Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


ЕСІМШЕНІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТ ЖАСАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ



бет26/102
Дата06.06.2023
өлшемі0,72 Mb.
#99280
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   102
Байланысты:
Æûëäàð àðàëû?ûíäà?û çåðòòåóëåðäåã³ åñ³ìä³êòåðä³ æ³êòåóãå ?àòûñòû

12. ЕСІМШЕНІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТ ЖАСАУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Көмекшіетістіктердіңсанқырлымәні, қимылдыңәрмезетінжасаудағықызметі, көсемшетүрінеқараймағыналықреңкініңауысуын «Аналитикалық формант» деп атаймыз.
Зерттеушілердіңкөмекшіетістіктердіңмәнінашып, түсіндірудегіерекшеліктерінетоқталмасбұрынерекшеназараударатыннәрсе – олардыңаналитикалықформа, аналитикалықформантұғымынтүсінуі. Н.Ильминский, М.Терентьев, Н.Пантусов[110], П.Мелиоранский, И.Лаптевсияқтызерттеушілер «аналитикалықформа», «аналитикалықформант» дегенатаулардықолданбағанымен, көмекшіетістіктерденбұрынтұрғаннегізгіетістіккежалғанғанкөсемшетүрлерінебайланыстымағынаныңауысып, өзгеріпотыратынынтүсінген. Солсебептікөмекшіетістіктіңалдындағыкөсемшенінақтылапкөрсетіпотырған. Осытұрғыданкелгенде‚ Қ.Кемеңгерұлыдааналитикалықформа, аналитикалықформантқасиетін, ерекшелігінтереңтүсінген.
Қазақтіліндегіаналитикалықформалыетістіктерменаналитикалықформанттардыңқұрылымын, мағыналықерекшелігінарнайызерттегенғалымН.Оралбаеваныңосысаладағыеңбектеріменұлттықтілбілімініңқалыптасқанкезеңінедейінгізерттеушілереңбектеріндегіаналитикалықформалардыңмағыналарынсалыстыраотырып, бұрынғызерттеушілердіңқимылдыңөтусипатынбілдіретінмынадайаналитикалықформанттардыкелтіргенінкөреміз:
а) қимылдыңжасандылығынбілдіретінаналитикалықформант: - ғанбол(М.Терентьев, И.Лаптев, Қ.Кемеңгерұлы*);
ә) қимылдыңсозылуын, қайталануынбілдіретінаналитикалықформант: -абер (Н.Ильминский, М.Терентьев, П.Мелиоранский, Қ.Кемеңгерұлы);
б) қимылдыңкүтпегенжерденжасалуынбілдіретінаналитикалықформант: -ақал(са) (Н.Ильминский, П.Мелиоранский, Қ.Кемеңгерұлы);
в) қимылдыңбағыт-мақсатынбілдіретін (целеустремленностьдействия) аналитикалықформант: -пал(Н.Пантусов, Қ.Кемеңгерұлы);
г) қимылдыңнемқұрайдыжасалуынбілдіретінаналитикалықформант: -пбер(Н.Пантусов);
ғ) қимылдыңерекшеқарқынмен (күшпен) жасалуынбілдіретінаналитикалықформант: -абер(Н.Пантусов, Қ.Кемеңгерұлы);
д) қимылдыңжасалуынашекқойылудыбілдіретінаналитикалықформант: -атұр (Н.Ильминский, Қ.Кемеңгерұлы).
Соныменқатартілеу, жалыну, өтініпсұраумәнінде-акөрформантыныңқолданылатынын (П.М.Мелиоранский), модальдықреңкті (возможность – невозможность) білдіруүшін -аал/-аалмаформантыжұмсалатынын (Н.Ильминский, Н.Пантусов, П.Мелиоранский, И.Лаптев, Қ.Кемеңгерұлы) көрсеткен.
Қ.Кемеңгерұлы «Оқуқұралының» соңындаберілгенкөмекшіетістіктертуралыкестесіндее-көмекшіетістігіненбөлек 19 етістіктіталдап, мәнінтүсіндіреді. Ғалымжоғарыдакелтірілгендерденбасқақимылдыңмынадайсипаттарынкөрсетеді:
а) қимылдыңбағыты(-абар‚ -пбар‚ -пкел‚ -пөт);
ә) іс-әрекеттіңорындалуынарұқсатберунемесекеліспеу(-ақой‚ -уғаболады/-уғаболмайды);
б) байқау, тексеру (-п көр);
в) қимылдың ертерек, осыған дейін (заранее) орындалып қоюы (-п қой);
г) тез, шапшаң орындалуы (- а қой).
Өзіне дейінгі зерттеушілермен салыстырғанда, Қ.Кемеңгерұлы көмекші етістіктердің мәнін барынша нақты, жан-жақты ашуға тырысқан. Оны талдаған көмекші етістіктерінің көптігінен де, олардың әрқайсысының сипаттамасынан да байқауға болады. Ғалым талдауындағы жібер, шық, кел, өт, түс сияқты көмекші етістіктер өзіне дейінгі зерттеушілерде кездеспейді.
«Оқу құралының» 6-тармақшасында (параграфында §) ғалым былай дейді: «Казахский глагол не знает различия так наз. видов (совершенного и несовершенного), при передаче их на русский язык надо пользоваться тем видом глагола, какой по строю языка больше подойдет к данному обороту речи».
Осындай пікір П.Мелиоранский еңбектерінде де кездеседі. Зерттеуші суреттемелі етістіктердің табиғатын сөз ете келіп: «Киргизские глаголы сами по себе не заключают в себе тех оттенков понятия совершенности, несовершенности, многократности действия и т.п., которые в русском языке присущи глаголам того или другого вида», - дейді [49, 41].
И.Ұйықбаев «Қазіргіқазақтіліндегіетістіккөріністері» дегенеңбегіндекөрініскатегориясыныңтүркітілдерінде, қазақтіліндезерттелуінешолужасайкеліп: «Г.В.Архангельскийкөріністіетісдепатадыда, мұныекігебөлді: 1) дүркіндіетіс; 2) өсіңкіетіс... Қимылдыңдүркінділігіменөсіңкілігіндербескөрінісдепесептеугеболмайды. Бұлар – аяқталмағанкөріністіңсалаларыболыптабылады», - депжазады[111, 17].Алайдабұлжердегі «постепенныйвид» (өсіңкіетіс), «многократныйвид» (дүркіндіетіс) дегенетістіктүрікөрінісмағынасындаемес, қимылдыңөтусыпатымәніндеқолданылғанболуыкерек.
Орыстілбіліміндекөпуақытқадейінкөрініскатегориясынақимылдыңаяқталу-аяқталмауыжәнеқимылдыңжасалутәсілі, өтупроцесінебайланыстытүрлімағыналаржатқызылыпкелді. А.Потебня 1944 жылыолардыажыратып, «вид» (aspekt) дегентерминдіқимылдыңаяқталу-аяқталмауынабайланыстықарама-қарсылыққа, алқимылдыңтәсілі – «способыдействия» (aktіosarten) дегентерминдіқимылдыңжасалутәсілінебайланыстытүрлімағыналарғақолданудыұсынғаныбелгілі[112, 74]. Ендеше, «Грамматика» мен «Оқуқұралы» жарықкөргенкезде (1927 – 1929) орыстілбіліміндекөрініс (вид) категориясыменсыпаткатегориясыныңтерминдеріәлітолықжүйеленіпбітпеген. СолсебептіҚ.Кемеңгерұлыеуропалықтарғатүсіндіруде-ңқыра/-ңкіре‚ -қыла/- кілежұрнақтарын «вид» депберугемәжбүрболғандепойлаймыз. Сонымен,ғалымқимылдыңөтусипатыкатегориясысинтетикалықжолменде, аналитикалықжолмендежасалаалатынынкөрсеткен. Шынмәнінде, -ңқыра/-ңкіре‚ -қыла/-кілежұрнақтарыжалғанғанетістіктермен -атүс‚ -абераналитикалықформаларыөзарамәндес. Мәселен, ұрыңқыра - ұрабер, ұратүс; тепкіле – тебебер, тебетүст.б. БұлқосымшалардыИ.Ұйықбаеваяқталмағанкөріністіңреңктеріретінде-атүс‚ -абераналитикалықформанттарыменқатартүсіндіреді[111, 76].
«Грамматикада» Қ.Кемеңгерұлы «Особенностинекоторыхвспомогательныхглаголов» дегентақырыппен-аал‚ -ғыкелформанттарыныңмәнінтүсіндіріп, олардыбөлекжіктейді. ОсылайшасипаттаукейінЫ.Мамановтың[95]‚ Н.Оралбаеваның[113]еңбектеріндеөрісалды. Н.Оралбаева -ғыкелформантыныңжалғызқалаурайдыңғанакөрсеткішіемесекенінтүсіндірекеліп, -аалформантысубъектініңмүмкіндігінбілдірсе, -ғыкелформантысубъектініңтілегінкөрсететінінайтады. Алайдаекеуіндедесөйлеушітарапынансубъектініңқимылға, іс-әрекеткеқатысыбілінетінінсипаттайкеліп: «...Аналитическийформант-ғыкел (-ғыкелме)посвоемузначениюипоизменяемостипокатегориямглаголасовпадаетсформантом-аал (-алалма).Глагол с формантом -ғы кел (-ғы келме) так же, как -а ал (-а алма), не употребляется в повелительном наклонении и в определенном будущем времени с показателем -мақ«, - дейді [113, 40].
Қ.Кемеңгерұлы -ғы кел/-ғы келме‚ -а ал/-а алмаформанттарының осындай ерекшелігін байқап, сол себепті оларды басқа форманттармен қатар қоюға келмейтінін түсінген.
А.Байтұрсынұлы көмекші етістіктердің үш түрін көрсетеді: а) құр көмекші; ә) күй көмекші; б) ій көмекші [114, 92]. Ғалым е-(емек) етістігін үнемі көмекшілік қызметте жұмсалуының нәтижесінде етістік мәнінен айрылып, жұрнаққа (жалғаулыққа) айналып бара жатуына, әбден ій болып кетуіне байланысты «ій көмекші» деп бөлек жіктейді. Сондай-ақ амалдың қалып-күйін білдіруіне байланысты отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін бөлек топтастырып (күй көмекші)‚ бар, ал, бер, кел, кет, көр, өт, таста, қал, қой сияқты көмекші етістіктерді бір бөлек береді. Жоғарыда Н.Ильминский, П.Мелиоранский, И.Лаптев сияқты зерттеушілердің де көмекші етістіктерді осылай жіктегенін айтып өткенбіз. Қ.Кемеңгерұлы да осы топтастыруды басшылыққа алған. Ғалым е- көмекші етістігімен қатар зат есім, сын есімдермен тіркесіп, «быть», «существовать» мәнінде жұмсалуына байланысты осы топқа бол етістігін де қосады.
Сонымен, көмекші етістіктерді мағыналық топтарға бөлуде Н.Ильминский, П.Мелиоранский, И.Лаптев, А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы жіктеулері өзара ұқсас екенін көреміз.
Т.Шонанов «Самоучитель казахского языка» деген еңбегінде көсемше табиғатын сөз ете отырып, көмекші етістіктерге де тоқтала кетеді. Ғалым ең көп кездесетін көмекші етістіктердің қатарында кет, кел, жүр, тұр, отыр, жат, бол етістіктерін атай келіп: «При употреблении вспомогательных глаголов, при деепричастии глаголы выбираются так, чтобы они наиболее подходили к данному случаю. Так как в казахских глаголах нет совершенного и несовершенного видов, а также и кратности действии, то эти оттенки передаются деепричастием при помощи вспомогательных глаголов: келіп кетті – приходил (буквально: приходивши ушел)»[7, 73]. Бірақ ғалымның бұл тұжырымы одан әрі жалғасын таппай қалған.
Көмекші етістіктердің табиғатын арнайы сөз еткен ғалымдардың бірі – Қ.Жұбанов [115]. Ғалым көмекші етістіктің қатысуымен жасалған күрделі етістіктерді қосынды етістік деп атайды да, көмекшілерді 3 топқа бөледі: төтенше (жатыр, жүр, отыр, тұр); кеміс (е, де, бол, шығар); толық (ал, сал, қал, жібер, бер, қой, таста т.б.). Атаулары әр түрлі болғанмен, Қ.Жұбановтың көмекші етістіктерді топтастыруы А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы жіктеуіне ұқсас. Кеміс (ій) көмекшілердің қатарында А.Байтұрсынұлы е- етістігін (еді, екен, емес т.б.) ғана берсе, Қ.Кемеңгерұлы «быть», «существовать» мәнінде қолданыла алуына байланысты е- етістігімен қатар болетістігін де атайды. Ал Қ.Жұбанов аталған етістіктермен қатар де, шығар етістіктерін де келтіреді. Ғалым бұл етістіктерді үнемі көмекшілік қызметте жұмсалып, алдындағы етістікпен бір сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуын негізге алған сияқты.
Қ.Жұбанов көмекші етістіктердің қимылдың әр мезетін дәл суреттей алатыны, қазақ тіліне көрініс (вид) категориясының тән еместігі, тұр, отыр, жүр, жатыр етістіктерінің осы шақты білдірудегі өзіндік ерекшеліктері, кел, бар етістіктерінің амалдың өту деңгейін (фазасын) көрсете алатыны туралы құнды тұжырымдар жасайды. Н.Оралбаева Қ.Жұбановтың көмекші етістіктердің мынадай мағыналарын көрсеткенін айтады: қимылдың созылыңқы жасалуы; қимылдың үзіліспен жасалуы; қимылдың жасалу процесінің үдеуі, күшеюі; қимылдың жасала бастауы; қимылдың қайталануы; қимылдың бірнеше субъект арқылы жасалуы.
Бұдан Қ.Кемеңгерұлы мен Қ.Жұбановтардың қазақ тіліндегі етістіктерге көрініс категориясы тән еместігін айтумен қатар, қимылдың өту сипатына қарай көмекші етістіктерді өзара топтастыруға тырысқанын көреміз.
Қ.Кемеңгерұлы ізбасарларының ішінде І.Кеңесбаевтың 1939 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» атты оқулығында көмекші етістік табиғатына байланысты біраз мағлұмат берілген. Ғалым көмекшілік қызметте көбірек жұмсалатын етістіктердің қатарында тұр, жүр, отыр, жатыр, баста, кел, жазда, көр,бар, бер, ал, қаш, қайт, е- т.б. көмекшілерін атайды [82, 16]. Ғалым талдауындағы баста, жазда, қаш, қайт сияқты етістіктер Қ.Кемеңгерұлы жіктеуіндегі көмекші етістіктердің қатарында кездеспейді. Аталған етістіктердің ішінде қаш, қайт етістіктері көмекші мәнде қолданылмайды. Алып қаш, алып қайт деген тіркестердегі екі компонент те дербес, толық мағыналы етістіктерден құралған. Мұндай күрделі етістіктерді А.Ысқақов құрама күрделіетістік немесе жай күрделі етістік деп атайды [86, 255].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет