Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет69/130
Дата10.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#33868
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   130
Байланысты:
емтихан сұрақтары (1)

(кесте 8-дәріс) 

Кейіннен ғалым еңбектерін басшылыққа ала отырып, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов сол кезге дейін танылып жүрген төрт түрлі сан есім тобына (есептік, реттік, бөлшектік, жинақтау) топтау және болжалды сан есімдерін енгізіп, сан есімді 6-ға бөледі. Осы кезден бастап сан есімнің 6 түрлі мағыналық тобы танылып, бұл қазіргі қазақ тілінде де сабақтастық тауып келеді. Соның нәтижесінде «Современный казахский язык» (1962), «Қазақ тілінің грамматикасы» (1967), А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» (1972) т.б. еңбектер мен мектеп оқулықтарында болжалды сан есім мен топтау сан есімдері сан есімнің мағыналық топтары ретінде қарастырылуда.

Бұл орайда Ы.Мамановтың пікірі өзгешелеу. Ғалым көлемдік-мекендік септіктер мен көптік форманың контекске немесе түбір сөздің мағынасына байланысты әр түрлі мағыналық қырлары болатынын айта келіп, сан есімнің шығыс септік формасы (бестен, бес-бестен) мен көптік формасын (ондар, жүздер) мағынаға бағындырып, сан есімнің лексика-семантикалық топтарына жатқызудың ғылыми тұрғыдан негізсіз екендігін айтады [130, 83-84].

Кейінгі грамматикаларда топтау сан есімдері деп танылған екеулеп, он-оннан, бір-бірлеп т.с. с. сөздер  үстеу ішінде де сөз болып, топтау (я саралау) үстеулері деп беріліп жүр. Яғни бір форма екі түрлі сөз табының аясында қарастырылуда. Ендеше, болжалды сан есім мен топтау сан есімдерін сан есімнің мағыналық топтары ретінде қарастырмай, сан есімнен туатын басқа сөз таптары ретінде тану керек сияқты. Қ.Кемеңгерұлы -нікі, -дағы, -дай, -сыз, -лы, -лық жұрнақтарын сан есімге жалғана алатын қосымшалар ретінде береді. Осы қатарға көптік жалғау мен шығыс септік жалғауын да қосуға болатын сияқты.

Сонымен, Қ.Кемеңгерұлының  сан есімдерді тануынан мынадай ерекшеліктерді байқауға болады:

а) ғалым А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов еңбектерін басшылыққа ала отырып, сан есімдерді есептік, реттік, бөлшектік және жинақтық деп төрт топқа жіктейді;

ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі зерттеушілердің еңбектеріндегі топтау, еселеу (кратные) сан есімдерін ғалым сан есімнің мағыналық топтарына қоспайды;

б) сан есімнің мағыналық топтарының мәні мен жасалу жолдарын көрсетеді;

в) сан есімге жалғанатын жұрнақтарды (-лы, -лық, -сыз, -дай, -дағы,- нікі) атайды.

г) жинақтық сан есімдерінің жеке, зат есімсіз де қолданыла беретінін айтады.

Ғалымның сан есімдер табиғатын тануын зерделей түсу бүгінгі тіл білімінде қалыптасқан тұжырымдарға жаңаша қарауға, оның түрлі қырларын түсінуге көмектесетіні сөзсіз.

 

      Е с к е р т у- Ғалым «есептік сан есім» атауының орнына «реттік сан есім» деп қолданады.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет