Бұл нәтижені қолдануға болады: Зерттеу нәтижесі айтарлықтай әлеуметтік эффектке ие, өйткені қазақстандықтар, көкшетаулықтар үшін қазіргі Көкше өңірі айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесінің әдебиет пен мәдениеттегі орнын түсіну, рухани мұраны сақтау, қазақстандық брендті қалыптастыру маңызды. Талданған тақырып Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында, «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы негізінде әзірленген «Рухани жаңғыру» бағдарламасында баяндалған және қазақстандық қазіргі айтыс ақындарының идеологиялық идеяларын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Зерттеу нәтижелері жас ұрпақ, студенттер, жастар үшін ерекше маңызды болмақ, себебі қазақстандық қазіргі айтыс ақындарының шығармалары жай ғана мәдени құбылыс қана емес, қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыруға қажетті тарихи-мәдени, адамгершілік және азаматтық-патриоттық нұсқаулықтарды қалыптастыратын құнды өнер туындылары. Өз Отанына, өз жеріне деген сүйіспеншілік, өткенге және бүгінге деген құрмет ұлттың табысты болашағының факторлары болып табылады.
Жоба нәтижесінде жарияланған еңбектеріміз бен зерттеудегі теориялық тұжырымдар – қазақ сөз өнерін жасаушы тұлғаларды көрсетуге қатысты еңбектерге, халықтың назары айрықша ықыласты болып тұрған қазіргі ұлттық жаңару жайлы дерек көздеріне пайдаға асады. Ауызша дәстүрлердегі әдебиет өкілдері туралы арнаулы курс пәндерін дайындауда зерттеу материалдарын пайдалануға болатындығы анық. Жоба материалдарын этнографияға, аймақтық әдебиет, фольклорға арналған оқулықтарға, оқу құралдарына енгізуге болады. Жоғарғы оқу орындарының филология факультетінде аймақтық әдебиет курсы, семинарлары түрлеріне жеке пәндік сабақтар өткізуге бұл ізденісті көмекші оқу құралы етіп пайдалануға жарамды. Басқа сала өкілдері, мәдениеттанушылар әлемінің авторлық суретін сипаттау - елдің мәдени байлығын толықтыру үшін, тарихшылар мен философтар - тарихи сананы қалыптастыру жолдарын іздеу үшін, сондай-ақ журналистер, қоғаммен байланыс саласындағы мамандардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б.