Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелерді көтерудің тарихи маңызы
Тағдырдың жазуымен тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде ел басшылығына ие болған Н.Ә.Назарбаев ел басқару ісімен қатар, бірнеше еңбектер жазып, тәуелсіз Қазақстан тарихының деректік негізін қалауға да өз үлесін қосып келеді. Тәуелсіз елдің тұңғыш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының қаламынан туындаған еңбектерінің тарихи маңызы өте зор. Елбасы кітаптарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен бастап, барлық қырынан дерлік бейнеленген, мемлекеттігімізді қалпына келтіру барысындағы алғашқы нақты іс шаралардан бастап, ел өміріндегі елеулі оқиғалар жан-жақты баяндалған. Елбасының әр еңбегiнiң өзi арнайы зерттеудi қажет ететiн жаңалықтарға, жаңашыл, шынайы байқаулар мен байымдауларға, ғылыми және практикалық маңызы жоғары тұжырымдар мен шешiмдерге бай. Нұрсұлтан Әбiшұлының қаламынан туындаған еңбектерін атап өтер болсам: “Әдiлеттiң ақ жолы” (1991), “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы” (1996), “Ғасырлар тоғысында” (1996), “Тарих тағылымдары және қазiргi Қазақстан” (1997), “Қалың елiм, қазағым” (1998), “Тарих толқынында” (1999), “Қазақстан-Ресей қатынастары” (1999), “Бейбiтшiлiк кiндiгi” (2001), “Сындарлы он жыл” (2003), “Евразия жүрегiнде” (2005), «Қазақстан жолы» (2007).
Мәселен, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабында қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік тарихи құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыстыра қарастырған.
Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи тұрғыда құнды еңбектерінің ең үздігі – «Қазақстан жолы » атты кітабы. Еңбекте тәуелсіздіктің тарихи орны, заңдық-құқықтық іргетастың қалыптасуы, экономикалық жетістіктердің жүйелілігі, әлемдік бәсекедегі Қазақстан жолы жан-жақты байыпталып, соңғы жылдардағы қол жеткізген табыстарымыздың негізі мен мән-мағынасы орнықты түсіндірілген. Н.Назарбаев осыдан 18 жыл бұрын бастау алған сол ұлы жолдың тармақтарын алыстағы болашақпен үзіліссіз байланыста қарастырады. Еңбектің құндылығы да сонда. Елбасның аталған кітабы әлемнің бірнеше тілдеріне аударылып үлгерді.
Достарыңызбен бөлісу: |