Жылдың қазан айынан шығады



жүктеу 0.52 Mb.

бет6/6
Дата15.03.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5   6

(Жалғасы бар)

Эльмира ОРАЛБАЕВА

  Жастар тақырыбына

Жастар тақырыбына

ЇЗІЛМЕГЕН ЇМІТ



КҐКҐНІСТІ КҐП ЖЕ, КЇШ АЛАСЫЅ! 

БАС РЕДАКТОР:  

  

Марат ӘБДІХАЛЫҚ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бақдәулет ҚҰМАР       -     

кафедра меңгерушісі, т.ғ.д.

Аспандияр ӨМІРБЕКОВ -  

Қазақ тілі кафедрасының

                                         аға оқытушысы

Тілшілер:                 

Бану ШАЛОВА, 

                                      Эльмира ОРАЛБАЕВА

Газет беттеуші:       

Дидар СӘРСЕНБЕКОВ

Қоғамдық негіздегі 

фототілшілер:        

Дамир ТАИРОВ, Елена ПАПЭ

Газет  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет    және  ақпарат 

министрлігінде 1359-Г куәлігімен тіркелген.

*Жарияланған мақаладағы автор пікірі  редакцияның көзқарасын 

білдірмейді.

*Редакцияға түскен қолжазба  қайтарылмайды, 3 компьютерлік  

беттен асатын  материалдар қабылданбайды. Суреттер JPEG

TIFF  форматтарында  ғана қабылданады.

* “РАС” газетіне  жарияланған  мақала көшіріліп басылса, сілтеме  

жасалуы міндетті.

Қ ұ р ы л т а й ш ы с ы :   Қ . И . С ә т б а е в   а т ы н д а ғ ы   Қ а з а қ   Ұ л т т ы қ   т е х н и к а л ы қ   у н и в е р с и т е т і

Газет :“ЭКОЖАН”  өндірістік кооперативінің баспаханасында басылды. Мекен-жайы: Қарағанды қ., Садоводов көшесі, 14. Тел.:+77212-44-23-60. Таралымы: 2000 дана Көлемі: 3 б.т. Тапсырыс:№    

МЕКЕН-ЖАЙЫ: 480013, Алматы қ., Қ.Сәтбаев көшесі, 22 үй

     Мұнай ғимараты, 904 бөлме. Тел./факс: 292-67-03. 

Тел.: 257-71-19. Ішкі тел.: 73-23, 71-19.

Электронды мекен-жайы: http://ras.ntu.kz;   e-mail: ras@ntu.kz

12

Дүние  жүзін  жаулап  аламын  деген  Шыңғысхан 



Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты 

Ган  Чун  Цзи  деген  емшісін  алдыртады.  Жарық  дүниені 

қимаған Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын 

қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: “Өмірде уақытша 

ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі 

жоқ”, – депті.

Демек,  тұжырымдамамыздың  мақсаты  —  бойына 

қабылдап  алған  дертін  адам  өзі  шығарады  дегендей-ақ, 

ұзақ  өмір  сүрудің  кілті  әр  адамның  өзінің  қолында  екенін 

айтпақпыз.

Сонау  ықылым  заманнан  бері,  адам  баласы  ұзақ  өмір 

сүрудің  жолын  қарастыруда.  Кезінде  осы  қағиданың  не-

гізі  болған  Аристотельдің  іліміне  сүйенсек:  “Жанды  дене 

қозғалмаса өледі” деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері 

адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің 

негізгі  ілімі  болып  табылады.  Мысалы,  қара  қарға  әр 

нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 

10  м.  қозғалатын  тасбақа  да  200  жыл  өмір  сүреді.  Сонда, 

Аллаһтың  әмірімен  табиғат  заңына  бақылау  жасасаң,  сол 

Жаратқан Иеміздің іліміне жүгінсек, бізге, яғни, адамзатқа 

қанша  өмір  сүрудің  жолын  қанша  іздесек  те  жетістіктің 

шыңы  көрінбейді.  Енді  саналы  түрде  табиғаттың  табиғи 

болмысын өз қолымызбен бұзып, бүгінгі таңда адамзат өзін-

өзі жоюға әрекеттенуде.

Яғни,  жасөспірімдердің  ішімдікке,  есірткі,  шы-

лым  шегуге  бейімделіп,  саналы  түрде  уақытынан  бұрын 

денсаулықтарын  өз  қолдарымен  жоюда.  “Денсаулық  –зор 

байлық, адам бақытының бастауы” – дейді халқымыз. Ата 

бабаларымыздың бұл дана ой-пікірі талай ғасырлар белесі-

нен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы 

ұлан  асыр  байлық  екені  рас,  тек  оған  ие  болу  үшін  көп 

күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет бе-

рілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді. 

Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс-әрекет жа-

сау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, 

онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын.

Салауатты 

өмір 


салтының 

жастар 


арасында 

қалыптасуының  маңызы  өте  зор.  Бұл  бағытта  жүргізілетін 

жұмыстар:  ауру  шақыратын  факторлардың  әсерін 

төмендетуге,  ішімдіктің,  темекінің,  есірткінің  зияндығына, 

қимыл-қозғалыстың  аздығына,  құнарлы  тамақтанбауға 

қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды. 

Салауатты  өмір  тіршілігі  –  денсаулықты  сақтаудың  және 

нығайтудың  негізгі,  ол  жан-жақты  дамыған  азаматтың 

қалыптасуына,  оның  рухани,  дене  дамуына  әсер  етеді. 

Денсаулыққа  кері,  жағдайсыз  әсер  ететін  көптеген  фак-

торлар  бар:  никотин  мен  алкогольге  құмарлық;  еңбектің, 

тұрмыстың  жайсыз  жағдайларының  созылмалы  әсері; 

дұрыс  тамақтанбау;  көңіл  күйдің  жылдам  ауытқуы,  еңбек 

пен  ретсіз  демалыстың  бұзылуы,  ауаның,  судың  бұзылуы; 

дәрі-дәрмекті  және  тұрмыс  химиялық  заттарын  орын-

сыз  пайдалану.  Осы  факторлардың  ішінде  бірінші  қатарда 

қимыл-қозғалыстың аздығы.

Салауатты  өмір  тіршілігінің  негізгі  бағыттарының  бірі 

– қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ 

қандай  керек  болса,  белгілі  деңгейдегі  қозғалыстың  да 

маңызы  сонша,  оны  өмір  сүрудің  ең  басты  шарттарының 

бірі  ретінде  есептейді.  Табиғаттың  өзі  адамның  қолында 

физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, 

ол – қимыл- қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның 

ынтасына, ықыласына, жігеріне, әркімнің өз басына, жауап-

кершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан атаға, 

бір адамның даму кезеңдеріне қимыл-қозғалыстың әсерінен 

қалыптасады.  Қимыл-қозғалыстың  аздығы  денсаулықты 

бұзатын себептердің бірі.

 

 



 

Әзірлеген Бану ШАЛОВА

САЛАУАТТЫ ҐМІР САЛТЫ

ТЎМАУ  КЕЛЕ  ЖАТЫР...

ДАЙЫНСЫЗ БА?

Алда күз айы келе жатыр. Ыстық кетіп, ауа-райы 

салқын тартады деген сөз. Бұл өзгеріске қаншалықты 

дайынсыз?  Ауа-райының  өзгерісі  қашанда    тұмау 

әкеледі.  Тұмаудың  алдын  алып,  ағзаңызды  ауа-

райының  өзгерісіне  дайындаудың  қарапайым  жолы 

таңертеңгі  бет  жуудан  басталады.  Бет  жуғанда 

суық  суды  аздап  мұрын  қуысына  жүгіртіп  алсаңыз 

жетіп  жатыр.  Бұл  тыныс  жолыңызды  тазарту  ғана 

емес,  дене  қызуыңызды  бәсеңдетіп,  мұрын  қуысын 

суықтан болатын тітіркенуге де дайындайды. Уақыт 

ұзара келе ауа-райы қалай құбылса да, күн қалай су-

ыса да мұрын қуысы суықтан оңай тітіркенбейтін бо-

лады. Ағзаның тұмауға қарсылығы артады. 

СƏБІЗГЕ  САЛЄЫРТ  

ЌАРАМАЅЫЗ

Сәбіз  –  күнделікті  көп  кездесетін  көкөніс 

өнімдерінің бірі. Сәбіздің адам ағзасына пайдасы ту-

ралы ғалымдар көп жазады. Көкөністің бұл түрінің 

құрамында судың мөлшері жоғары, энергия деңгейі 

төмен,  сондай-ақ,  А  дәрумені  мол.  А  дәрумені  

ағзаның  өсуіне,  терінің  жетілуіне,  көз  пердесінің 

азықтануына  пайдалы  болуымен  қатар,  тыныс 

жолының  жұқпалы  ауруларға  шалдығуының  алдын 

алады. 


Сәбіздің адам ағзасына пайдасы мұнымен шектел-

мейді. Онда қатерлі өспенің алдын алатын, ағзаның 

ауруға  қарсылық  қуатын  жоғарылатып,  кәріліктің 

алдын  алатын  қасиеті  бар.  Мұның  себебі,  сәбіздің 

құрамындағы  органикалық  кальций  қышқылынан 

тұратын қосылыс ағзаны кәрілікке апаратын «еркін 

гендерді» жояды. 

Дегенмен, сәбізді мөлшерден тыс тұтынуға бол-

майды. Ондай жағдай орын  алғанда, теріңіз сарғайып 

кетуі мүмкін. 

ЕР ЖІГІТТІ АЯЌ 

КИІМІНЕ ЌАРАП ТАНЫ 

 

Ерлер  әйелдерге  қарағанда,  аяқ  киіміне 



оншалықты  мән  бермейді  деуге  болады.  Бірақ,  бұл 

ерлердің бәрі аяқ киіміне 

жөнсал  қарайды  дегенді 

білдірмейді. Шындығына 

келгенде,  ерлердің  аяқ 

киіміне  қарап,  оның 

қандай адам екенін білу-

ге болады. 

1. Табан аудармай бір 

үлгідегі  аяқ  киім  киіп 

жүретін 

еркектердің 

көбі  өткенді  аңсаумен 

өмір сүреді екен. Ондай-

лар  өзіне  таныс  адамға, 

затқа, әлдебір өз басынан 

да өткен оқиғаларға мән 

бергіш  келеді.  Қашанда 

кешірімшіл, 

есте 


сақтағыш,  басқалардың 

көңіліне қарағыш келеді. 

Мұндай  адамдардың  до-

стары көп болады және досына адал, қолынан кел-

генше жақындарына көмек көрсетуге бейім болады. 

Әйелдермен жақсы отаса алады екен. 

2.  Аяқ  киімін  күтіп  ұстайтын,  майлап-баптауға 

құмар еркектердің дені ескішіл келеді екен. Мұндай 

адамдар өзгелермен ашылып сөйлесе бермейді, есеп-

қисапқа шорқақтау, қулық-сұмдығы жоқ, қолға алған 

ісін тындыруға барын салады, соған орай табысқа да 

жетіп  отырады  екен.  Әйелдермен  бірден  тіл  табы-

сып кетпегенімен, көңілінің есігі бір ашылса, жүрек 

қылын шертер нәзік сезімімен тербететін қасиеті бо-

лады. 

3.  Аяқ  киіміне  көп  мән  бермейтін  еркектердің 



дені көңіл-күйі тұрақсыз болып келеді екен. Аяғына 

не болса соны іліп алып жүре беретін, үстіндегі ки-

імімен  жарасқан-жараспағанына  ден  қоймайтын 

еркектердің  көбі  арманына  дәрмені  жетпейді,  бос 

қиялға салынғыш, қашанда өзін-өзі жұбатып күн ке-

шетін, жұмысынан көбінде нәтиже шықпай жатады. 

Мұндай еркектер әйелдерге жанасқыш болғанымен, 

сезімі тұрақсыз, махаббатқа жүрдім-бардым қарайды 

екен деседі. 

4.  Қара  түсті  аяқ  киімді  ұнататын  еркектердің 

дені  өзімшіл  болады  екен.  Олар  өз  ұстанымын  бі-

рінші  орынға  қояды,  батыл,  жұмысын  тындыр-

май  қоймайтын  бір  мойын  болып  келеді.  Одан  тыс 

шешесінің пікіріне көп жүгінеді екен. Мұндай еркек-

тер әйелдерді сыйлағанымен, қашанда өз болмысы-

мен өмір сүруге бейім болады.     



  

Басқа басылымдардан

Бір әйелдің әңгімесі:

–Мен әйелдерден неге ұлы физик шықпағанын біл-

дім және болашақта да шыға қоймайтынына көзім 

жетті. Кеше қолыма “Квант ықтималдылылығын” 

алып,  оқуға  кірісе  қойып  едім, 

пісіріп жатқан тамағым қап-

қара боп күйді де қалды!

 

 

 

 

                        ***

Не істеп жатырсың?

–Спорт хабарын көріп жа-

тырмын, 

зілтеміршілердің 

бәсекесін.

–Ерлер  арасында  ма,  әлде 

әйелдер ме?

–Соны әлі айыра алмай отырмын.

 

 

                 ***

Мекеме басшысы өзіне хатшы-референт болудан 

үміткер  бойжеткеннің  сауатын  тексеру  үшін  ком-

пьютерде мәтін тергізіп жатып:

–Жарайсың, бар-жоғы екі-ақ қате жібердің! – деп 

мақтапты. –Қане, енді екінші сөзді тере ғой.

 

 

 

***

Р а д и о д а ғ ы 

құттықтау:

“Мен  сүйген  қызым 

Махаббатты 

бүгінгі 

туған  күнімен  шын 

жүректен  құттықтай 

отырып, 

оның 

құрметіне “Қош, махаб-

бат!”  әнін  берулеріңізді 

сұраймын,,,”.

 

 

 

***

Қырық жылдан бері қарбыз сататын тәжірибелі 

саудагер  мектепте  оқитын  баласының  ертеңгі 

емтиханға  қаншалықты  дайын  немесе  дайын  еме-

стігін басынан бір шерткеннен-ақ біле қояды...


1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал