Жылқы шаруашылығы. Олардың жұмыс көрсеткіштері



бет2/7
Дата25.11.2023
өлшемі213 Kb.
#128054
1   2   3   4   5   6   7
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Қазіргі уақытта малды көптеп өсіріп, оден мол өнім алу негізінен өнеркәсіптік кешендерде шешіліп отырғандықтан, алдымен сол кешендерде кандай мал дәрігерлік – санитарлық жұмыстарды механикаландыру мен айналысатын мамандар алардың түрлері мен жүргізу тәсілдерін жете білулері керек. Мал дәрігерлік – санитарлық шаралардың бір – біріне ұқсас болып келгенмен малдың түріне, жасына қарай қолданылатын қондырғылардың, құрал – саймандардың да конструкциялары өзгеше болып келеді.


Жылқының өнімділігін, асыл тұқымды қасиетін және денсаулығын сақтау үшін ең басты зоогигиеналық шаралардың бірі азықтандыру ережесін қатал орындап, малды күтіп-бағу жүйесін сақтау керек. Азық рационында барлық жұғымды заттардың, оның ішінде протеиннің қажетті мӛлшері, минералдық заттар (кальций,фосфор,натрий,хлор және т.б.) және витаминдердің (каротин,витамин Д, В, С) тағы басқа да құнды заттардың болғаны дұрыс. Жылқының ас қорыту және қарынның анатомиалық құрылыс ерекшелігін ескеретін болсақ, онда жылқы азықты басқа малдарға қарағанда аз мӛлшерде қабылдайды. Жылқыны азықтандыру үшін құрама жемді кӛбірек беру керек, ал енді шӛптің ӛте жақсы жарамдысы - тоғайдағы шӛп, жоңышқа, беде (тимофеевка), ат қонақ (костер), арпабас (житняк), бидайық және т.б.
Майдаланған азықтың тәуірі – сұлының сабаны және оның майдасы, дәнді азықтардың сабанын кесіп беру керек және піскен картопты беруге болады. Ал шырынды азықтың ішінде өте құндысы сәбіз, қант қызылшасы. Жылқыны азықтандырудағы құрама жемнің ішіндегі ең жағымдысы - арпа, сұлы, жүгері, бидай ұны, күнжара, қонақ және азық бұршағы.Американдықтар аттарды азықтандыруда мынандай қоспа жасайды: 12 бөлік жүгері, 4 бөлік сұлы, 1 бөлік күнжара.Әрине жаздыкүні ең жақсысы жайылымдағы көк шөп.
Е.Демеуғалиевтің (2000) пайымдауынша, малды, әсіресе биелерді азықтандырғанда оның қоңдылығының тӛмендігіне аса көңіл аудару керек, себебі, ол нашар азықтандырғаннан немесе ішек – қарынның қабынуынан,тісінің жоқтығынан, зат алмасудың бұзылуынан, құрт ауруынан болуы мүмкін. Мұндай биелерді жекелеп азықтандыру керек. Ал енді биенің қоңдылығын және денсаулығын сақтау үшін оларға әр уақытта минералды (макро – микроэлементтерді) заттарды және витаминдерді беріп тұру ӛте маңызды рөл атқарады. Жаздыкүні әр атқа 30-50 г,ал қыстыкүні 20-30 г тұз беріп тұру керек, егер биелерге сапасы төмен шөп,соның ішінде қышқыл дән кӛбірек болса немесе шөп жаңбырдың астында қалып қойса және жаздыкүні құрғақшылықта жиналса, ондай шӛптің құрамында әдетте кальций мен фосфор жетіспейді. Сондықтан осындай жағдайды болдырмау үшін алдын ала азықты лабораторияда зеттеу жүргізіп, керек кезде жылқыға бор немесе сүйек ұнын, әртүрлі сүзінді, үшкальцийфосфат және басқа да қосымшаны құрама жемге араластырып беру керек. Жылқыны витаминдермен қамтамасыз ету үшін ең бірінші оларды сапалы шӛппен азықтандырып және шөп ұнтағын, сәбіз, асқабақ берген жӛн. Ал жаздыкүні әрдайым жайылымда бағып немесе орылған шӛппен азықтандырған жөн.
Жылқыны азықтандыру кезінде бір азықтан екінші азыққа көшу жүйесі біртіндеп өтуі тиіс. Ал егер бір азықтан екінші азыққа бірден өтетін болса онда мал азыққа тез үйрене алмайды,осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші өтеді, ішек қатады, іштің бұрап ауруы және метеоризм пайда болады. Алматы облысы Қарасай ауданындағы КИЗ тәжірибе шаруашылығы сауынды биелерге оның сүтін және сүттің сапасын 7 арттыру үшін көк шөп пен жүгері, жоңылған және құрама жемге сұлы беруді ұсынған. Сол кезде бір биеден алынатын сүт орташа есеппен алғанда 1,5 литрден артады екен. Ал енді жылқыны борсыған, көгерген, шіріген және қыста қатып қалған, сонымен қатар жем-шөпке әртүрлі улы шӛптер және оның дәні бар қоспалармен азықтандыруға болмайды. Мұндай жем-шөп малға өте қауіпті ауру туғызады, көбіне малдың ӛліміне себеп болады. Жылқыларды тәулігіне үш рет суарып тұру керек, ал жаздың ыстық кезінде 4-6 рет. Әр жылқыға судың қажетті мөлшері ауа райының жағдайына, малдың жасына байланысты болады (тәулігіне 20-60 литр су керек етеді). Қорада ұстағанда жылқыларды автосуарғыш арқылы суарған тиімді. Жылқыны азықтандырғанға дейін суарады. Оларды дәнді дақылдармен (сұлы, арпа, бұршақ тұқымдастары,бидай) азықтандырудың алдында суаруды естен шығармау керек, себебі дәнді дақылдар асқазанда оның сөлінің нашар бөлінуінің арқасында дұрыс қорытылмайды. Ал егер жылқыны дәнді дақылдармен азықтандырғаннан кейін суаратын болсақ, онда асқазанда дәнді дақылдар ісінеді, содан соң ашиды, осыдан барып қарын кебеді де ауыржағдай туғызады. Мұндай жағдайда жылқыны 40-50 минут азықтандырғанға дейін немесе азықтандырғаннан кейін 2 сағат өткен соң суару керек.
Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлердеЕуразияныңдалалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде жойылған. Ерте кездерде тарпан мен түзат қазақ даласында көптеп кездескен. Тарпан XIX ғасырдың бас кезінде жойылған.
Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады. Жылқысын; бұдан 5—6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолға үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Жылқының Қазақстанда қолға үйретілгендігін дүние жүзі ғалымдары мойындап отыр.
Глазуновка елді мекенінде жылқы шаруашылығы базасын жүзеге асыру үшін алдымен кем дегенде 80 бас жылқы қажет:
Жылқыны бағып, одан қымыз алу мақсатында сауынды 29 бие, 1 айғыр алу керек;
Жылқы жарыстарын ұйымдастыру мақсатында асыл тұқымды Қостанай жылқысы 30 бас, ал көлік және тасымал мақсатында және салт атты 20бас қажет.
Жылқы қоралары.Жылқыны дұрыс күтіп- бағу үшін ат қорасы зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек. Онда су құйылатын кеспек, қи шығаратын қол арба немесе зембіл, сыпырғы, жылқы суаратын шелек, ноқта, жүген, щетка, ат тарақ, жал тарақ, шұға, сүлгі, жұмсақ ысқыш, тұяқ қырғыш болуы керек. Ат қораның қабырғасы мен төбесін шаңнан тазартып, жылына екі рет әктейді. Зиянды газдар жиналмай ауасы таза болуы үшін қора ауасы таза болуы үшін қора ауасы ауық- ауық желдетіліп, ауыстырылады. Қора температурасы жұмыс аттары мен тұқымды айғырларға- 7-8 0 С, құлынын емізетін биелер мен құлындарға- 10-120 С шамасында сақталуы керек. Жазда ат қораның іші қоңыр салқын, ал қыста жылы болуы керек. Қора қаьырғасы жылуды жақсы сақтайтын кірпіш, ағаш, сабанкесектен не лай тамнан тұрғызылады. Бір қорада 5-6 жылқыны ұстау керек. Көп жылқыны ұстау үшін ат баздарын салу керек.
Соңғы кезде елімізде туризм енжар дамыған сала ретінде қарастырылғанымен, оны дамытуға көптеген бағдарламалар қабылдануда. Туризм өз ішінен көптеген түрлерге бөлінеді. Соның ішінде спорттық туризмді атап кетпесек болмайды. Себебі, ат туризмі осы спорттық туризмнің құрамына кіреді. Ат туризмін дамыту, ат спорты ойындарын дамыту арқылы көп табыс табуға болады.
Ат туризмідегеніміз- атпен немесе, ат жегілген атарбамен саяхаттау. Атқа мініп саяхаттаған кезде барлық мүшелер қозғалысқа түсіп, денсаулыққа жақсы әсер етеді. Ертеде қазақтадың өмір жасының ұзақ болуы, олар күндіз- түні ат үстінде жүргендіктен. Атпен саяхаттау тек қана атқа мініп қана қоймай, жаяу жүруге де мүмкіндік береді.Ат туризмінің ерекшелігі сол,серуендеу кезінде барлық құралдар (жеке және топтық) және жүктер аттыңер-тоқымынабекітілген аспалы дорбаларда немесеарбаларда,шанадане болмаса жегілген аттармен тасылады. СССP-дағы ең бірінші атпен жүрумаршрутын («Катунь» туристік базасы –Қаракөлкөлі (Алтай)) 1970 жылыАлтайөлкелік СТЭ-сі ұйымдастырды.1975 жылдан бастап ат маршруттарыБашкирияда(«Арский Камень» туристік базасы),Качерево-Черкеште («Теберда» туристік комплексі),Оңтүстік Оралда(«Курган» туристік қонақ үйі),Чувашиядағы («Сурские зари» туристік базасы),Шығыс Қазақстанда(Өскемендегі «Турист» қонақ үйі,Кемеров облысында «Юность» туристік базасы),Грузияда(«Ваке» туристік қонақ үйі және «Кутанский» кемпингі),Краснодар өлкесінде ( Шуменскідегі « Турист» туристік қонақ үйі) және т.б. ұйымдастырылады. Жыл сайын туристік саяхаттауға 40 мыңнана астам адам қатысады.
Ат маршруттары бар туристік база жасақтау. Ат маршруттары бар туристік базаларда туристерді атты ұстауды және атқа мінуді үйретеді. Көп күндік саяхаттарға дайындық дала жағдайында өткізіледі,дайындық бадарламасына жаттығу серуендері міндетті түрде кіреді.Маршруттың негізгі бөліміне туристер сынақты сәтті тапсырған соң ғана қатысады.Атқа мініп серуендеу маршруттары кез келген жолдарда жүргізіледі,орман іші жолдары,тау жолдары,сонымен бірге жолсыз аумақтарда да жүргізіледі,жазық далада,көкшалғында,ор-жыралардың ой аумақтарын- да,өзен,көл жағалауларында. Ат маршруттарының негізгі бөлімі туристердің өзіне-өзі қызмет етуіне және ашық далада тұруға есептелінген (жазда-шатырларды түнейді,ал қыста-баспаналарда түнейді,асты отта дайындайды,өздері аттардың күтімімен айналысады.
Атшы-туристің киімі.Ат маршруттары бойынша, саяхаттау үшін жаяу туризмге де қажетті заттар алынады. Әдетте ол ыңғайлы етік, ал атшы үшін бұл арнайы етік болады. Шалбар қозғаласықа ыңғайлы, яғни джинсы емес, спорттық костюм мен атшыларға арналған киімде болуы мүмкін. Ат туризмі - бұл белсенді демалу түрінің бірі болып табылады, ол аттың үстінде белгілі бір уақыт бойы саяхаттауды қамтиды. Кейбір ат базалары мен жеке атқорасы бар адамдар атшыларға ат жорықтарынан басқа, белгілі бір аң аулауға да қатысуға шақырады. Аттылы маршрутты туристік базада мынадай жылқылар ұстау қажет: Орловтың желгіш жылқысы, орыс желгіші, ақалтеке жылқысы, таза қанды салт мінетін жылқы, көшім тұқымдас топтағы жылқылар, қазақы жылқы, қостанай жылқысы, арбаға жегуге торий жылқысы, қазақы жылқылар қолданылады. Ат туризмі маршруттары бір адам үшін- 5000- 30000 теңге көлемінде пайда әкеледі.
Ат спорты ойындары. Стипль- чезы- кедергісі бар жерді айналып шабу.
Көп сатылы ат жарысы- 3 күнге созылатын жоғарғы қиындық дәрежесіндегі ат спорты түрі. Ат бәйгесі- нағыз жүйрек атпен шабандоздардың жарысы.
Көкпар- серке тушасымен ойналатын топтық ойын.
Аударыспақ- ер адамдардың ат үстіндегі жекпе- жек тартысы
Демалыс орталығы жылқы шаурашылығы базасына кіреді. Бұл ортылықты ашу шаруа қожалығының өз еркінде. Дегенмен, орталықтың табысы шығынды бір жылдың ішінде қайтаруы тиіс. Себебі қымызбен емделу бұл бірнеше адам денсаулығын жақсарту жолы. Орталықтың негізгі құрылысы 2 қабатты болған дұрыс. Арнай 2,3,4 адамға арналған жатын бөлмелер, тынығу залдары, тренажер залдары мен фитнес орталық, қысқы бақ, асхана және ойын залдары қарастырылған жөн. Демалыс орталығының сырт бөлігінде жаз маусымында демалу үшін киіз үйлер және атпен серунедеулер ұсынылады. Орталықтың бір ретте демалу бағасы- күнге 40 мың теңге.
Косметологиялық орталық. Қымыздың ағза жасушаларын жаңартып отыратын қасиеті де дәлелденген.Ал бұл дегеніңіз қартаймаудың басты қағидасы. Сенсеңіз, ілгеріде жылқы еті жуылған суға қыз-келіншек басын жуған екен. Бұл шаштың берік болуына, оның түсіп, қурап кетпеуіне сеп болатын бірден бір «табиғи бальзам» болған. Бай-болыстар тоқал алып, төсек жаңғыртудың алдында осы сумен бастан-аяқ жуынған деседі. Таз бастықтан, тері ауруларынан, ең бастысы белсіздіктен қорғайды.
Сонымен қатар бие сүті адамның терісін жасарту қасиетіне де ие.т Бұған қазақ бай- сұлтандары бәйбішелерінің саумалға түскенің мысалға келтіруге болады. Бие сүті теріні жұмсартып, ерекше балғындық береді екен. Қымыз бүгінде косметика саласында қолданылып жүрген опа- далаптардан пайдалы болмаса, кем түспесі анық. Биес сүтінде амин қышқылдарының 26 түрі және 17 гидролизденген белоктық амин қышқылы бар.
Биованна - бие сүтіне шомылуға арналған табиғи ванна. Құрылысына тоқталатын болсам биованнаға шомылмас бұрын арнайы душ қабылдап, содан соң барып биованнаға 20- 25 минут жатып тынығады. Биованнаның негізгі құрамы саумалдықтан тұрады. Қажет болған жағдайда айран және қаймақ қосып отыруға болады. Сонымен қатар бал қосуға, жалбыз, қырмыздық өсімдіктерін салуға, керек жағдайда щетка, сүлгі пайдалану қажет. Биованнаның адам ағзасына әсері мынадай: адам терісін жасартады, қартаюды тежейді, теріге нәзіктік береді. Биованнада бір сеанс қабылдау құны- 3000 тг. Айына – 200 мың теңге табыс табуға болады
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталықіз бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет