17. ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІНІҢ АНАЙЫ ЖӘНЕ СЫПАЙЫ ПАРАДИГМАЛАРЫ
Тіл – сөйлеушінің дүниетаным ерекшеліктерін бейнелейтін құрал, ерекше ұлттық ділдің көрсеткіші, мәдениеттің негізі.
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігідеп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар. Жіктеуесімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:
Жақ Жекеше түрі Көпше түрі
I
|
мен
|
біз, біздер
|
II
|
сен (анайы)
|
сендер (анайы)
|
|
сіз (сыпайы)
|
сіздер (сыпайы)
|
II
|
ол
|
олар
|
Бірінші жақ—айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ—тыңдаушы жақ. Бұлар—адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ—бөгде жақ. Ол адамға, адамнан басқа да заттарға байланысты бола береді. Сондықтан кім? немесе не? деген сұрақтарға жауап береді.
Қазақ тіліндегі жіктеу есімдіктерінің анайы және сыпайы түрге жіктелуі басқа тілдерге ұқсамайды. Қазіргі кезде жіктеу есімдіктері мен, сен, ол, біз, сендер, олар түрінде келеді де сыпайы түр ІІ жақпен ғана шектеледі: сіз, сіздер.
Грамматикаларда жіктеу есімдіктері қате берілгендіктен, жіктеу парадигмасы (қатары) да қате беріліп жүр.
Яғни анайы түр де, сыпайы түр де 3 жақ толық. Парадигма толық.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін терең пайымдап, өзіне дейінгі тіл білімпаздарының еңбектерін зерделей отырып, жіктеуді‚ ең алдымен‚ анайылық және сыпайылық жөнге жіктейді де оларды іштей жекеше-көпше түрге саралайды. Сонымен қатар ортақ, оңаша тәуелдікті жіктеу іштей тағы да анайы-сыпайы, жекеше-көпше түрге бөлініп, жіктеу үлгісі бірізділікпен, жүйелі түрде баяндалған.
Достарыңызбен бөлісу: |