Жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы туралы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата26.12.2023
өлшемі204,02 Kb.
#143317
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 1277 
Жарлығымен бекітілген
2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк 
бағдарламасы туралы 
Астана, 2003 жыл
Бағдарламаның паспорты
 
Кіріспе
1. Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
2. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
3. Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

3.1. Ұлттық тарихтың маңызды тарихи-мәдени, археология және сәулет 
ескерткiштерiн қайта жаңғырту
национальной истории
3.2. Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру
3.3. Ұлттық және әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет 
басылымдарының дестелерiн әзiрлеу
4. Қажеттi ресурстар және қаржыландырудың негiзгі кӛздерi
5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаның 
паспорты
Атауы
Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға 
арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Iшкi және 
негiз сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған 
негiзгi бағыттары" Қазақстан халқына Жолдауы, 
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 
жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004-2006 
жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру 
жӛнiндегi Iс-шаралар жоспарының 6.5.2-тармағы
Негiзгі әзірлеуші
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi
Мақсаты 
Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени 
мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын 
қамтамасыз ету
Бағдарламаның 
мiндеттерi
елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет 
ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, 
соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз 
әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды 
зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; кӛркем және 
ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық 
әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн 
қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен


әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде
гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк 
тiлдегi толыққанды қорын құру
eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында 
сақталған аса кӛрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде
орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын 
қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға 
кӛшiру.
Қажеттi ресурстар 
және бюджеттің 
есебiнен 
қаржыландыру 
кӛздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық жүзеге 
асырылатын болады.
Қаржыландырудың жалпы кӛлемі -1933,6 млн.
теңге, оның iшiнде: 2004 жылы - 641,65 млн.; 2005 
жылы - 631,7 млн, 2006 жылы - 660,2 млн. теңге.
Бағдарламаны қаржыландырудың кӛлемi 2005-2006 
жылдары тиiстi қаржы жылына арналған 
республикалық бюджеттiң болжамды кӛрсеткіштерінің 
аясында нақтыланатын болады.
Күтілетiн нәтижелерi
Тарих пен мәдениеттің 30-дан астам 
маңызды ескерткiштерi қайта жаңғыртылатын 
болады; 32 ежелгi және орта ғасырлық 
археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми 
зерттеу, тұмшалау, абаттандыру және туристiк 
мақсатта пайдалану жӛнiнде жұмыстар жүргiзiлетiн 
болады; мәдени инфрақұрылым кеңейтiліп, тарихи-
мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңiнен 
таныстыру жӛнiндегi жұмыс жанданатын 
болады; мәдени мұраны зерделеудiң тұтастай жүйесiн 
құру жӛніндегi шаралар iске асырылатын болады; 
Республикалық ұлттық кiтапхана жанында ұлттық 
кiтап жәдiгерлерiн табу, сатып алу, кiтаптар мен 
ежелгi қолжазбаларды қалпына келтiру орталығы, 
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк 
мұрағаты жанында қазiргі заманғы құрал-жабдықпен 
жарақталған Мұрағат құжаттарының сақтандыру 
кӛшiрмесiн жасау және қалпына келтiру орталығы, 
Президенттік мәдени орталықтың базасында ұлттық 
тарих үшiн айрықша мәнi бар Мұражай қорын түзу мен 
қалпына келтiру орталығы құрылатын болады; 16 
бағыт бойынша түрлi кiтаптар дестелерi шығарылатын 
болады;
Қазақстанның мемлекеттiк тұтастығы мен халықтары 
бiрлiгінің нышаны - мүсiнтас
тұрғызылатын болады; деректер базасы жасалып, 
ЮНЕСКО-ның күнiлгерi тiзiмiне енгiзiлген мәдени және 
аралас мұра объектілерiн күзету аумағы мен 
ӛңiрлерінің
шекарасы белгiленетiн болады; елдiң қорларында, 
мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса 
кӛрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-


музыканттардың фоножазбалары қалпына келтiрiлiп, 
қазiргi заманғы аудиотаспаларға кӛшiрілетін болады.
Iске асыру 
мерзiмi
2004-2006 жылдар
Кiрiспе
2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан 
әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнің "Iшкi және сырты 
саясаттың 2004 жылға арналған негiзгі бағыттары" Қазақстан халқына Жолдауына 
және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 
қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003-2006 жылдарға 
арналған Бағдарламасын iске асыру жӛнiндегi Іс-шаралар жоспарының 6.5.2-
тармағына сәйкес әзiрлендi. 
Осы Бағдарламаны әзiрлеу мәдени мұра саласында қалыптасқан ахуалға неғұрлым 
белсендi де сындарлы ықпал ету қажеттiгiнен туындады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет