Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


-1931 жж. Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің себептері мен барысы



бет111/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

1929-1931 жж. Қазақстандағы шаруалар көтерілістерінің себептері мен барысы

Отандық тарихнамада 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері 1930 жылдардан 1980—жылдар аралығында тыйым салынған тақырып болды.

олар «бандиттік», «антикеңестік», «контрреволюциялық» қозғалыстар ретінде қарастырылды. Тек 90 жылдардың басында ғана Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихын обьективті зерттеу мүмкіндігі туды.

ең алдымен ұжымдастырудың қарқынына саяси—идеологиялық реттеулердің ықпал ету механизмі дәл көрсетілген, бұның нәтижесінде 1931 жылдың күзінде Қазақстанда барлық шаруашылықтың 65% ұжымдастырылды. Сонымен бірге күш көрсету жағдайында төтенше режимде жүрген ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау науқанының тәжірибесі мен идеологиясы жүрді.

ауылдар мен деревняларда жүргізілген саясатқа ашық қарсылық, күштеп қысым көрсету мен қатаң үкім болған. 1929 жылдың күзінен 1932 жылға дейін Қазақстанда «шамамен 380 көтерілістер, шаруалар толқыны» болып өткен. Комиссиямен алынған алдын ала мәліметтер «30 жылдардағы көтерілістер 80 мыңдай тұрғындарды қамтығанын», «ірі көтерілістерге қатысқаны үшін ғана ОГПУ үштігінің шешімімен ОГПУ 5551 адамның сотталғанын, оның 883 атылғанын» көрсетті . Жалпы алғанда 1929–1931 жылдардағы шаруалардың қарулы көтерілістері Қазақстанның тарих ғылымында көрнекті орын алады.

Көтерілістер бастапқыда 1929 жылдың қыркүйегінде Қарақалпақстанның (сол кезде Қазақстан құрамында) Тақтакөпір ауданында, сондай-ақ Сырдария округінің Бостандық ауданында, қараша айында Қостанай округінің Батпаққара ауданында басталды. Республикалық партия ұйымының бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин бұл наразылықтарға «ауылдағы байлардың қарсылығы» деп қарады. 1930 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында ондаған шаруалар көтерілістері мен толқулар кең қанат жайып, жаппай сипат алды.

Қарулы бас көтерулер Созақта, Ырғызда, Қаракұмда, Балқашта, Өскемен мен Зырян аудандарында, Маңғыстауда болды. Солардың ішінде Созақ көтерілісінің өзіндік ерекшелігі зор. Басқа көтерілістердің негізгі қозғаушы күші — орта шаруалар болса, бұл көтерілісте кедейлер мен батырақтар да айрықша белсенділік танытты.

Көтерілістің басталуына 1930 жылы 19 ақпанда Қазақстанның жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруға байланысты шаралар әсер етті. Байлар мен кулактарды малдан айыру, абақтыға жабу, оларды дереу жер аудару басталды. Ет, жүн және мақта даярлау науқанындағы асыра сілтеушіліктер, шолақ белсенділердің әрекеті де жағдайды одан әрі шиеленістіріп жіберді. Көтеріліске шыққандар аудан орталығын басып алып, Сұтанбек Шолақұлын өздеріне хан сайлаған. Олар аң аулайтын мылтық, қанжар мен қылыш, балта тәрізді қарулармен қаруланды. Шолақ белсенділерді соққыға жығып, кеңес органдарының іс қағаздарын өртеді.

1930 жылғы 25 ақпандағы Сарбаздар көтерілісі (ресми құжаттарда «Ырғыз көтерілісі» деген атпен белгілі) Ақтөбе округінің Ырғыз, Қарабұтақ аудандарына дейін тарады. Сарбаздар көтерілісінде ислам дінінің идеялары бой көрсетіп, жаппай бұқаралық сипат алды. Оған әр түрлі әлеуметтік топтар қатысты. Өздерінің күштеп ұжымдастыруға қарсы екенін білдіріп, «Кеңес өкіметі жойылсын!», «Жерлер иелеріне қайтарылсын!», «Коммунистер жойылсын!», «Хандық жасасын!», «Мешіттерді жабу тоқтатылсын!» деген ұрандар тастады.

Көтерілістің ауқымынан сескенген Қазақ өлкелік партия комитетінің басшылары Сталинге жеделхат жолдап, көтерілісшілерді жазалауға тұрақты армия бөлімдерін тартуға рұқсат сұрайды. Шаруалар көтерілісін басуға РКФСР-дің Еділ бойы әскери округінің, Түркістан әскери округінің жауынгер бөлімшелері тартылды.

1930 жылдың желтоқсанында Орталық Комитеттің Пленумы 1931 жылға арналған ұжымдастырудың жаңа бағыттарын белгіледі. Қазақстанда бүкіл шаруа қожалықтарының кемінде 50%-ын ұжымдастыру міндеті қойылды. Осыған сәйкес жер-жерлерде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қайтадан басталды. Бұл өз кезегінде шаруа көтерілістерінің жаңа кезеңін бастап берді. 1931 жылы ақпан— маусым айлары аралығында Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау, Шет, Қарсақпай, Қоңырат, Қордай және басқа аудандарда шаруалар билікке тегеурінді қарсылық көрсетті.

Ал Адай округіндегі қазақ шаруаларының қарулы қарсылығы 1929—1932 жылдар аралығында біресе тоқтап, біресе қайта жанданып отырды. 1929 жылы Кеңестерге қарсы бұқаралық 54 рет бас көтерулер, 1930 жылы — 241, ал 1931 жылы — 77 рет бас көтерулер болған.

Сонымен, 1929—1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері 20—30 жылдардағы Қазақстан тарихындағы елеулі кезең. Бұл оқиғалардың бастау көзі — мемлекеттің қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық табиғи жолмен дамуын бұзуға бағытталған саясатынан туындайды. Мазмұны жағынан әр түрлі болғанымен, тұтастай алғанда, халыққа қарсы кеңестік биліктің саясатына бағытталды. Сондай-ақ бұл — қазақтардың сталиндік жүйенің заңсыздықтарына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы болатын.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет