Жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша



бет9/11
Дата12.03.2023
өлшемі194,5 Kb.
#73512
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тлеубердина Г.Т. проект

9. Күтілетін нәтиже:
1) Алынған нәтижелер ғылыми-теориялық еңбектерге аналитикалық шолуда және ғылыми мақалаларда көрініс табады: Web of Science дерекқорында және (немесе) Scopus мәліметтер базасында кеңейтілген Science Citation Index индексінде көрсетілген ғылыми журналдағы 1 мақала, кем дегенде 35 процентиль; ҚР БжҒМ БК ұсынған шетелдік және (немесе) отандық басылымдағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің хабаршысында ұсынылған 2 мақала. «Филологиялық серия». Ұжымдық ғылыми монография.
Әр мақалада дерек көзі ретінде жоба қаржыландыруын көрсете отырып, жобаның атауы туралы ақпарат болады.
2) Монографияларды, кітаптарды және (немесе) тарауларды шетелдік және (немесе) қазақстандық баспалардың кітаптарына шығару жоспарланады.
3) Патенттерді шетелдік патенттік кеңселерде (еуропалық, американдық, жапондық), Қазақстанда немесе еуразиялық патенттік кеңселерде алу жоспарланбайды.
4) Ғылыми-техникалық, жобалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланбайды.
5) Жоба нәтижелері ғылыми журналдарда және мерзімді басылымдарда жарияланатын болады. Жобаның аралық нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарындағы, әлеуметтік желілердегі басылымдарда (кем дегенде 2) ұсынылады.
6) Жобаның басты нәтижесі – Қазақстанның барлық өңірлері бойынша тәуелсіздік кезеніндегі айтыс ақындарының өмір деректерін, ақындық ортасы мен дәстүр жалғастығы анықталып, қазақ поэзиясындағы ақындық шығармашылық тұлғаларына тән қасиеттері жүйелі және жан – жақты зерттеледі. Қазақстанның барлық өңірлері бойынша тәуелсіздік тұсындағы айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесі қайта құрылып, сипатталады, халық өнерпаздарының заңды жалғасы екендігі дәлелденеді, шығармалары жүйелі поэтикалық тұрғыдан талдану арқылы ақындық, жыршылық даралықтары, айтыстағы әдіс-тәсіл қолдану шеберліктері анықталады; өскен ортасы, қарсылас ақындарға қатысты деректерді толықтырып, шығармаларының жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері сарапталады; ақындық мұраларына (айтыс, арнау – толғаулары мен өзге де туындыларына) поэтикалық тұрғыдан талдау жасау жұмыстары жүргізіледі.
Зерттеу нәтижесінде мыналар талданады: Ғылыми зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайтын кем дегенде 100 дереккөзге аналитикалық шолу жүргізіледі. Қазіргі айтыс ақындары шығармаларының түпнұсқасына үңіле отырып, дәстүрлі халық өнерінің заңды жалғасы екендігі анықталады. Қазіргі айтыс ақындарының айтыс өнерін игерудегі, жетілдірудегі үлесін суырыпсалмалық шеберлігі мен кәсіпқой өнер өкілі екендігі анықталады. Аймақтық айтыс ақындарының баспасөз беттеріндегі жарияланған өлең жырлары мен кітап болып жарық көрген шығармаларын және жекелеген үн таспаға түскен айтыстарын жүйелеп, ел арасына ауызша тарап кеткен мұралары жинақталады. Айтыс мектебі өкілдерінің шығармалары негізінде библиографиялық көрсеткіш жасалады, глоссарий түзіледі. Айтыс ақындарының айтыстағы мақам мен ырғақ, буын, бунақ, мәселелерінің табиғатын салыстырмалы әдіспен поэтикалық табиғатын танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет