Әдетше баяғылық. Ертеде өткен істің әлденеше рет болып, әдет болғанын айтады. Мысалы: барушы едім, баратын едім.
Опық баяғылық. Ертеде өткен істі опына хабарлайды. Мысалы: баратын едім.
сы шақ түрлеріне байланысты қазіргі грамматикаларда ауыспалы осы шақ деп аталатын түрін «дағдылы осы шақ» деп атап, нақ осы шақты «дәл осы шақ» деген атаумен береді. Сонымен қатар дәл осы шақ құрамын төрт қалып етістігінің негізгі етістікке тіркесуіне қарай олардың мағыналарын негізге алып, кіші топтарға бөліп жібереді. Яғни автордың пікірінше, жатыр етістігі өзі тіркескен етістікке осы уақытта болып жатқан жалпы іс-әрекетті білдірсе, ал жүр жатырға қарағанда нақтылау, отыр етістігі аталған екі етістіктен де дәл қазіргі болып жатқан іс-әрекетті білдіреді, ал тұр тап қазір болып жатқан іс-әрекетті білдіреді. Ғалымның бұл жіктемесінен қалып етістіктерінің мағыналық реңктерін терең тани алғандығын көреміз. Сондай-ақ Қ.Жұбановтың келер шақ түрлеріне байланысты кесімді және тілекті келер шақ түрлері де басқа грамматикаларда айтылмайды. Және де өткен шақты тоғыз түрге бөліп қарастыруы да – ғалымның тілдік мағыналарды жете меңгергендігінің айғағы. Шақтың ішкі мағыналық топтары көбейген сайын тілдік құралдардың функционалдық, жұмсалымдық ерекшеліктерін аша түсуге болады.
Ы. Маманов шақ формаларының мағыналық ерекшеліктеріне баса назар аударған. Шақ түрлерінің атаулары шартты түрде алынған терминдер деп көрсетеді.
Өткен шақ формаларының түрлі жағдайларда кездесетінін атап, олрадың арасындағы айырмашылық әртүрлі мезгілдік мағына білдіруінде емес, әрқайсысына тән өзіндік семантикасында екендігін дәлелдейді.