Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы



бет16/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ хандығының – ұлттық мемлекеттіліктің бастауы ретінде бағалануы

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау туралы айтылуы ғылыми ізденіске үлкен серпін берді. Қалың жұртшылық бұл тарихи оқиғаны қызығушылықпен талқылауда. Н.Ә.Назарбаев тарих туралы “тарих толқынында ” деген кітапты жазды. Кітапта автор өткеннің кейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады.

Біздің пайымдауымызша, соңғы мәлімдемесімен Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте қазақтың тарихына қатысты ұзаққа созылған пікірталасқа ресми түрде нүкте қойған тәрізді. Әдетте, қазақтың мемлекеттілік дәстүрі тым тереңге кететіндігін тарихшылар жақсы біледі. Алайда, ХV ғасырдың екінші жартысында тарих сахнасына шыққан Қазақ хандығының құрылған нақты жылдарына қатысты зерттеушілер бір пікірге келе алмай, үнемі дауласатын. Ғылыми ортадағы бұл пікірталастар бұқараның тарихи санасына да өз ықпалын, дәлірек айтқанда, кері әсерін тигізбей қалған жоқ. Айналадағы халықтар өздерінің мемлекеттілік тарихын мыңдаған жылдарға апарып тіреп жатқан тұста және тарихты ғылым үшін емес тек қана саясат үшін сөз ететіндердің қарасы көбейген қазіргі кезде Қазақ хандығының құрылған кезін нақты анықтай алмау халықтың көңіліне кірбің ұялататын жайт еді. Енді, міне, бұл пікірталастарға тоқтау салынды. Және де Елбасының бұл шешімін тек саяси қажеттіліктен туындаған шешім деп қабылдау дұрыс болмас, себебі, ұлттық тарихтың бірден бір зерттеушісі мен жанашыры кім десек біріншіден, Елбасының өзін атасақ әділ болар еді. Еліміздің қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай дамуының түрлі кезеңдерінде, Президент саяси және экономикалық мәселелермен шұғылдана отырып, әрдайым тарих, руханият мәселелеріне де бірдей көңіл бөлетін. Президент көптеген зерттеу- лерге бастамашы болып қоймай, сол зерттеулердің қорытындыларын ғалымдармен ұзақ уақыт бірге отырып жиі талдайтын да. Елбасының бастамасымен, сол себепті, Қазақ хандығының құрылуы, ұлттың арғы-бергі тарихы, рухани және материалдық мәдениетін түбегейлі зерттеу мәселесіне басымдық берілді. Сол үшін мемлекет қыруар қаржы бөліп, көптеген жұмыстар атқарылды. Мәселен, 2004 жылы ұлттың тарихы мен мәдени құндылықтарын түгендеу үшін «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, жылдар бойы жүргізілді. Аталған бағдарлама үшін мемлекет қазынасынан 8 млрд. 280 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген болатын. Яғни, Президенттің бастамасымен жүзеге асырылған бағдарлама арқылы біз, ең алдымен, қазақтың тарихына, салт-дәстүрі мен мәдениетіне, өнеріне қатысты құнды деректерді жинақтадық. Тарихи-мәдени ескерткіштер қалпына келтірілді. Археологиялық қазбалар жүргізіліп, бабаларымыздан қалған құнды жәдігерлерді таптық. Тіпті, өзге мемлекеттердің аумағында қалған бабалардың зираттарын да анықтадық. Оларға мемлекет қаржысы арқылы жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Оған нақты мысал ретінде, Дамаскіде Әбу Насыр әл-Фарабидің кесенесі мен тарихи-мәдени орталығын салу жұмыстарын, Дамаскідегі Сұлтан әз-Захир Бейбарыс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітінің реставрациясын атауға болады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 537 кітап бір жарым миллион данамен шығарылды. Қазақтың дәстүрлі ән-күйінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі, 1000 әні» антологиялары жарық көрді. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Иран, Мысыр, Өзбекстан, Армения, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінен қазақтың тарихына, мәдениетіне қатысты 5 мыңнан астам архив құжаттары, қолжазбалар, баспа өнімдері алынды. Яғни, тарихымызды түгендедік. Мол деректер жинадық. Енді сол деректерді ықтиятты түрде қорытып, сараптама жасап, ғылыми айналымға енгізу мәселесі тұр. Міне, осы «Мәдени мұра» бағдарламасының тікелей Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылғанын ескеретін болсақ, демек, Елбасы өз мәлімдемесін тарихшы ғалымдардың біршама жылдарда жасаған зерттеулердің нәтижесін сараптай отырып шығарған және ғылыми негізделген ой түйіні деп қабылдау қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай қажет. Рас, көрші елдердегі саяси жағдайлар бізге де өз ықпалын тигізетіндігі анық жайт. Қазақстанның да Украинадағы оқиғаларға бейжай қарамасы белгілі. Бірақ, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау тек сол оқиғалардың ықпалымен қабылданған шешім емес. Бұл биліктің ұзақ жылдар бойғы жоспарлы да тиянақты жұмысының бір нәтижесі. Нұрсұлтан Назарбаев Керей мен Жәнібек хандар жайлы тек осы жолы ғана айтып отырған жоқ. 2010 жылдың маусымында Астанадағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші ашылған кезде сөйлеген сөзінде Президент: «Біз елордамыздың төрінде ұлысымызды заманында ұйыстырған Керей мен Жәнібек хандардың еңселі ескерткішін ашып отырмыз. Бұл тұғырлы тарихымызға, біздің елдік дәстүрімізге, мызғымас мемлекетімізге арналған мәңгілік белгі. Баршаңыз білесіздер, Керей мен Жәнібек хандар қасиетті Қозыбасы жерінде Қазақ деп аталатын хандықтың алғашқы қадасын қағады. Алтын Орданың заңды мұрагері ретінде Шу мен Сырдың арасында бой көтерген қазақ ордасы уақыт өте келе ұлан-ғайыр далаға иелік етті. Түптеп келгенде Керей мен Жәнібек тұсында тарих сахнасына шыққан «қазақ» деген сөз «егемен, еншісін алған еркін ел» деген мағынаны береді. Бабаларымыздың ұлыстың атына таңған азаттық аңсарын ақиқатқа айналдыру біздің ұрпақтың маңдайына жазылыпты», – деген еді. Бір сөзбен айтқанда, елдік дәстүрдің терең екендігін бұқараға сезіндіру үшін жасалған қадамдар. Тарихи сананы жаңғырту оңай іс емес екендігін ескерсек, Елбасының бастамалары бір-бірін толықтырған, тереңнен ойластырылған дүниелер. Астанадағы жаңа көшелерге тарихи тұлғаларымыздың, көне қалаларымыздың, жер-су атауларының берілуі де осы кешенді жоспардың бір бөлшегі. Президент астананы Алматыдан Арқа төсіне көшірген сәтте қалада ең бірінші тұрғызылған ескерткіш Кенесары ханға арналған болатын. 1990 жылдардың басында батырлар мен хандардың, 1995 жылы ұлы Абайдың мерейтойларын атап, 1998 жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп атау, 2000 жылы Түркістанның 1500 жылдығын тойлау, 2001 жылы Астанаға Күлтегін ескерткішінің көшірмесінің әкелінуі, 2009 жылы «Қазақ елі» монументінің ашылуы, 2011 жылы Астанада «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының орнатылуы ұлттық тарихты насихаттап, елдік дәстүрді бұқараның санасында жаңғыртуға бағытталған жүйелі де салмақты саясаттың көрінісі мен нәтижесі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет