінде беріліп, шақ категориясынан тыс қарастырылған.
Қ.Жұбанов еңбектеріндегі кесімді келер шақ(баратын) және опық баяғылық (баратын едім) сияқты шақ түрлері Қ.Кемеңгерұлы жіктеуінде кездеспейді.
Қ.Жұбанов дәл осы шақтағы қалып етістіктерінің әрқайсысын өзінше бөлек жіктесе, Қ.Кемеңгерұлы олардың басын біріктіріп, «данное»(собственно-настоящее или продолженное) деген жалпы атау ұсынады. Алайда ғалым қалып етістіктерінің әрқайсысының өзіндік ерекшелігін толық түсінген.Яғни Қ.Жұбанов Қ.Кемеңгерұлының ойларын дамыта отырып, істің нақ осы кезде істеліп жатуын немесе көптен бері созылып келе жатқан, үздік-создық жүріп жатқан жүріп жатқан істі білдіру үшін жатыр етістігі (жалпы осы шақ), ұзаққа созылған, үздік-создық істі білдіру үшін жүретістігі (кәдімгі осы шақ), дәл осы кезде болып жатқан және сол қалпын жоймаған істі – тұретістігі (әзіргі осы шақ), істеуші дәл осы кезде іс үстінде екенін көрсету үшін отыр(қазіргі осы шақ) қолданылатынын айтады. Бұдан Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбанов ойларының өзара үндес екенін байқаймыз. А.Байтұрсынұлы аталған 4 етістіктің басын қосып, «нағыз осы шақ»деп атайды. Жатыр, жүр, отыр, тұр етістіктерін топтастырып беру жағынан А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы еңбектері өзара ұқсас.
Қ.КемеңгерұлыменҚ.Жұбановтыңшақтытануларынанұқсастықтарбар. Олкүрделідеталастыөткеншақтытоптастыруларынандааңғарылады:
а) Екіғалымдаамалдың, қимыл-әрекеттіңертеректенеоданбұрынжасалуыннегізетіпалады. Мәселен, Қ.КемеңгерұлыпреждепрошедшееІ, ІІ(-педі, -ғанеді),давнопрошедшее(-ған)депжіктесе, Қ.Жұбановайғақөңдіөткеншақ(-ып),айғақбаяғылықөткеншақ(-ыпеді),аулақөңдіөткеншақ(-ған), аулақбаяғылықөткеншақ(-ғанекен)дептоптастырады.
б) Екіғалымда-ушыеді, -атынедіформаларынөткеншақтадағдылы, қалыптытүрдеорындалыптұрғаніс-әрекет, қимылдыбілдіретінінескеріп, өткеншақтыңбіртүріретіндекөрсетеді. Қ.Кемеңгерұлы оны «прошедшее определенное» десе, Қ.Жұбанов «әдетше баяғылық» деп атайды.
30-жылдарға дейінгі еңбектерде -атын/-етінқосымшасы шақ көрсеткіші ретінде берілмейді. Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінде -атынқосымшасының еді көмекші етістігімен тіркесі (-атын еді) өткен шақ түрі ретінде қарастырылады.
Сол сияқты -мақ/-мекжұрнағы -ыу/-іуқосымшасымен қатар А.Байтұрсынұлы еңбектерінде «тұйық рай» деп, Қ.Кемеңгерұлы оқулықтарында «неопределенная форма» ретінде танылғандықтан, оның шақтық мәні қарастырылмайды. Ал Қ.Жұбанов тұйық етістік (тұйықша – Қ.Ж.) қатарына -ұу/-үужұрнағын ғана жатқызады да, -мақ/-мекқосымшасын тұйық етістік ретінде танымайды. Сол себепті Қ.Жұбанов -мақ/-мекқосымшасын келер шақ мақсат тел есімше деп, есімше қатарына қосып, келер шақтың бір түрі (мақсатты келер шақ) ретінде қарастырады. С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде тұйық рай көрсеткіші ретінде -ыу/-іужұрнағы ғана танылады да, -мақ/-мекқосымшасы келер шақ көрсеткіші ретінде қарастырылады.
Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақты А.Ысқақов: «сөйлеушінің бұрын істелмекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формалар»‚ - деп түсіндіреді [А.Ысқақов, 340]. Жоғарыда аталған көрсеткіштердің бірқатарын ғалым басқа рай құрамында да, мәселен, -са игі еді‚ -ғай еді, -са екен формаларын қалау рай қатарында түсіндіреді. А.Ысқақов ақиқат болмысты нақты түрде білдіре алуына байланысты райларды өз ішінен ашық рай (индикатив) және неғайбыл рай (ирреалды) деп бөледі де: «…ашық райдың нақтылы мазмұны мен формалары шақ категориясымен байланысты қаралады»‚- дей келіп, шақты рай категориясынан бөлек қарастырады. А.Ысқақовтың ашық (негізгі) рай мен неғайбыл (жәрдемші) райлардың өзгешеліктері туралы айтқан пікірімен келісе отырып, шақ категориясының өте кең де күрделі категория екенін ескеріп, шақ категориясын рай құрамынан бөліп, жеке, дербес категория ретінде қарастыру керек шығар деп ойлаймыз. Себебі:
а) шақ өзіндік мәні, көрсеткіштері бар дербес категория;
ә) шақтық мәні айқын рай көрсеткіштері ашық рай құрамында қарастырылса, бір көрсеткіш екі түрлі райда кездесетін болады;
б) шақ категориясын райдан бөлек алып қарастыру оның бүкіл болмысын, өзіндік ерекшелігін толығырақ тануға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет