Жылқы шаруашылығы. Олардың жұмыс көрсеткіштері


Жылқыны ауыл шаруашылығы жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану



бет5/7
Дата25.11.2023
өлшемі213 Kb.
#128054
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жылқы шаруашылығы

1.2 Жылқыны ауыл шаруашылығы жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану

Қазақстанның жылқы өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымы өсіріледі.


Қазақы жылқы


Қазақстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жатқан қолтұқымның бірі - қазақы жылқы. Оның негізгі тобын - «жабы» деп атайды. Бұл қолтұқым көлік малы ретінде және еті, сүті үшін де өсіріледі. Дене бітімі шымыр, қатаң ауа райына төзімді. Жыл бойы жайылымда, жемшөп талғамайды, тез қоңданады, салт мінуге ыңғайлы. Ең байырғы тұқымы нашар қазақы жылқы - жабы. Оның шоқтығына дейінгі биіктігі - шамамен 145 см, тұрқы - 150 см, салмағы - 460-470 кг. Жайылымда семіртілсе, одан 230-250 кг таза ет алынады. Жабы жылқылары Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола аймақтарында өсіріледі.

Буденов жылқысы.

Адай жылқысы


Қазақстанның батыс аймақтарында ертеден өсіріп келе жатқан қолтұқымы – адай жылқысы. Жергілікті халық «дала көркі» деп ерекше дәріптейді. Оны салт мініс көлігі ретінде пайдаланады.

Көшім жылқысы


Көшім жылқысы да халықтық сұрыптау нәтижесінде Батыс Қазақстан аймағында шығарылған. Жергілікті биелерді басқа асыл тұқымды айғырлармен жұптастыру арқылы алынған қолтұқым.

Қостанай жылқысы


Қостанай және Ресейдің Челябі аймақтарында өсіріледі. 1951 жылы өз алдына жеке қолтұқым ретінде бекітілген. Жергілікті қазақы жылқылардың биелерін асыл тұқымды қалмақ, дән, орлов жылқыларының айғырларымен жұптастыру арқылы шығарылды. Бұл қолтұқым тебінге төзімсіз.
Қазақстанның батыс өңірінде соңғы жылдары жылқының - мувалжар қолтұқымы шығарылды. Ол негізінен етті және сүтті бағытта өсіріледі. Биелері жылына 3000 литрдей сүт береді.
Қазақстанда жоғарыда аталған қолтұқымдардан басқа жон, желғор, қарабайыр, буденный, түрікменнің ахалтекесі жылқылары өсіріледі. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді.
Соңғы кезде елімізде туризм енжар дамыған сала ретінде қарастырылғанымен, оны дамытуға көптеген бағдарламалар қабылдануда. Туризм өз ішінен көптеген түрлерге бөлінеді. Соның ішінде спорттық туризмді атап кетпесек болмайды. Себебі, ат туризмі осы спорттық туризмнің құрамына кіреді. Ат туризмін дамыту, ат спорты ойындарын дамыту арқылы көп табыс табуға болады.
Ат туризмі дегеніміз- атпен немесе, ат жегілген атарбамен саяхаттау. Атқа мініп саяхаттаған кезде барлық мүшелер қозғалысқа түсіп, денсаулыққа жақсы әсер етеді. Ертеде қазақтадың өмір жасының ұзақ болуы, олар күндіз- түні ат үстінде жүргендіктен. Атпен саяхаттау тек қана атқа мініп қана қоймай, жаяу жүруге де мүмкіндік береді.Ат туризмінің ерекшелігі сол,серуендеу кезінде барлық құралдар (жеке және топтық) және жүктер аттың ер-тоқымына бекітілген аспалы дорбаларда немесе арбаларда,шанада не болмаса жегілген аттармен тасылады. СССP-дағы ең бірінші атпен жүру маршрутын («Катунь» туристік базасы – Қаракөл көлі (Алтай)) 1970 жылы Алтай өлкелік СТЭ-сі ұйымдастырды.1975 жылдан бастап ат маршруттары Башкирияда («Арский Камень» туристік базасы),Качерево-Черкеште («Теберда» туристік комплексі),Оңтүстік Оралда («Курган» туристік қонақ үйі),Чувашиядағы («Сурские зари» туристік базасы),Шығыс Қазақстанда (Өскемендегі «Турист» қонақ үйі,Кемеров облысында «Юность» туристік базасы),Грузияда («Ваке» туристік қонақ үйі және «Кутанский» кемпингі),Краснодар өлкесінде ( Шуменскідегі « Турист» туристік қонақ үйі) және т.б. ұйымдастырылады. Жыл сайын туристік саяхаттауға 40 мыңнана астам адам қатысады[5].
Ат маршруттары бар туристік база жасақтау. Ат маршруттары бар туристік базаларда туристерді атты ұстауды және атқа мінуді үйретеді. Көп күндік саяхаттарға дайындық дала жағдайында өткізіледі,дайындық бадарламасына жаттығу серуендері міндетті түрде кіреді.Маршруттың негізгі бөліміне туристер сынақты сәтті тапсырған соң ғана қатысады.Атқа мініп серуендеу маршруттары кез келген жолдарда жүргізіледі,орман іші жолдары,тау жолдары,сонымен бірге жолсыз аумақтарда да жүргізіледі,жазық далада,көкшалғында,ор-жыралардың ой аумақтарын- да,өзен,көл жағалауларында. Ат маршруттарының негізгі бөлімі туристердің өзіне-өзі қызмет етуіне және ашық далада тұруға есептелінген (жазда-шатырларды түнейді,ал қыста-баспаналарда түнейді,асты отта дайындайды,өздері аттардың күтімімен айналысады.
Атшы-туристің киімі.Ат маршруттары бойынша, саяхаттау үшін жаяу туризмге де қажетті заттар алынады. Әдетте ол ыңғайлы етік, ал атшы үшін бұл арнайы етік болады. Шалбар қозғаласықа ыңғайлы, яғни джинсы емес, спорттық костюм мен атшыларға арналған киімде болуы мүмкін.Ат туризмі - бұл белсенді демалу түрінің бірі болып табылады, ол аттың үстінде белгілі бір уақыт бойы саяхаттауды қамтиды. Кейбір ат базалары мен жеке атқорасы бар адамдар атшыларға ат жорықтарынан басқа, белгілі бір аң аулауға да қатысуға шақырады. Аттылы маршрутты туристік базада мынадай жылқылар ұстау қажет: Орловтың желгіш жылқысы, орыс желгіші, ақалтеке жылқысы, таза қанды салт мінетін жылқы, көшім тұқымдас топтағы жылқылар, қазақы жылқы, қостанай жылқысы, арбаға жегуге торий жылқысы, қазақы жылқылар қолданылады. Ат туризмі маршруттары бір адам үшін- 5000- 30000 теңге көлемінде пайда әкеледі.
Ат спорты ойындары. Стипль- чезы- кедергісі бар жерді айналып шабу.
Көп сатылы ат жарысы- 3 күнге созылатын жоғарғы қиындық дәрежесіндегі ат спорты түрі. Ат бәйгесі- нағыз жүйрек атпен шабандоздардың жарысы.
Көкпар- серке тушасымен ойналатын топтық ойын.
Аударыспақ- ер адамдардың ат үстіндегі жекпе- жек тартысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет