Жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша



бет2/11
Дата12.03.2023
өлшемі194,5 Kb.
#73512
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тлеубердина Г.Т. проект

Күтілетін нәтижелер:
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде:
алынған нәтижелер ғылыми-теориялық еңбектерге аналитикалық шолуда және ғылыми мақалаларда көрініс табады: Scopus мәліметтер базасында көрсетілген ғылыми журналдағы 1 мақала; ҚР БжҒМ БК ұсынған шетелдік және (немесе) отандық басылымда 2 мақала, ғылыми монография.
Әр мақалада дерек көзі ретінде гранттық қаржыландыруды көрсете отырып, жобаның сәйкестендіру нөмірі мен атауы туралы ақпарат болады.
Жоба нәтижелері ғылыми журналдарда және мерзімді басылымдарда жарияланатын болады. Жобаның аралық нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарындағы, әлеуметтік желілердегі басылымдарда, университеттің ғылыми-техникалық кеңесіне ұсынылады.
Ғылыми зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайтын кем дегенде 100 дереккөзге аналитикалық шолу жүргізіледі. Еліміздің әр өңірі бойынша айтыс ақындары шығармаларының түпнұсқасына үңіле отырып, дәстүрлі халық өнерінің заңды жалғасы екендігі анықталады. Олардың айтыс өнерін игерудегі, жетілдірудегі үлесін суырыпсалмалық шеберлігі мен кәсіпқой өнер өкілі екендігі анықталады. Айтыс ақындарының баспасөз беттеріндегі жарияланған өлең жырлары мен кітап болып жарық көрген шығармаларын және жекелеген үн таспаға түскен айтыстарын жүйелеп, ел арасына ауызша тарап кеткен мұралары жинақталады. Айтыс мектебі өкілдерінің шығармалары негізінде библиографиялық көрсеткіш жасалады, глоссарий түзіледі. Ақындардың айтыстағы мақам, ырғақ, буын, бунақ, мәселелерінің табиғаты салыстырмалы әдіспен поэтикалық табиғаты танылады.
Зерттеу нәтижесі айтарлықтай әлеуметтік эффектке ие, өйткені қазақстандықтар үшін қазіргі айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесінің әдебиет пен мәдениеттегі орнын түсіну, рухани мұраны сақтау, қазақстандық брендті қалыптастыру маңызды. Талданған тақырып Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында, «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы негізінде әзірленген «Рухани жаңғыру» бағдарламасында баяндалған және қазақстандық қазіргі айтыс ақындарының идеологиялық идеяларын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Зерттеу нәтижелері жас ұрпақ үшін ерекше маңызды. Себебі қазақстандық қазіргі айтыс ақындарының шығармалары мәдени құбылыс қана болып қоймай, жаңа ұрпағын қалыптастыруға қажетті тарихи-мәдени, адамгершілік және азаматтық-патриоттық сезімдері мен ұлтжандылығын қалыптастыратын құнды өнер туындылары. Өз Отанына, өз жеріне деген сүйіспеншілік, өткенге және бүгінге деген құрмет ұлттың табысты болашағының факторлары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет