Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты



бет22/102
Дата07.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72397
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102
Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. М: Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер. Қазіргі қазақ тіліндегі бардық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп беруге болады. Миллион, миллиард сан есімдері түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де орыс тілі арқылы енген. Қазақ тіліндегі қолданылатын түмен сөзі монғол тілінен енген сансыз көп деген мағынаны білдіреді. Морфологиялық құрамы жағынан сан есім дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есімдер деп аталады. М: Екінші тілек тілеңіз. Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатады.
Туынды дара сан есімдер әртүрлі грамматикалық жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. М: Үшеуі шүрегейді қайтеміз деген сөзге түседі.
Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. М: Он төрт, бір-екі. Сан есімдердің негізгі бір ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан есімдер есептік сан есімдердің өзара тіркесу, қосарлану, әртүрлі жұрнақтардың жалғануы негізінде қалыптасқан. Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімдерге жақын біраз сөздер тобы бар. Олар:
- салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі, батпан
- көлем мөлшерін білдіретін сөздер: бір шымшым, бір уыс, бір тілім, бір құшақ
- қалыңдық өлшемін білдіретін сөздер: пышақ сырты, шынашақ, бармақ, екі елі
- қашықтық өлшемін білдіретін сөздер: адым, таяқ тастам, шақырым, қозы көш жер, ат шаптырым
- ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс, аршын, құлаш
- сан есімдердің тура мағынасындағы сөздер: жарты мағынасын білдіретін сөздер: жарты, жарым. Бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы; екі мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар; төрттен бір мағынада ширек сөзі; уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым, биенің бір сауымындай уақыт.
Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа сөз таптарына жатады. Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері.Сан есім – дербес лексика-семантикалық ерекшеліктері, өзіндік морфологиялық белгілері, синтаксистік атқаратын қызметі бар сөз табы.
Айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп, сандық жағынан анықтау және зат есімсіз қолданылып, сандық атауды білдіру, басқа сөз таптарынан жасалмайды.
Сан есім контексте қолданылуына қарай заттың нақты санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіреді, сандық мағынаны тұспалдап, болжап көрсетеді. Осыған байланысты сан есімдерге сөзтүрленім жұрнақтардың жалғануы біркелкі емес.
Сан есімдердің негізгі қызметі заттық ұғымдар мен құбылыстарды сандық жағынан анықтау болғандықтан, әдетте морфологиялық өзгерістерге түспей қолданылады. М: Бес нәрседен қашық бол.
Сан есімдер зат есімнің жалғауларын қабылдап, заттық мағынада да қолданыла береді. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды.
Сан есімдер құрамына қарай дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан сан есімдер деп аталады. Екеуі де маған жалт қарасып. Негізгі және туынды сан есімдердің тіркесуінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есімдер деп аталады. Үш жүзден аса кретьян соғысы, қарсылығы болған екен. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сан есімдердің тіркесуі мынадай жолдармен болады:
а) бір санды екінші санға қосып айту арқылы. М: 13-14 жасында Гүлияны Бұзаубаққа алты қараға бергеніне, міне, 4-5 жыл болды.
б) бір санды екінші санға көбейтіп айту жолы арқылы. 5 мың жылқы 25 сомнан сан125000 болады.
Күрделі сан есімдердің тіркесуі арқылы жасалатын осы тәсілдер қосылмалы және көбейтілмелі, ал екеуінің де араласып келіп жасалуы аралас күрделі сан есімдер тіркесі деп аталады.
Контексте қосымша күрделі сан есімдердің соңғы компонентіне жалғанады. Біздің заманымызға жеткен үлгілердің ең көнесі, әрі көлемдісі – 1960 жылы жазылған атақты дидактикалық шығарма – «Құдатғу білік».
Қазіргі қазақ тілінде 60, 70, 80, 90 сан есімнің құрылысы ерекше. Ал-пыс, жет-піс сөздеріндегі –пыш, -мыш элементі ескі дәуірде он мәнін берген, бірігу арқылы жасалған сан есімдер.
А. Ысқақов бойынша сан есімдердің лексика-грамматикалық сипаты
Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркестірілмей жеке-дара айтылғанда, тек абстракт сандык ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен (зат есімдермен) қарым-қатынасқа түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады.
Мысалы: Төрт аяғым тең жорғамын (Қазақ эпосы); Өтегелді сегіз қанат үйдің кермесінің тұсында тұр екен (М. Әуезов); Екі айдың алпыс күнде жүзі болар (Айман-Шолпан) деген сөйлемдерден төрт, сегіз, екі, алпыс деген сан есімдер аяқ, қанат, ай, күн сияқты зат есімдермен қарым-қатынасқа түсіп, соларды сан жағынан анықтау үшін қолданылған. Осындағы сан есімдердің нақтылы мағыналары да белгілі-белгілі ұғымдарға тіркесу арқасында ғана айқындалып, соның арқасында тғана аяқтың төртеу екендігі, қанаттың сегіз екендігі, күннің алпыс екендігі нақтыланып тұр. Ал егер осы төрт, сегіз, екі, алпыс сөздерін өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсірмей, контекстен тыс, жеке-дара айтатын болсақ, олар ондай нақтылықтан айрылып, тек жалпылама түрде ғана берілетін абстракт мағынаға ауысып кетер еді де, төрт дегеннен, әйтеуір, бір төрт жайындағы ұғым, сегіз дегеннен, әйтеуір, бір сегіз туралы ұғым, екі дегеннен, әйтеуір, бір екі жөніндегі ұғым, алпыс дегеннен, әйтеуір, бір алпыс жайындағы ұғым ғана аңғарылады.
Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір алуан сөздер бар. Олар құрамына қарай жеке-дара сөздер түрінде де, сөз тіркестері түрінде де бола береді. Мысалы: жарым, жартысөздері бөлшектік ұғымдардың, жалқы, жалғыз, сыңар, дара сөздері бірлік ұғымдардың, центнер, килограмм, тонна, қадақ, батпан сөздері салмақ өлшемдерінің, гектар, кубометр сөздері көлемдік өлшемдердің, адым, қарыс, кез, метр, шақырым, ат шаптырым, қозы көш (жер) сөздері аралық өлшемдердің және ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше сияқты уақыт, мерзім өлшемдерінің атаулары есебінде қолданылады. Бірақ мұндай сөздер мен сөз тіркестері қаншалыкты мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды. Бұларды сан есімдерге жуықтастыратын таяныш - тек олардың біршама мөлшерлік мағынада қолданылатын семантикалық белгілері ғана. Шындығында, жоғарыда аталған сөздердің бәрі де – сан есімнен табиғаты мүлде басқа-басқа сөздер. Олай дейтін себебіміз: жарым, жарты, жалқы, сыңар, дара, қос, егіз сөздері - сын есімдер, центнер, қадақ, батпан, килограмм, тонна, гектар, кубометр, адым, қарыс, кез, метр, шақырым сөздері - зат есімдер; сол сияқты, ат шаптырым, қозы көш (жер), ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше - қызметіне қарай әр түрлі сөз таптарына телінетін тұрақты фразалық тіркестер; сондықтан бұлардың күрделі сан есімдермен ешқандай жақындығы жоқ.
Н.Оралбай бойынша: Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретн, есімдер сөз тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың сандық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Сан есім зат есімнің сан-мөлшерін білдіреді. Мыс: бес кітап. Ал зат есімсіз жеке бес десек, жалпы сандық ұғымды ғана білдіреді.
Шындық өмірде заттардың көбі түрлі мағынада, түрлі сандық құрамда қолданылады да, олар түрлі сан есім сөздермен көрсетіледі. Бұл сан есімнің зат есіммен тіркесте қолданылуын қалыптастырған. Алайда, сөйлемде сан есімдер зат есімге тіркеспей, сан атауы ретінде жеке де қолданылады. Мыс: Жолға шыққан үшеу едік.
Заттың саны мен мен мөлшері бір-біріне қатысты, сондықтан олар тілде қатар қолданылады. Мыс: жарты уыс бидай, ет асым уақыт. Мұндай сөздер сағынасы жағынан сан есімге жақын болғанымен, олар – табиғаты басқа сөздер. Өйкені, жарым, жарты, жалқы, кг, центнер, адым – зат есімдер, сүт пісірім – фразалық тіркестер.
Сан есімдер сөздер тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де, цифрмен де жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет