Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.03.2017
өлшемі10,14 Mb.
#8133
1   2   3   4   5   6

Марат ӘБДІХАЛЫҚ,

 

 

 

 

 

журналист

“РУХ БЕРГЕН – ЖЕЛТОЌСАН!”



  Бәрі де есімізде, есімде!

Тәлімгерлік  жұмыс  аясында  Халықаралық  сту-

денттер күніне орай университеттің  басшыларының, 

атап  айтқанда,  ғылым  және  инновациялық  қызмет 

жөніндегі проректор Е.Көлдеев және тәрбие жұмысы 

жөніндегі  проректор  Г.Сәрсенбекованың  және  ин-

ститут  директорларының,  орынбасарларының  баста-

уымен  ҚазҰТУ  ұжымы  Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер 

театрында М.Әуезов шығармасының желісі бойынша 

қойылған  Т.Теменовтің  «Ай-Қарагөз...»  қойылымын 

1-курс студенттерімен бірге тамашалап қайтты.

Ө.Байқоңыров  атындағы  Тау-кен  және  металлур-

гия  институтының  1-курс  студенті  Төлеу  Еркебұлан 

театрдан  алған  әсерін  былай  жеткізді:  «Көрген 

қойылымнан алған әсерім керемет. Студенттер лық то-

лып отырды. Бұл өте қуанышты көрініс. Менің ойым-

ша театр мәдениеті өсіп келе жатыр. Себебі, қойылым 

біткенше ешкім орнынан тұрған жоқ. Театр – тәрбие 

көзі.  Сондықтан  біз  театрдан  жан  азығын  іздей  от-

ырып, театр тәртібін сақтағанымыз да жөн. Бұл орта 

«Театрға  бару  мереке,  театр  –  тәрбие  мектебі,  театр 

– тәлім, рухани азық алар қасиетті орын» екенін шы-

нымен-ақ есіме салды».

Экономика  және  бизнес  институтының  бағалау 

мамандығының 1-курс студенті Неталиева Гаухардың 

пікірі:  «Мектеп  балаға  тәрбие  берсе,  театр  бүкіл 

халықтың тәрбиешісі. Театрдың атқарар рөлі өте зор. 

Театр  –  қоғамның  ұстазы,  ақылшысы,  жақсылыққа 

жол  бастаушысы.  Сондықтан  театрдағы  қойылым  өз 

жаңашылдығымен,  өнердегі  өре  биігімен  көңілімнен 

шықты.  М.Әуезов  шығармасының  желісі  сақталған. 

Жаңашылдығы  –  сахналық  безендіруден  бастап,  ак-

терлік ойындар да басқа және ең бастысы  қойылымға 

жаңаша  әр  беріп  тұрған  әуендерде.  Қойылымның 

соңында Қарагөз есінен адасып, жынданып кеткенде, 

көңілім  босап  жылап  жібердім.  Әртістер  өз  рөлдерін 

тамаша сомдады”. 

 

 

 



       

Сая ЖАҚАНОВА,

 

Тәрбие жұмысы жөніндегі бас маманы

ТЕАТР – КИЕЛІ ТƏРБИЕ ОРНЫ

ПОЗДРАВЛЯЕМ!

В  конце  ноября  2012  года  Европейская 

научно-промышленная  Палата,  Предста-

вительство и России 

ООО  “Европейский 

Портал  связи”  на-

градили  доктора  химических  наук,  профес-

сора  КазНТУ  им.К.И.Сатпаева  Асаубекова 

Макарима  Абдикадыровича  специальным 

дипломом и золотой медалью “Выдающиеся 

ученые  России”.  Ему  также  вручен  серти-

фикат как участник энциклопедии “Ученые 

России”.

Асаубеков Макарим Абдикадырович с  от-

личием окончил в 1966 году Московский го-

сударственный  университет,  факультет 

высокомолекулярных  соединений.  Критери-

ем  награждения является высокий профес-

сионализм лауреата и самое ответственное 

отношение к работе и обществу.


АНА ТІЛІМ – АРДАЌТЫМ

7

ЌОЅЫРДЫ  СЇЙЕМ...



Қоңырды сүйем, өмірді сүйем қоп-қоңыр,

Қанағаты бар қоңыр қалталы текті өмір.

Сағынып ылғи қараймын-дағы отырам,

Қоңыр қаз ұшқан көкке бір.

Қоңыр жел үрлеп, қоңыр дөңдегі қурайдан,

Сыбызғы далам көкірегінде тулайды ән.

Қоңырды сүйген жүрегім сенде жырға айлан,

Өмірді сүйген жүрекке қоңыр гүл байлан.

Сол қоңыр қыздың сүйемін қоңыр дидарын,

Сеземін оның жанында қоңыр күй барын.

Өмір-ау, түлкі адастырсаң да сол қыздың,

Қоңыр-ау күлкі қоңыр мінезін қимадым.

 

 

***

Іздерім секілді жол жұтқан,

Бір белгі қалмайды-ау, бұл күннен.

Мұңайып бағана сондықтан,

Өзіңді қаттырақ сүйдім мен.

Сырымды айтамын кімге өзге,

Мені де батырар бал-бұл күн.

Мен жайлы айтар деп бір кезде,

Бетіңе бір белгі қалдырдым.

Кім мәңгі мекендер жер бетін,

Сен мені ұмытпа қарағым.

Көзіңде қалсын деп келбетім,

Қадалып ұзақтау қарадым.

Артықтау сөйлесем кеш қалқам,

Қиял-ай, осындай ұшқыр ма ең?

Алақан жаяр деп еске алсаң,

Қолыңды қаттырақ қыстым мен.

Алаңсыз енді ұйықтай беремін,

Үрейдің ілініп кірпігі.

Еске алар сен бар деп сенемін,

Оянбай қалсам мен бір күні.

Мұратбек СҰЛТАНБАЙ,

Қ.Тұрысов атындағы Геология және 

мұнай-газ институтының магистранты

  «Қазақстан  Республикасындағы  мерекелер  ту-

ралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес 

1-желтоқсан  –  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 

Президенті күні. Осы айтулы күнге орай жасалған іс-

шаралар  жоспарына  сәйкес  университетте  тақырып-

тық көрмелер, танымдық кештер, эдвайзерлік сағаттар, 

концерттік  бағдарламалар,  дөңгелек  үстел,  жиындар 

өткізілді. 

Сол  шаралардың  бірі  –  2012  жылдың  23  қараша 

күні өткізілген «Еңбегім – елім үшін!» атты форум.. 

Форумның мақсаты – жастардың азаматтық және 

патриоттық әлеуетін дамыту, тың идеяларына қолдау 

көрсету.


Форумға  қонақтар  –  Бостандық  ауданы  әкімінің 

орынбасары  С.Б.Ағыбаев,  «НұрОтан»  ХДП-ның 

Бостандық  аудандық  филиалы  төрайымының  бірін-

ші орынбасары С.В. Канкуров қатысты. ҚазҰТУ-дың 

ректоры Әділов Жексенбек Мәкейұлы форумды ашып, 

тәуелсіз  Қазақстанның  іргетасын  қалап,  шекарасын 

шегелеп,  болашаққа  бағыт-бағдар  берген  Тұңғыш 

Президенттің  халық  алдында  еңбегі  ұшан-теңіз  еке-

нін атап өтті. Жиын барысында Қазақстанның 20 жыл 

ішінде  қол  жеткізген  жетістіктері  мен  Елбасының 

әлемдік саясатқа қосқан үлестері кеңінен айтылды. 

Сондай-ақ, жиында студенттер кеңесінің төрағасы 

Жанәділ Мархабаевқа және Докторанттар клубының 

төрағасы Әлімжан Баймұратовқа сөз берілді.

Президент ел жастарымен болған кезекті бір кез-

десуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым 

биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл на-

мысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік бо-

лады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, 

халқына,  өз  ұлтына  адал  қызмет  етуге  ұмтылады»,  - 

деген еді. Сол себепті, жиын арасында бүгінгі егемен 

елдің  жалынды  жастары,  нағыз  патриоттары  –  Пре-

зиденттік  шәкіртақы  иегері  және  «ҚазҰТУ  Оскары 

– 2012» атағының иегері Рамазан Мұстафаұлы, 2012 

жылғы тоғызқұмалақтан республикалық жарыстардың 

жеңімпазы,  3-курс  студенті  Шолпан  Есболова,  «Жас 

Отан»  Жастар  қанаты  ІІ  съезінің  делегаты,  Студент-

тік  парламенттің  төрайымы  3-курс  студенті  Фари-

за  Серғазина  және  2-курс  студенті  Скарга  Әйгерім 

Владимировнаға сөз берілді.

Форум  тәуелсіз  Қазақстанның  қалыптасуы  мен 

дамуындағы  Ұлт  көшбасшысының  рөлін  көрсетуге 

мүмкіндік  берді.  Осындай  жиын  жас  ұрпақты 

патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, елін сүйіп, 

адал азамат болуға үйретеді.

Құндыз КӨБЕГЕНОВА,

Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы

«Еѕбегім – елім їшін!» атты жастар форумы

Енді ойлаймыз-ау, империяның илеуінде бола бер-

сек,  ана  тілімізде  сөйлеуден  мүлдем  айырылғандай 

екенбіз  деп.  Мұндай  тоқтамға  келуімді 

мына    бір  жағдайлар  еске  түскен  соң  ай-

тып  отырмын.  Десе  де,  шүкіршілік  деге-

німіз  дұрыс.  Соңғы  он  жылда  ана  тіліне 

деген құрмет, оны білсем, дұрыс сөйлесем 

деген ынта-ықылас жастар тарапынан анық байқалады. 

Әйтсе  де,  оны  жақсы  меңгеру  әркімнің  санасы  мен 

пайым-түсінігіне,  еліне,  жеріне  деген  асқақ  рухты 

патриоттық сезіміне байланысты.

Менің Мэлс, Мархаба деген жездем мен әпкем бар. 

Оларға еш кінә қоя алмаймыз, кезінде орысша оқыды. 

Заман солай болды. 2004 жылы солардың тұңғыш не-

мересі,  үлкендері  Алмастың  және  келіні  Оксананың 

баласы Аманбек орта орыс мектебін ойдағыдай бітіріп, 

сол қуанышқа орай атасы мен әжесінің үйінде кішігі-

рім отырыс болды. Түсінікті жағдай. Қуаныш қой. 

Аманбек Алматы қаласындағы «Мирас» мектебінің 

түлегі еді. Жақын туыс болған соң Аманбек маған өз 

баламдай  әрі  іні  ғой.  Қуаныштарына  ортақтасып,  ол 

ананы-мынаны, мектептегі өмірді, соңғы қоңыраудың 

қалай  өткенін  тамсана  әңгімеледі.Жүзінен  ұққаным, 

мектепті жақсы бітіргеніне қатты қуанышты. Әйтсе де, 

мектеп өмірін қимайтынын айқын сездім. Мұндай сәтті 

мектеп бітірген кезде бәріміз де бастан өткердік қой. Ен-

дігі бір сәтте Аман, біз оны солай атап кеткенбіз, қазақ 

тілі  пәнінен  ұстазы  болған  Жәмилә  Мәжитқызының 

өзіне арнап шығарған төрт шумақтан тұратын өлеңін 

көрсетті. Онда ұстазының үздік шәкіртіне деген шын 

ризашылық сезімі, бата берген алғысы, өмірге сәттілік 

тілеген  ақ  пейілді  ниеті  жатқан  еді.  Бәріміз  қуана 

оқыдық. Орыс мектебін бітірсе де мемлекеттік тілдің 

мәртебесін өмірінде биік ұстай білетін Аманбек ініміз 

Қазақстанымыздың нағыз патриот азаматы болып өсіп 

келеді.


Мектептен соң Бостанда оқуын жалғастырды. Оны 

бітіріп  Атырауда  жұмыс  істеді.  Бүгіндері  Лондонда 

оқып жүр. Анда-санда келгенде бәрімізбен тек қазақша 

сөйлеседі. Ана тілін ұмытпас үшін. Қазақ тілдік сөздік 

қорын молайту үшін. Айтайын дегенім, бәріміз де осы-

лайша  өз  тілімізге  құрметпен  қарап,  мейлі  шетелде 

жүр, осында еңбек ет, жүрегіңнің түкпірінде ана тіліңе 

деген  жылулық  сезімің  жатса  игі  демекпін.  Сонда 

Қазақстанымыз көркейеді, өркендейді!

«Мирас»  мектебіндегі  қазақ  тілі  пәнінің  ұстазы  

Жәмилә Мәжитқызының Аманбек Алмасұлы Жаман-

беков шәкіртіне арнап жазған сол өлеңін беруді де жөн 

көрдік. Артық болмас. Аманбек  ұстаз аманатын ақтап 

келеді.


Қымбатты Аман!

 

Ең сүйікті оқушымсың сен, Аман,

Қайда жүрсең  әрқашан да бол аман.

Отырушы ең сабағымда зер салып,

Көңіл бөліп, алғы жақта бері таман.

Аман, сен байсалдысың жігітке сай,

Жүзің айдай, жайдары мінезге бай,

Оқыдың сен сабақты үздік болып,

Инабатты, ибалы балаға сай.

Осы мінез берік болсын, тайма жолдан,

(Өзіңдей жақсы бала болсын қайдан)

Азамат бол, сағынамыз өзіңді енді,

Жақсы шәкірт кетпейді үнемі ойдан.

Міне, енді қоштасатын сәт те келді,

Ұмытпа оқыған мектебіңді!

Қазақ ұлы, адал ері болып өс,

Көрейін көркейген көктеміңді!

Құрметпен, Жәмила МӘЖИТҚЫЗЫ

Жәмилә Мәжитқызы ақын емес те шығар. Десе де, 

осындай ұстаздардың арқасында шәкіртінің өз ортасын-

да  мерейі  мен  мәртебесі  биіктей  түсетіні  анық.  Ұстаз 

шәкірті бойынан оның ынта-ықыласын, жақсыға деген 

ұмтылысын, ең бастысы Ана тіліне деген адалдығын дер 

кезінде аңғарған. Сол үшін біз де Жәмилә Мәжитқызына 

үмітіңіз  ақталып  келеді  деп,  мақтаныш  сезімімізбен 

алғысымызды білдіргіміз келеді. 

Бекзада СЕЙІТОВА,         

Қ.И.Сәтбаев атындағы

 ҚазҰТУ колледжі                                                                   

математика пәнінің ұстазы

Алєыс алєан Аманбек



  Ана тілің – арың

  Студент жазған жыр

ИНСТИТУТТЫЅ ИГІ ЌАДАМЫ

8

Институтқа 



ғұлама 

ғалым, 


университеттің 

ең  алғашқы  түлектерінің 

бірі  Қазақ  КСР  ғылымына 

еңбегі  сіңген  қайраткер,  

ұлтымыздың 

рухани 


құндылығының  қайнары 

санатындағы әл-Фарабидің 

қазақ  перзенті  екенді-

гін  дәлелдеген,  ҚР  ҰҒА 

құрылтайшысы 

және 


оның  алғашқы  корреспон-

дент-  мүшесінің  бірі,    ге-

омеханика 

ғылымының,   

сонымен  қатар,  қазақ 

әдебиетіндегі  фантастика 

саласының негізін қалаған 

Ақжан 


Жақсыбекұлы 

Машановтың (әл-Машани) 

есімі берілген. 

Институт 2011 жылы құрылды. Институт құрамына 

ҚазҰТУ-да даярланатын барлық мамандықтардың сту-

денттері  мен  магистранттарына  қызмет  көрсететін  5 

кафедра кіреді:

– қоғамдық пәндер кафедрасы;

қазақ тілі кафедрасы;

– орыс тілі кафедрасы;

– шет тілдері кафедрасы;

– дене тәрбиесі кафедрасы.

Институттың негізгі мақсаты мен міндеттері:

-  студенттер  мен  магистранттарға  гуманитарлық 

ғылымдар бойынша жеке тұлғаның сұраныстарына сай 

сапалы білім беру;

-  гуманитарлық  ғылымдар,  олардың  өзара  және 

басқа ғылымдармен, әсіресе техникалық ғылымдармен 

байланысы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу; 

- студенттердің саяси, құқықтық мәдениетін дамы-

ту,  көшбасшылық қабілетін қалыптастыру;

-  студенттер  мен  қызметкерлердің  мемлекеттік 

тілді,  орыс  тілі  мен  шетел  тілдерін  терең  үйренуіне 

жағдай жасау;

Аталған  міндеттерді  жүзеге  асыруға  институтта 

қызмет  ететін  1  ҚР  ҰҒА  академигі,  9  халықаралық 

және салалық академиялардың академиктері, 13 ғылым 

докторы мен профессорлар,  65 ғылым кандидаты мен 

доценттер,  140  аға  оқытушы  мен  ассистенттер  үлес 

қосуда. 


Институт ұжымы бір жыл ішінде 5  халықаралық,  

Республикалық,  қалалық  ғылыми-тәжірибелік  кон-

ференция  мен  интернет-олимпиада  өткізді.  Сонымен 

бірге  50-ден  астам  тәрбиелік  іс-шаралар  –  кездесу-

лер,  дөңгелек  үстелдер,  әдеби-музыкалық    кештер, 

спорттық жарыстар ұйымдастырылды.    

Институт  жанынан  «Тәрбие  философиясы 

және  діни  экстремизмнің  алдын  алу  мәселелері» 

және  «Интернеткеңістік  және  қауіпсіздік»  ғылыми 

орталықтары құрылған.

Сабақтан  тыс  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдері-

нен бастапқы, жалғастырушы және кәсіби деңгейдегі 

үйрету курстары құрылған. 

Жазғы  1  айлық  ағылшын  тілі  курстарына  

Ұлыбритания, Нидерланды, Канада елдерінің жетекші 

ЖОО-ның түлектері  сабақ береді. 

«Ғибрат»,  «Бәйшешек»,  «Мұрагер»,  «Инсайт», 

«English  club»,  «Клуб  любителей  русского  языка» 

танымдық-тәрбиелік және «Дилемма» саяси клубтары 

жұмыс  жасайды.    КСРО  еңбегі  сіңген  спорт  шебері, 

даңқты волейболшы Жәнібек Сауранбаев басқаратын 

Дене тәрбиесі кафедрасында 4 халықаралық дәрежедегі 

спорт шебері, 72 спорт шеберлері және спорт шеберлігі-

не кандидаттар, жүздеген халықаралық, республикалық 

жарыстардың жеңімпаздары тәрбиеленуде. 

           

АЌЖАН МАШАНИ АТЫНДАЄЫ БАЗАЛЫЌ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

ЌАЗАЌ ТІЛІ КАФЕДРАСЫ

1990  жылы  қазан  айында  геологиялық  барлау 

факультетінің  құрамында    құрылған  қазақ  тілі  кафедра-

сы  бүгінде  20  жылдық  тарихы  бар  үлкен  ұжымға  айна-

лып  отыр.    Кезінде  қазақ  тілі  кафедрасының  ашылуына 

ат  салысып,  тұсаукесер  кездесуде  ақ  батасын  берген 

А.Машанидің  есімімен аталатын институттың құрамында 

еңбек  етіп  жатқан  кафедра  ұжымының  ерен  еңбектері 

баршылық.  Тіл  мамандары  осы  жылдар  аралығында 

өздерінің  білімі  мен  біліктілігі  және  іс-шараларды 

ұйымдастырушылық қабілеттерінің жоғары деңгейде бо-

луы арқасында университеттің белді де беделді ұжымына 

айналды.  Университеттің  жан-жақты  қарқынды  даму-

ына,  мемлекеттік  тілдің  қарыштап,  рухани  деңгейінің 

көтерілуіне айтарлықтай үлес қосты. 

2011-2012 оқу жылынан қазақ тілі кафедрасы А.Маша-

ни атындағы Базалық білім беру институтының құрамына 

енді. 

Кафедра  ұжымының  негізгі  мақсаты  –  мемлекеттік 



тілді болашақ инженер мамандарға кәсіби бағытта жетік 

меңгерту, іс қағаздарын қазақша жүргізуді мейлінше сау-

атты оқытып, үйрету.

Бүгінгі  күні  кафедраның  іргетасын  қалап,  өркендеп, 

өсуіне жалықпай еңбек етіп жүрген жалпы саны 40 шақты 

білікті  мамандар  мен  тәжірибелі    оқытушылар  қызмет 

етеді.    Олардың  ішінде  4  профессор,  6  доцент  және  аға 

оқытушылар  бар.  Кафедра  оқытушыларының  универси-

тет, институт, кафедра көлемінде өткізілетін іс-шараларға 

белсене  қатысып,  мемлекеттік  тілді  дамытуға  қосқан 

ерен еңбектері әрдайым бағаланып отырады. Оған дәлел, 

профессор  К.Б.Жақсылықованың  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» 

мемлекеттік  грантының  2007  жылғы  иегері  атануы. 

2011  жылы  Ұ.Р.  Шүленбаеваның  ҚазҰТУ  профессоры, 

Г.Рыскелдиева,  А.  Итемирова,  М.  Карамендиналардың 

университет  доценті  атағына  ие  болулары.  Профессор 

Шүленбаева  Ұ.Р.,  ф.ғ.к.,  Айтжанова  С.С.,  Өмірбеков 

А.Ә.,  Ахметбаева  Ұ.Ж.,  Монтаева  А.М.,  Рысқұлбекова 

К.С.,  Қадырқұлова  Р.Б.,  сияқты  аға  оқытушылардың 

университеттің «Айрықша еңбегі үшін» медалімен мара-

патталулары.

Ғылыми-зерттеу  және  оқу-әдістемелік  жұмыстар  ка-

федрада  дұрыс  жолға  қойылған.  Оқытушылардың  өзара 

сабаққа  қатысып,  ашық  сабақтар,  шеберлік  сабақтарын 

өткізуі  тұрақты  жүргізіліп  келеді.  Осы  жұмысқа  жа-

уапты  ішкі  бақылау  тобының  мүшелері  п.ғ.к.,  доцент 

Р.Ш.Әбдісүлейменова,  ф.ғ.к.,  Т.Садақбаев,  К.Аязбекова, 

Қ.Зарлықова,  Ж.Амановалар  өз  жұмыстарын  тиянақты 

атқарады.  Кафедраның  профессорлық-оқытушылық 

құрамы халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, 

ғылыми-практикалық  конференцияларға,  семинар-тре-

нингтерге қатысып баяндама жасап, сертификаттар алып 

тұрады.  Кафедра  оқытушылары  шығарған  монография, 

оқулық, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулар, оқу-

әдістемелік  кешендерді  университеттің  кітапханасы-

нан,  интернет  сайттарынан  табуға  болады.Білім  беру 

жүйесіндегі Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен 

өткізудегі елеулі, адал еңбегі үшін Р.Ш.Әбдісүлейменова, 

Ұ.Р.Шүленбаевалар  бірнеше  рет  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігі  Ұлттық  тестілеу  орталығының  алғыс  хатта-

рымен марапатталды.

Университетімізде  2012  жылы  қыркүйек  айында 

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне байланысты 

өткен  апталыққа  кафедра  ұжымы  үлкен  дайындықпен 

қатысты.  17  қыркүйекте  «Тілге  құрмет  –  елге  құрмет» 

прозалық  және  поэзиялық  шығармалар  байқауы, 

«Үш  тұғырлы  тіл»  бүгіні  мен  болашағы»  студенттер 

арасындағы  пікірталас,  18  қыркүйекте  «Абай  оқулары» 

Абай  шығармаларын  әлем  тілдерінде  оқу  және  «Мем-

лекеттік  тіл  –  менің  тілім»  атты  өзге  ұлт  студенттері 

қатысуымен  өткен  семинар-мәжіліске  кафедра  ұжымы 

түгелдей дерлік атсалысып, өз топтарындағы студенттерді 

даярлады. «Абай оқулары» кешіне шақырылған қонақтар 

ф.ғ.д., профессор, Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзах-

метов,  қалалық  әкімшіліктің  «Тіл»  орталығынан  келген 

Т.Жұмағұлова,  халықаралық  Абай  қорының  директоры 

Ж.Ашуұлы, шығыстанушы ғалым Б.Тілеухан әл Мәжени 

сияқты меймандардың алдында оқытушы Ш.Бектұрғанова  

Абайдың «Сегіз аяқ» әнін шырқаса, студенттер Ә.Қарбаев, 

Р.Қожагелді, Б.Әлімбеков, А.Қордабаев, Н.Жақсыбаевтар 

Абай  өлеңдерін  оқып,  Р.Қаныбаева,  Ә.Түркеева, 

Т.Сүйінғарин сынды өнерпаздар би билеп, ән салды. 

Бұл аталмыш  мәдени іс-шараларды атқаруға жауап-

ты оқытушылар  А.Монтаева, Қ.Ілесова, Ш.Бектұрғанова, 

М.Жақып,  Ұ.Ахметбаева,  А.Өмірбековтер  белсенді-

лік  көрсетіп,  Қазақстан  халықтарының  тілдер  мереке-

сі  аясында  өткізілген  барлық  шараларға  өз  үлестерін 

қосты.  Кафедра  оқытушылары  дайындаған  студенттер 

«Тіл  –  татулық  белгісі»  атты  апталықта  проза  және  по-

эзия бойынша белсенділік көрсеткен студенттер жүлделі 

орындарға ие болып, университет тарапынан марапаттал-

ды.  «Бір ел – бір кітап» акциясымен жыл кітабы Оралхан 

Бөкейдің  «Қайдасың  қасқа  құлыным?»  повесі  бойынша 

өткен әдеби-сазды кешіне қатысуға да атсалысты. 

Жоғарыда  көрсетілгендей  университет  көлеміндегі 

мәдени  іс-  шараларды  үнемі  ұйымдастырып,  өткізіп 

жүретін  белсенді  де,  білікті  маман  А.Ә.Өмірбеков 

Қазақстан  Жазушылар  Одағы  «Найзагер»  сатириктер 

қауымдастығының  мүшесі,  ҚазҰТУ  «Рас»  газетінің 

алқа  мүшесі,  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  ғылыми-

танымдық  орталықтың  жетекші  ғылыми  қызметкері. 

«Сәтбаевтану»  оқулығы  авторларының  бірі.  «Атамекен 

аманаты»  жыр  жинағының  авторы.  Қазақстан  Респу-

бликасы  Ақпарат  Министрлігінің  «Құрмет»  грамотасы-

мен  марапатталған.  Университеттегі  «Бәйшешек»  әдеби 

бірлестігінің жетекшісі. 

Институтымыздың  намысын  қорғап  жүрген  «Ұмай-

ана»  фольклорлық  тобының  мүшелері  де  осы  қазақ  тілі 

кафедрасының  оқытушылары.  Олар:  А.Монтаева,  Р.Ма-

макеева, В.Сағымбаева, Р.Қадырқұловалар.

Кәсіби  бағдар  беруде  оқытушылар  мектептермен 

тығыз байланыс орнатқан. Кафедра ұжымы университет 

қабырғасында  жүргізілетін  әртүрлі  іс-шараларға  бел-

сене  қатыса  отырып,  қолдау  көрсетеді.  Сонымен  қатар 

арнайы  ұйымдастырылатын  қызықты  кездесулер,  кеш-

тер,  мұражайларға  және  театрларға  баруды  дәстүрге 

айналдырған.

                                         

Гүлбаршын ТҰРСЫНОВА,

               кафедра меңгерушісі,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет